Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Политехникалық институты

ӘОЖ 636.036:633.31(574.54)

Қол жазба құқығында


ШАМШАДИНОВА НУРГУЛЬ ТЛЕКТЕСОВНА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, «ШАҒАН» АГРОФИРМАСЫНДА

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӨГІНДІ СУЛАРЫН

ЖЕМ-ШӨП ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУДЕ ПАЙДАЛАНУ

6М080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Реферат

Қазақстан Республикасы


    1. Қызылорда, 2013 ж.


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасында орындалған.



Ғылыми жетекшісі:


ауылшаруашылығы

ғылымдарының

докторы, профессор

А.Ә.Шомантаев





Ресми оппоненті:

ауылшаруашылығы

ғылымдарының

докторы

А.Т.Тлеукулов



Қорғау 2013 жылдың «___» _________ сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. Мекен-жайы: 120000, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 66, Политехникалық институты, № 5 оқу ғимараты, ауд ___ .


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Кіріспе

Диссертацияның құрылым көлемі:

Диссертация кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытындыдан, 107 пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 87 беттен, оның ішінде 6 суреттен және 29 кестеден құралған.



Тақырыптың өзектілігі:

Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «Экспортқа және мемлекеттік ішкі нарыққа бағытталған өсімдік шаруашылығындағы шағын және ірі өнім шығаратын өндіріс орындарын ашу» қажеттілігі аталып өткен. Осыған орай қала және елді-мекендерде сүт өнімдерін шығаратын фермалар қайта жандандырылды. Қазіргі таңда 295,4 мың ірі мүйізді қаралар ұстайтын 220-дан аса шаруашылықтар бар. Қызылорда облысында мал шаруашылық кешендері қарқынды даму үстінде.

Мал басы көп шоғырланған кіші аймақты фермалардың шаруашылықтарында тасталынатын мал төгінділері көлемінің ұлғаюы және оларды жою қазіргі таңда үлкен проблемалар туындатып отыр. Осындай кешендерден тасталынатын мал төгінділері кешен маңында антисанитарлық ақуалды да туындатады. Мал төгінділерінің құрамында басқа төгінді суларға қарағанда органикалық элементтер және өсімдікке қажетті азықтық элементтердің мөлшері көп болады. Осыған байланысты мал төгінділерін ауылшаруашылық саласында ғылыми тұрғыда негіздеп пайдалану шабындық жерлерді тыңайтуға және мал кешендерінің маңында мал азықтық базаларды құруға мүмкіндік берер еді.

Сондықтан, мал төгінділерін өсімдік шаруашылығында пайдалану ауылшаруашылығы саласында өсімдіктерді қажетті қосымша қоректік элементтермен қамтамасыз етуге, ауылшаруашылығы өнімдерін және топырақ құнарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Болашақта Қызылорда облысында мал төгінділерінің көлемі жылына 0,27 млн.м3 көбейеді. Оларды жою санитарлық-экономикалық тұрғыда қарағанда өзекті проблемелар болып табылады.

Осыған байланысты, мал төгінділерін өтелдеу, дайындау, пайдалану, суару режимінде тыңайту және оларды қолдана отырып суару кезіндегі топырақ пен өнім сапасына әсері ғылыми-прктикалық қызығушылық туғызады.

Суармалы алқаптарда мал төгінділерін өтелдеу ауылшаруашылығында қандай қызығушылық туғызса, сондай қызығушылық экология саласында да орын алады.

Мұндай қызығушылық ең алдымен су ресурстарын қорғау, мал шаруашылығының кешендері аймағында экологиялық ақуалды қалыптастырумен қатар мал азықтық базаларды құру, өсімдіктер мен топырақтардың қоректілігін арттыру болып табылады.



Жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың негізгі мақсаты экологиялық және экономикалық тұрғыда көрсеткіштері жоғары болатын мал төгінділерінің технологиясын зерттеу және оларды мал азықтық дақылдарын суаруда қолдану болып саналады.



Зерттеу міндеттері мен әдістемелері:

Далалық тәжірибе зерттеу жұмыстары Қызылорда облысындағы «Шаған» агрофермасының аумағында жүргізілді.

Зерттеу нысаны ретінде, малды бордақылау және сүт өнімдерін алуға негізделген «Шаған» мал шаруашылық агрофермалық кешені алынған.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар орындалды:

- Кіші кешендердегі мал шаруашылығының төгінді суларын дайындау мен қолдану кезіндегі проблемаларымен танысу және олардың параметрлерін тұрғыда негіздеу.

- «Шаған» агрофермасындағы мал шаруашылық төгінді суларының химиялық құрамымен танысып, олардың егін алқаптарында қолдануға жарамдылығын ирригациялық тұрғыда бағалау.

- Кіші кешендердегі мал шаруашылық төгінділерін дайындау және беру жүйесін құрып олардың негізгі параметрлерін ғылыми тұрғыда негіздеу.

- Малдың төгінді суларымен мал азық дақылдардың тыңайту және ылғалдылық режимдерін зерттеу.

- Мал азық дақылдарының сапасы мен өнімділігіне төгінді сулардың тигізер әсерін зерттеу.

- Су-тұз және қоректілік балансын тұрғызу.

- Мал шаруашылық төгінді суларын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.

Зерттеу нысаны:

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Шаған» елді-мекеніне қарасты, «Шаған» агрофермасы.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Суаруда қолданатын кіші мал шаруашылығы кешендерінен тасталатын мал төгінділерін дайындайтын және оларды суармалы алқаптарға беретін тиімді сұлбалары дайындалған.

  • Экологиялық және экономикалық тұрғыдан қарағанда мал азықтық дақылдарды төгінді сулармен суарудың тиімді технологиясы зерттелген.

Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы:

Мал төгінділерін дайындау, беру және қолданудың принципиалды сұлбалары дайындалған. Экологиялық қауіпсіз жолдарменен мал азықтық дақылдарын төгінді сулармен суару органикалық-минералдық тыңайтқыштар мен таза суларды үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі жолдары зерттелген.



Қорғауға ұсынылатын негізгі көрсеткіштер:

1. Суармалы алқаптарға берілетін мал төгінділерін дайындау технологиясы және оларды беруді зерттеу.

2. Мал азықтық дақылдарды мал төгінді суларымен суару технологиясы.

Жұмыстың жариялануы:

Диссертация тақырыбы бойынша 2 ғылыми еңбек жарияланды.



Жұмыстың сыннан өтуі:

Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференция аясында «Мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтарын шығару, сақтау және суармалы алқаптарға енгізу мәселелері» және «Мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтарын әкету ұзақтығын анықтау жолдары» атты мақалалар оқылып, университет жинағына жариялануға берілді.



Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде зерттеу жұмыстарының маңыздылығы мен қазіргі таңдағы актуальдылығы, жұмыстың мақсаты мен зерттеу жұмыстарын орындаудың талаптары (бағыты, проблемалары), зерттеу нысандары, сипаттары қарастырылған.

Бірінші бөлімде қазіргі таңдағы мал төгінділерін дайындау және оларды ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қолдану, мал шаруашылығының төгінді суларының құрамын және ерекшеліктерін зерттеу, мал шаруашылығы кешендерінің төгінділерін пайдаланудың негізгі жолдары, мал төгінді суларын қолданар алдында дақылдардың технологиясына талдаулар жасау және оларды беру жолдары қарастырылған.

Мал шаруашылығы кешендерінің дамуы бағыты мамандану мен өндіріс негізінде жинақталу болып табылады. Мал шаруашылығы өнімдерін алудағы өндірісінің техналогиясында, малдарды төсенішсіз білгілі бір орынға жинақтау болып табылады. Мұндай технология барысында қоймалжың көңді алуға мүмкіндік береді. Яғни 1 кг сүт өнімін алуда мұндай тасталатын көңнің мөлшері 5кг құрайды.

Мал шаруашылығынан тасталатын төгінді сулардың құрамы көңнің төгінді суларымен араластыру шамасына байланысты.

Су малдың қиын қоймалжың күйге, айналдыру үшін қолданылады. Технологиялық сулар, ірі қара малдар үшін шамамен: бұзаулар - 15...20; 1-2 жасар малдар үшін 20...25; 2 жасардан үлкендер үшін 25...35; сиырлар үшін 55 кг көң тәулігіне [2;4]. Мал шаруашылығының төгінді сулары басқа төгінді суларға қарағанда құрамында органикалық заттардың және құнарлы элементтердің көп болуымен сипатталады. Мұндай көрсеткіш өсімдіктің сіңіруіне қолайлы. Мал түріне аймаққа фермалар тазарту әдістерімен және төсенішсіз фермаларға көңдерді өңдеу тәсіліне байланысты малшаруашылығының төгінді суларында: жалпы азот 800...1600мг/л, фосфор 220...480 мг/л, калий 300...850 мг/л [2;3;5].

Тыңайтқыштар және агротопырақ институтының мәліметтері бойынша ІҚМ суға араластырылмаған қоймалжың көңдерінің химиялық құрамы келесідей (1-кесте).

Кесте 1 – Сумен араластырылмаған қоймалжың көңдердің құрамы




Ингредиенттер

Өңделмеген көңдегі % көрсеткіш

Су


88,5

Құрғақ заттар

11,5

Органикалық заттар

8,6

Жалпы азот

0.40

Аммиакты азот

0,25

Фосфор (Р2О5)

0,20

Калий (К2О)

0,45

Магний (МgО)

0,10

Кальций (CaO)

0,15

Натрий (NaO)

0,12

Сұйық көңдерді беру әдістері

Сұйық көңдерді тасымалдау және алқаптарға беру негізгі 4 тәсіл бойынша жүргізіледі:

- суармалы алқаптарға төгу қондырғыларымен жабдықталған мобильді техникалармен тасымалдау;

- суару немесе жаңбырлату қондырғыларымен, жартылай станционарлы реттегіштермен құбырлар арқылы тасымалдау және бөлу;

- аралас берілетін орындарға құбырлар арқылы және әрі қарай мобильді жабдықтар көмегімен тарату;

- көң торфтарын дайындау.

. Мал шаруашылығының төгінді суларын қолданатын суару жүйелеріндегі (МТССЖ) жер асты суларының орналасу деңгейі 3 м тереңдіктен үлкен болуы тиіс. Оларды, әдетте фермалық суару алаңдары деп атайды (ФСА). Фермалық суару алаңдары дақылдардың өнімін және топырақтың құнарлығын арттыруда, қоршаған ортаны мал шаруашылығы кешендерінің төгінді суларының ластануынан қорғау мақсатында жылдық немесе маусымдық өтелдеу алаңдары болып бөлінеді. Басқа өтелдеу түрлері ФСА салу мүмкіндіктері бар жерлерде қарастырылады. ФСА құрылымдарын салуды негізінен құрамы жағынан орташа механикалық топырақтарда жүргізген тиімді.

ФСА келесідей құрамдардан тұрады: мал шаруашылығының төгінді суларын дайындау құрылыс кешені; құбырлар; суару желісі; араластыру түйіні; жинағыш; мал шаруашылығының төгінді суларының фракцияларын бөлу қондырғысы; жаңбырлату және суару қондырғылары; тұрмыстық ғимараттар; жолдар; кәріз желілері.

Кесте 2 – Фермаға қарасты суармалы алқаптардың негізгі элементтері және орналасу сұлбасы (ФСА)




ФСА орналасу сұлбалары

Төгінділер мен суларды беру ерекшеліктері

Элементтер




Мал төгінділері мен таза сулар кешендер мен тоғандардан беріледі

Мал төгінділері мен таза сулар алқапты жинағыштарға беріледі және араластырылады

Су тоғандардан су араластырғыштарға құйылады. Сонымен қатар мұнда тұндырғыштардағы мал төгінділері де беріледі.

Мал төгінділерін жинайтын резервуарлардан төгінділер насос станцияларының араластырғыштарына беріледі.

Суармалы жүйелерге мал төгінділерін арынмен беру кезі, яғни араласқан мал төгінділері мен судың орталықтандырылған беру сұлбасы.

Төгінді мен суды беруді екі орталықтан басқару сұлбасы.



1.Насос станциясы

2.Су беру құбыры

3.Араластырғыш

4.Қоспаларды беру насос станциясы

5.Қоспаларды тасымалдау құбыры

6.Суармалы суды беретін алаңдық су жинағыштар

7.Мал төгінділерін беретін алаңдық су жинағыштар

8.Мал төгінділерін беруге арналған құбыр

9,10. Насос станциясы

11. Фермаға қарасты резервуар

12. Төгінділерді айдайтын цех

13. Арын беру түйіні

14. Суармалы жүйе құбыры

15. Төгінді жинағыш

16. Мал төгінділерін араластырғыштар мен жинағыштарға беретін құбыр



Екінші бөлімде аймақтың табиғи-климаттық, гидрологиялық жағдайы, зерттеу аймақтарының рельефі, геологиялық және топырақ мелиоративтік жағдайлары қарастырылған.

Зерттеу талаптары мен әдістемелері, мал шаруашылық кешендеріндегі төгінді сулардың агромелиоратвтік сипаттары және мал азықтық дақылдарын суарудағы олардың жарамдылығы қарастырылған.

Далалық тәжірибе зерттеу жұмыстары Қызылорда облысындағы «Шаған» агрофермасының аумағында жүргізілді.

Зерттеу нысаны ретінде, малды бордақылау және сүт өнімдерін алуға негізделген «Шаған» мал шаруашылық агрофермалық кешені алынған.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар орындалды:

- Кіші кешендердегі мал шаруашылығының төгінді суларын дайындау мен қолдану кезіндегі проблемаларымен танысу және олардың параметрлерін тұрғыда негіздеу.

- «Шаған» агрофермасындағы мал шаруашылық төгінді суларының химиялық құрамымен танысып, олардың егін алқаптарында қолдануға жарамдылығын ирригациялық тұрғыда бағалау.

- Кіші кешендердегі мал шаруашылық төгінділерін дайындау және беру жүйесін құрып олардың негізгі параметрлерін ғылыми тұрғыда негіздеу.

- Малдың төгінді суларымен мал азық дақылдардың тыңайту және ылғалдылық режимдерін зерттеу.

- Мал азық дақылдарының сапасы мен өнімділігіне төгінді сулардың тигізер әсерін зерттеу.

- Су-тұз және қоректілік балансын тұрғызу.

- Мал шаруашылық төгінді суларын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.

Мал шаруашылық төгінді суларымен суарудағы суару режимін анықтау үшін «Шаған» кешені жанынан жалпы ауданы 8,0 га болатын зерттеу алаңы қойылды.

Зерттеу алаңы – ол өндірістік алаң, жалпы ауданы 8 га. Мұнда өндірістік

жағдайда мал төгінділерімен суарылатын жоңышқа дақылының ылғалдау және тыңайту режимдері зерттеледі.

Зерттеу жұмысы 4 вариантта жүргізіледі:

І - вариант - өзен суымен суару (бақылау);

ІІ - вариант - мал төгіндісі мен өзен суының 1:4 қатынасында араласқан сумен суару;

ІІІ - вариант - мал төгіндісі мен өзен суының 1:6 қатынасында араласқан сумен суару;

ІV - вариант - мал төгіндісі мен өзен суының қатынасында араласқан сумен суару.

Әрбір варианттың ауданы 2 га алқапта 1- жылдағы жоңышқа егілген.

Барлық варианттарда суару топырақ ылғалдылығы 70-75% жеткенде жүргізіледі. Дақылдарды өңдеудің агротехникасына, әдеттегі Қызылорда облысының жағдайына байланысты түрі қабылданады.

Әрбір зерттеу алаң ауданы 140 м2 (50х2,8м), өзара ені 1м. Қорғау жолақтары арқылы бөлініп отырды. Зерттеу 3 рет қайталанады.

«Шаған» агрофермасы мал өнімдерін дайындайтын арнаулы шаруашылықтардың бірі. Егер соңғы 6 жылдардағы тек ірі қара мүйізділерге (ІҚМ) талдау жасасақ: онда 2007 жылы шаруашылықта 1701 ірі қара мүйізділер бағуда болған; бірақ 2009 жылы мал басы 630 басқа азайып кеткен. Қазір агрофермада мал басының санын жоспарлы түрде арттыру жүргізілуде. 2012 жылы бір орында тұрып бағылатын мал басы 1200-ге жеткен (2-сурет).

Мал көңдерін өтелдеу, сақтау, залалсыздандыру, өңдеудің [11] жүйелерін жобалау технологиясының нормалық көрсеткіштері бойынша бір ірі қара мүйізден шығатын орташа несіп мөлшері 0,04 м3 құрайды. Агрофермадағы 1200 бас малдан тәулігіне бөлінетін көң массасы 1200 × 0,04 = 48 м3 шамасында.

«Шаған» кешенінде 150 күн қолда ұсталған малдан жылына 7200 м3 көң шығарылады.



Сурет 1 – «Шаған» агрофермасындағы ірі қара малдар санының динамикасы

Мал төгіндісін өзен суымен араластырғанда ондағы қоректі минералды элементтер құрамы азаяды.

Бірақта, бұған қарамастан мал төгінді суларын қаншалықты араластырғанмен оның тыңайтқыштық қасиеті жоғалмайды. Мал төгінді суларын 100 м3 1 га-на есебінен суаруды пайдалану кезінде онымен бірге топыраққа жылына 111-289 кг/га азот, 83—126 кг/ га фосфор және 155-160 кг/га калий беріледі (3-кесте).


Кесте 3 – Төгінді және өзен суларының араласу дәрежесіне сәйкес топыраққа берілетін азот, фосфор және калий мөлшері


Көлемі 1000 м3/га су беру кезінде

Азот

Фосфор

Калий

1:4 қоспа

289

126

160

1:6 қоспа

186

110

159

1:8 қоспа

111

88

155

Мал төгінді суларын суаруда қолданар алдында олардың жарамдылығын анықтау қажет.

Бағалу алдында судың тұздылығына мән беру қажет. Тұздылығы жоғары болатын суларды суаруда пайдалану топырақтың тұздылығын көбейтеді. Осы көрсеткіш бойынша мал төгінді суы суларға жарамды. ТМД елдерінде тұздылықтың рұқсат етілген шекті мәні 1,5 г/л.

Олардың жарамдылығын басқа көрсеткіштер бойынша бағалау үшін қарапайым суларды ирригациялық тұрғыда сипаттайтын формулалар қолдандық.

Отандық және шетелдік тәжірибелерде төгінді суларды суаруда пайдалану, жарамдылығы, олардың ингредиенттік құрамы, топырақтық гигеналық ерекшілігі, климаттық жағдайы мен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері бойынша анықталады.

Академик А.Н.Костяков, егер судың тұздылығы 0,4 г/л – жақсы, 0,4-1,0 г/л - қанағаттанарлық, ал тұздылығы 1,5 г/л артық болса суаруға жарамсыз деп санаған.

Соңғы деректерге сүйенсек тұздылығы 1,7 г/л сулар суаруға жарамды. Су құрамындағы тұздың мөлшері 4-6 г/л болуы шекті мән болып табылады.

Үшінші бөлімде мал шаруашылығының төгінді суларының суаруға дейінгі құрамы және оларды дайындаудағы зерттеу жұмыстарының материалдары берілген.

Мал сақтайтын орындардан көңдерді әкету, дайындау, өңдеу, сақтау және қатты фракцияларды бөлу сұрақтары қарастырылған.

Көңдердің көлемі және оларды әкету мерзімін анықтау.

Зерттеу жұмыстары Қызылорда облысының, «Шаған» малшаруашылық фермасында жүргізілді. Мұнда көңдер гидравликалық (сумен) шаю арқылы жүргізіледі. Біздің бақылауларымыз көрсеткендей, сумен шаю кезеңдік жүйемен жүргізілетіндіктен, еден астындағы каналдың қоқыстануына әкеліп соқтырды. Көңді қолданыстағы шаю ара қашықтығы 10-12 сағат. Осы уақытта көң массасы канал табанына толық шөгіп, қатты тығыздалады. Оны қайта өоймалжың күйге айналдырып аққыштық жағдайға жеткізу және шаю үшін едәуір су қажет болды. Осыған байланысты бұл әдістің өзіндік құны да артып отырды. Көңді шаюдың ең тиімді уақытын анықтау үшін еден асты каналына шаюдың әртүрлі уақыт арақашықтығын қолданып, зерттеулер жүргізілді (4-кесте).


Кесте 4 - Бір каналдағы көңді сумен шаю уақытын анықтаудағы зерттеу нәтижелері (орташаланған мәліметтер)

Шаю аралықтары, сағат

Су шығыны, л/с

Шаю ұзақтығы, минут

Судың жалпы шығыны, литр

Шаюдан кейінгі еден асты каналының жағдайы

1

5

6

1300

Канал және тор таза. Қи қалдықтары жоқ. Массаның аққыштығы жақсы.

4

5

11

3100

Тор және еден асты каналы таза. Мал шаруашылық төгінді суларының аққыштығы жақсы.

7

5

16

4600

Тор таза. Көң массасының аққыштығы әлсіз, бірақ уақыт өткен соң канал көңнен арылады.

13

5

27

6100

Аққыштық баяу. Канал соңында көң толық шайылмайды. Каналда көң қалып қояды. Иіс пайда болады. Көңнің тұрып, қатып қалуы байқалады.

24

4

25

7600

Аққыштық өте төмен. Шаюды каналдың төменгі бөлігінен бастау қажет. Жағымсыз иіс шығады.

4-кестенің мәліметтері көрсеткендей, шаю аралық уақыт көп болған сайын, шаюға жұмсалатын су мөлшері де артады. Біздің көзқарасымыз бойынша шаю арасындағы тиімді аралық 7 сағат. Бұл жағдайда бір каналмен көңді бір рет шаю үшін 4500 литр су қажет, ал төрт каналға 18 м³ су керек.

Екі сиыр қорадан сумен шаю бойынша мал шаруашылық көңдерін шаю үшін күн сайын 54 м³ таза су қажет. Бұл жағдайда тәулік сайын кешеннен шығатын мал шаруашылық төгінді сулары 102 м³ болады (5-кесте). Мұнда, кешеннен шығатын зәр мен қи 48 м³ құрайды.

Кесте 5 - «Шаған» мал шаруашылық кешенінен шығатын көң массалары (орташа тәуліктік)




Мал басы

ның саны


Оның ішінде қолдап бағыл

майтыны


Еден асты каналдары

ның


саны

Барлық каналдар

ды бір рет шаюға жұмсала

тын су шығыны, м³


Тәулік

тегі шаю саны



Шаюға жұмсала

тын күнделік

ті су шығыны, м³


Каналдан шыға

тын зәр,


м³

Күніне шығатын жалпы көң массасы,

м³


1200

800

4

18

3

54

48

102


3000

2800

14

62

3

186

168

354

Жақын болашақта ірі қараның 3000 басқа дейін өсуіне байланысты күтілудегі малшаруашылық төгінді суларының шығу мөлшері күніне 354 м³ құрайды. Малшаруашылық қалдықтарын сумен шаю арқылы уақыт аралығы 7 сағаттан тәулігіне 2 рет сумен шаю нәтижесінде мал шаруашылық ғимаратының ішіндегі қолайлы микроклиматты және дефекация аймағының тазалығын қамтамасыз етеді (2-сурет).






4

3

2

1

800 мм

400мм




Сурет 2 - Дефекация аймағы:



1 – малдар жатуға арналған тұтас еден; 2 – сумен шаю каналы; 3 – су беруге арналған құбыр; 4 – торлы еден.

Сонымен «Шаған» агрофермасында жүргізілген зерттеулер нәтижесі, бізге кіші мал кешендеріндегі төгінді суларды әкету, дайындау және пайдаланудың келесі техникалық сұлбасын ұсынуға мүмкіндік береді (Сурет 3). Ұсынылып отырған тұндырғыштар мен фермалық жинағыштардың техникалық сұлбасы қазіргі таңда қолданыстағы түрлерінен өзіндік айырмашылығы бар.





Суару алаңы

Сурет 3 – Мал шаруашылығының төгінді суларын әкету, дайындау және беру сұлбасы:


1-мал шаруашылық кешені; 2-сумен шаю каналы; 3-қабылдағыш резервуар; 4-тор; 5-насос (сору қондырғысы); 6-мал шаруашылығының төгінді суларын беру құбыры; 7-тұндырғыш; 8-тор; 9-мал шаруашылығының төгінді суларын әкететін құбыр; 10-фермаға қарасты жинағыш, 11-жинағышқа су беруге арналған канал; 12-араластырғыш түйініне су беруге арналған канал; 13-өзен суын беретін канал; 14-араластыру түйіні; 15-суару алаңы.

Төртінші бөлімде мал шаруашылығының төгінді суларымен суару кезіндегі мал азықтық дақылдардың суару режимі қарастырылған.

Мал төгінді суларын беру және олардың нормасын анықтау есептері көрсетілген.

Мал азықтық дақылдардың суды тұтыну сұрақтары, топырақтың ылғалдылық динамикасын зерттеу, суару және маусымдық суару нормалары, су тұтыну жиынтығы, дақылдардың өнімі мен олардың сапасына және топырақ құрамына әсері қарастырылған.

Жоңышқаларға қажетті қоректі заттар берілу үшін түссіздендірілген төгінді сулардың жылдық көлемі:

Азот бойынша: М= = 838 м3/га;
Фосфор бойынша: М= = 920 м3/га;

Калий бойынша: М= = 997 м3/га.


Есептеулерді әр дақылдар бойынша төрт формуламен жүргіземіз. Бұл есептеулер кесте түрінде келтірілген (6-кесте).
Кесте 6 - Мал төгінділерін берудің жылдық нормасы, м3/га


Есептеу формуласы

Азот бойынша

Фосфор бойынша

Калий бойынша

Жоңышқа

1

2

4

6


МӨМТ =


838

920

997





797

811

900

МТМТ =




1065

1120

1460

МТМТ =



1032




1092

1400


Бесінші бөлімде мал төгінді суларымен суарудағы экономикалық тиімділігі берілген.
Жалпы қорытынды

1. Қазіргі таңдағы «Шаған» агрофермасындағы мал шаруашылығының төгінді суларының құрамы биокорбанатты – хлоритілігінің басымдылығымен, күкіртті реакцияларымен сипатталады. Жалпы минерализациясы 1,202 г/л. Азоттың орташа мөлшері 406 мг/л, фосфор-130мг/л және калий 200 мг/л. Мұндай төгінділер ирригациялық көрсеткіш бойынша ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарайды.

2. Мал шаруашылығының төгінді суларын даярлау және қолданудың келесідей тізбегі ұсынылады; көңді қабылдағыштарға беру - көң сақтағыш –тұңдырғыш - фермалық сақтағыш - араластырғыш түйі - суармалы алқап. Толығымен заласыздандыру және түссіздендіру үшін барлық ұсынылған секциялар да мал шаруашылығының төгінді суларын қолданар алдында 4 ай сақтау қажет. Әр секцияның көлемі 4 айда шығарылатын көң массасына сәйкес болуы ұсынылады .

3. Қолданылар алдында түссіздендірілген мал шаруашылығының төгінді сулары таза сумен 1:6 арластырылуы қажет. Ол топырақа берілетін қоректі элементтердің түсін қамтамасыз етеді. Қатты түйіршік бөліктері көліктермен компастар дайындау алқабына тасымалданады .

4. Жоңышқалыққа берілетін мал шаруашылығының төгінді суларының жылдық нормасы 800 м3/га құрайтындығы негізделді, бұл көрсеткіш үлесті түрде берілуі қажет, әрбір суару кезінде таза сумен қатар 120 м3/га мал шаруашылығының төгінді сулары берілу керек. Мұндай тәсілді қолдану кезінде әрбір жоңышкалықтың 1 гегтарына 332 кг азот, 80 кг фофор және 160 кг калий түседі.

5. Өзен суымен 1:6 қатынасы бойынша түссіздендірілген мал төгінділерімен араластырылған сумен суарылған алқаптан 120 ц/га қосымша өнім алуға болады.

6. Мал шаруашылығының төгінді суларымен суару 90000 – 95000 теңге таза пайда береді, ал оның тиімділігі 9-17 % артады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


  1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференция аясында «Мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтарын шығару, сақтау және суармалы алқаптарға енгізу мәселелері» мақала оқылып, университет жинағына жариялануға берілді.

  2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференция аясында «Мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтарын әкету ұзақтығын анықтау жолдары» атты мақала оқылып, университет жинағына жариялануға берілді.




Резюме
ШАМШАДИНОВА НУРГУЛЬ ТЛЕКТЕСОВНА
Использование животноводческих стоков для орошения

кормовых культур агрофирме «Шаган», Кызылординской области
Животноводческие стоки агрофирмы «Шаган» в современном состоянии обладают бикарбонатно - хлоридным составом, щелочной реакцией с общей минерализацией 1,202 г/л. Содержание азота в среднем составляет 406, фосфора –130 и калия – 200 мг/л. Эти стоки по ирригационным показателям вполне пригодны для орошения сельскохозяйственных культур.

Предложена оптимальная схема подготовки и использования животноводческих стоков по цепи: животноводческий комплекс – навозоприемник – навозохранилище – отстойник - прифермский накопитель- узел смешивания- поля орошения. Для полного обеззараживания и осветления предложен 4-х секционный навозохранилище - отстойник, где животноводческие стоки в одной секции должны находиться не менее 4-х месяцев до использования на орошение. Объем каждой секции рекомендуем устанавливать из расчета 2-х месячного объема навозной массы.

Осветленная часть животноводческого стока перед использованием на орошение должны смешиваться с речной водой в соотношении 1 : 6, как для люцерны, так и кукурузы на силос. В этом случае оптимизируется поступление в почву элементов минерального питания. Твердая фракция должна направляться мобильным транспортом на поля компостирования.

Для полива сельскохозяйственных культур животноводческими стоками увлажнительный режим орошения устанавливается существующими методами, принятыми в ирригации, а для установления удобрительного режима орошения предложена формула, учитывающая содержание азота, фосфора и калия в обычной воде, используемой для смешивания.

Установлена годовая норма внесения осветленных стоков под люцерну – 800 м³/га; которую рекомендовано вносить по порциям, то есть при каждом поливе вместе с обычной водой вносится под люцерну –120 м³/га. В этом случае в почву поступает: под люцерну –339 кг азота; 80 кг фосфора и 150 кг калия на 1га

При прочих равных условиях орошение животноводческими стоками в смеси с речной водой в соотношении 1 : 6 дает дополнительную прибавку урожая люцерны – 121 ц/га по сравнению с орошением речной водой. При этом качество продукции не ухудшается.



SUMMARY
SHAMSHADINOVA NURGUL TLEKTESOVNA
Theme: “The application of cattle – breeding sewage

to irrigate plants in the lower current of «Shagan»”.


The gathering of much cattle in the small territories promotes the forming of richer organic mineral fertilization and cattle breeding sewage.

That’s why nowadays their cleaning and repeated using is a large problem. At present time the forming of cattle breeding sewage near a cow-shed, special settling place or around the cattle-breeding complex bring to antisanitary situation. It will make much trouble if the problem isn’t solved in time.

The application of cattle breeding sewage from the cow-shed to irrigate and fertilize crops is shown in this thesis. In this case the multisectional two chambered settling place is offered to divide the sewage into thin and thick fractions having been researched the technology of crop irrigation and cattle sewage preparation.

The cattle sewage will be cleaned in this settling place in four months. After that this sewage water will be cleaned again, then it will be mixed with river water and send to irrigate the fields. According to the taken variants the cattle sewage being mixed with river water in a proportion of 1 to 4; 1 to 6; 1 to 8 will be send to irrigate corn silage and alfalfa.

The cattle breeding sewage is recommended as 800 cubic metres on a hectare for corn silage. The efficiency of cattle breeding sewage and river water mixture of 1 to 6 proportions is proved.

In this case the increasing of corn silage productivity crops increasing to 36 per cent are observed by river water irrigation. The necessity of forming drainage in 5 years having been irrigated by this sewage water is defined on the basis of water salt balance calculating.







Қол жазба құқығында

М080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымының магистрі

273.86kb.

25 12 2014
1 стр.


3 б. 1 Тарау. КӨне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштерінің зерттелуі

Көне қыпшақ жазба ескерткіші «Кодекс куманикус» және оның зерттелу тарихы б

668.13kb.

16 12 2014
2 стр.


Қол қойған және ратификацияланған барлығы — 78 мемлекет, оның ішінде қол қойды 52 мемлекет, ратификациялады — 76 мемлекет

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қойған және ратификациялаған мемлекеттер тізімі

151.33kb.

18 12 2014
1 стр.


Орындау түрі: тақырып бойынша миниконференция(презентация). Тапсырманы орындауға талаптар

Тақырып: Қол басының клиникалық анатомиясы. Қол мен аяқтың шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері бойынша іріңдіктің және гематоманың таралу жолдары

33.04kb.

16 12 2014
1 стр.


Ислам жеменей

Ож 821. 512. 122. 03 Қолжазба құқығында

759.75kb.

25 12 2014
4 стр.


Әок 378. 18: 372. 8 Қолжазба құқығында Бекбаева Зейнеп Нүсіпқызы
473.1kb.

25 12 2014
4 стр.


З. Н. Сейітжанов Ресми оппоненттері

Ож 398. 21/22(943. 42)(510) Қолжазба құқығында

448.94kb.

17 12 2014
4 стр.


Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна
456.03kb.

17 12 2014
3 стр.