Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

20 жылғы « » №

бұйрығымен бекітілген


Орындаушылардың Республикалық конкурсын

өткізуді ұйымдастыру ережелері
1. Жалпы ережелер
1.Орындаушылардың Республикалық конкурсын өткізуді, ұйымдастыру ережелері (бұдан әрі қарай - ережелер) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жасалған, және орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқушылардың арасындағы орындаушылардың Республикалық конкурстарын өткізуді, ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

2. Орындаушылардың Республикалық конкурстарын (бұдан әрі қарай – конкурс) жалпы білімнен кейін техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқушылардың арасында оқушылардың кәсіби дайындығын арттыру, ең дарынды орындаушыларды табу, олардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізеді.

3. Конкурстардың негізгі міндеті Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың жаңа білімді әдістемелерін таңдау және енгізу, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру .

4. Конкурстар:0404000 «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша):040401 Фортепиано, 040402 3-1 Үрмелі және соқпалы аспаптар, 040402 3-2 Ішекті аспаптар, 040403 3-1 Халық аспаптары (қазақ, орыс), 040404 3-1 Эстрадалық музыка аспаптары, 0407000 «Ән салу» (түрлері бойынша), 0406000 «Музыка теориясы» ( 1- гармония және сольфеджио, 2 – музыкалық әдебиет) мамандықтары бойынша осы Ережелерге, 2-қосымшаға сәйкес мамандандыру бағыттарын алмастыра отырып өткізеді.


2. Конкурсқа қатысушылар

5. Конкурсқа, конкурстық бағдарлама даярлаған, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беруші ұйымдардың педагогикалық кеңесінің ұсынылымын алған оқушылар қатыстырылады.

6. Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары конкурстарға қатысу үшін әрбір номинация бойынша тек екі қатысушыны ұсына алады.

7. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға басқа музыкалық мамандықтардан бөлімнің оқушылары да қатыса алады.

8. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымы конкурсқа өздері белгіленген концертмейстерлері мен бір ертіп жүретін оқытушыны жібереді.

9. Конкурстарға қатысуға тапсырмалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі қарай – ұйымдастыру комитеті) белгілеген мерзімдерде осы ережелерге

1 - қосымшаға сәйкес түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған күйде оқу орнының бірінші басшысының растауымен қабылданады.

Тапсырысқа мынандай құжаттар кіреді:



  1. Тууы туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке күәлігінің көшірмесі);

  2. Көлемі 10 х 15 см бір фотосурет;

  3. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;

  4. Конкурсқа қатысушының турлар бойынша бағдарламасы.


3. Конкурстарды өткізу тәртібі

10. Бірінші іріктеу туры катысушыны Республикалық конкурсқа жолдайтын мекемеде өткізіледі. Конкурс екі тур арқылы өткізіледі, 2 ші және 3 ші тур болып белгіленеді. Басқаларға қоспай, Орыс халық аспаптары және Музыка теориясы мамандықтары бойынша, конкурс үш турдан құрылады.

11. Барлық мамандықтар бойынша конкурстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген конкурстар бағдарламасына сәйкес өткізіледі. Қатысушылардың конкурс алдындағы кезегі ұйымдастыру комитетінің жеребесімен белгіленеді және конкурстар аяқталғанша сақталады.

12. «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» жоғары жақта аталған мамандандыруларымен және «Ән салу» мамандықтары бойынша конкурстың әр бір туры мына параметрлер бойынша 25 баллдық жүйемен бағаланады:

- музыкалық дарынының айқындығы – 5 балл

- орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, фразировкасы) – 5 балл

- шығарманы стильдік түсіндіруі – 5 балл

- әртістігі – 5 балл

- жеке даралығы – 5 балл.

Екінші турға жиынтығында 18 баллдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі, үшінші турға әрбір аспап, дауыс бойынша жиынтығында

21 баллдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі.

13. Қатысушылар тапсырған бағдарламаларға өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Барлық шығармалар жаттаудан орындалады. Әр бір шығарма тек бір мәрте ғана орындалады.

14 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстер түрі мен мазмұндары әр түрлі 3 турда өткізіледі. Музыка теориясы мамандығынан конкуртер пәндер бойынша кезектесіп өткізіледі. Музыка теориясы циклы н (сольфеджио мен гармония) пәндері, және музыкалық әдебиеттер (қазақ, орыс, шетел) бойынша. Конкурсанттар конкурстың соңына дейін барлық турларға қатысады.

14.1 Музыка теориясы циклының пәндері бойынша конкурс 2 тапсырмадан – біреуі «сольфеджиодан», екіншісі «гармониядан» - тұрады.

1 тур – жазбаша жұмыс

2 тур – ауызша жауап

3 тур – есту бойынша талдау және ойнау.

Әр бір тапсырма мына параметрлерде 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады:



1- тур екі бөлімге бөлінеді:

- сольфеджио бойынша диктант;

- гармония бойынша есептер.
Сольфеджиодан диктант мына параметрлер бойынша бағаланады:


  • диктантты сауатты және дұрыс жазу;

  • жазу уақыты.

Диктантты жазу бойынша есінде сақтаған қайталағысы келген қатысушы қосымша балл алады.

Гармониядан есептер мына параметрлер бойынша бағаланады:



  • сауатты функциялығы;

  • қызықты фонизм; дауыс меңгеруінің мінсіздігі.

Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.

2 тур екі бөлімнен – парақтан оқу және секвенциядан – тұрады.

Парақтан оқу мына параметрлер бойыншша бағаланады:



  • мелодияны сауатты орындау;

  • мәнерлеп оқу.

Сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.

Секвенция мына параметрлер бойынша бағаланады:



  • сауатты орындау;

  • қадам мен бағыт таңдау;

  • музыкалылығы.

Ұсынылған екі секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.

3- тур екі бөлімнен – есту бойынша талдау және айналымды орындаудан – тұрады.

Есту бойынша талдау мына параметрлер бойынша бағаланады:

Есту бойынша тоналдық жоспарды анықтау;

Музыкалық материалдың тактілер бойынша аккордтың мазмұны.

Жазу бойынша (алдын ала жазусыз) талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.

Айналымды ойнау мына параметрлер бойынша бағаланады:



  • ойластырылған аккордтық емес дыбыстармен сауатты дауыстау (ең көп баллдар) – бастауы берілген және тоналдық жоспарлы айналымды ойнау – 5; тоналдық жоспар бойынша өз бастауымен – 4; үйде дайындалса – 3;

Стильдік бірқалыптылығы.

Айналымды жанрлық өңдеген қатысушы қосымша балл алады.



«Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық есепке берілетін ең көп баға – 60.
14.2 Музыкалық әдебиеті (қазақ, орыс, шетел) пәні бойынша конкурстер түрі мен мазмұндары әр түрлі 3 турда өткізіледі.

Материалдардың көлемі:

3- курс: Қазақ музыка әдебиеті –толық көлемде;

Әлемдік музыка әдебиеті –5 семестр көлемінде

Шетелдік музыка әдебиеті –толық көлемде ;

Орыс музыка әдебиеті – “Қуатты топ” композиторларына дейін;

4-курс: Қазақ музыка әдебиеті –толық көлемде;

Әлемдік музыка әдебиеті –7семестр көлемінде

Шетелдік музыка әдебиеті –толық көлемде , қосымша ХХ ғасырдың композиторлары (қосымша тізімде)

Орыс музыка әдебиеті Кеңес дәуіріне дейін.

1 тур Концертке кіріспе сөз

Тур екі кезеңнен тұрады:



  1. Кіріспе сөзді екі академиялық сағат (90 минут) ішінде жазбаша түзу.

  2. Жазылған кіріспе сөз бойынша қатысушылардың кезегімен (жеребе бойынша ) ауызша сөйлеу (5-7 минут)

Ескерту: кіріспе сөздің мәтіндері қатысушылардың ауызша сөйлеулеріне дейін төрешілер алқасына тапсырылады.

Әрбір қатысушы ауызша сөйлегенде қалған конкурсанттар басқа бөлмеде болулары шарт.

Бағалау критерийлері: турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйесінен бағаланады:

Жазба жұмыс


  1. Тақырыптың толық қамтылуы

  2. Баяндау логикасы

  3. Баяндау стилі

Ауызша сөйлеу

  1. Сөйлеу мәдениеті

  2. Сөйлеу техникасы

  3. Өзін-өзі ұстау шеберлігі

Үлгі тақырыптар:

  1. Қазақтың халық орындаушылары.

  2. Кәсіби музыка жанрлары ( мысалы, операға, симфонияға, концертке, т.б. сипаттама беру)

  3. Музыкадағы ақын шығармашылығы.

  4. Монографиялық тақырыптар (белгілі бір композитордың шығармашылығы )

  5. Өнердегі стиль (мысалы, романтизм, импрессионизм, т.б.)

2 тур Викторина

Номер саны –20. Таспа жазудың тыңдау уақыты 1 минут, нөмірді түзу –1 минут. Түпнұсқада оқу бағдарламасы шеңберінде тыңдауы қажет. Музыкалық матералдардың аса бай екендікін ескере отырып, тақырыптар экспозициялық баяндау түрінде берілуі керек. Музыкалық викторинадағы номерлердің жалпы саны бағдарлама бөлімдегі көлеміне сәйкес келулері және оқылған материалдарға пропорциялық қатынаста болулары қажет.
3 курс – 20 номер: ҚМӘ -8 барлығы (халық кәсіби музыка)

ШМӘ -8 барлық көлемде

ОМӘ -4 “Құдретті топ” композиторларына дейін;
4 курс – 20 номер ҚМӘ -6- барлық көлемі

ШМӘ -6- барлық көлемі

ОМӘ - 6- барлық көлемі

ХХ ғ. – 2-қосымша тізбеден


Бағалау критерийлері:

1-тур – 20 балдық жүйе бойынша бағаланады;

Жауаптың толықтығы (композитор; шығарма, қимыл, тональдығы);

Викторинаның номірлерінің әрбір бөлімі 0,2 балмен бағаланады.


3 тур Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды ойнау
Екі бөлімнен тұрады:

  1. Әңгімелесу түрінде сұрақтарға ауызша жауап . Сұрақтар мазмұндарына қарай тепе-тең және алдын -ала дайындалуды қажет етпейтін, қысқа әрі тұжырымды жауап беруді қажет ететіндей болулары керек.Коллоквиум сұрақтары төмендегідей жағдайларды қамытуы тиіс:

    1. Дәуір (барокко, классицизм және т.б.)

    2. Жанрлар ( пассакалия, ноктюрн, серенада және т.б.)

    3. Орындаушылар (пианисттер, дирижерлар, әншілер және т.б.)

    4. Композиторлық мектептер мен қауымдастықтар;

    5. Жалпы эрудиция (әдебиет, кескін өнері, поэзия, театр, кино т.б.)

    6. Композитор- универсалдар.




  1. Оқушылардың тізімі бойынша жүзден кем емес номенлерде тақырыптарды ойнау. Тақырыптар тізіміне бағдарламаның барлық бөлімдерінен әртүрлі жанрлардағы шығармалар еңгізуі қажет.

Бағалау критерийлері:

Әрбір тур 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Әрбір конкурсант 10 сұраққа жауап беріп, қалауы бойвнша тақырыпты ойнайды. Бұл реттео рындаудың дұрыстығы ғана емес, сонымен бірге музыкалылығы есептеледі.


Конкурстардың қортындысын шығару

15. Конкурсқа қатысушылар: 0404000 «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша):040401 Фортепиано, 040402 3-1 Үрмелі және ұрмалы аспаптар, 040402 3-2 Ішекті аспаптар, 040403 3-1 Халық аспаптары (қазақ, орыс), 040404 3-1 Эстрадалық музыка аспаптары, 0407000 «Ән салу» (түрлері бойынша), 0406000 «Музыка теориясы» ( 1- гармония және сольфеджио, 2 – музыкалық әдебиет) мамандықтары бойынша тиісті баллдарды жинаған жағдайда мынандай орындар беріледі:

1 орын мен лауреат атағы – 24-25 балл;

2 орын мен лауреат атағы – 22 -23 балл;

3 орын мен лауреат атағы – 20 21 балл;

Баллдары 18-19 дан кем емес конкурсқа қатысушыларға дипломант атағы беріледі.

15.1 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурсқа қатысқандарға:

1-ші орын мен лауреат атағы – 57-60 балл;

2-шіорын мен лауреат атағы – 54-56 балл;

3-ші орын мен лауреат атағы – 51-53 баллі.

Баллдары 48 -50-ден кем түспеген қатысушыларға дипломант атағы беріледі.

16. Барлық лауреаттар қалаулары бойынша ұйымдастырушы комитет өткізетін қорытынды концертке қатыса алады.


5. Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы
17.Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

18. Ұйымдастыру комитеті конкурстың өтетін орынын белгілейді, конкурстық материалдарды дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітуіне ұсынады.

19. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурста көрсеткен өнерін бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталғаннан кейін нәтижелерін хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралуға жатпайды.

20. Қазылар алқасының мүшелері осы кезде өзінің оқушысы болып саналатын конкурске қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды. Дауыстар кем болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

21.Жюридің жүлделі орындары түгелімен бермеуге құқығы бар.

22. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігін бағалайды, оларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттайды.


Орындаушылардың

Республикалық конкурстарын

өткізуді ұйымдастыру

ережелеріне 1 қосымша


ӨТІНІШ

Мамандығы




Мамандандырылуы




Қатысушының т. а.ә.




Жынысы




Туған жылы және жері




Оқу орынының аты, курс




Педагогтың т. а. ә.




Концертмейстердің т. а. ә.




Ілесіп жүрген тұлғаның т. а. ә




Мекен жайы




Телефон нөмері, факс, код




Өтінішті толтырған күні




Қолы




Оқу орынының басшысының т. а. ә.











М. О. Қолы
Конкурстық бағдарлама














































Орындаушылардың

Республикалық конкурстарын

өткізуді ұйымдастыру

ережелеріне 2 қосымша

Конкурс орындаушыларының мамандандырылу

бағыттарының бірізділігі


Конкурсты өткізілуінің

1 – жылы


Конкурсты өткізудің

2 – жылы


0404000 Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері:

1. Ағаш – үрмелі аспаптар:

флейта, гобой, кларнет, фагот,

саксофон – альт, саксофон – тенор;

2. Үрмелі жез аспаптар :

валторна, труба, тромбон, туба, ұрма аспаптар;

3. Қазақтың халық аспаптары:

домбыра, шертер, қобыз,

қыл – қобыз;

4.Орыс халық аспаптары :

баян, аккордеон, классикалық гитара,

кіші – домра, домра – бас.

4.Эстрадалық аспатар: саксофон – альт, труба, тромбон, джаздық фортепиано, электрогитара, бас гитара, ұрмалы аспаптар.


0404000 Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері:

1. Фортепиано;

2. Ішекті аспаптар:

скрипка, альт, виолончель,

контрабас;

3. 0407000 - Ән салу:

3.1 Академиялық ән салу дауыстарынан: сопрано; меццо – сопрано; тенор; баритон; бас.

3.2 Домбырамен ән салу

3.3 Эстрадалық ән салу

4. 0406000 Музыка теориясы ауыстырып:

4.1. Музыкалық әдебиет

бірінші жыл;

4.2 Гармония және сольфеджио

екінші жыл.



Орындаушылардың

Республикалық конкурстарын

өткізуді ұйымдастыру

ережелеріне 3 қосымша


ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ XXXIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

0404000 «Аспапта орындаушылық және эстрадалық музыка өнері»
Үрмелі ағашаспаптар:

ФЛЕЙТА


II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Э.Буртон Сонатина 2,3б.б.;

б) П.Хиндемит Соната 2,3б.б.;

в) Ф.Пуленк Соната 2,3 б.б.;

г) О.Тактакишвили Соната 2,3б.б.;

д) Г.Фрид Сонатина 2,3б.б.


  1. Орындаушының таңдауы бойынша Дж.Тюлу, Ж.Демерссманның концерттік сололарының бірі.

  2. Қазақстан композиторларының шығармалары.


III кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша :

а) С.Шаминад Концертино;

б) C.Меркаданте Концерт e-moll 1б.;

в) Ф.Девьенн Концерттер №1-8 (қалауынша) 1б.;

г) Э.Келлер Концерт g-moll 1б.;

д) В.Блодек Концерт 1.


  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма:

а) В.Цыбин Тарантелла;

б) М.Рейхерт Тарантелла;

в) Ю.Шишков Скерцо;

г) А.Шварц Скерцино

д) Ф.Допплер «Венгерская пасторальная фантазия» *

е) Э. Боцца «Образ» («Image»)

немесе осы деңгейдегі шығармалардың бірі.

ГОБОЙ


II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша: А.Вивальди, И.С.Баха, Г.Ф.Телемана, Г.Ф.Генделя, Ж.Б.Лойе сонаталарының бірі.

  2. Қазақстан композиторларының шығармаларынан.


III кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) В.А.Моцарт Концерт С-dur 1б немесе 2,3 б.б.;

б) К.Краммарж Концерт 1б. немесе 2,3б.б.;

в) орындаушының таңдауы бойынша Т. Альбинони концерттерінің бірі.


  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма:

а) А.Бородин «Танец половецких девушек»;

б) А.Рубинштейн «Прялка»

немесе осы деңгейдегі шығармалардың бірі.

КЛАРНЕТ
II кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша :

а) Ф.Пуленк «Соната» 1 б. немесе 2-3 б.б.;

б) К.Сен-Санс «Соната» 1-2 б.б. немесе 3-4 б.б.;

в) г) Ф.Девьен «Соната №1 с-moll» 1б.немесе 2-3 б;

«Соната №2 с-moll» 1б. немесе 2-3 б.;

«Соната №3 Es-dur» 1б. немесе 2-3 б.

2.: Орындаушының таңдауы бойынша

а) Б.Дальденбай «Концертная пьеса»;

б) Е.Брусиловский Скерцо из сюиты «Боз айғыр»;

в) Е.Брусиловский «Дударай» операсына кіріспе;

г) Құманғазы «Балбырауын» Р.Сабированың өңдеуінде;

д) М.Төлебаев «Поэма»;

е) Н.Тілендиев «Грезы».
III кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) К.М.Вебер Концерт №1 (1б.немесе 2,3 б.б.);

б)К.М.Вебер Концерт №2 (1б. немесе 2,3 б.б.);

в) К.М.Вебер Үлкен концерттік дуэт (2,3 б.б.);

г) Б.Х.Круселль Концерт №2 (1б. немесе 2,3 б.б.);

д) Э.Габлер Концерт №1 (1б. немесе 2,3 б.б.).

е) Э. Габлер Концерт №2 (1б. немесе 2,3 б.б.)

ж) Л.Шпор Концерт №1 (1б. немесе 2,3 б.б.)

2. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) А.Мессаже «Конкурстық соло»;

б) Э.Боцца «Кларибель»;

в) Э.Боцца «Итальяндық фантазия»;

г) А.Блох «Деннериана»

д) Ф.Гобер «Фантазия».

ФАГОТ


II кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша А.Вивальди концерттерінің бірі;

2. Қазақстан композиторларының шығармалары.
III кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша

а) К.Вебер Концерт (! бөлім)

б) Ф.Давид Концертино (толық нұсқасы);

2. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Л.Мильде Тарантелла;

б) О.Мирошников Скерцо;

в) Купревич Скерцино;

г) Чернов Скерцо;

д) Р.Глиэр Юмореска;

е) Бурдо Концерттік соло;

ж) Гровле Речитатив, Сицилиана и Аллегро;

з) Да Минчи Скерцо
САКСОФОН-АЛЬТ
II кезең


    1. Қазақстан композиторларының пьесалары

    2. Орындаушының таңдауы бойынша:

Д.Демерссеман Ерекше тақырыпқа жазылған фантазия.

Жан-Батист Сингле Концертино

А.Юяма Дивертисмент

А.Бюссе Астурия


III кезең

  1. Виртуозды орындалатын пьеса

  2. Орындаушының таңдауы бойынша:

Г.Готлиб Концерт

П.Бонно Джаз стиліндегі концерттік пьеса.

Концерт (1 немесе 2,3 бөлімдер)

П.Крестон Соната (1 немесе 2,3 бөлімдер)

А.Глазунов Концерт Es-dur (каденцияға дейін)

САКСОФОН-ТЕНОР

II кезең


      1. Қазақстан композиторларының шығармалары

      2. Орындаушының таңдауы бойынша:

А.Раухвергер Концерт

Ю.Чугунов Концерт

Д.Демерссеман Ерекше тақырыпқа жазылған фантазия. (өңдеу)
III кезең


  1. Виртуозды орындалатын пьеса

  2. Орындаушының таңдауы бойынша:

Э.Вила Лобос Фантазия

Г.Готлиб Концерт

А.Флярковский Концерт (1 немесе 2,3 б.б.)

Г.Калинкович Концерт –каприччио Паганини тақырыбына


*Қосылған шығармалар
Үрмелі жез аспаптар:
ВАЛТОРНА

II кезең
1. Орындаушының таңдауы бойынша В.А.Моцарттың бір шығармасы:

а) «Концерт №1»;

б) «Концерт №2» 1 б.(каденциямен) немесе 2-3 б.б.;

в) «Концерт №3» 1 б.(каденциямен) немесе 2-3 б.б.;

г) «Концерт №4» 1 б.(каденциямен) немесе 2-3 б.б.;

д) «Концертное рондо».


2. Қазақстан композиторларының шығармалары (5-7минут).
III кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Р.Глиэр «Концерт для валторны» 1 б. немесе 2-3 б.б.;

б) Р.Глиэр «Концерт для голоса» (валторнға арналған өңдеу);

в) Дж.Россини «Варияциялары бар прелюдия мен тақырып»;

г) Р.Шуман «Адажио и Аллегро»;

д) Р.Штраус «Концерт №1» 1бөлім немесе 2-3бөлімдер.


  1. Кеңестік кезең немесе шетелдік композиторлардың шығармалары (5-7минут).


ТРУБА

II кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Дж.Тартини Концерт As-dur;

б) Т.Альбинони Концерт Es-dur;

в) А.Вивальди Концерт d-moll.

2. Қазақстан композиторларының шығармалары.



III кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) С.Василенко Концерт 1б.;

б) А.Арутюнян Концерт;

в) В.Брант Концертная пьеса №1 f-moll;

г) В.Брант Концертная пьеса №2 Es-dur.

2. 5 минуттан аспайтын орындушының таңдауы бойынша бір шебер орындалатын шығарма.


ТРОМБОН


II кезең

1. А.Вивальди екі скрипкаға арналған концерті a-moll, тромбонға арналған өңдеу 1б.;

2. Орындаушының таңдауы бойынша :

а) Б.Кроче-Спинелли «Конкурстық соло»;

б) Ж.Мазелье «Конкурстық соло»;

в) К.Сен-Санс Каватина;

г) Э.Боцца В стиле Баха;

д) Ж.Бара «Анданте и Аллегро»;

е) В.Блажевич Концертный эскиз №5.
III кезең

1. Ф.Давид Концертино;

2. Қазақстан композиторларының шығармалары.

ТУБА


II кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша Б.Марчелло сонаталарының бірі;

2.. Қазақстан композиторларының шығармалары.
III кезең

1. Орындаушының таңдауы бойынша :

а) А.Лебедев Концерт №1;

б) А.Лебедев Концертное аллегро.

2. Орындаушының таңдауы бойынша

а) Н.Раков Сонатина;

б) В.Зверев Концертино;

в) А.Болдырев Концертино.


ҰРМАЛЫ АСПАПТАР
II кезең


  1. Қазақстан композиторларының шығармалары

  2. Виртуозды шығармалар (маримба, ксилофон)

  3. 5 минуттан аспайтын пьеса (вибрафон)

  4. Кіші барабанда 5 минуттан аспайтын пьеса.



III кезең

1. Виртуозды шығармалар (маримба, ксилофон)



2. 5 минуттан аспайтын пьеса (вибрафон)

  1. 3. Кіші барабанда 5 минуттан аспайтын пьеса.

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
Домбыра-тенор

1 кезең


  1. Дина «Бұлбұл» (міндетті шығарма)

  2. Қазанғап «Жұртта қалған» (міндетті шығарма)

  3. Тәттімбеттің бір күйі (қалауы бойынша)

  4. Домбыраға арнайы жазылған Қазақстан композиторларының бір шығармасы (қалауы бойынша)


2 кезең


  1. Сүгір «Қаратау шертпесі» (міндетті шығарма)

  2. Маңғыстау, сыр мектептерінен бір күй (қалауы бойынша)

  3. Қ.Ахмедияров «Шабыт» (міндетті шығарма)

  4. Шетел композиторларының аспаптық шығармасы (қалауы бойынша)

Шертер

2 кезең

  1. Шетел композиторларының 1 шығармасы (кантилена)

  2. Күрделі формадағы шығарма (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 бөлімдері)

  3. Халық немесе халық композиторларының 1 күйі


3 кезең

  1. Батыс-европа немесе орыс композиторларының виртуозды 1 шығармасы

  2. К.Күмісбеков Вальс «Жастық шақ» (міндетті шығарма)

  3. Күрделі формадағы шығарма (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 бөлімдері)


Қобыз-прима

II-кезең

  1. Халық немесе халық композиторы күйлерінің өңделген түрі.

  2. Шетел композиторларының виртуозды шығармасы.

  3. А.Джумадильдина Пьеса (міндетті шығарма)


III- кезең


  1. Күрделі формадағы шығарма (1-ші, немесе 2-3-ші бөлімдері)

  2. Түркі-тілдес халықтарының шығармасы

  3. Қазақстан композиторларының бір шығармасы (таңдауы бойынша).


Қылқобыз

2 кезең

  1. Қазақстан композиторларының бір шығармасы (сүйемелдеумен)

  2. Қорқыт «Қоңыр» (Ж.Қаламбаевтың нұсқасы)

  3. Тәттімбет «Саржайлау» (Ж.Қаламбаевтың нұсқасы)

  4. Қалауы бойынша бір күй

3 кезең

  1. Қазіргі заман композиторларының бір күйі

  2. Сүгір «Қаратау шертпесі» (міндетті түрде)

  3. Ықыластың күйлері: Ерден, Жалғыз аяқ, Шыңырау (таңдауы бойынша)

  4. Қалауы бойынша бір күй



ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТААРЫ

Баян, аккордеон

1 кезең


  1. 3 дауыстан кем емес фуганы енгізетін полифонялық шығарма.

  2. Виртуозды шығрма (түпнұсқа немесе өңделген)


2 кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармалары немесе қазақтың халық әуеніне өңдеу

  2. Баян мен аккордеонға арналған ерекше шығарма

  3. Қалауы бойынша шығарма


3 кезең

  1. Көлемді шығарма


Классикалық гитара
1 кезең

  1. Полифониялық шығарма

  2. Қалауы бойынша шығарма: Қазақтың халық әуендері, күйлері, Қазақстан композиторларының шығармалары тақырыптарына жазылған концертті транскрипцияда, гитараға өңдеп жасаған концерттік пьеса.


2 кезең


  1. Виртуозды шығарма

  2. Қалауы бойынша шығарма: гитараға арналған өңделген пьесалар немесе гитараға арналған ерекше шығармалар.


3 кезең


  1. Көлемді шығармалар (концерт, соната, күрделі вариациалық форма).


Кіші домра
2 кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармалары (кантилена)

  2. Батысеуропалық немесе орыс композиторларының виртуозды шығармалары

  3. Көлемді шығармалар (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 б.б.)

3 кезең

  1. Е.Рахмадиев Скерцо (міндетті түрде орындалатын шығарма)

  2. Батысеуропалық немесе орыс композиторларының виртуозды шығармалары

  3. Көлемді шығармалар (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 б.б.)


Домра – бас

2 кезең

1.Таттімбет-Брусиловский «Былқылдақ» (міндетті түрде орындалатын шығарма)

2. Батысеуропалық немесе орыс композиторларының виртуозды шығармалары

3. Көлемді шығармалар (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 б.б.)




  1. кезең

1. Дж.Фрескобальди «Токката» (міндетті түрде орындалатын шығарма)

2. Қазақстан композиторларының шығармалары

3. Шетелдік композиторлардың виртуозды шығармалары

4. Көлемді шығармалар (соната, концерт/ 1 немесе 2,3 б.б.)



ЭСТРАДАЛЫҚ АСПАПТАР

Саксофон

2 кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармалары

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын свинг,баллада немесе блюз силіндегі джаздық шығарма.

3. Bossa-nova



3кезең
1. Көлемді форма (2-3 бөлімдері қалауы бойынша)

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.


Труба

2 кезең
1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2 Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын свинг,баллада немесе блюз силіндегі джаздық шығарма.

3. Bossa-nova

3 кезең
1. Көлемді форма (2-3 бөлімдерін қалауы бойынша)

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.




Тромбон

2 кезең
1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.

3. Bossa-nova

3 кезең
1. Көлемді шығарма (2-3 бөлімін қалауы бойынша)

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.


Джаздық фортепиано

2 кезең
1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2. Свинг стилінде екі джаздық шығарма, баллада немесе блюз импровизациясымен.



3 кезең

1. Көлемді шығарма (1-2 немесе сонатаның 2-3 бөлімдері)

2 Импровизацияланған түрлі стильдегі екі джаз пьесалары.
Электрогитара

2 кезең

1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.

3. Bossa-nova



3 кезең
1. Көлемді шығарма (2-3 бөлімін қалауы бойынша)

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.


Бас гитара

2 кезең
1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.

3. Bossa-nova

3 кезең
1. Көлемді шығарма (2-3 бөлімін қалауы бойынша)

2. Концертмейстермен орындалатын немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын түрлі стильдегі екі джазық пьеса.


Ұрмалы аспаптар

2 кезең
1. Қазақстандық композитордың шығармасы

2. Виртуозды шығарма ( маримба)

3. 5 минуттан аспайтын джаздық пьеса. (вибрафон)

4. Ұрмалы қондырғыда концертмейстердің немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын пьеса.



3 кезең
1. Көлемді шығарма (2-3 бөлімін қалауы бойынша)

2. Виртуозды шығарма ( маримба)

3. Импровизацияланған джазды пьеса (вибрафон)

4. Ұрмалы қондырғыда концертмейстердің немесе «минус бір» фонограмманың (mini disk, CD Audio) сүйемелдеуімен орындалатын пьеса.






Орындаушылардың Республикалық конкурсын өткізуді ұйымдастыру ережелері

Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жасалған, және орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқушылардың арасындағы орындаушылардың Республикалы

227.26kb.

04 09 2014
1 стр.


Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың IX республикалық конкурсын өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылардың IX конкурсын (әрі қарай конкурс) өткізеді

37.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Конкурсын жыл сайын өткізудің ережелері Жалпы ережелер

Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының

81.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру

41.84kb.

15 10 2014
1 стр.


2012 жылғы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шаралары туралы

Оса берiлiп отырған 2012 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн

63.46kb.

16 12 2014
1 стр.


Білім мекеме басшыларына

Невада-Семей қозғалысының 2009 жылғы 5 қазандағы №01-120 қатынас хатының көшірмесін жолдай отырып, білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізуді жоспарлап, ұйымдастыру жұмыстарын жүрг

73.38kb.

25 12 2014
1 стр.


Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер

Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ республикалық дирижерлар конкурсы (бұдан әрі Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабы 12-

44.14kb.

05 09 2014
1 стр.


Өткізудің қағидасы Жалпы ережелер

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы

70.85kb.

17 12 2014
1 стр.