Перейти на главную страницу
Әдістемелік нұсқау |
![]() ![]() ![]() |
Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.2/05 |
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар
Ә ![]() |
|
Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.1/05 |
Энергетика факультетінің деканы
__________ А.П. Кислов
«___»________20_ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы__________ А.М.Акаев
Электроэнергетика кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулар
Электр станциялар және қосалқы станциялар пәнін меңгеру үшін
050718 - Электрэнергетика тәлімгерлері үшін
Кафедра отырысында ұсынылды «___»_________________20__ж., хаттама №_____
Кафедра меңгерушісі ___________________ И.В.Захаров
Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«_____»______________20_ж. хаттама №____
ОӘК төрағасы ________________М.М. Кабдуалиева
1 Жалпы мәліметтер
Электр станциялары және қосалқы станциялар пәні тәлімгерлерге электр станциялар мен қосалқы станцияларда қолданылатын элект құрылғылары және оларды таңдау мен тексеру жағдайлары туралы жалпы мәлімет береді.
П ![]() |
![]() ![]() ![]() |
Форма Ф СО ПГУ 7.18.2/07 |
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ | |||||
№ п/п |
Такырыптардың атауы |
Сағаттар саны | |||
Дәр. |
Тәж. |
Зерт.. |
СӨЖ | ||
1 |
Электр станциялар мен қосалқы станциялар туралы жалпы мәліметтер |
2 |
|
|
|
2 |
Өлшеуіш трансформаторлар |
4 |
3 |
6 |
12 |
3 |
Электр өткізгіштерінің конструкциясы, параметрлері және сипаттамалары |
3 |
3 |
3 |
15 |
4 |
Жоғары кернеулі электр аппараттар |
5 |
3 |
6 |
15 |
5 |
Күштік трансформаторлар |
4 |
2 |
- |
12 |
6 |
Синхронды генераторлар және компенсаторлар |
5 |
- |
- |
15 |
7 |
Станциялар мен қосалқы станциялар электр схемалары |
4 |
3 |
|
15 |
8 |
Станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік қажеттері |
3 |
1 |
|
12 |
9 |
Таратушы құрылғылардың констркциялары |
4 |
|
|
12 |
10 |
Басқару, сигнализация және бақылау схемалары |
3,5 |
|
|
12 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
37,5 |
15 |
15 |
120 |
Берілген тақырыптың материалдары энерго жүйедегі электр станциялар мен қосалқы станциялардың ролі мен орнын анықтауға, Казақстан электрэнергетикасының дамуын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыпты меңгергенде технологиялық схемалардыңерекшеліктерін және әртүрлі типті электр станциялардың сипаттамалық ерекшеліктерін анықтау қажет.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
- бүгінгі электр станциялардыңтиптерін және олардың сипаттамалық ерекшеліктерін;
Жоғарыда қарастырылған сұрақтар мына әдебиетте қарастырылады ([1], введение и глава 1; [6], введение; [8] параграфы 1.1 и 1.2).
Берілген тақырыпты меңгеру барысында ішкі және сыртқы қондырғылардағы ток және кернеу трансформаторларының конструкциялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.
Ток және кернеу трансформаторларының векторлық диаграммасын құрастыруды үйрену керек және олар бойынша салыстырмалы қателіктерді анықтау қажет. Бұл тақырыпты меңгеру барысында өлшеуіш трансформаторлардыңсалыстырмалы қателігін азайтудың негізгі амалдарын, олардың қосылу схемаларын және қолдану аясын анықтау қажет. Ток және кернеу трансформаторларын таңдау және тексеру шарттарын меңгеру керек.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
ішкі және сыртқы қондырғылар үшін өлшегіш трансформаторлардың конструкцияларының ерекшеліктерін;
- өлшеуіш трансформаторлардың қосылу схемаларын және олардың қолдану аясын;
- өлшегіш транесформаторлардың векторлық диаграммаларын құру және олар бойынша салыстырмалы қателіктерді анықтау;
- өлшегіш трансформаторларды таңдау және тексеру; - оқшауламаның жағдайын бақылау.
Бұл тақырыпқа қатысты сұрақта әдебиетте қарастырылған ([1] параграфы 16.1 - 16.6, 17.1 17.6; [3] разделы 2 и 3; [41 1, 3; [6] 6.1 -6.6, 7.5, 7.6; [8] 4.8, 4.9,4.11; [5] 8).
Бұл тақырыпты оқу барысында жабық таратушы құрылғыларда қолданылатын өткізгіштердің типтеріне көңіл аудару керек. Бұл тақырыпты меңгеру процессінде әр түрлі конфигурациялы қатаң шиналардың қолдану аясын анеықтау керек. Ерекше назар комплекттік экрандалған токөткізгіштерге аударылу тиіс.
Ашық таратушы құрылғылардың шиналық конструкцияларын меңгергенде кернеу денгейіне және ұшу ұзындығына байланысты шина және токөткізгіштердің орындалуына назар аудару керек.
Ерекше назар жабық және ашық таратушы құрылғылардың шиналарын және токөткізгіштерін таңдау және тексеру шарттарына аударылуы тиіс.
Оқшаулағыштарды оқығанда, электр қондырғыларында қолданатын, кернеу денгейінен, механикалық беріктігінен және климаттық жағдайларынан тәуелділігіне байланысты олардың конструкциялық ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Таратушы құрылғылардың шиналық конструкцияларына және оқшаулағыштарына қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 3.1 - 3.3, 8.1 - 8.4; |3] 4; [4] 1,4; [6] 7.8; [8] 4.2; [5] 9).
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
- иілгіш шиналар мен токөткізгіштердің конструкциясын.
жасай алуы керек
- оқшаулағыштарды кернеу классы, механикалық беріктігі және климаттық жағдайлар бойынша ажырату;
- жабық және ашық таратушы құрылғылардың шиналарын және токөткізгіштерін таңдау және тексеру.
2.4 Жоғары кернеулі электр аппараттары
Берілген тақырыпты сөндіргіштердің классификациясынан, оларға қойылатын талаптардан және олардың номиналды параметрлерін меңгеруден бастау қажет.
Сөндіргіштердің конструкциясын қарастырғанда ең алдымен олардың жұмыс істеу принциптерін және электр доғасын сөндіру әдістерін анықтау керек.
Айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды оқығанда олардың тағайындалуын, жұмыс істеу принциптерін және қолдану аясын анықтау керек. Ерекше назар ішкі және сыртқы қондырғылар айырғыштарының конструкциясына аударылу тиіс
Ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды оқығанда олардың конструкциясына, қолдану аясына және бірігіп жұмыс істей алуына назар аудару керек.
Сөндіргіштерді, айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды таңдау және тексеру шарттарын анықтау керек.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
- сөндіргіштерді, айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды таңдау және тексеру.
Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 12.1-12.8, 14.1-14.3; [3] 1,5; |4'| 1,2; [6] 5.1-5.12, 7.2, 7.3;[8] 4.5-4.7).
2.5 Күштік трансформаторлар
Берілген тақырыпты оқуды күштік трансформаторлардың негізгі түрлерінен және олардың номиналды параметрлерінен бастау керек.
Трансформаторлардың суытылу жүйелерін меңгеру барысында трансформаторларда сол немесе басқа суыту жүйесі қандай қуатта қолданылатын анықтау керек.
Трансформаторлардың жүктелу мүмкіндіктерін меңгергенде жүйелік және апаттық асқынжүктелулердің мүмкіндігін анықтау керек.
Үшорамды автотрансформатордың жұмыс режимдерін меңгеру барысында сол немесе басқа комбинирленген режимнің мүмкіндігін анықтау керек.
Электрэнергиясын тұтынушыларда кернеу тұрақтылығын қалыпта ұстау үшін жүктеме астындағы трансформаторларды реттеу туралы материалдарды меңгеру керек.
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
- күштік трансформаторлардың негізгі салқындатылу жүйелері және олардың қолдану аясы;
- автотрансформаторлардың комбинирленген жұмыс режимдері және олардың мүмкіндігі;
- трансформаторлардың жүйелік және апаттық асқын жүктелу мүмкіндігі;
- жүктеме астындағы трансформаторлардың кернеуін реттеу схемасы.
жасай алу керек
- трансформатор және автотрансформаторлардың жүйелік және апаттық асқын жүктелу мүмкіндігін есептеу және трансформаторларды таңдау;
- үшорамдық автотрансформаторлардың комбинирленген жұмыс режимдерінің мүмкіндігін есептеу.
Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 22.1 22.5; [5] 1.12-1.15; [7] 2.2).
Берілген тақырыпты меңгеру барысында суытылу жүйесіне байланысты синхронды генераторлар мен компенсаторлардың конструктивті ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Синхронды машиналардың суытылу жүйелерін меңгеру барысында әртүрлі суытылу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне, және олардың қолдану аясына назар аудару керек.
Синхронды машиналардың қоздырылу жүйелерін меңгеру барысында әртүрлі қоздырылу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардың қролдану аясын анықтау.
Синхронды генераторлар мен компенсаторлардың өрісін автоматты түрде өшіруін меңгергенде қоздырылу орамын активті кедергіге қосқанда және доға сөндіргіш тор арқылы доға сөндіру процестерінің айырмашылығына назар аудару керек.
Синхронды машиналарды параллелді жұмысқа қосу әдістерін меңгергенде олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін меңгеру керек және сол немесе басқа амалмен синхронды генераторлар мен компенсаторларды параллелді жұмысқа қосу операция ретін анықтау керек.
Берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
Берілген тақырып таратушы құрылғылардың электр схемаларымен, олардың қолдану аясымен, схемалардың артықшылықтары және кемшіліктерімен, олардың беріктігін арттыру әдістерімен, ТЭЦ және КЭС типті электр станциялардың электр схемаларын құрастыру ерекшеліктерімен, және де ЭС –ның негізгі схемаларын құрастыру ретімен танысумен байланысты.
Тәлімгерлер жөндеуге шығару операциясын өткізу ретін және қосылғанды жұмысқа кіргізуді, сөндіргіштерді және шиналардың жүйесін қарастыру керек. Тапсырма бойынша таратушы құрылғылардың схемаларын құрастыру сұрақтарына ерекше назар аудару керек. Тәлімгерлерді электр станциялардың таратушы құрылғыларының схемаларын таңдау ұсыныстарымен, және сол немесе басқа құрылғыны қолдану аясын шектелуімен таныстыру керек. Тәлімгерлер нақты алғашқы берілгендер бойынша схемаларды таңдау сұрақтарында қажетті бағыттарды таба алуды үйрену керек.
Берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
- таратушы құрылғылардың электр схемаларын құрастыру бойынша басқарушы іс-қағаздардың негізгі жағдайы
жасай алуы керек
- нақты тапсырма бойынша таратушы құрылғылардың электр схемаларын құрастыру;
- қосылғыны, сөндіргіштерді, жиналғыш шиналарды жөндеуге шығару және жұмысқа кіргізу үшін шұғыл қайта қосулар өткізу;
- құрылғының істен шығуына және зақымдалуына зерттеу жүргізу;
Берілген тақырыпты меңгеру барысында талімгерлер өзіндік қажет электрқондырғыларының тағайындалуының жалпы жағдайларымен, өзіндік қажет жүйесіндегі кернеу денгейлерімен, өзіндік қажет тұтынушыларымен, және де әртүрлі станциялар типтері үшін өзіндік қажет тұтышушыларының электр жабдықтау схемаларын құрастыру схемаларын құрумен, өзіндік қажет жүйесіндегі жұмыс және резерв қоректендіруді орындаумен танысу керек.
Берілген тақырыпты меңгеру барысында тәлімгерлер:
білуі керек
Таратушы құрылғылардың классификациясы және оларға қойылатын шарттар. Жабық таратушы құрылғылар(ЖТҚ). Секциялық және сызықтық реакторлы жиналғыш шиналардың бір жүйесімен 6-10 кВ таратушы құрылғылар. Секциялық және сызықтық реакторлы жиналғыш шиналардың екі жүйесімен 6-10 кВ таратушы құрылғылар. ЖТҚ 35-220 кВ. Ашық таратушы құрылғылар (АТҚ). Иілгіш өткізгішті таратушы құрылғылар. Қатаң өткізгішті таратушы құрылғылар. Комплектті таратушы құрылғылар (КТҚ). Электр станциялары мен қосалқы станцияларының таратушы құрылғыларының типтік компоновкаларының үлгілері.
Бұл бөлімді меңгеру нәтижесінде тәлімгер:
білуі керек
- ЖТҚ, АТҚ және КТҚ қолдану аясын;
- АТҚ-ның кескіндерінде токөткізгіш бөлшектерінің ярустарын көрсету;
Электр станциялары мен қосалқы станцияларындағы тұрақты және айнымалы оперативті ток көздері.Дабыл тізбектерінің негізгі аппаратурасы. Электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы апаттық және ескерткіш дабылы. Электр станциялар мен қосалқы станциялардағы айырғыштардың және сөндіргіштердің блокировкасы.
Бұл бөлімді меңгеру барысында тәлімгерлер:
білуі керек
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған
10 10 2014
1 стр.
200 ж., Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақҰлданды
25 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. № хаттама
17 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. № хаттама
16 12 2014
1 стр.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ОӘК мақұлданды 2012ж. «16» 11 №4 хаттама
16 12 2014
1 стр.
«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маргетинг» мамандығының студенттеріне арналған
12 10 2014
1 стр.
«Тереңдетілген қаржылық талдау» курстiң мақсаты компаниялардың қаражат-шаруашылық қызметтiң талдау теориясын және әдістемесін тыңдаушыларымен терең меңгеру болып табылады
25 12 2014
1 стр.