Өткізілетін күні :09.02. 2012жыл
Сыныбы : 4 «Б» .
Пәні : ана тілі
Уақыты : 8:50 – 9:35
Кабинет : 7
Пән мұғалімі : Әбдиева А.Ш.
Тақырыбы : Жылқы
Мақсаты :
-
Білімділік : Мәтінді түсініп оқуға баулу , оның мазмұнын ашу , жылқы туралы білімдерін кеңейту .
-
Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілетін ой - өрісін кеңейту , тілін дамыту , шығармашылық танымдық белсенділігін арттыру .
-
Тәрбиелік : зеректікке баулу , салт – дәстүрді үйрете отырып салауаттылыққа , төрт түлікті күтіп баптауға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : дәстүрлі .
Сабақтың типі : жаңа білімді игеру.
Сабақтың формасы : сыныптағы жүйелі сабақ .
Сабақтың әдістері : түсіндіру , сұрақ – жауап , топтық жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : оқулық , С. Мұқановтың суреті , суреттер .
Техникалық құралдар :слайд
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық .
Біз бақытты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз .
Жақсы оқып сабақты ,
Күнде 5 – тік аламыз.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару .
3. Бүгінгі сабақта ұстаздың сөзін мұкият тыңдап , жаңа білімді меңгеруге
құштарлық таныту өте қажет .
II. Үй тапсырмасын тексеру .
1. Рөлге бөліп , мәнерлеп оқыту .
2. Мазмұндау .
3. 3 - топқа берілген тапсырманы сұрау .
I – қонақ күту рәсімі .
II – қонаққа бару рәсімі .
III – Ара мен шыбынға мінездеме ..
III. Үй тапсырмасын қорыту.
Жұптық тапсырма .
I II III
«Кім ақын?» тапсырмасы. «Кім ұтқыр?»тапсырмасы «Кім тапқыр?»
Өлең бойынша ұйқас табу. Сұраққа жауап беру. Мақал-мәтел құрау,
Мұғалімнің қорытынды сөзі . мағынасын түсіндіру.
IV. Жаңа білімді үйренуге дайындық .
-
Балалар қазір біз оқып жатқан тарау қалай аталады ?
-
Әдептілік ар – ұят – адамдықтың белгісі . Әдептілік туралы қандай мақал – мәтел білеміз ?
-
Енді қазір сөз жұмбақ шешейк .
1) Оспанхан Әубукіров қай ауданда дүниеге келді?
2) « Ара мен Шыбын» шығарманың қай түріне жатады?
3) Бірлік түбі – (тірлік) .
4) Үйге келетін сыйлы адам ?
5) Араға не келді ?
|
ж
|
а
|
м
|
б
|
ы
|
л
|
|
м
|
ы
|
с
|
а
|
л
|
|
т
|
і
|
р
|
л
|
і
|
к
|
|
|
қ
|
о
|
н
|
а
|
қ
|
|
|
ш
|
ы
|
б
|
ы
|
н
|
|
Ерекше сызықтың ішіндегі сөзді оқиық . Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «ЖЫЛҚЫ» Әнгіменің авторы – Сәбит Мұқанов .
Бүінгі сабақтың мақсаты : С.Мұқановтың «Жылқы» әнгімесін оқыту арқылы қазақ халқы жылқы малын неге ерекше қастерлегенін, қадір – қасиетін , пайдасын жете меңгерту .
Ал енді мына суретке назар аударайық .Сабит Мұқановтың өмірбаянымен таныстыру .
1. Мұғалімнің түсіндіруі

2. Мәтінді оқыту . ( 3 топқа бөліп беру ) . Іштей , тізбектей оқыту . ( түртіп
алу әдісі арқылы қиын сөздерді белгілеу).
3.Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
1. Қос қайда орналасқан ?
2. Төңіректегі ор қайдан пайда болған ?
3. Жылқы етінің қасиеті қандай ?
4. Мәтінде жылқының терісі жөнінде не делінген?
5. Жылқының адамға пайдасы қандай?
6. Жылқы малын неге асыл дейді?
3топтан 3оқушы шығып мазмұнын айтады .
Сөздік жұмыс
.
егін салуға
Қос ------ шөп шабуға. - баспана
жылқы бағуға
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін дәптерге жаздыру.
Оттамай , қаужалап, тебін .
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Әңгімеден С. Мұқанов атамыздың табиғатты суреттеген жерді тауып оқыту .
2. Мәтіндегі жылқының аналық мейірімі жөніндегі айтылған жерді тауып оқыту .
3. Мақан жылқышының сөзін тауып оқыту.
Сергіту сәті . (Жұмбақтар шешіп, соған байланысты өлең айту.)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Және сақалы тағы бар. (ешкі) 
Жүнін жұлса бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өскен жануар.
Шөкетайым қайдасың. шөре -шөре
2. Үстінде бар ақ тоны,
Менің атам бақты оны. (қой) 
Қой баласы қоңырым,
Қия баспас момыным,
Шопан ата түлегі,
Қошақаным қайдасың? пұшайт-пұшайт
3. Қос мүйізді , төрт сирақты .
Сыйладым балдай ақ бұлақты. (сиыр) 
Шаруаның бір пірі- Зеңгібаба,
Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама,
Кең өріске шұбыртып өзің бағып,
Кешке жақын қотанға әкеп қама. әукім-әукім
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе) 
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін.
Кім біледі ботаны? - Көс көс
5. Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (құлын) 
Шаруаның бір пірі - Қамбарата.
Тілегенде өзің бер ақтан бата,
Үйір- үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан қырдан арқансыз әкеп мата . құрау- құрау
Топтық жұмыс .
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Жылқының пайдасы.
|
Жылқының өзге малдан ерекшілігі.
|
Өзіміз білетін батырлардың аттарын дәл тауып белгілеу.
|
|
-
-
-
-
|
Акан сері - Тайбурыл
Қобыланды – Құлагер
Исатай - Бозжорға
Төлеген - Ақтабан
Махамбет - Байшұбар
|
Мұғалім : Балалар бүгінгі сабақта не білдік?
1 . Қос туралы білеміз бе ?
2 . Жылқы сүті , еті , терісінің емдік қасиетін білеміз ба ?
3 . Тебіннің не екенін білдік пе?
4 . Жылқы малының қасиеттерін білдік пе?
VII. Үй тапсырмасын хабарлау.
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқып , мазмұнын айтып келу .
« Жылқы – малдың патшасы ,
Түйе – малдың қасқасы» деген мақалды түсініп келу .
VIII. Оқушыларды бағалау, мадақтау.