М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп
Ашық сабақ
Математика
Тақырыбы: Пысықтауға арналған есептер
Абашова Майрамкүл Матығұлқызы
2 «Д» сынып мұғалімі
Байқоңыр, 2011 жыл
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Абашова Майрамкүл
Сыныбы: 2 «Д»
Күні: 30.11.2011ж.
Сағаты: 14:50
Өтілетін орны: № 3 кабинет
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауға арналған есептер
Мақсаты: білімділік: оқушыларды ондықтан аттап ауызша, жазбаша қосу
мен азайтуға байланысты білімдерін тиянақтау, есептеу тәсіл-
дерін қолдануға машықтандыру, екі амалмен берілген есепті
(қосындыны табу,артық не кем,тең) шығаруды пысықтау.
дамытушылық: оқушылардың ауызша қосу мен азайту дағдысын,
логикалық ойлауын дамыту,топтық тапсырма беру арқылы
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды өз ойын толық жеткізе білуге, достық
қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Егеменді еліміз туралы түсінікте-
рін дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың өту әдісі: ойын элементтерін қолдану,сұрақ-жауап, топтық жұмыс,
өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суретті қағаздар, сызба тапсырма, күн, аңдардың суреті,
сиқырлы шаршы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, еңбек, дүниетану.
Сабақтың жоспары
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 6. 57 – бет.
III. Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақ – жауап арқылы.
IV. Жаңа сабақ.
Ертегі әлеміне саяхат.
Ауызша есептеу
-
«Сиқырлы үйшік» ойыны. 20 санын жинақтау.
-
Аңдардың тапсырмасы.
-
«Сиқырлы шаршы» ойыны. № 1 тапсырма.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
-
Топпен жұмыс №2.
-
Сергіту сәті.
-
№ 4. 30+(20-10) өрнегі бойынша шарт құрып, есепті шығару.
№ 3. сызба бойынша ауызша есептеу.
-
№5. өзіндік жұмыс.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мозайка құрастыру.
VII. Үйге тапсырма.
№6. 58 – бет.
VIII. Бағалау.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№6. 57 – бет.
Балаларға үйге берілген тапсырманы дәптерлерінен бір-бірден оқыта отырып тексеру.
Дұрыс жауапты оқушылар шапалақпен мақұлдайды, дұрыс емес болса шапалақ ұрмайды,қатені қарындашпен түзейді.
III. Өткен сабақты пысықтау
Өтілген материалдар бойынша сұрақтар:
1)Қосудың компоненттерін ата?
2) Азайтудың компоненттерін ата?
3) 1 дм – неше см бар?
4) 1 сағ. – неше минут бар?
IV. Жаңа сабақ.
- күн ретін жазу
- көркем жазу 14
- м.д. 20, 23, 26, 29, 30, 35, 40.
Ертегі әлеміне саяхат
Ауызша есептер.
- Ертегідегі қандай кейіпкердің үйіне ұқсайды?
- Мыстанкемпірдің.
Мыстан кемпір балалардың білімін тексеру үшін мынадай сандардан 20 санын
құрастыр деп тапсырмасын беріп жіберіпті. Тапсырмасын «Кім жылдам?» ойыны
арқылы орындайық..
Балалар, 20 саны демекші Еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл қанша жыл толады? (20 жыл)
Ендеше 20 саны бізге ерекше сан.
-
2
|
8
|
5
|
7
|
9
|
6
|
9
|
5
|
8
|
5
|
3
|
9
|
7
|
7
|
2
|
6
|
6
|
8
|
4
|
8
|
«Сиқырлы үйшік»
Аңдардың тапсырмасы:
1) Түлкінің тапсырмасы.
№1. «Сиқырлы шаршы» ойыны арқылы ауызша орындау







67+5 32-9 46+9 95-6









V. Жаңа сабақты пысықтау.
2) Қасқырдың тапсырмасы.
№2 Топпен жұмыс

I топ II топ III топ
7












8+9 36+5 7+18 9+33 43-4 58-9
2 7 4 1 5 2 2 7 3 1 8 1
92+0 0+50 86-86
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Олай болса №4 тапсырманы орындайық.
Ж
аяу – 30 мин.
?
Велосипедпен - ? , 20мин. аз
30+(30-20) = 40 (мин)
Жауабы: барлығы 40 минут жүрді.
Аюдың тапсырмасы.
4 ер бала 6 қыз бала 8 бала









?

№3 тапсырма техникалық құрал арқылы схема көрсетіп, ауызша талдау.
3) Қоянның тапсырмасы.
Балалар, бізге мынадай қызықты тапсырма берілген. Сол жақтағы дауыссыз дыбыстарға оң жақтағы дауысты дыбыстарды қоссақ, сонда мағыналы сөз шығады.
(Салыстыру)
№5 тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындайық..
I топ II топ
91+9 * 9+91 68+7 * 48+7
100-45 * 65 55-40 * 15
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
Барлық аңдардың тапсырмасы.
Тапсырма жазылған қиындылар мұғалім столының үстінде тұрады. Тапсырманы
орындап, тақтаға орналастырғанда мынадай нақыл сөз шығады:
«Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!» (хормен оқыту)
- Балалар, бүгін білімді тиянақтай отырып қандай тапсырмалар орындадық?
Нақыл сөз арқылы тақтаға нені құрастырдық?
- Күнді
- Күн жайында не айта аласыңдар?
- Бізге жылу береді, шуағын төгеді.
Мозайка құрастыру
VII. Үйге тапсырма: №6. 58- бет
26+38+4+2 45+28+5
(26+4)+(38+2) (45+5)+28
VIII. Бағалау.