Ф КГМУ 4/3-03/01
ПП КГМУ 4/01
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі. Кесте конструкторын қолдану. Кестенің байланыстары
»
Мамандғы: 5B110300 «ФАРМАЦИЯ»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырған оқытушы: Ыдырыс Ж.Б.
Қарағанды, 2011ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 201__ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.
Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі. Кесте конструкторын қолдану. Кестенің байланыстары»
Мақсаты: MS Access-те мәліметтер базаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын иелену: құру, сақтау және олардың арасындағы байланысты құра білу. Сұраныс құруды жасай білуді үйрену.
Оқыту мақсаты:
-
редактор терезесінің басты менюін
-
редактор терезесінің негізгі элементтерінің тағайындалуын
-
кестені өзгерту тәсілдерін
-
кесте арасындағы байланысты құру тәсілдерін
-
байланыс түрлерін
-
сұраныс деген не және ол не үшін керек
-
сұраныс құру әдістерін
-
MS Access программасын іске қосуды
-
жаңа мәліметтер базасын құру тәсілдерін
-
құрал – саймандар панелімен жұмыс істеуді
-
берілгендерді құрастыруды
-
кесте арасындағы байланысты құрастыруды
-
сұраныс құруды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
конструктордың көмегімен жаңа өріс құру
-
мастер подстановокпен жұмыс
-
пернетақтаның көмегімен берілгендерді енгізу және редактирлеу
-
кесте арасындағы байланысты құру
-
байланысты өзгерту және сақтау
-
сұраныс құру
-
құрылған сұранысты сақтау
Оқытудың және үйретудің әдістемесі:
-
сұхбат;
-
Сабақтың тақырыбы бойынша берілетін есептерді шешу. (1 қосымша)
Әдебиет:
-
Балафанов Е.К. Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике: Учебник для колледжей и мл. курсов вузов / Балафанов, Ермек Казбекович, Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. - Алматы: ИНТ, 2003,2004. - 400 с
-
Изтлеуов М. К, Беккужина А.И., Емжарова Г.У. Информатика: Учебник для медвузов/ - Актобе, 2005. - 386 с.
-
Гельман, Виктор Яковлевич Медицинская информатика: Практикум / Гельман В.Я. - СПб: Питер, 2002. - 468 с.
Дополнительная
-
Гельман В.Я.Шульга О.А., Бузанов Д.В. Интернет в медицине М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 288 с
-
Вялков А.И.Информационные технологии в системе управления здравоохранением Российской Федерации: Учеб. пособие /. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2006. - 128 с.
-
В. И. Чернов Медицинская информатика: учеб. пособие /Ростов н /Д: Феникс, 2007. - 320 с.
-
Герасимов А.Н. Медицинская информатика: учеб. пособие с приложением на CD М.: Мед. информ. агентство, 2008. - 324 с.
БАҚЫЛАУ:
-
Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
-
Бақылау сұрақтары
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
-
MS Access программасындағы байланыс деген не?
-
Байланыстың қандай түрлері болады?
-
Бірдің-көпке деген түрі нені білдіреді?
-
Байланыс құрудың тәсілдерін атаңыз?
-
Қандай менюден байланыстың түрін орнатуға болады?
-
Сұраныс деген не және олар қалай жұмыс жасайды?
-
MS Access программасында сұраныстың қандай түрлерін жасауға болады?
-
Сұраныстың әр қайсысы қандай функция атқарады?
-
Жай сұранысты қалай құруға болады?
-
Параметрлік сұраныс қалай жасалынады?
1 Қосымша.
Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал
MS Access МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. Конструкторды қолдану арқылы кесте құру. Кесте байланыстары.
Мәлімет базасының обьектілері
Объект
|
Негізгі функция
|
Ескерту
|
Кесте
|
Мәліметтерді сақтау
|
Құрылған кестелер басқа кестелермен жиі байланысады.
|
Үлгі
|
Мәліметтерді енгізу немесе қарау. (Используется для ввода или просмотра данных)
|
Үлгідегі мәліметтер бір немесе бірнеше кестелерден немесе сұраныстардан таңдалынады. (Данные в форме выбираются из одной или нескольких таблиц или запросов)
|
Есеп
|
Мәліметтерді баспаға шығару
|
Есепте мәліметтер бір немесе бірнеше кестеден таңдалынып алынады. (Данные в отчете выбираются из одной или нескольких таблиц)
|
Сұраныс
|
Көрсетілген мәліметтерді алу
|
Мәліметтердегі сұраныс бір немесе бірнеше кестеден алынады. (Запрос получает данные из одной или нескольких таблиц)
|
Жұмысты бастау "Приступая к работе" командасы арқылы іске асады.
Access 2007 ашқан кезде "Приступая к работе"беті ашылады. Мәлімет базасын ашқаннан кейін осы бетке кез келген уақытта мәлімет базасын жапқаннан кейін қайта келуге болады.
"Приступая к работе" бетіне үнемі жаңа шаблондар қосылып отырады. Бұл бет суретте көрсетілген.
Шаблонды іске қосу.
Access программасын іске қосқанда "Приступая к работе"беті пайда болады. в разделе "Категории шаблонов" бөлімінен "Шаблоны на узле Office Online" немесе "Локальные шаблоны" деген пункты таңдаңыз. (Access 2007 локальдік шаблондар берілген, оларды Интернет іске қосылмаған кезде қолдануға болады.)
Төменде көрсетілген іс әрекеттерді орындауға болады: Егер Асссеss қосымшасы іске қосылса, мәліметтер базасын жабыңыз. Осы кезде "Приступая к работе"беті ашылады. (Если приложение Access выполняется, закройте открытую базу данных. При этом откроется страница "Приступая к работе")
-
Бірінші ашылған тізімнен категорияны немесе шаблонды таңдаңыз. (В первом открывшемся списке выберите категорию или шаблон)
-
Шаблонды шертіңіз.
-
Экранның оң жағындағы Создать немесе Загрузить батырмасын басыңыз. Осы уақытта шаблонның жұмысқа дайын екендігі жайында хабарлама шығады. (В правом нижнем углу экрана нажмите кнопку Создать (для локальных шаблонов) или Загрузить (для шаблонов Office Online). Появится сообщение о том, что шаблон готовится к работе).
-
"Справка по шаблону"терезесін ашыңыз. Терезені қарап, оны жабыңыз немесе жималаңыз. (Просмотрите его, а затем закройте или скройте).
-
Мәліметтер базасы қолдануға дайын.
-
Жаңадан құрылатын мәліметтер базасын ашқан кезде қауіпсіздік жүйесі жайында ескерту шығады. Егер сіз Access 2007 жақында ғана жұмыс жасасаңыз ешқандай іс әрекет істьемесеңіз де болады. Қауіпсіздік жүйесі сіздің құрған мәлімет базаңызға ешқандай әсер етпейді.
-
Access 2007 шаблоны көптеген есептерді және үлгілерді өзінде көрсетеді. Сондықтан жаңадан үлгі немесе есепті құру қиынға соқпайды.
Создать вкладкасында әр түрлі мәлімет базасының обьектілерін құру командалары бар.
Мәліметтер базасының шаблонын ашқаннан кейін мәліметтерді енгізуге болады. Сонымен қатар, мәлімет базасын құрып, оған кесте немесе үлгіні қосуға болады.
Бірінші шаблонды ашқан кезде үлгі енгізіледі. Үлгі көп қолданылады. Жаңа мәліметтер базасымен жұмыс жасаған кезде осы үлгіге керекті мәліметтерді енгізу керек.
Суретте жаңа мәлімет базасының үлгісі көрсетілген.
Access-те берілген кез келген мәліметтерді өңдеуге болады. Клиенттер туралы ақпарат, өтелген сағаттар жайлы немесе үйдегі шығыстар туралы мәліметтер.
Бұл қосымшамен жұмыс жасау өте оңай. Дайын мәлімет базасының шаблонын іске қосыңыз, берілгенді енгізіңіз де, онымен жұмыс жасауға мүмкіндік аласыз.
Егер сізде мәлімет болса, яғни тізім де болғаны. Access бұндай тізімдердерді кестеге айналдырады. Кесте баған және қатар түрінде беріледі. Access-те баған – өріс, қатар – жазба деп аталады.
Берілген кестелерді байланыстыруға болады.
Кесте арасындағы мәліметтерді байланыстыруды кеңінен қарастырамыз:
Microsoft Access-те байланысқан кестелер мен ағымдағы мәліметтер базасында сақталған кестелерді белгілеу үшін түрлі белгілер қолданылады. Егер байланысқан кестенің белгісін өшірсе, кестенің байланысы өшіріледі, ал кестенің өзі қалады.
Мәліметтерді импорттау және байланыстыру тәсілдері
Мәліметтерді импорттау немесе байланыстырудың екі тәсілі бар.
Access мәліметтер базасын ашыңыз немесе жаңадан құрыңыз, немесе импортталған кестелер сақталатын Access проектісін құрыңыз (немесе Access мәліметтер базасынде байланысқан кестелер), сосын Файл менюінің Внешние данные пунктінен Импорт немесе Связь с таблицами командасын таңдаңыз.
Access мәліметтер базасында жұмыс істеу кезінде dBASE, Paradox және Exchange мәліметтер базасын немесе кез келген ODBC мәліметтер қайнарын, Microsoft SQL Server және Microsoft Visual FoxPro қоса, ашыңыз. Microsoft Access автоматты түрде жаңа Access мәліметтер базасын сыртқы мәліметтер базасы орналасқан папкаға құрады, және сыртқы мәліметтер базасының әрбір кестсіне сілтемелер қосады.
Байланыстарды не үшін анықтайды?
Microsoft Access мәліметтер базасында әрбір тақырып бойынша жеке кестелер құрған соң Microsoft Access кестелердің мәліметтерін біріктіретін тәсілді таңдау қажет. Алдымен кестелер арасында байланыстар анықтау қажет. Содан кейін бір уақытта бірнеше кестенің мәліметтерін көрсету үшін сұраулар, формалар және есептер құруға болады.
Кестелер арасындағы байланыс қалай жұмыс істейді?
Келтірілген мысалда бес кестедегі өрістер бір сүраудың мәліметтерін көрсететіндей етіп байланысуы қажет. Бұл байланыс кестелер арасындағы байланысты орнату арқылы орындалады. Кестелер арасындағы байланыс екі кестеде де бірдей аттары бар кілтті өрістер сәйкес келетін мәндер арасында қатынастар орнатады. Көп жағдайда әрбір жазбаның уникалды идентификаторы болып табылатын бір кестенің кілтті өрісімен басқа кестенің сыртқы кілті байланысады. Мысалы, қызметкерлерді олар жауап беретін заказдармен байланыстыру үшін «Сотрудники» және «Заказы» кестелері арасында «КодСотрудника» өрістерінің көмегімен байланыс құру қажет.
«Бірдің-көпке» қатынасы
«Бірдің-көпке» қатынасы кестелер арасындағы байланыстың ең жиі қолданылатын қатынасы болып табылады. «Бірдің-көпке» қатынасында А кестесіндегі әр жазбаға В кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келеді, бірақ В кестесіндегі жазбаның А кестесіндегі сәйкес жазбасы бірден аспауы керек.
«Көптің-көпке» қатынасы
«Көптің-көпке» қатынасы кезінде А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді, ал В кестесіндегі бір жазбаға А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыстың бұл типі тек үшінші (байланыстырушы) кестенің көмегімен ғана мүмкін бола алады, оның бастапқы кілті А және В кестелерінің сыртқы кілттері болып табылатын екі өрістен тұрады. «Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен екі «бірдің-көпке» қатынасы болып табылады. Мысалы, «Заказы» және «Товары» кестелері арасында «көптің-көпке» қатынасы «Заказано» кестесімен екі «бірдің-көпке» қатынасын құру арқылы анықталады.
«Бірдің-бірге» қатынасы.
«Бірдің-бірге» қатынасы кезінде А кестесіндегі жазбаның В кестесіндегі бір жазбамен ғана байланысы болады және керісінше. Бұл типті қатынастар сирек қолданылады, өйткені осылайша байланысқан мәліметтердің көбі бір кестеге орналасуы мүмкін. «Бірдің-бірге» қатынасы өте үлкен кестелерді бөлуге, кестенің бір бөлігін бөлуге, сонымен қатар басты кестедегі жазбалар көпшесіне қатысты мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, қызметкерлердің спорттық жарыстарға қатысуды тексеретін кесте құруға болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау.
Кестелер арасындағы байланыс байланысатын кестелерді «Схема данных» терезесіне қосу жолымен және кілтті өрісті бір кестеден екінші кестеге апару арқылы анықталады. Сонымен қатар байланыстарды пернетақта көмегімен анықтауға болады.
Microsoft Access-те құрылған байланыстың қатынас типі байланысқан өрістерді анықтау тәсіліне тәуелді.
«Бірдің-көпке» қатынасы өрістердің біреуі кілтті немесе уникалды индексі бар болғанда ғана құрылады.
«Бірдің-бірге» қатынасы байланыстаны екі өріс те кілтті немесе уникалды индекстері бар болғанда ғана құрылады.
«Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен «бірдің-көпке» екі қатынасы болып табылады, оның бастапқы кілті басқа екі кестенің сыртқы кілттерінен тұрады.