Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ


Оқытушымен орындалатын өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы: «Сызықтық алгоритмді программалау»
Мамандғы: 5B110300 «ФАРМАЦИЯ»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Омарбекова Н. К.

Қарағанды, 2010


Кафедра отырысында бекітілді
№_____ хаттама «____»_______________

БЕКІТІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К. Койчубеков.



Тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.
Тақырыптың маңыздылығы: Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету.

Алгоритмдер көрсетімінің әдістерін үйрену.
Сабақ мақсаты: Q BASIC жүйесінде файлдармен жұмыс істеу, программаларды құрудың практикалық дағдыларын игеру. Программаларды жүктеу, қосу, сақтау және түзету.
Студент білу керек:

  • Q BASIC тілін;

  • операторлар түрлерін;

  • операторлардың сипаттамаларын;

  • операторларды жазу формаларын;

  • операторлардың тағайындалуын;

  • Q BASIC алфавитін.


Студент істей алуы керек:

  • Q BASIC программалау жүйесін қосу;

  • операторларды айыру;

  • программаларды құру үшін операторларды қолдану;

  • кіріс және шығыс мәліметтерді бақылау;

  • Q BASIC тілінде программалар жазу.


Базистік сұрақтар:

  • Программа түсінігі

  • Программалардың түрлері

  • Программалау тілдері

  • Программалау орталары

  • Мәліметтер түрлері


Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

    1. Программалау жүйесіне не кіреді?

    2. Q BASIC программалау тілінің Бейсиктің одан ерте версияларынан айырмашылығы неде?

    3. Q BASIC тілінің алфавиті неден тұрады?

    4. Q BASIC программалау жүйесін қалай қосады?

    5. Дискіде программаны қалай сақтайды?

    6. Дискіде сақталған программаны қалай ашады?

    7. Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?

    8. Қайталау командасы қалайша орындалады?

    9. Толық және қысқартылған формада жазылған таңдау командасы қалай жазылады және қалайша орындалады?

    10. Q BASIC тілінде жазылған таңдау операторында шарттарды жазудың қандай варианттары бар?

Ақпараттық- дидактикалық блок



Q BASIC ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Программалау жүйесі – бұл программаларды құрастыру және түзетуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін программалық құралдар жиынтығы. Оған программалау тілдері, осы тілдердің трансляторлары, подпрограммалар кітапханалары, жинақтаушы және программаларды түзетушілер кіреді.

Q BASIC тілі – бұл MS-DOS операциондық жүйесі бар IBM PC дербес компьютерлері үшін программалау тілдерінің ең жақсы оқу тілі.

Q BASIC тілінің Бейсик тілінің одан ерте версияларынан айырмашылығы – Q BASIC Паскаль және Си сияқты құрылымдық программалау тілі болып табылады. Сонымен қатар Паскальға қарағанда Q BASIC жаңадан бастаушыларға өте жеңіл, себебі онда барлық айнымалыларды сипаттау қажетілігі жоқ және программаларды түзету құралдары өте икемді.

Q BASIC тілінің артықшылықтары мынада: ол программалаудың диалогтық құралдары ретінде Бейсик тілдерінің ең жақсы қасиеттерін иеленді, сонымен қатар Паскаль және Си сияқты тілдердің құрылымдық және модульдік программалаудың ең жақсы құралдарын иеленді.

Бұл тіл көптеген операциондық жүйелер үшін құрастырылды. Мысалы, MS-DOS үшін Q BASIC және Visual Basic for MS-DOS версиялары, ал Windows үшін жыл сайын Visual Basic-тің жаңа версиясы шығарылады. Барлық офистік қосымшалар үшін Microsoft компаниясы Visual Basic for Application (VBA) тілін құрды, ол макртіл ретінде қолданылады. Мысалы Microsoft Word қосымшасында VBA тілінің көмегімен кез келген регистрде терілген мәтінді қажетті түрге келтіруге болады. Бейсиктің бір базалық версиясын Q BASIC-ті жақсы біліп алған соң, кейін осы тілдің жаңа версияларымен жұмыс істеуге көшу жеңіл болады. Сонымен қатар егер Сіз Windows үшін программалар жазумен айналысқыңыз келсе, Бейсикті білу міндетті.

Интерпретатор және Q BASIC программалау жүйесі IBM PC компьютерлерінде программалауды үйрену үшін өте ыңғайлы. Сондықтан Microsoft фирмасы MS-DOS операциондық жүйеснің 5.0 версиясынан кейінгі барлық ақырғы версияларына осы тілді қосты.

Q BASIC құрамына кіреді:

Q Basic.exe – интерпретатор файлы

Q Basic.hlp – анықтамалық жүйесі бар файл

Q Basic.ini – ағымдағы келтірулер файлы.

Алгоритмдерді программалау тілінде көрсетус программа деп аталады.

Алгоритмді көрсетудің бұл формасы – программа – орындаушы компьютер болғанда қолданылады. Тіл операторлары – компьютерге әрекеттерді орындауды көрсететін алгоритм командалары.



Программалау тілдерінің бірнеше түрі бар. Q Basic тілінің өз алфавиті, символдар жиынтығы, өз грамматикасы, операторларды жазу және программаны сәндеу ережелері бар.
Q Basic тілінің алфавиті

A-Z

бас әріп

:

қос нүкте

a-z

кіші әріп

+

қосу

0-9

сандар

-

Азайту белгісі




Бос орын

*

asterisk жұлдызша

!

леп белгі

/

көлбеу сызық

#

диез

\

кері көлбеу сызық (слеш)

%

пайыз белгісі

^

кірістерме белгісі

&

амперсант белгісі

=

теңдік белгісі

$

доллар белгісі

<

кішілік белгісі

"

қос тырнақша

>

үлкендік белгісі

'

апостроф

( )

Сол және оң жақша

.

нүкте

?

сұрақ белгісі

,

үтір

_

Ерекшелеу белгісі

;

нүктелі үтір

~

тильда

Q Basic тілінде құрылған программа осы тілдің жол-жолмен жазылған операторлардың жиынтығынан тұрады. Бір жолда бір-бірінен «׃» екі нүктемен ажыратылған бірнеше операторлардан құрыла алады.


Q Basic тілінде қолданылатын арифметикалық операциялардың символдары:

Арифметикалық операциялар

белгісі


Операция аты

Q Basic тілінің символдары

Жазу түрі

^

Дәрежеге көтеру

^

2^3

х

Көбейту

*

2*3

:

Бөлу

/

4/2




Бүтінсандық бөлу

\

5\2




қосу




23

-

азайту

-

5-2

Сіз жазған программа компьютерде орындалу үшін жедел жадыға Q Basic программалау жүйесін жүктеу керек. Ол үшін келесі команданы орындаңыз:



Пуск->Программы-> Q Basic-> Q basic.exe

Программаның орындалу процессі екі бөлімнен тұрады:



  1. Q Basic мәтіндік редакторының көмегімен машина жадысына мәтінді енгізу

  2. программа орындалу үшін Q Basic интерпретаторын қосу.

Интерпретатор қосылған соң, компьютер экраны келесідей болады: Бұл экран үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөліктегі меню жолы, ортадағы терезе аймағы және төмендегі статус жолы.

Егер ENTER пернесін басса, Q Basic жүйесінің анықтамалық терезеі шығады; егер ESC пернесін басса, меңзер Q Basic құрамдас редакторының бірінші позициясының бірінші жолына барып тұрады. Q Basic- тің оң жақтағы төменгі бұрышында, меңзер орналасқан жерде ағымдағы жол нөмірі мен позиция нөмірі шығарылады. Редактордағы жолдың барынша ұзындығы 256 символмен шектелген. Редакторға көшкен соң компьютер экранында Q Basic жүйесінің негізгі жұмыс аймағы (1 –сурет) шығады, ол экранның жоғары жолындағы басты менюден, ең төмендегі командалар жолдарынан және екі терезеден – мәтіндер терезесі мен командалар терезесінен тұрады. Басты менюге көшу ALT пернесін басу арқылы жүзеге асырылады.



1


2

3



4

1- сурет. Q Basic жүйесінің жұмыс экраны.


Басты менюдің негізгі позициялары.

Файл (File) – Файлдармен жұмыс

Редактирование (Edit) – Мәтіндерді редакциялау

Просмотр (View) – Бағыныңқы программаларды қарау

Поиск (Search) – Мәтіннен ақпарат іздеу

Запуск (Run) – Программаны орындау

Отладка (Debug) – Жөндеу режимдері

Параметры (Options) – Қосымша мүмкіндіктер

Справка (Help) – Анықтама алу

Бұл менюде нұсқауларды таңдау оңға және солға перне-сүйір сызықшалардың көмегімен жүргізіледі және ENTER пернесін басу арқылы бекітіледі.


Q BASIC ЖҮЙЕСІНДЕ ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Магнитті дискілерде файлдармен жұмыс істеу үшін ALT пернесін басып,

басты менюге шығып, онда Файл (File) бағыныңқы менюін таңдау керек. Бағыныңқы меню мынадай түрде:

Осы бағыныңқы менюдің көмегімен дискілерде программаларды іздеу және оларды жедел жадыға жүктеу, программаларды дискіге жазу, жаңа атпен программаларды дискіге қайта сақтау және программа мәтінін баспаға шығару сияқты операциялар орындалады.



Новый (NEW) пунктін таңдау арқылы жаңа программаның атын беру сұрауы бар таза экран шығады. Осы атты енгізбеу үшін ESC пернесін басу керек.

Жаңадан енгізілген программаны дискіге жазу үшін Файл (File) подменюінен Сохранить (Save) пунктін таңдап, ENTER пернсін басу керек. Нәтижесінде файлды сақтау терезесі пайда болады.

Осы терезеден программаның дискіге сақталатын атын енгізу керек.

Магнитті дискіге алдын-ала жазылып қойған программаларды іздеу үшін Файл (File) подменюінен Открыть (Open) пунктін таңдап, ENTER пернесін басу керек. Нәтижесінде экранда Q BASIC программаларының аттарының тізімі шығады.

Бұл аттарды қарап шығу үшін стрелкаларды басу керек. Программа мәтінін (файлды) жүктеу үшін ENTER пернесін басу керек. Мәтінді жүктеуден бас тарту үшін ESC пернесін басу керек. TAB пернесі экранда орналасқан терезелер арасында өту үшін қолданылады.

ЭЕМ-ге қосылған принтер болған жағдайда мәтінді баспаға шығару үшін Файл (File) подменюінен Печать (Print) пункін таңдау керек.



Файл (File) подменюіндегі ақырғы пункт – Выход (Exit). Бұл пунктті таңдаған кезде Q BASIC жүйесінің жұмысы аяқталады.

Q BASIC тілінде элементар функциялар келесідей көрсетіледі:
ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЛГОРИТМДЕРІ

Практикалық есептердің көпшілігінің шешімі шамалармен жұмыс істеуге тіреледі. Шамалар айнымалы және тұрақты болып бөлінеді.



Тұрақты деп алгоритм орындау барысында мәні өзгермейтін шама аталады.

Айнымалы деп алгоритм орындау барысында мәні өзгеретін шама аталады.

Бұған қоса алгоритм өңдейтін шамалар кірістік деректер, шығыстық деректер және аралыфқ есептеулер үшін қажетті деректерге бөлінеді. Кірістік деректер немесе бастапқы деректер аргумент деп аталады. Шығыс деректер нәтижелер деп аталып. Аргументтер мен нәтижелер тізімі және олардың типтері алгоритм атынан кейін жазылады. Алгоритмде айнымалы шамаларды жазу үшін шама аты деп аталатын белгіленілер қолданылады. Шама аты әріптерден, әріптер мен цифрлардан, сөздерден тұра алады.

Типтері бойынша шамаларды сандық және литерлік (мәтіндік) деп бөлуге болады. Сандық шамалар арасынан бүтін санды және заттық шамаларды атап өтуге болады.

Мысал: Q BASIC- те программа құруды қарастырайық. Екі санның қосындысының программасын жазу.

REM екі санның қосындысы

CLS


INPUT “ Бірінші санды енгізу:”;Х

INPUT “Екінші санды енгізу:”;Y

Z= X+Y


PRINT “Қосындысы тең:”;Z

END


Программаны орындау үшін менюден Запуск (RUN)  Старт немесе Shift F5 пернесін басу.

БАҒЫНЫҢҚЫ ПРОГРАММАЛАРДЫҢ КӨМЕКШІ АЛГОРИТИМДЕРІ


Егер алгоритм құрастырғанда бір әрекеттер жиынтығын қайта-қайта пайдалану қажеттігі туса, осы әрекеттер жиынтығы бөлек алгоритм боып бөлініп шығарылады да, оған ат беріледі. Осы сәттен бастап олд көмекші алгоритм болып, оны басқа алгоритмдерде қолдану мүмкіндігі туады.

Басқа көмекші алгоритмдерді Бейсик тілінде іске асыру үшін бағыныңқы программалар қызмет етеді. Олар үлкен және күрделі программалар құрастырғанда оларды оқуды, түсінуді, өзгерістер енгізуді оңайлатуға, ЭЕМ жадын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Көмекші алгоритмдерді іске асыру пішіндері

Блок-схема

Алгоритмдік тіл

QBasic




Көмекші алгоритмді

шақыру командасы:

аты (аргументтер және нәтижелер тізімі)


GOSUB N,

Бағыныңқы программа шақыру операторы (N жолынан басталатын бағыныңқы программаны шақырады)


RETURN

Бағыныңқы программадан қайтару операторы ( бағыныңқы программадан GOSUB қосу операторынан кейінгі жолға өткізеді).


Негізгі программа бағыныңқы программадан END операторымен бөлінуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда бағыныңқы программа тағы орындала бастайды, өйткені оған шығу GOSUB операторының көмегімен жасалынады, сондықтан ЭЕМ қате туралы тиісті хабар береді де, программамен жұмысты тоқтатады.




REM екі санның қосындысы бағыныңқы программаны қолдану

CLS


INPUT “ Бірінші санды енгізу:”;Х

INPUT “Екінші санды енгізу:”;Y

GOSUB 100

PRINT “Қосындысы тең:”;Z

END


100 REM бағыныңқы программа екі санның қосындысы

Z= X+Y

RETURN

Сабақтың мазмұны:




Бастапқы білім деңгейін тексеруге


Сабақтың басында оқытушы студенттердің бастапқы білім деңгейін тексереді, арнайы тестіні қолданып, 1 қосымшада берілген.

Оқытушымен жұмыс

Оқытушы алгоритмдерді Q BASIC программалау тілін және программаларды компьютермен орындауын көрсету және үйрету. Студенттер оқытушымен программа жазу және Q BASIC жүйесінде файлдармен жұмыс істеу.

Программалар мәтіндерін енгізу және редакциялау.

Өзіндік жұмыс

Оқытушы студенттерге тапсырмалар мен сұрақтарды тарату. Студенттер программа Q BASIC тілінде жазу.



  1. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы берілген болса, Геронның формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.

  2. Үшбұрыштың А,В,С қабырғалары белгілі болғанда, үшбұрышқа іштегі сызылған шеңбердің радиусын RВ және үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы RО есептеу керек.

мұнда S – үшбұрыштың ауданы, Р-жартылай, Р-периметрі.

3 .




  1. Берілген сөткедегі сағаттар, минуттар, секундар санын шығару.


Қорытынды білім деңгейін тексеру

Бақылау сұрақтары бойынша сұрастыру және өзіндік жұмыстарды тексеру.


Әдебиеттер:


  1. А.Г. Гейн, А.И. Сенокосов, К.В. Тұрмағамбетова “Информатика” 2004 ж

  2. Задачи по программированию/ С.А. Абрамов, Г.Г. Гнездилова, Е.Н. Капустина, М.И. Семон – М.: Наука. Гл.ред. физ.-мат. Лит., 1988-224 с.

  3. Касаткин В.Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. – М.: Просвещение, 1991-192с.


Программалау» Мамандғы: 5B110300

Тақырыптың маңыздылығы: Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету

124.34kb.

01 10 2014
1 стр.


Программалау» Мамандғы: 5B110300

Тақырыптың маңыздылығы: Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету

101.21kb.

01 10 2014
1 стр.


Программалау» Мамандғы: 5B110300

Сабақ мақсаты: массивтермен жұмыс істеу кезінде циклдерді қолдану дағдыларын практикалық иелену

115.12kb.

05 09 2014
1 стр.


Программасы» Мамандғы: 5B110300

Тақырыбы: «Операциондық жүйе және программалау жүйесі. Ms dos. Nc, Far Manadger қауашық программасы»

152.84kb.

14 12 2014
1 стр.


Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар мамандғы: 5B110300

Мақсаты: ms access-те мәліметтер базаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын иелену: құру, сақтау және олардың толығымен сәнін келтіру. Дерек базасымен жұмыс істей білуді үйр

54.53kb.

05 09 2014
1 стр.


Программалау тілдері. Программалау тілдердің жалпы қасиеттері. Компиляторлар және интерпретаторлар тақырыбы
24.28kb.

01 10 2014
1 стр.


Программалау тілдері. Программалау тілдердің жалпы қасиеттері. Компиляторлар және интерпретаторлар тақырыбы
24.24kb.

01 10 2014
1 стр.


Программалау» Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»

Мақсаты Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету. Компьютерде алгоритмдер көрсетімінің әдістерін үйрену

62.21kb.

01 10 2014
1 стр.