Ф КГМУ 4/3-06/02
ИП №6 УМС КазГМА
14 июнь 2007 ж
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырып: «Қайталану алгоритмді программалау»
Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырушы: оқытушы: Ыдырыс Ж.Б.
Қарағанды – 2010ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 2010__ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.
Тақырыбы: «Қайталану алгоритмді программалау»
Мақсаты Алгоритмдеу және программалау негіздерін түсіну, оның қасиеттерін білу. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету.Компьютерде алгоритмдер көрсетімінің әдістерін үйрену.
Оқыту мақсаты:
-
Алгоритмді нақты және дұрыс шешуді, берілген тапсырмалардың құрылымын және олардың әр қайсысын прграммалау тіліне айналдыру.
-
Тапсырманың шешімін алу мақсатында қорытындысы бойынша тапсырманың шешімінде не болатынын толық түрде түсіну.
-
Программаны енгізу және шығару әдісі бойынша кездесетін қателіктерді жібермеу.
-
Алгоритмге блок-схема құру және берілген вариант бойынша прграмма жазу.
-
Есептерді дұрыс шығара білуді үйрену.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Бейсик тілдері
-
Қайталану алгортмі
-
Өңделетін алгоритмнің құрылымы
-
FOR операторы
-
WHILE операторы
-
Қайталану саны белгілі операторының синтаксисі
-
Программаны құру кезіндегі қолданылатын операторлар
-
Таңдау кезіндегі операторды қолдану ережесі
-
randomize операторы
-
Қайталану алгоритмінің құрылымындағы қолданылатын фигуралар
-
DO...LOOP операторлары
-
NEXT операторының қызметі
-
WEND операторының қызметі
-
Do Loop операторының жазылу формасы
-
Енгізу-шығару операторларын қолдану
Оқытудың және үйретудің әдістемесі:
-
сұхбат;
-
Сабақтың тақырыбы бойынша берілетін есептерді шешу. (1 қосымша)
Әдебиет:
-
Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : ЖТИ, 2003, 2007. - 400 с
-
Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.Информатика: Жоғары медицина орындарына арналған оқулық /Актөбе, 2005. - 394 с.
-
Камардинов О Информатика : Оқу құралы /- Алматы : Карасай, 2008. - 360 с
-
Омарбекова Н. К Информатика негіздері: Оқу-әдістемелік кұрал / Қарағанды: ҚММА, 2006. - 70 с
-
Гельман В.Я..Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.
БАҚЫЛАУ:
-
Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
-
Жоғарғы және төменгі деңгейдегі тілдер
-
Алгоритмге анықтама беріңіз
-
Qbasic тіліндегі арифметикалық белгілер
-
Қатынас тілдеріндегі белгілер
-
Таңдау және шартты операторды қолдану ережесі
-
Алгоритмге мінездеме
-
Дискреттілік дегеніміз не?
-
Нақтылық дегеніміз ен?
-
Шектілік дегеніміз не?
-
Жан-жақтылық дегеніміз не?
-
Алгаритмді ұсыну формалары?
-
Блок-схема құру кезіндегі қолданылатын негізгі фигуралар
-
Алгоритмнің түрлері
-
Қайталану алгоритміне анықтама беріңіз
-
Циклдік алгоритмді құру кезіндегі қолданылатын негізгі фигураларды атаңыз
-
Qbasic программасының интерфейсі
-
Qbasic-те енгізілген программаны сақтау процесі
-
Qbasic-те енгізу-шығару операторын ұйымдастыру
-
Шарттсыз оператордың (goto операторы) берілуі
-
QBasic программасында енгізу-шығару операторларын іске асыру жолдары?
-
Есептерді шығару.
-
1, 3, 3, ,,,,15 сандар квадраттарының көбейтіндісін анықтайтын программа құрастырыңыз.
-
Әрбір бактерия бір минут ішінде екіге бөлінеді. Уақыттың бастапқы мезетінде бір ғана бактерия бар. Уақыттың сіз көрсеткен мезетінде (7 мин., 15 мин., т.б.) бактериялар санын есептейтін программа жазыңыз.
-
ЭЕМ-ге бірінен соң бірі класс оқушыларының N бойы туралы мәлімет енгізіледі. Класс оқушыларының орташа бой көрсеткішін анықтау
Қайталану саны белгілі циклдерге арналған есептер:
-
ЭЕМ экранында ортасы Х=250; Y=20, 40, 60,,,,220 координаттарымен берілген, радиусы R=20 болатын шеңбер салу.
-
Экран бойынша шеңбер қозғалысының моделін жасау.
-
5, 10, 15, 20, 25, 30 радиустарымен түрлі-түсті дөңгелектерді экранда қалай болса, солай орналастыру
1 қосымша
Алгоритм құрылы: Параметрі бар қайталау командасы циклдік құрылымы бар алгоритмдерді жазуды көрнекті етеді.
Қайталану алгоритмі
Блок-схема
|
QBasic тілінде программаны жазу
|
басы
Айнымалыны енгізу
Циклдың басы
  
|
REM
INPUT
Қайталану саны белгілі циклдер және белгісіз циклдер
PRINT
END
|
Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі (цикл денесі) циклдер деп аталады. Циклдерді қолдану арқылы көлемі жағынан шағын программалардың көмегімен есептеулердің үлкен көлемдерін орындауға мүмкіндік бар.
Қайталанулар саны алдын ала берілген және белгісіз циклдер деп бөлінеді
FOR. . .NEXT операторларының қайталануы:
FOR . NEXT операторларының қайталану ережелері:
-
Параметрі бар қайталау командасы циклдік құрылымы бар алгоритмдерді жазуды көрнекті етеді
-
Алдымен FOR операторы параметрдің бастапқы, соңғы мәндерін және қадам мәнін орнатады. Одан кейін параметрдің көрсетілген бастапқы мәні үшін цикл денесі орындалады. Сосын NEXT операторы алдымен параметр мәніне қадам шамасын қосып өзгертеді де, циклдің аяқталу шартын тексереді
-
Егер параметрдің ағымдағы мәні соңғы мәнінен аспаса, NEXT операторы есептеу процесін FOR операторынан кейін орналасқан жолға ауыстырады, кері жағдайда – NEXT операторынан кейін орналасқан жолға ауыстырады.
-
Қайталанулар саны алдын ала белгісіз циклге қарағанда бұл циклде параметр тек қадам шамасына ғана өзгере алады, яғни Х=Х+Х.
Есеп: Әрбір бактерия бір минут ішінде екіге бөлінеді. Уақыттың бастапқы мезетінде бір ғана бактерия бар. Уақыттың сіз көрсеткен мезетінде (7 мин., 15 мин.,) бактериялар санын есептейтін программа жазыңыз.
CLS
INPUT “уақытты енгіз: “; T
B = 1
FOR I = 1
TO T
B = B + B
NEXT I
PRINT “Через “; T; “минут болады “; B; “бактерия”
Қайталану саны белгісіз циклдер
Блок-схема
|
Алгоритм тілі
|
QBasic
|
|
Қайталану командасы:
әзірше шарт
цб
цикл денесі
цс
|
Циклдің шартты операторы: WHILE шарт
цикл денесі
WEND
DO WHILE немесе UNTIL
цикл денесі
LOOP
DO
цикл денесі
LOOP WHILE немесе UNTIL
Шарт ақиқат болған шақта цикл орындала береді (WHILE) немесе жалған болған шақта
(UNTIL).
|
Қайталану саны белгілі циклдер
Блок-схема
|
Алгоритм тілі
|
QBasic
|
|
Қайталану командасы параметрімен: Х үшін Х басы- Хсоңы –ға дейін қадам
Хқадам
ЦБ
Цикл денесі
ЦС
Егер қадам мәні 1-ге тең болса, қадам қызмет етуші сөзін алып тастауға болады.
|
FOR X=Xбасы TO Xсоңы
STEP Xқад
цикл денесі
NEXT
FOR – цикл басының операторы.
Егер Xқад =1 болса, STEP қызмет етуші сөзін алып тастауға болады.
NEXT – цикл соңының операторы.
|