Ф КГМУ 4/3-06/02
ИП №6 от 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
(№9 Блок)
Тақырыбы: Секреторлық диареялар. БШАИЖ.
Пән: Балалар аурулары
Мамандығы:«051301- Жалпы медицина»
Курсы: 4
Құрастырған: доц. Алшынбекова Г.К.
Қарағанды 2013 ж.
Кафедра отырысында
талқыланған және бекітілген
№ 1 Хаттама 29. 08. 2013 ж.
Кафедра меңг.:________________ Р.Х. Бегайдарова.
-
Тақырыбы: Секреторлық диареялар. БШАИЖ.
-
Мақсаты:
Науқас балаларды қарау негізінде студенттерде балалардағы ЖІИ-ның этиологиясын, эпидемиологиясын, жіктелулерін білуді, оның ішінде секреторлы диареяларды (ротовирус диареяларды, ШПФ-инфекциялармен шақырылатын ауруларды), науқас және ауру туралы ақпарат ала білуді, әртүрлі жастағы балалардағы осы аурулардың жалпы және негізгі клиникалық белгілерді диагноздей білуді қалыптастыру, қазіргі клинико-лабораторлық және аспапты әдістерді қолдана отырып, науқас баланы тексеруді, алынған мәліметтерді интерпретациялауды, қазіргі кезеңдегі емін, оральды регидратация принциптерін жүргізуді үйрету, инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыру іскерлігін дамыту.
Оқыту міндеттері:
-
клиникалық ойлауды және пән бойынша өздігімен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді қалыптастыру;
-
әртүрлі жастағы балалардағы секреторлы диареялардың туындауының факторлары мен әлеуметтік-биологиялық, медико-әлеуметтік және эпидемиологиялық жағдайларын анализдеу қабілетін қалыптастыру;
-
патологиялық процесстердің және балалардағы секреторлы диареялардың ағымының өзгеше ерекшелігінің даму заңдылығына баға беру іскерлігін қалыптастыру;
-
клинико-лабораториялық тексерулерге қорытынды шығаруды және диагноз негіздеуді үйрету;
-
секреторлы диареялармен ауырған балаларды диспансерлік бақылауды жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттауды үйрету;
-
балалардағы секреторлы диареялардың алдын-алуды, ерте диагностика жасауды жүзеге асыруды үйрету.
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Балалардағы АІЖ-ның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;
-
Балалардағы секреторлы диареялардың этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі.
-
Балалардағы секреторлы диареялардың клиникалық көріністері мен диагностикалау принциптері
-
Балалардағы секреторлы диареялардың қазіргі кезеңдегі клиника-лабораторлы және аспаптық диагностикалау әдістері
-
Балалардағы секреторлы диареялардың алдын–алу принциптері;
-
Жұқпалы аурухананың ішектік бөлімшесіндегі санитарлы-эпидемиологиялық режимді бақылау
-
Оқыту және сабақ жүргізу әдістері:
TBL- құрамында оқыту, жағдайлық науқастарды қарау, жағдайлық науқастардың ауру тарихымен (архивті ауру тарихымен) өзіндік жұмыс жасау, электронды ақпаратты қормен жұмыс, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, лабораториялық мәліметті интерпретациялау.
Әдебиеттер:
1. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Білім, 2005.
2. Бегайдарова Р.Х., Г.К.Алшынбекова и др. Балалардағы жұқпалы аурулардын диагностикасы және ажырату диагностикасы: Оқу-әдістемелік құрал/ КГМА, Караганды; Б.и., 2007.- 74 с. – 47 д.
1. Қосымша:
Сұрақтар:
Базистік білім бойынша:
-
АІЖ анатомо-физиологиялық сипаттамасы, және олардың балалардағы ерекшеліктері.
-
Секреторлы диареяларды туғызатын қоздырғыштардың құрылысы мен құрамы.
-
Әртүрлі жастағы балаларда ЖІИ кезіндегі негізгі эпидемиялық процестің заңдылықтары.
-
Бактериологиялық және серологиялық диагностикалау принциптері.
-
Қалыпты копрограмманың сипаттамасы.
Сабақ тақырыбы бойынша:
-
Секреторлы диареяларға анықтама.
-
Секреторлы диареялардың этиологиясы.
-
Эпидемиологиясы, осы аурудың қазіргі кездегі эпидемиологиялық ерекшеліктері қандай
-
Секреторлы диареялардың патогенезі.
-
Секреторлы диареялардың жіктелуі.
-
Клиникалық синдромдары: интоксикациялық, гастрит, энтерит, колит.
-
Секреторлы диареялардың лабораторлы-аспаптық диагностиклау әдістері.
-
Инфекция ошағындағы алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар.
-
БЖАИЖ сәйкес науқастарға енгізу принциптері.
2 Қосымша:
Тесттердің үлгілері:
1. Вирусты диареяларға тән белгілер болып табылады:
-
төменге императивті шақырулар
-
Дюге баспасы
-
тенезмдер
-
«ладья» тәрізді іш
-
нәжістегі қан
2. Баладағы диареяны емдеуге үйге жібергенде анасына қанша пакет ОРТ береуіңіз керек:
-
1
-
2
-
4
-
5
-
7
3
Анасына әр сұйық нәжістен кейін қанша сұйықтық беру қажеттігі туралы кеңес бересіз, егер баланың жасы 2-ге дейін болса:
-
20-30 мл/кг
-
30-40 мл/кг
-
50-100 мл/кг
-
120-130 мл/кг
-
200 мл/кг
4
Анасына әр сұйық нәжістен кейін қанша сұйықтық беру қажеттігі туралы кеңес бересіз, егер баланың жасы 2-де және одан жоғары:
-
20-30 мл/кг
-
30-40 мл/кг
-
50-100 мл/кг
-
100-200 мл/кг
-
300 мл/кг
5
А жоспары бойынша О.Р. жүргізген кезде балада құсу пайда болса, о.Р. қайта жалғастыру үшін қанша уақыт күту керек:
-
10 минут
-
30 минут
-
40 минут
-
50 минут
-
1,5 сағат
6.
Эшерихиоздардың секреторлық диареяларға жататынын копрограммадағы мына өзгерістер дәлелдейді:
-
эритроциттердің болуы
-
лейкоциттердің болуы
-
детрит
-
шырыш болуы
-
сабындар, майлар
7
Секреторлы диареяларға жатады:
-
сальмонеллез
-
дизентерия
-
иерсиниоз
-
эшерихиоз
-
кампилобактериоз
8.
Аталған диагностикалау әдістерінің қайсысы эшерихиоздарда диагнозды нақтылау мақсатында қолданылады:
-
ЭКГ
-
ректороманоскопия
-
баксебу
-
копрограмма
-
жалпы қан анализі
9. Вирусты диареяларға тән белгілері:
-
императивті төменге тартулар
-
сигма спазмы
-
тенезмдер
-
«ладья» тәрізді іш
-
нәжістегі қан
10. Ротавирусты гастроэнтеритке күдіктенгенде тән симптом
-
тенезмдер
-
нәжісі «асбұршақ көжесі» типтес
-
нәжісі «жасыл батпақ тәрізді» типтес
-
нәжісі сұйық, көлемді, сулы, шашырағыш, қатты желмен шығуы
-
нәжісі «құлпынай желесі» типтес
3 Қосымша:
Жағдайлық есептердің үлгілері:
№ 1 Есеп
Бала 5 айлық. 1 апта көлемінде ауырады. Ауыруы біртіндеп дене қызуының жоғарылауымен 38°С-қа, құсумен, нәжісінің көп мөлшерде жиілеуімен басталған. Анасы үйінде балаға регидрон берген. Бір апта көлемінде тәулігіне 1 – 2 рет құсу байқалған. Тексеру кезінде бала мазасыз, тері жамылғысы аздап «мраморлы» түстенуі, тері қатпарлары баяу жазылады, сілекейі төмендеген, тахикардия, іші аздап кепкен, бауыры қабырғаасты доғасында, көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі сұйық, сарғаш - жасыл түстес, көлемді, аз мөлшерде шырыш аралас.
Сұрақтар:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Диагнозды толық анықтау үшін қосымша тексеру әдістері.
3. Эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырыңыз.