Перейти на главную страницу
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және журналистика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ. ФОНЕТИКА пәні бойынша
050117-ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСЛТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өскемен, 2005
Құрастырған оқытушы Берикболова А.Ж.
ОӘК қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде талқыланды. №1 хаттама 7 қыркүйек 2005 жыл.
ОӘК Филология және журналистика факультетінің кеңесінде мақұлданды №1 хаттама 12 қазан 2005 жыл.
ОӘК – ні баспаға әдістемелік бөлім ұсынған
« » _________ 2005 жыл.
ОӘК түйіндеме
ОӘК қазақ тілі мен әдебиеті мамндығында оқитын студенттерге арналған. ОӘК пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде тақырыптар бойынша оқу уақытын бөлу, студенттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру үшін және танымдық шығармашылық қызметтерінің белсенділігін арттыру мақсатында құрастырылған.
050117-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған оқу-әдіслтемелік кешен / құраст. Берикболова А.Ж.-Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005.-38б.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005
І. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Курс |
Се местр
|
Кре-дит |
Дә-ріс |
Сем- минар
|
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Бар лығы
|
Бақы лау
түрі |
1 |
2 |
1 |
15 |
- |
15 |
15 |
45 |
Емт. |
Бұл курсты меңгерер алдында студенттер қазіргі қазақ тілін салаларға жіктеу туралы мағлұматтары болып, конспект, реферат, пікір жаза білу дағдысы, өз ойын жеткізе білуі қажет.
Фонетика-тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Бұл дыбыс жүйесін дұрыс меңгеру, орфография мен орфоэпияны сақтауды, басқа тілдерді үйренуді ескерсек, пәннің теориялық та, практикалық та маңызы ерекше. Фонетиканың қарастыратын негізгі мәселелері-дыбыс, әріп, фонема, тіл дыбыстарының пайда болуы, іштей жіктелуі, бір-біріне әсері, ықпалы, буын құрамы, тілдің айтылу және жазылу нормалары т.б. болып келеді. Пәннің мақсаты-аталған мәселелердің ғылыми мазмұны мен көлемін, теориялық материалды студенттердің қабылдау дәрежесіне сай етіп беру. Күні бүгінге дейін дау туғызып келе жатқан мәселелерді ең соңғы ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып шешу, көрнекті ғалымдар еңбегін қарастыру пәннің ғылыми-теориялық маңызын арттыра түседі.
Дәрістің мақсаты –фонетика курсы бойынша теориялық материалдары, ережелері мен анықтамаларын, соңғы зерттеулердің нәтижелерін баяндап беру .
Семинар сабақтарының мақсаты – дәрісте алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру .
Талапқа сай ізденуші пәнмен танысу барысында мынандай дағдыларды қалыптастыруға тиісті:
- сөйлемдердегі сөздердің дыбыстарын талдап, әр дыбысқа әр жағынан сипаттама бере білу;
- сөз бен сөздің, түбір мен қосымша морфеманың арасыгдағы үндестік заңын тануға;
- әр түрлі мәтіндердің транскрипциясын жазу арқылы дыбыс пен әріпті ажырата білуге;
- орфографиялық және орфографиялық нормаларды меңгеруге;
- өз ойын жеткізе білуге
Курстың мазмұны:
Қазіргі қазақ тілі. фонетика пәні – жоғары оқу орындарының филология мамндығында өтілетін пән. Пәннің негізгі мақсаты фонетиканың ғылыми мазмұны мен көлемін, түрлі теорияларды студенттелрдің қабылдау дәрежесіне сай етіп беру.
№ |
Жұмыс тың түрі
|
Тапсырма ның мазмұны мен
мақсаты |
Ұсы ны латын әдеб. |
Орын далу уақыт көлемі |
Балда ры (рей
тинг-шкала бой. |
Бақы лау тү рі
|
Өт кізетін уа қы ты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Бақы лау жұмы
сы |
1-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау. |
1,2,3,4 |
2 апта |
|
тест |
7-ап та
|
2
|
Жазбаша жұмыс |
Фонетист ғалымдар дың еңбектерін білу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге баулу. |
1,2,3,12,13. |
3 апта |
|
Баян дама
|
9-ап та
|
3 |
Жазбаша жұмыс |
Теориялық білімін бекіту және өзіндік пікір қалыптастыру. |
1,2. |
5апта |
|
Рефе рат
|
13-ап та
|
4 |
Бақылау жұмысы |
2-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау. |
1,2,3,4,5,12,13 |
2 апта |
|
тест |
15-ап та |
Негізгі әдебиеттер:
Бақылау түрі |
Балдары |
Ағымдық |
30 |
Аралық (Рубежный) |
30 |
Қорытынды |
40 |
Барлығы |
100 |
Семестр бойы дәріс семинар сабақтарына қатысу міндетті.
-Қатыспаған себепсіз сабақ (-1) балл. Ауырып қалса, медициналық анықтама арнайы формада талап етіледі.
- Жіберілген сабақты СОКӨЖ тапсыруға болады.
-Сабақта кешікпеу.
-Оқу үрдісіне белсенді араласу.
-Әр сабаққа дайындалу міндетті. Дебат сабағын талапқа сай өткізу.
-Сабақта ұялы телефондарды сөндіріп қою.
-Пән өткен материалдарды толық қамтитын емтиханмен аяқталады. Емтиханға кіру үшін тапсырмалар толық орындалуы тиіс.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
1 кредит
р/с |
Тақырыптар |
Дәріс |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
1 |
Фонетика туралы түсінік. Зерттеу әдістері. |
1 |
1 |
1 |
2 |
Дыбыс. Әріп, Фонема. Транскрипция. Үш аспект. |
1 |
1 |
1 |
3 |
Дыбыстардың жіктелуі. Дауыстылар |
1 |
1 |
1 |
4 |
Дауыстылардың ерекшеліктері. Кейбір әріптердің дыбыстық бейнесі. |
1 |
1 |
1 |
5 |
Дауыссыздар және олардың ерекшеліктері |
1 |
1 |
1 |
6 |
Буынның сипаты. Буынның түрлері. Буын құрамының өзгеруі |
1 |
1 |
1 |
7 |
Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы |
1 |
1 |
1 |
8 |
Ықпалдың түрлері |
1 |
1 |
1 |
9 |
Бунақ. Екпін. Интонация. |
1 |
1 |
1 |
10 |
Сингармонизм. Тіл және ерін үндестігі |
1 |
1 |
1 |
11 |
Аккомодация. Ассимиляция. Диссимиляция |
1 |
1 |
1 |
12 |
Тілдегі әр түрлі құбылыстар |
1 |
1 |
1 |
13 |
Орфоэпия. Орфография |
1 |
1 |
1 |
14 |
Графика және алфавит. Пунктуация |
1 |
1 |
1 |
15 |
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі |
1 |
1 |
1 |
|
БАРЛЫҒЫ |
15 |
15 |
15 |
Тіл білімі: дыбыстық жүйесі-фонетика, сөз байлығы-лексика, құрылысы-грамматика: сөзжасам, морфология, синтаксисТерминге түсінік. Фонетиканың қарастыратын мәселелері: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі, буын, екпін, орфография, орфоэпия. Зерттеудің мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы болып келеді. Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Тарихи (дияхрониялық) фонетика тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,9.
2-дәрістің тақырыбы: Дыбыс. Әріп. Фонема. Транскрипция. Дыбысты қарасмтырудың үш аспектісі.
Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Әріп дыбысқа берілген шартты таңба. Фонема (гр.дыбыс)-сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кіші функционалды бірлігі. И.А. Бодуэн де Куртенэ, Л.В. Щерба, т.б. шығарып, дамытқан. Ә. Жүнісбек түркі тілдерінде оның маңызы жоқ дейді. Оны Ж. Аралбаев, С. Мырзабековтер қолдайды.
Тілдегі дыбыс пен таңбаның арасындағы сәйкессіздікті болдырмау үшін арнайы жазу-транскрипция (лат. көшіру) қолданылады. Транскрипцияның екі түрі жиі пайдаланылады: фонематикалық және фонетикалық. Фонематикалық транскрипцияда бір форманың алуан түрлі аллофондары бір таңбамен беріледі де, фонетикалық транскрипцияда әр түрлі аллофондар да ескеріледі. Біздің жазуымыз негізінен фонематикалық. Фонетикалық транскрипцияда дыбыстың айтылуын неғұрлым дәл беруді мақсат етеді.
Тіл дыбыстары өте күрделі құбылыс болғандықтан, оны үш түрлі жағынан алып қараған жөн: 1. Анатомия-физиологиялық аспект. Мұнда адамның тілі-ең алдымен биологиялық құбылыс екендігі, оны жасау үшін орталық нерв жүйесі, дыбыстау мүшелері қатысатындығы айтылады. Бұл аспектні артикуляторлы фонетика деп те атайды.2. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары табиғатта басқа дыбыстар сияқты тербелістер арқылы тарайтындықтан, оның күші, ырғағы, әуені, созылыңқылығы болады. Арнайы аппаратпен оларды анықтауға болады. 3. Лингвистикалық (функционалды) аспект. Тіл дыбыстары адамзаттың қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тілдің ең кіші бөлшегі ретінде қоғамдық мәнге ие. Осы қасиеті негізгі аспект болып табылады.
Әдебиеттер:1,2,3,4,12,13,14
3-дәрістің тақырыбы: Дауыстылардың жіктелуі. Дауыстылардың ерекшеліктері.
Акустикалық-артикуляциялық және де басқа қызметтеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар мен дауыссыздар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Олардың алты ерекшеліктері сөз болады: дауыс пен салдардан жасалатындығы, екпіннің түсуі, түспеуі, буын құрайтыны, созып айтуға келу мен келмеу т.б.
Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінде ждауыстылардың саны мен сапасы туралы егжей-тегжейлі қарастырылады (көне түркі тілінде нешеу, көне ұйғырда нешеу, орыс зерттеушілері нешеу дейді, А.Байтұрсынов, кеңес ғалымдарының көзқарастары қандай т.б.). Дәрісте негізінен, Ә.Жүнісбек пен С.Мырзабековтердің соны пікірлері қолдау табады. Келесі кезекте дауыстыларды жіктелуі, әр дауыстыға жеке-жеке, қос-қостан сипаттама берілген.
Әдебиеттер:1,2,3,4
Көне түркіде 16-17 дауыссыз болса, қазіргі мектеп оқулықтарында 26 дауыссыз бар деп оқытылып жүр. Ж. Аралбаев, С. Мырзабековтер 25 дауыссыз бар дейді. Олар орыс тілінен енген щ дыбысын алып тастайды. Біз дәрісте осы пікірге келіп тоқтаймыз. Кейін дауыссыздарға жеке-жеке, қос-қостан сипаттама беріледі. Онда олардың жасалу жолдары, өзгеруі, сөздің қай буында жиі келетіндігі сөз болады. Аффрикат дауыссыздар, үнділекр, үнсіздер толық қамтылып ғылыми тұрғыдан баяндалады.
Әдебиеттер:1,2,3,4
5-дәрістің тақырыбы: Буынның сипаты. Түрлері. Буын құрамының өзгеруі.
Лингвистикалық талдауда сөз буынға, буын дыбыстарға бөлінеді. Буын фоноциялық ауаның кілт үзілуінен не кедергіге ұшырауынан болатын жеке дыбыс немесе дыбыстар тобы делініп жүр. Ол өкпеден шығатын ауаға тікелей байланысты құбылыс.
Дәрісте буынның алты түрлі сипаты беріледі. Қ. Жұбанов ұсынған буынға бөлудің ең тиімді жолы көрсетіледі. Өйткені ол буынға тән заңдарға сүйеніп жасалады. Буынның түрлері туралы Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Мырзабековтердің пікірлері келтірілген. Қазіргі көзқарас бойынша буынның түрі екеу (ашық, тұйық) деген С. Мырзабеков пікірі дұрыс деп есептеледі.
Сабақта сонымен бірге сөздің буын құрамы, буын құрамының өзгеруі, буынның дыбыстық құрамы, сөдің буын санының артуы, кему себептері баяндалады.
Әдебдиеттер:1,2,3,4
6-дәрістің тақырыбы: Дыбыстың үндесуі. Үндестік заңы.
Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Әдебиеттер:1,2,3,4,6
7-дәрістің тақырыбы:Ықпалдың түрлері.
Дәрісте дыбыстардың алмасуы жайдан-жай болмайтыны, ол процесс дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты жүретіні, көрші дыбыстардың күштісі әлсізін игеріп тұратыны айтылады. Соған тікелей байланысты көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал ететіні, ол ықпалдың үш түрі болатыны жан-жақты сөз болады. Ықпалдың үш түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың тілдегі маңызы атап көрсетіледі.
Әдебиеттер:1,2,3,4
8-дәрістің тақырыбы: Бунақ, екпін және интонация.
Өкпедегі ауаның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сөз немесе бірнеше сөзден соң пауза жасауға тура келеді. Осы кідірісті тілде бунақ дейді (фраза, синтагма, тіркес, ритмикалық топ, синтаксистік топ т.б.) деп атайды.
Бунақ қазақ тілінде поэзияда маңызды міндет атқарады. Дәрісте мысалдармен түсінік беріледі. Сөйлеу кезінде қандай сөздер мен сөз тіркестері бунақ құрап айтылатыны туралы сараланып берілген.
«Екпін мәселесінің қазақ тілінде аса маңызы жоқ»-деген Ә.Жүнісбек пен Ж.Аралбаевтардың пікірі мұқият түсіндіріледі. Қазақ тілінде екпін сөз мағынасын өзгерте алмайтындықтан, оның қызметін сингармонизм атқарып келеді. Бұл құбылыс көбінесе үндіевропа тілдеріне тән болып келеді. Бірақ сөйлем ішінде кездесетін логикалық екпін, фразалық екпіндер айқындалып берілген.
Интонация да қазақ тілі үшін жетекші орында болмағанымен, сөз тіркесі мен сөйлем мағынасын айқындауда өзіндік орны бар екені тілге тиек етіледі.
Әдебиеттер:1,2,3,4,16,25
Сингармонизм түркі тіліне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді. Ә.Жүнісбек түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылған пікірлерді елеп-екшеп тың қорытынды шығарды:
1. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі-қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмаса, сөз құлаққа жағымсыз естіліп, түсінуді қиындатады.
2. Үндіевропа тілдерінде фонеманың, екпіннің мағына айқындауыш қызметін түркі тілдерінде сингармонизм атқарады. Бұдан әрі сингармониялық белгі, сингармотип, сингармореңк т.б. сипатталады.
Сингармониз тіл және ерін үндістігі болып бөлінеді. Ерін үндестігі туралы В.В. Радлов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, С.Мырзабековтердің пікірлері келтіріледі.
Әдебиеттер:1,2,3,4,6
Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы тілде аккомодация деп аталады. Кейін дауыстылар мен дауыссыздардың, дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіне арнайы тоқталамыз. С.Мырзабеков пікірі алға қойылады.
Ассимиялция мен диссимиляцияға егжей-тегжейлі түсінік беріледі. Көне түркі, қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі туралы сөз болады. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үшке бөлініп қаралатындығы айтылып, әр қайсысына жеке-жеке түсінік беріледі. Диссимиляцияның жекелеген түрлеріне арнайы тоқталамыз.
Әдебиеттер:1,2,3,4
Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар: протеза, эпентеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апакопа, элизия т.б. Енді осылардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Әдебиеттер:1,2,3,4
12-дәрістің тақырыбы: Орфоэпия, орфография.
Әр ұғымға жеке–жеке түсінік қалыптастырылады. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғашқы пікір айтушылардың бірі-профессор М.Балақаевтің ұсынған ғылыми көзқарасы жайында сөз болады. Орфоэпия және оның заңдылықтары жөніндегі ғалымдардың (М. Дүйсебаева, Х.Қожақметова, Ә.Жүнісбек, Н. Уәлиев) ғылми көзқарастары сараланады.
Орфографияға қатысты морфологиялық принцп, фонетикалық принцп, дәстүрлі принцп, дифференциялаушы принцп туралы түсінік беріледі. Кейін қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне сипаттама жасалады.
Әдебиеттер:1,2,3,4
Графика мен алфавитке жеке-жеке түсінік беріледі. Графика әріптердің жазылу тәсіліне байланысты жазу және баспа графикасы болып бөлінетіндігі. К.Ахановтың ғылыми көзқарасы сараланады, Әлемдегі үш түрлі жазу жүйесінің таралғандығы туралы сөз қозғалады. Латын, кирилица және араб жазулары. Алғашқы алфавиттен бастап қазіргі алфавитке дейін қанша әріп болғандығы айтылады. Алфавиттің ауысуы қажет пе деген мәселені қозғау.
Пунктуация және оның белгілеріне түсінік қалыптастыру.Тыныс белгілерін қою, бас әріп пен тасымал туралы айтылады. Пунктуацияның кейбір қиын мәселелеріне тоқталу.
Әдебиеттер:1,2,3,4,5
15-дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі.
Қазақ фонетикасын зерттеуге арналған еңбектер сонау ХІХ ғасырдан басталады. Сол уақыттан бергі қазақ фонетикасын зерттеген іргелі еңбекетрге арнайы тоқталу. /Ильминский, Мелиоранский, Сазантов, Терентьев, Алтынсарин, В.Радлов, Ж.Әбуов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Райымбекова, Қалиев, Қошқаров, Исаев, Сарыбаев, Омарбеков, Нұрмағамбетов, Нақысбеков, Сыздықова, Неталиева, Уәлиев, Базарбаева, Фазылжанова, Исаева, Күдеринова тәрізді ғалымдардың ғылыми көзқарастарына жүйелі түрде, кезең бойынша тоқталу.
Әдебиеттер:1,2,3,4
2.3 Оқытушы мен студенттің өзіндік жұмыстарының жоспары
1. Тапсырма. Мақсаты: фонетикалық талдауды сауатты түрде орындауға баулу.
Көркем әдебиеттен терілген мысалдарға фонетикалық талдау жұмыстарын жүргізу. Жұмыс жазбаша орындалады. Талдауды ауызша түсіндіру.
ОСӨЖ-дің өту түрі - сұрақ-жауап
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 Сонымен бірге кез-келген көркем әдебиет.
2. Мән беріңіз:
2. Мән беріңіз:
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3.
3. Тапсырма. Мақсат: ізденушіні ғылми жұмыс деген не? деген сауалға жауап алға бағыттау, жұрт алдында сөйлеуге дағдыландыру. Дауыстылардың жіктелуі, дауыссыздардың жіктелуі, үндестік заңы, Ә. Жүнісбеков пен С. Мырзабековтердің ғылыми көзқарастарына шолу атты тақырыптарда тақырып қорғау сабағы.
ОСӨЖ-дің өту түрі – прессконференция.
2. Мән беріңіз:
- жұмыс қалай жазылады;
- тақырып пен қалай жұмыс жүргізу керек.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші ғылыми жұмысты жазу, безендіру, қорғау, библиография қалыптастыру деген мәселелерді білуі тиіс.
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4,5,6,8,22.
2. Мән беріңіз:
- талдау жасау жүйесі;
талдауды неден бастау және неден аяқтау керектігіне.
3. Сабақ аяқталғаннан кейін ізденуші төмендегідей сауалдарға жауап бере білу керек:
- дауысты және дауыссыз деп бөлу неге байланысыты?
- дауыстылардың қандай ерекшелігін байқадың?
- дауыссыздардың қандай ерекшеліктерін байқадың?
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 және кез-келген көркем әдебиет.
2. Мән беріңіз:
- дұрыс буынға бөлуге;
- буынның түрлеріне;
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- буын деген не?
- оның неше түрін білесің?
- кімнің көзқарасына сүйенесің?
- буын құрамының өзгеруі неге байланысты?
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген көрскем әдебиет.
- аффрикат дыбыстардың сипаты;
дифтонг дыбыстардың сипаты.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- аффрикат дыбыстар дегеніміз не?
- ол нешеу?
- дифтонгтра дегеніміз не?
- ол нешеу?
ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген көркем әдебиет.
- транскрипция жасағанда неге назар аударамыз?
- әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- транскрипция деген не?
- оның неше түрі бар?
- қазақ тілінде транскрипцияның қай түрі қолданылады?
ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген көркем әдебиет.
- жоғарыдағы фонетикалық құбылысотар ненің әсерінен туындаған?
- әр қайсысының өзіндік заңдылықтарына, ережелеріне назар аудар.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- фонетикалық құбылысотар деген не?
- элизия, протеза, метатеза, эпентеза, ассимиляция, диссимиляция, абсорбция, редукция, апокопа, синкопа, гаплология, эпитеза деген не?
ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 кез-келген көркем әдебиет.
- үндестік заңының қазақ тіліндегі маңызы.
- ол қалай көрінеді?
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 кез-келген көркем әдебиет.
2. Мән беріңіз:
- мақаланы жазу жүйесіне;
- дәлелді мысалдармен ой толғауға;
- ғалымдардың аталған тақырып төңірегндегі ойларын келтіріп, талдауға;
- өзіндік пікір айтуға.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- Ерін үндестігі деген не?
- оның әлсіреу себебін түсіндір.
Мақала қалай жазылады?
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4,5.
- ықпалдың түрлерін дұрыс ажыратуға;
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- ықпал деген не?
- оның неше түрі бар?
- әр қайсысына жеке-жеке анықтама бер
ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,5 кез-келген көркем әдебиет.
- қазақ фонетикасын қай ғалымдар, қай қырынан зерттегендігіне.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс: қазақ фонетикасын зерттеу қай кезде басталды?
- кімдердің зерттеуінен басталды?
- ғалымдардың зерттеулері қандай бағыттарда жүрді?
ОСӨЖ-дің өту түрі – конференция
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4
13. Тапсырма. Мақсат: транскрипцияны сауатты түрде жасауға үйрету. Мәтінде берілген сөздерге транскрипция арқылы фонетикалық талдау жаса
2. Мән беріңіз:
- транскрипцияны сауатты жасауға;
- дыбыс пен әріптің ара жігін ажыратуға.
3.Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген көркем әдебиет.
14. Тапсырма. Талдауды сауатты жасауға, талдау жаса жүйесін дұрыс орындауға баулу. Берілген өлең шумақтарына толық фонетикалық талдау жаса
2. Мән беріңіз:
- бунаққа бөлу;
- екпін қою;
- интонацияға назар аудар.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- бунақ деген не?
- екпін деген не?
- интонация деген не, оның маңызы бар ма?
ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ
Ұсынылатын әдебиет: кез-келген поэзиялық шығарма.
15. Тапсырма. Мақсат: пән бойынша алған білімін жинақтау, қорытындылау. «Ғажайыптар алаңы» ойыны арқылы фонетикалық білімін бекіту
2. Мән беріңіз:
- фонетикалық толық талдауға;
- өз ойын дәлелді түрде жеткізуге, ғалымдардың пікірлерімен ұштастыруға.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- жалпы фонетика нені нысан етіп алады?
- С.Мырзабеков пен Ә.Жүнісбеков тұжырымдамаларына шолу жасай алуға.
ОСӨЖ-дің өту түрі – жарыс сабақ
Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4,5,6,7 кез-келген көркем әдебиет.
16. Тапсырма. Мақсат: Ғылми болжам деген не соған назар аударту. «Алфавиттің ауысуы қажет пе?» атты дебат сабағын өткізу
2. Мән беріңіз:
- сөйлеген сөзіңіз айғақты, дәл, нақты болуына;
- орынсыз сөйлемеуге.
3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:
- алфавит деген не?
- даттаушы деген кім?
- жақтаушы деген кім?
- айғақ (аргумент) деген не?
ОСӨЖ-дің өту түрі – дебат сабақ
Ұсынылатын әдебиет: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тілтаным», «Ана тілі», «Қазақстан жоғарғы мектебі» мерзімдік басылымдары
Әдістемелік нұсқау- сабаққа дайындалу барысында көрсетілген әдебиеттерді пайдалану міндетті. Қосымша мерзімді басылым беттеріндегі ғылыми мақалалармен, терминдермен жұмыс жүргіз. Практикалық сабақтардағы талдау жұмысы төмендегі жүйе бойынша жасалады:
- транскрипция жасау неше әріп, неше дыбыс бар;
- буынға бөлу, буын саны, түрлерін ажырату;
- дыбыстарға жеке-жеке сипаттама;
- дауысты болса, тілдің қатысына қарай жуан ба, жіңішке ме; жақтың қатысына қарай ашық па, қысаң ба; еріннің қатысына қарай еріндік пе, езулік екендігін анықтау;
- дауыссыз болса, дауыстың қатысына қарай үнді, ұяң, қатаң ба; айтылу жолына қарай шұғыл, ызың, діріл ме; жасалу немесе айтылу орнына қарай ерін, тіл, көмей ме; тілдің қатысына қарай тіл алды, тіл ортасы, тіл арты ма соны анықтау керек.
рр/с |
СӨЖ тақырыптары |
Жұмыс түрі |
әдебиет |
мерзімі |
1 |
Фонетикадағы зерттеу әдістері |
конспект |
1,2,3,4 |
2- апта |
2 |
Дыбыс, әріп, фонема айырмашылықтары |
конспект |
1,2,3 |
3-апта |
3 |
Дауыстылар мен дауыссыздардың ерекшеліктері |
конспект |
1,2,3,4,5 |
4-апта |
4 |
Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы |
конспект |
1,2,3,4,7 |
5-апта |
5 |
Бунақ, екпін, интонация |
тезис |
1,2,3,4 |
6-апта |
6 |
Тілдегі әр түрлі құбылыстар |
конспект |
1,2,3,4, |
7-апта |
7 |
Орфоэпия және орфография |
конспект |
10,1,2 |
9-апта |
8 |
Графика және алфавит |
Ғылыми баяндама |
1,2,3,4,10 |
10-апта |
9 |
Пунктуация мәселелері |
реферат |
1,2,3,4,6,7 |
12- апта |
10 |
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі |
реферат |
1,2,3,4,8 |
15-апта |
1. Транскрипция дегеніміз не?
А. дыбыстыќ тілді м‰мкіндігінше дєл беру ‰шін арнайы жазу
В. айтылу мен жазылудыњ сєйкестігі
С. дыбыстардыњ ќосындысын белгілейді
Д. сµз маѓынасын береді
Е. сµздіњ естілуі
{Дұрыс жауабы} = А
2. Ассимиляция дегеніміз не?
А. дауыстылардыњ ‰ндесуі
В. дауысты мен дауыссыздыњ ‰ндесуі
С. ќатањдардыњ ‰ндесуі
Д. ±яњдардыњ ‰ндесуі
Е. дауыссыздардыњ ‰ндесуі
{Дұрыс жауабы} = Е
3. Диссимиляция дегеніміз не?
А. ±ќсас дыбыстардыњ бір сµз ішінде келуі
В. бір сµз ішінде ±ќсастыѓы жоќ екі немесе одан да кµп дыбыстардыњ келуі
С. бір сµз ішінде ќатар келген дауыссыздардыњ ‰ндесуі
Д. дауыстылардыњ ‰ндесуі
Е. буын ‰ндестігі
{Дұрыс жауабы} = В
4. Ќазаќ орфографиясыныњ негізгі принципі
А. Морфологиялыќ
В. Фонетикалыќ
С. Дєст‰рлік
Д. Дифференциялаушы
Е. Грамматикалыќ
{Дұрыс жауабы} = А
5. Ашыќ дауыстылар
А. У, з, ж, ћ
В. Ф, ц, ч, щ
С. Ы, і, и
Д. А, є
{Дұрыс жауабы} = Д
6. Ќатањ дауыссыздар
А. р, л, й, у
В. б, в, г, ѓ
С. п, ф, к, ќ
Д. є, µ, ‰, е
Е. а, о, ±, ы
{Дұрыс жауабы} = С
7. И єрпі ќай сµзде ќосарлы -ұй дыбыстарын тањбалайды?
А. Қисық
В. Киім
Д. Түкси
{Дұрыс жауабы} = Е
8. Дыбыс дегеніміз не?
А. жазылады, кµрінеді.
В. Сµз бен морфемаларды ќ±растыратын материал
С. Сµзді тануѓа ќызмет етеді
Д. Сµз ќ±райды
Е. шартты таңба
{Дұрыс жауабы} = В
9. Тілдіњ дыбыс ж‰йесін зерттейтін тіл білімініњ саласы
А. Морфология
В. Лексикология
С. Фонетика
Д. Синтаксис
Е. Сµзжасам
{Дұрыс жауабы} = С
10. Дыбыстыњ айтылуындаѓы єр т‰рлі рењге ауытќуы
А. дыбыс
С. Морфема
Д. аллофон
Е. єріп
11. Ќазаќ тілініњ байырѓы сµздерініњ ќ±рамында кездесетін дауыстылардыњ саны
А. 9
В. 10
Д.13
{Дұрыс жауабы} = А
12. Эпитеза ќандай ќ±былыс?
А. дыбыстыњ сµздіњ соњынан ќосылуы
В. дыбыстыњ сµздіњ соњында т‰сіп ќалуы
С. дыбыстыњ жіњішкеріп айтылуы
Д. дыбыстыњ сµз басында т‰сіп ќалуы
Е. дыбыстардыњ кірігуі
{Дұрыс жауабы} = А
13. Элизия ќ±былысына тєн сµзді кµрсет.
А. ‰стел / стол
В. ыстакан / стакан
С. ќарала / ќара ала
Д. кереует / кровать
Е. орыс / рус
{Дұрыс жауабы} = С
14. С. Мырзабеков µз ењбегінде буынныњ неше т‰рін кµрсетті?
А.6.
С.3
Е.4
15. Соњѓы буындардыњ т‰сіріліп айтылуы ќалай аталады?
А. протеза
В. эпентеза
С. элизия
Д. эпитеза
Е. апокопа
{Дұрыс жауабы} = Е
16. Вокализм дегеніміз не?
А. ‰ндесу зањдылыѓы
В. тілдегі дауысты дыбыстар ж‰йесі
с. тілдегі дауыссыз дыбыстар ж‰йесі
Д. буындардыњ тобы
Е. дыбыстыњ µзгеруі
{Дұрыс жауабы} = В
17. Адамныњ табиѓи дыбыстыќ тілініњ ќалыптасу процесі /барысы/
А. грамматика
Б. герменевтика
С. глоттогенез
Д. говор
{Дұрыс жауабы} = С
18. Ћ ќандай дауыссыз?
А. ќатањ, ш±ѓыл
В. ‰нді
С. фарингаль
Е. билабиаль
{Дұрыс жауабы} = С
19. Діріл дауыссызы:
А. Њ
В. Л
Д. Р
{Дұрыс жауабы} = Д
20. Тасымалдауѓа болатын сµз:
А. ант
С. ШЌМУ
Е. 25 см
1. Фонетика туралы түсінік
2. Фонетикалық зерттеу әдістері
3. Дыбыс дегеніміз не?
4. Әріп дегеніміз не?
5. Фонема дегеніміз не?
6. Транскрипция. Үш аспект.
7. Дыбыстардың жіктелуі. Дауыстылар
8. Дауыстылардың ерекшеліктері. Кейбір әріптердің дыбыстық бейнесі
9. Дауыссыздар және олардың ерекшеліктері
10. Буынның сипаты, түрлері
11. Буын құрамының өзгеруі
12. Дыбыстардың үндесуі. Үндестік заңы
13. Ықпалдың түрлері
14. Бунақ. Екпін. Интонация
15. Сингармонизм. Тіл және ерін үндестігі
16. Аккомодация дегеніміз не?
Ассимиляция. Диссимиляция
ОӘК қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде талқыланды. №1 хаттама 7 қыркүйек 2005 жыл
14 12 2014
1 стр.
Мұнайгаз қондырғыларын ағымдағы жалға алу бойынша есептелінген жалақысы қандай бухгалтерлік жазуда бейнеленеді
25 12 2014
1 стр.
А. К. Карибаеваның Университеттің профессор-оқытушы құрамының штаттық кестесіне «оқытушы-стажер» лауазымын енгізу туралы баяндауы бойынша
25 12 2014
1 стр.
Ш., доцент Сүйіндіков Ж. С. және оқытушы Мусатаева А. А. 050902 «Туризм» мамандығын дайындау бағытындағы жұмыс «Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәнінің типтік оқу б
14 10 2014
4 стр.
07 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
17 12 2014
11 стр.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша
14 12 2014
3 стр.