Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Педагогика және психология институты

Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі

кафедрасы

050102 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен 2005


Құрастырған :Құсманова Күлжібек Әскенқызы

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

кафедра отырысында талқыланды

2005 «2» акпан № 7 хаттамасы


Пәннің оқу-әдістемелік кешені ғылыми-

әдістемелік кеңесінің отырысында

талқыланып бекітілген

2005 «17» акпан № 3 хаттамасы




Түйіндеме. Қазақ тілі пәні бойынша оқу әдістемелік кешені бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне арналады. Онда дәріс пен практикалық сабақтарындағы негізгі мәселелер қарастырылған. Студенттер пәнге байланысты материалдарды толық меңгеру үшін дәрістік сабақтар конспектілері, практикалық сабақтардың тақырыптары, тестілер, бақылау және өздік бақылау жұмысының сұрақтары, реферат тақырыптары, өзіндік жұмысты орындауға байланысты әдістемелік нұсқау беріліп отыр.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімінің студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәнің оқу-әдістемелік кешені/құрастырған: Қусманова Күлжібек Әскенқызы.-Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2005.


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005 жыл

1.Пәннің оқу бағдарламасы -SYLLBUS

1.ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР



1.1Пән атауы: Лексикалогия

1.2 Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

1.3Оқытушы Кусманова Күлжібек Әскенқызы

1.4 Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы №2 ғимаратта орналасқан, 26 аудитория (Бажов көшесі 7) кафедра телефоны 47-27-97

Уақыты: сабақ бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі



1.5 өткізілу орны. № 2 ғимарат, аудитория

1.6 Кредит саны 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме


Курс

семестр

кредит

лекция

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


І

І

1

10

5

15

15

45

Емтихан



1.8Пәннің преквизиттері: Оқытлатын пәнді игеру үшін студент қазақ тілі білімінің «Фонетика» саласының зерттеу обьектісі мен таныс болуы шарт. Пәнді оқу үшін студенттер тілдің дыбыстық құрылымы, дыбыстардың жіктелімі, буын, интонация, екпін, орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарды білу қажет.

1.9Пәннің постреквизиттері: Пәнді оқыту барсында алған білімдерін Тіл біліміне кіріспе, Лексикология, Морфология, Морфонология, Қазақ әдеби тілі пәндерінде және іс-тәжірбиеде қолдану.
2 ПӘН БОЙЫНША ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

«Қазіргі қазақ тілі» курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпыхалық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізін танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді, құбылыс, процестерді дұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Қазіргі қазақ тілі» курсы іргелі, теориялық сипатта оқылатылады. Бұл курс берген білім қазақ тілінің тарихын, түрлі стильдік, функционалды жанрларын, оқыту әдістемесін орфоэпия, емле, пунктуация т.б. мәселеріне арналған пәндерпді оқып, меңгеруіне тірек болады.

Ерекше ескерілетін жайт – бағдарламада қазақ тіл біліміндегі жаңа зерттеулердің қорытындылары, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамалар қамтылады.

2.1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ:Болашақ мамандарға тіл білімінің бір саласы – лексикология курсы бойынша толық теориялық білім беріп, алған білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыру.
2.2 ПӘННІҢ МІНДЕТТЕРІ: Курс теориялық біліммен қатар, практикалық дағдылар беруді де міндетті етеді. Сондықтан дәрістермен қатар семинарлар, лабораториялық жұмыстар түрінде өтетін сабақтар да жүргізіледі. Семинар, лабораториялық жұмыстар студенттерге тіл фактілерін нақты танытып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын жетілдіруді міндет етеді.

Қазіргі қазақ тілінің лексикология курсы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеуді де ескереді.


2.3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ: Лексикалогия–сөз байлығын зерттейтін ғылым. Лексикалогия іштей семасиология, этимология, фразеология және лексикография салаға бөлінеді.

Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізігі сөздік қор мен сөздік құрам деп бөлінеді. Сөздік қор талай ғасырдың жемісі. Ал, сөздік құрам тілдегі сөздердің барлығының жиынтығы. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Аталмыш пәннің тақырыптарында лексикалогияның басқада салалаларының ерекшеліктері мазмұндалған.


Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:

- Ұғымның дамуы. Ұғым туралы лингвистикалық түсінік. Шындық, ұғым және сөз. Сөз және лексикалық мағына. Ұғым мен мағынаның айырмашылығы. Ұғым, мағына, сөздің ара қатынасы, байланысы.

- Сөздің анықтамасы. Сөзге анықтама берудің қиындығы. Сөздің формалары. Омофондар. Омографтар. Варианттар мен дублеттер. Қос сөздер. Біріккен сөздер. Фразалық тіркестері. Сөздің мазмұны. Лексикалық мағына, грамматикалық мағына, эмоционалды-экспрессивтік мағына, контекстік-стилистикалық мағына, тақырыптық-семантикалық мағына, тағы басқалар сөздің мазмұнын құрайтындығы. Сөзге тән белгілер. Сөз типтері. Лексикалық-семантикалық жүйе туралы түсінік.

- Сөз мағынасының өзгерту себептері. Сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы /немесе экстралингвистикалық/ және ішкі /немесе лингвистикалық/ себептері болатындығы. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі. Метонимия жасалу жолдары. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы.

- Көп мағыналық. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура /немесе номинативті/ мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына. Сөз мағыналарын затпен немесе құбылыспен байланысу сипатына қарай, шығу, пайда болу тарихына қарай, тіркесу қабілетіне қарай, функциялық-стильдік реңктеріне қарай жаңаша топтастыру.

- Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.

- Синонимдер. Синонимдердің айырым-белгілері. Синонимдік қатар және доминант. Синонимдердің мағыналық, контекстік-стильдік реңктері. Синонимдер және лексикалық дублеттер. Синонимдердің жасалу жолдары. Синонимдердің типтері.

- Антонимдер. Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары. Энантиосемия құбылысы. Табу. Эвфемизм. Диосфемизм.

- Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негіздері сөздік қоры. Сөздік құрамының жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамының ара қатынасы. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Олардың лексика-семантикалық, фонетикалық, лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Түбір сөздер мен туынды сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдары. Сөз тудыру тәсілдері негізінде пайда болған сөздердің ерекшеліктері.

- Өзге тілден енген сөздердің кірме сөздер деп аталатындығы. Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, иран тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі. Қазақ тіліне кірме сөздер әкелген жаңалықтар.

- Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні және қолдану шеңбері. Қазақ тілінің ауызекі және жазба формалары. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Әдеби тілге тән басты белгілер. Әдеби тілдің нормалары. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Тілдік стиль туралы ұғым.

- Қазақ тілі лексикасын құрайтын сөздердің түрлі принципке негізделе отырылып, қолданылу шеңбері, стильдік мәні жағынан бірнеше топқа бөлінетіндігі. Таралу аясына немесе әлеуметтік-территориялық ерекшеліктеріне қарай топтасқан сөздер. Жалпыхалықтық сөздер, стиль аралық сөздер, бейтарап сөздер. Жалпыхалықтық лексиканың басты-басты ерекшеліктері. Диалект сөздер. Диалект, наречие, говор туралы түсінік. Диалект сөздердің лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер. Кәсіби сөздердің түрлері. Кәсіби сөздердің ерекшеліктері. Жаргон және арготизмдер.

- Қолдану жиілігіне қарай топтасқан сөздер. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсінік. Көнерген сөздер: архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер. Бұлардың өздеріне тән ерекшеліктер.

- Лексикография. Лексикографияның теориясы мен практикасы жайында жалпы мағлұмат. Лингвистикалық сөздіктердің жасалу мақсатына, спецификалық ерекшеліктеріне және көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.

- Фразеология. Фразеология- тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің дербес ғылым саласы.

- Фразеологизмдер туралы түсінік. Фразеологизмдер /тұрақты тіркестер/ - лексиканың ең бай, құнарлы көзі. Фразеологизмдер құрамындағы сөз-компоненттердің фразеологиялық мағына жасаудағы рөлі мен олардың өзіндік ерекшеліктері.

- Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерге тақырыптық шолу жасау; олардың грамматикалық ерекшеліктері; сөз таптарына қарай топтастырудағы шарттылық; фразеологизмдер сипаты; фразеологизмдердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы.



  1. ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ






жұмыс түрі

тапсырма мазмұны мен мақсаты

ұсынылатын

әдебиеттер



орындау мерзімі

балл

рейт шкалаға сәйкес



бақылау түрі

тапсыру уақыты

1

Практикалық сабақ

Практикалық сабақтар жоспарға алдын-ала дайындау.

Ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

әр тақырып бойынша 15 баллға дейін

Ағымдық бақылау

Практикалық

Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сәйкес



2

Ауызша және жазбаша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес: тақырып бойынша ауызша жауап, жаттығу жұмысын орындау, тестік бақылау, өзіндік жұмыс

СОӨЖ-де ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

25 баллға дейін әр жұмыс түрі бойынша

Ағымдық бақылау

СОӨЖ


СОӨЖ сабағында сабақ кестесі мен оқу жоспарына сәйкес

3

Ауызша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес : коллоквиум

ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

әр коллоквиум

25 баллға дейін



Аралық бақылау СОӨЖ

СОӨЖ сабағында сабақ кестесі мен оқу жоспарына сәйкес

4

Ауызша жазбаша жауап

СОӨЖ жоспарына сәйкес реферат, конспект, жеке үй жұмысы, жаттығу жұмысы

ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

әр жеке жұмыс үшін 15 балл

Үй жұмысын бақылау

СӨЖ оқу жоспарына сәйкес

5

Емтихан тапсыру

Тақырып бойынша

ауызша билет бойынша: 2 теориялық сұрақ және сөйлем талдау



ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес

Семестр соңы

45 баллға дейін

Қорытынды бақылау

Оқу жоспарына сәйкес

3.6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

  1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.

  2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.

  3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.

4. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

5. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

6. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995.

7. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы: Санат, 1996.

8. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы: РИК, 1998.

9.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

10. Рүстемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб- парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.

11. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

12. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралық қолданылуы. Алматы, 1964.

13. Фомина М.И. Современный русский язык. Лексикология. М., 1990.

14. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972.

15. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1972.

16. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М., 1985.

17. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы /-Алматы,1992ж.

18. Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

19. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

20. КеңесбаевІ., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика-Лексикология/

-Алматы, 1993ж.

21. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

22. Исаев С. Қазақ тілі/-Алматы, 1993ж.

23. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.

24. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. –Алматы:Рауан, 1996


Қосымша әдебиеттер
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері/ Алматы,1991ж.

3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/-Алматы, 1998 ж.

4. Лингвистикалық түсіндірме сөздік/ -Алматы, 1998 ж.

5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері/ -Алматы, 1996 ж.



Білімді бағалауға байланысты ақпарат

Пәнді оқу өткен материалды толық қамтитын ауызша емтиханмен аяқталады. Емтиханға кіру үшін ұсынылған тапсырмалармен қатар 1 реферат жұмысын жазу қажет.


3.7 Рейтинг –шкала




Бақылау түрі

балдар

1

Ағымдық

50

2

Аралық

10

3

Қорытынды

40




Барлығы

100


3.8 Бағалау шкаласы мен критерийлері


  1. Практикалық сабақтардағы жауап -15 балл

  2. Реферат жазу және қорғау-15 балл

  3. Конспект жасау, ауызша тапсыру- 30 балл

  4. Қорытынды бақылау (емтихан)-40 балл

  5. Барлығы-100 балл



  1. Курстың саясаты

Курсты оқу барысында алынған барлық бағалар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға мен емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі.


Саясат және процедура
Барлық тапсырамаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді.

Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материал алдын –ала тест арқылы тесеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Студент аудиториялық сабақтарды босатпауға, кешікпеуге міндетті. Сабақ босатылған жағдайда ақылы түрде өтеледі (бағасын деканат тағайындайды). Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі.



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Практикалық

сабақ


СОӨЖ

СӨЖ

1

Лексикология ғылымының зерттеу саласы. Өзге салалармен байланысы, зерттелу тарихы..

1




1

1

2

Сөз оған тән белгілер. Сөздердің типтері мен нұсқалары

1

1




2

3

Сөз мағынасының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері. Метафора мен метанимия.


1

1

2

1

4

Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омоним.

1




2

2

Кестенің жалғасы






Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Практикалық

сабақ


СОӨЖ

СӨЖ

6

Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы


1




2

2

7

Сөздік құрам мен сөздік қор. Кірме сөздер


1

1




2

8

Терминдер. Тіл білімінің терминология саласы


1




2

2

9

. Фразеология. Фразеологизмдердің түрлері


1

1

2




10

Лексикография. Сөздіктер


1




2

1




Барлығы 45

10

5

15

15



2.2 ДӘРІСТІК САБАҚ ТЕЗИСТЕРІ
1 дәріс. Лексикология ғылымының зерттеу саласы. Өзге салалармен байланысы, зерттелу тарихы. Лексикалық бірліктердің анықтамасы. /1 сағат/


Дәрістің мақсаты: Тіл білімінің лексикология саласы туралы жалпы мағлұмат беріп, зерттеу нысаны мен салаларына қысқаша тоқталу.

Дәріс жоспары:

1. Лексикология- тіл білімінің бір саласы. Зерттеу объектісі.



  1. Лексикологияның тіл ғылымдарымен және қоғамдық ғылымдардың саласымен байланысы.

  2. Лексикалық бірліктер.

  3. Қазақ лексикологиясының зерттелу тарихы.

5. Лексикологияның салалары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілінің лексикологиясы- қазақ тілінің сөздік құрамын /лексикасын/ тексеретін ғылым. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының арнасы, замандар бойы қалыптасып, ұзақ дамығын дамуының жемісі. Лексикология гректің сөз ілімі деген терминінің бірігуінен туындаған. Зерттеу нысаны- лексикалық бірліктер. Өз ішінде лексикология мынадай салаларға бөлінеді: семасиология, ономосология, ономостика /антропонимика, топонимика/, лексикография, диалектология, этимология. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдардан бастап жан-жақты зерттеле бастады. Қазақ лексикасының құрамын, тарихын, сөз мағынасының түрлерін, стилистикалық қызметінің түрлерін Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Барлыбаев, А.Махмұтов сияқты ғалымдар зерттеді. 1950 жылдан бері лексикография саласында елеулі табыстар көп болды: бірқатар негізгі сөздіктер басылып шықты.



следующая страница>


ОҚу -әдістемелік кешен өскемен 2005 Құрастырған :Құсманова Күлжібек Әскенқызы

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша

511.92kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.


«Жалпы химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ард

663.75kb.

15 12 2014
6 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.