Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050114 «Тарих» мамандығы үшін


«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша

Өскемен, 2005

ОӘК құрастырған:Кучерова Тарих және халықаралық

Сауле Алимовна қатынастар кафедрасының

оқытушысы
ОӘК кафедра отырысында Хаттама № 6 2ақпан 2005ж.

талқыланған


Тарих және халықаралық

қатынастар институтының

әдістемелік кеңесінің отырысында

бекітілген


Хаттама № 6 10 ақпан 2005ж.

Андатпа ОӘК:


ОӘК тарих мамандығы студенттеріне арналған.Мұнда дәріс және семинар сабақтарының тақырыптары белгіленген.

Студенттердің материалды меңгерулердің жеңілдету үшін негізгі тақырыптар тезистер мен кестелер түрінде берілген. Оларға қажетті тест сұрақтары , реферат тақырыптары және өздік жұмыстарды жазудың әдістемелік кеңестері көрсетілген.


Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- Кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2005



1.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

1.Жалпы мәліметтер:

    1. Пәннің атауы: Ежелгі дүние тарихы

    2. Тарих және халықаралық қатынастар кафедрасы

    3. Оқытушы: Кучерова Сауле Алимовна

    4. Қарым-қатынас ақпараты: кафедра тел.28-63-87, кафедра ШҚМУның басты гимаратында (30-шы Гвардия дивизия атындағы көше, 34), 137 дәріс.

    5. Оқу орны корпус №1, дәріс.№

    6. Кредиттің саны 3

    7. Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредит

Дәрістер

Семинар

СӨОЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

(2 семестр)



1

2

3

30

15

45

45

135

емти

1.8. Курстың пререквезиттері курска қатысу үшін студент жалпы орта білім беретін мектептегі “Жалпы тарих”, “Адам және қоғам”, ”Мемлекет және құқық негіздері”басты тақырыптарын және терминдерді (қоғам, адам, өндіріс, даму, жетістік, мемлекет т.б.) білуі қажет.

1.9.Курстың постреквезиттері: археология, алғашқы қауым тарихы, этнология.

2.Курстың қысқаша мазмұны:

2.1 Курстың мақсаты:

“Тарих” мамандығы бойынша студентердің тарихи процесс және адамзаттың өткен тарихы дамудың тұтастығы туралы жан-жақты түсінігін қалыптастыру.



2.2 Курстың міндеттері:

студенттер негізді даярлау мәселелерін: мемлекеттердің типтері; жекелеген өркениеттер; Шығыс қоғамдарындағы әлеуметтік және мемлекеттік құрылымдардағы қауымның ролі; классикалық құлдықтың


мәнін ұғыну; тарих ғылымының ұғымдық аппаратымен жұмыс істей білу; библиографиялық іздеу жасау, мәлеметтерді өңдеу, жиналған ақпаратты сақтау біліктілігі, тарихи білімдерді түрлі формаларды түсіну, жүйелі ауызша сөз, жазба жұмыстары біліктіліктермен қолдану.

2.3 Курстың мазмұны: Ежелгі Шығыс пен Антика қоғамындардың пайда болу мүмкіндіктері анықталады және логикалық бірлікте қарастырылады: ауыл шаруашылықтары; ресурстардың артығынының маңызы; әлеуметтік өзгерістер; ертедегі металлургия; даму орталықтары; өркениеттің тууы.Шығыс елдерінің ошақтары өзен жазықтарында пайда болғандары анықталады,терең әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы территориялық қауымдар мен көршілік қатынастардың ролі көрсетіледі. Таптық қоғамының құрылу үрдісі қатаң логикалық заңдарға бағынышты екені ашылады. Ежелгі Шығыс пен Антика қоғамындағы классикалық құлдықтың мәні, ұқсастықтары мен ерекшеліктері қарастырылыды. Антика қоғамындағы меншіктің дуалистік сипаты; ерте қоғамдардың мәдениеті идеологиясы, тұрмыс, неке мен отбасы туралы тақырыптарға көңіл бөлінеді.

Курстың меңгеру қорытындысында:

1.Ежелгі Шығыс пен Антика қоғамдарының өмірінің негізгі қырларын зерттей отырып, ежелгі тарихтың кезеңдерінің ортақ белгілерін анықтайсыз. Ежелгі тарихтың кезеңдерін сипаттай отырып, оны тудырушы факторларды және олардың табиғи шекте болғанын ұғасыз. Дүниежүзілік империялардың құрылуы-өндіргіш күштердің даму деңгейін анықтайсыз.

2.“Дүниежүзілік” державалар бірін-бірі үздіксіз алмастырып отырды және де оны соғыс жолымен жүргізді. Баса айтар ой - “Дүниежүзілік” державалар өмірі қысқа болды.

3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен өткізу кестесі






Жұмыс түрі

Тапсыр-дың мақсаты мен мазмұны

Ұсыны-

латын әдебиет-тер



Орын-

далу


ұзақты

ғы


балдар


Бақылау түрі


Тапсыру, қорғау мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Жазба жұмыс

(таблица )



Өздігімен оқу матери -алдарды тал- дау,жүйелеу


4-9 тақырып.

ұсынылған

әдебиеттер


Семестр

бойынша


5 балл

Таблицаны

тексеру


5,10 апта

2

Жазбажұмыс

(конспект) (конспект)



Өз бетімен құжаттар және ғылы- ми әдебиет- термен шы -ғармашылық жұмыс жа -сауға үйрену

4-12 тақырыптарға

ұсынылған әдебиеттер




1-5 апта


5 балл


Бетпе-бет

әңгімелесу



5 апта

3


Жазба

Жұмыс (тест)



Пәннің өзек ті мәселеле- рі бойынша білімдерін жүйелеу,бақылау

2,9 тақырып.

ұсынылған әдебиеттер




1-10 апта


10 балл

Тест тексеру

5,10 апта

4

Жазба жұмыс (реферат)


Өздігімен оқу матери -алды талдау, жинақтау, қорытынды- лау

115 тақырып

ұсынылған әдебиеттер





Семестр бойынша

10 балл

Рефератты қогғау

5,10,15 апта

5

Жазба жұмыс

(бейне ф. андатпа)



Бейне материалдар арқылы теориялық білімдерін дамыту

11-12тақырып

ұсынылған

әдебиеттер


10-15 апта

5 балл

Жазба жұмыс

(андатпа)



15 апта

6

Жазба жұмыс (терминдік сөздікті құрастыру)

“Дүние жүзі тарихы"пәні бойынша негізгі тарихи терминдерді қолдана білу

1-12 тақырып ұсынылған әдебиеттер


Семестр бойынша


5 балл

Диктант, ауызша сұрау

15 апта

3.6. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1970

2.Античная Греция. В 2т.-М., 1983

3.Антонова К.А. и др. История Индии /К.А.Антонова.-М.,1973

4.Берлев О..Д.Трудовое население в эпоху Среднего царства/О.Д.Берлев.-М.,1972

5.Васильев Л. С. История Востока.-МС., 1998. Т. 1-2

6.Васильев Л.С.Древний Китай в 3-х томах/Л.С.Васильев.-М.,2000

7.Вебер М. Аграрная история древнего мира М.,2001

8. Всемирная история.-Мн., 2000. Т. 1-24 (см.1-5)

9.Гладкий В.Д. Древний мир. Энциклопедический словарь в 2-х тт. М.,1998

10.Гиоргадзе Г.Г. Очерки по социально-экономической истории Хеттского государства. Тбилиси, 1973.

11.Гарни О.Р. Хетты разрушители Вавилона. М.,2002

12.Дьяконов И.М.Пути истории М.,1995

13.Дьяконов И.М. Архаические мифы Востока и Запада М.,1990

14.ДьяконовИ.М.Законы Вавилонии,Ассирии и Хетского царства/ВДИ.1959.-№ 3,4

15..Дьяконов И.М.Развитие земельных отношений в Ассирии/И.М.Дьяконов.-Л.,1949.-гл.2

16.Дьяконов И.М.К вопросу о судьбе пленных в Ассирии и Урарту/ВДИ.-1952.- № 1

17.Древние цивилизации. В 2т.-М., 1990

18.Заболоцка Ю.История Ближнего Востока в древности М.,1989

19. История Востока.-М., 2000.Т. 1-6

20. История Древнего Востока/ Под ред. В. И. Кузищина.-М., 1999

21.История древнего мира. В 2т.-М., 1985.-т.2

22.История Древнего мира/ Под ред. И. М. Дьяконова, В. Д. Нероновой, И. С. Свенцицкой.-М., 1985. – Т. 1-3

23. История Древнего Рима (любое издание)

24.История древней Греции (любое издание)

25.Источниковедение истории Древнего Востока.-М., 1984

26.Мекабде Э.А. Хеттское общество. Экономика, собственность,семья и наследование.Тбилиси,1965.

27.Маккуин Дж. Хетты и их современники в Малой Азии. М.,1983

28.Практикум по истории Древнего мира/ Под ред. И. С. Свенцицкой.-М., 1981. Вып. 1-2

29.Попов В.П Остатусе рабов в Хетском государстве по данным Хеттских законов /ВДИ,1969.-№ 3

30.Словарь античности.-М., 1985

31.Савельева Т.Н. Аграрный строй Египта в период Древнего царства/Т.Н.Савельева.-М.,1962

32.Струве В.В. О «гуманности» Хетских законов /ВДИ.-1947.-№ 4

33. Хрестоматия Древнего Рима.-М., 1988

34.Хрестоматия по истории Древнего Восток/ Под ред. В. В. Струве и Д. Г. Редера.-М., 1963

35.Хрестоматия по истории Древнего Востока/ Под ред. М. А. Коростовцева, В. И. Кузищина.-М., 1980.-Ч. 1-2

36.Хрестоматия по истории Древнего Востока/ Сост. И коммент. А. А. Вигасина.-М., 1997

37.Хрестоматия по истории Древнего мира: Пособие для учителей/ Сост. Ю. С. Крушкол, Н. Ф. Мурыгина, Е. А. Черкасова.-М., 1975

38.Хрестоматия по истории Древней Греции.-М., 1976

39..Якобсон В.К. Правовое и имущественное положение воина редум времени 1Вавилонской династии /ВДИ,1963..№ 3

40..Янковская Н.Б. Некоторые вопросы экономики Ассирийской державы и Урарту/ВДИ.-1956.-№ 1


Қосымша әдебиеттер:


41. Андреев Ю. В. Раннегреческий полис.- Л., 1976

42. Берве Г. Тираны Греции.-М., 1997

43..Берлев О. Д. Общественные отношения в Египте эпохи древнего царства.-М., 1978

44..БокщанинА.Г.Историография истории ДревнегоРима.-М., 1981

45.Бонгард-Левин Г. М.Древнеиндийская цивилизация: Философия. Наука. Религия.-М-., 1980

46. Бонгард-Левин Г. М., Ильин Г. Ф.Индия в древности.-М., 1985

47..Бонгард-Левин Г.М. Кпроблеме земельной собственности в Древней Индии/ВДИ,1973.-№ 2

48. Васильев Л. С. История религии Востока-М., 1988

49.Васильев Л.С.Аграрные отношения и общины в Древнем Китае /Л.С.Васильев.-М.,1961

50.Властелины Рима.-М., 1992

51.Гай Светоний Транквил. Жизнь 12 цезарей.-М., 1993

52.Георгадзе Г. К. Очерки по социально – экономической Хеттского государства.-Тбилиси, 1973

53.Гомер Илиада (любое издание)

54.Гомер одиссея (любое издание)

55.Дандамаев М. А. Иран при Ахмендидах.-М., 1964

56.Дандамаев М.А.Рабство вВавилонии VII-IVвв.До н.э.-М., 1974

57.Древний Рим: История, быт, культура.-М., 1997

58. Древняя Греция: История, быт, культура.-М., 1997

59. Дройзен Й. История эллинизма.-Ростов-на-Дону, 1995

60.Дьяконов И. М. Общественный и государственный строй древнего Двуречья (Шумер).-М., 1959

61..Данге Ш.А. Индия от первобытного коммунизма до разложения рабовладельческого строя/Ш.А.Данге.-М.,1975

62.Думан Л.И. Реформы Ван Мана/ВДИ.-1940.-№ 1

63.История Древнего Востока/ Под ред. Г. М. Бонгард-Левина.-М., 1983-1988. Ч. 1-2

64.Кудрявцева М.К.Кастовая система в Индии. М.,1999

65.Коростовцев М. А. Религия древнего Египта.-М., 1976

66.Крюков М. А. Формы социальной организации древних китайцев. –М., 1970

67.Кто есть кто в античном мире.-М., 1993

68.Мифологический словарь.-Смоленск,2000

69.НемировскийА.И.Мифы и легенды ДревнегоВостока/А.И.Немировский.– Ростов на Дону., 2000

70.Переломов Л.С. Империя Цинь-первое централизованное государство в Китае/Л.С.Переломов. М.,1962

71.Степугина Т.В. О способах порабощения в Древнем Китае во времена империи Циньи ранних Хань/Сборник статей по истории стран Дальнего Востока.-М.,1955

72.Ямперс К.Смысл и назначение истории/К..Ямперс.-М.,1994



3.7. Рейтинг шкаласы.

Бақылау түрі

Балдар

Ағымды бақылау (дәрісханалық сабақ, семинар)

15

Аралық бақылау ( бақылау жұмысы, тест, оқу фильмдерге андатпа,конспектілеу, таблица толтыру)

30

Үй тапсырмасы (рефераттар, сөздік)

15

Қорытынды бақылау (емтихан)

40

Всего:

100



3.8. Әр түрлі жұмыстарды бағалау шкаласы мен белгілері.

1..Лекция (сабаққа қатысу-5; конспект жазу-5 )– 10 балл

2.Семинар( тапсырманы орындау-3,белсенді қатысу-2) – 5 балл

- СӨЖ


3.Бақылау жұмысы(тест-10, сұрақтарға жауап беру-5) – 15 балл

4.Реферат (мазмуның толық ашу-5;рефератты қорғау-5)- 10 балл

5.Сөздік – 5 балл

- ОСӨЖ

6.Конспектілеу – 5 балл

7.Таблица толтыру – 5 балл

8.Оқу фильмдеріне андатпа – 5 балл

Барлығы – 60 балл

4. Курстың саясаты

-сабақты себепсіз қалдырмау

-берілген тапсырмаларды талапқа сай мерзімде орындау

-семинар сабақтарда белсендік көрсету

-реферат жұмысын көрсетілген мерзімде тапсыру.

-сабаққа кешікпеу,ұялы телефонды сабақ үстінде өшіріп тастау

-босатқан сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында тапсыру, әр сабаққа дайындалу міндетті

-емтихан уақытында көшіруге тыйым салынады

-әріптестерге және оқытушыға шыдамды және мейірімді болу



2.НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ.

2.1 Курстың тақырыптық жоспары





Тақырыптың атауы

Сағаттар

саны













Дәріс

семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Ежелгі дүние тарихының алғашқы кезеңі


2




2

2

2.

Ертедегі Египет тарихы



2

2

4

4

3.

Ертедегі Қос өзеннің көне

тарихы


2




4

4

4.

Ертедегі Қоссөзеннің заңдары


2

2

4

4

5.

Ертедегі Ассирия



2

2

4

4

6.

Кіші Азия. Хетт тарихының негізгі мәселелері


2

2

3

3

7.

Ертедегі Иран және Орта Азия


2

2

2

2

8.

Ерте Индиядағы мемлекет


2

2

4

4

9.

Көне Қытай өркениеті


2

3

4

4




10.

Ертеректегі Таяу Шығыс

2




2

2

11.

Ежелгі Греция

5





6

6

12.

Ежелгі Рим тарихы


5




6

6




Барлығы

30

15

45

45


2.2 ДӘРІСТІК САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

1.Тақырып Ежелгі дүние тарихының алғашқы кезеңі (2 сағат)

1.Алғашқы таптық қоғамның шығуының алғы шарттары

2.Ерте көне дәуірдегі қоғамдардың даму жолдары.

3.Алғашқы қауымдық және ерте қоғамдар аралығындағы дүние

пайым.


Дәрістің тезистері.

Ерте дүние тарихының хронологиялық және географиялық

шеңберлері. Ерте дүние тарихының тарихнамалық мәселелері.

Таптық қоғамның құрылуы.Ерте көне дәуір кезеңіндегі тарихи даму жолдарының әртүрлілігі. Ерте дүние адамдарының дүние пайымы. Дін, дәстүр, абыздық мифтердің қоғамдағы ролі.



Негізгі әдебиеттер:7,9,12,13,17-19,35

Қосымша әдебиеттер:68,69,72
2.Тақырып Ертедегі Египет тарихы (2 сағат)

1.Ертедегі Египет тарихының түпдеректердің түрлері

2.Египеттегі шаруашылық ерекшеліктері

3.Мемлекеттің құлиеленушілік жүйесі

4.Египет мемлекетіндегі патша билігі

Дәрістің тезистері.

Ертедегі Египеттің табиғат жағдайы, халқы. Түпдеректердің түрлері. Египетологияға шолу. Архаикалық Египет. Ерте және Ежелгі патшалықтар кезеңіндегі. Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы. Ежелгі Египет патшалығы кезеңіндегі Египеттің шаруашылығы, сыртқы саясаты. Египеттегі Орта патшалық кезеңі. Бірінші өтпелі кезең. Екінші өтпелі кезең және гигсостардың шапқыншылығы. Египеттігі құлдар мен кедейлер көтерілісі. Жаңа және соңғы патшалықтар кезеңіндегі Египет. Египет империясының құрылуы.



Негізгі әдебиеттер: 1,4,5,9,12,20,22,28,31,34
Қосымша әдебиеттер: 43,63,65,72

3.Тақырып Ертедегі Қосөзеннің көне тарихы (2 сағ)

1.Ертедегі Қосөзеннің табиғат жағдайы, халқы.

2.Қосөзен тарихының түпдеректердің түрлері

3..Шумер-Аккад кезеңі.

4.Қала мемлекеттер(Ұр,Қыш т.б.)



Дәрістің тезистері.

Ертедегі Қосөзеннің табиғат жағдайы, халқы. Түпдеректері, тарихнамалық шолу. Шуммер-Аккад кезеңі. Ауыл шаруашылығының дамуы. Суармалы шаруашылық. Мүліктік теңсіздіктің пайда болуы. Құлдықтың пайда болуы. Қала мемлекеттер(Қыш, Ұр т.б). Қала мемлекеттердің саяси құрылысы.



Негізгі әдебиеттер:7,12,13,17,19,20,21,34,36,37

Қосымша әдебиеттер: 56,60,63,72
4.Тақырып Ертедегі Қосөзен заңдары(2 сағат)

1.Вавилонның Қосөзендегі ірі саяси,мәдени және экономикалық орталыққа айналуы

2.Вавилонның гүлденуі

3.Ертедегі Вавилонның шаруашылығы

4.Хаммурапи заңдары.

Дәрістің тезистері.

Вавилонның Қосөзендегі ірі саяси, мәдени экономикалық орталыққа айналуы. Ерте Вавилондық кезең. Хаммурапи патшаның билігі. Хаммурапи заңдары бойынша ертедегі Вавилонның шаруашылығы, жер иелік формалары, қоғамдық құрылысы. Вавилондағы касситтер билігі.



Негізгі әдебиеттер:1,5,9,12,14,17,19,20,28,34,37,39
Қосымша әдебиеттер: 56,60,63,72

5.Тақырып Ертедегі Ассирия (2 сағат)

1.Ассирия тарихының кезеңдері

2.Ерте және Орта патшалықтар

3.Аса қауіпті Ассирия державасының құрылуы.

Дәрістің тезистері.

Ертедегі Ассирия. Ассирия мемлекетінің табиғат жағдайы, халқы. Ассирия мемлекетінің саяси және қоғамдық құрылысы. Түпдеректері. Ерте және орта патшалықтар. Ортаассириялық заңдар. Таптық және әлеуметтік құрылысы. Отбасылық құқықтар. Патшалық билігінің күшеюі. Аса қауыпты Ассирия державасының құрылуы.



Негізгі әдебиеттер:5,7,9,12,14-17,28,34,35,37
Қосымша әдебиеттер:63,68,72

6.Тақырып Б.з.д. 2 мың. жылдықтағы Кіші Азия, Хетт тарихының негізгі мәселелері. (2 сағат)

1.Кіші Азияның табиғат жағдайы, халқы

2.Кіші Азияның саяси тарихы

3. Хетт патшалығы

4.Хетт тарихының негізгі мәселелері



Дәрістің тезистері.

Кіші Азияның табиғат жағдайы, халқы. Ерте және Орта Хетт патшалықтары. Б. э. д. IIғ. Хетт мемлекетінің шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Ауыл шаруашылығы. Қолөнер. Сауда. Хетт қоғамының әлеуметтік құрылысының ерекшеліктері. Құлдықтың дамуы. Хетт заңдары. Саяси қоғамының дамуы. Сыртқы саясаты.



Негізгі әдебиеттер:5,7-12,14,19,26-29,32,35
Қосымша әдебиеттер:52,68,72

7.Тақырып Ертедегі Иран және Орта Азия (2сағат)

1.Иран және Орта Азияның табиғат жағдайы мен халқы.

2.Ахеменидтер және Парсылардың өрлеуі

3.Парсы державасы

4.Кушан патшалығы және Парфия



Дәрістің тезистері.

Табиғат жағдайы, халқы. Түпдеректері. Элам мемлекетінің құрылуы. Элам қоғамының дамуы. Лидия мемлекеті мен қоғамы. I Дарий тұсындағы Парсы державасының құрылуы. I Дарийдің реформалары. I Дарийдің тұсындағы жоғары топтағы халқы қатынасы саясаты. Құшан державасы мен Парфия.Құшан державасының құрылуы. Экономика, әлеуметтік-саяси дамуы, мәдениеті. Парфия патшалығы.



Негізгі әдебиеттер:1,5,7-9,12,18,20,22,34,35

Қосымша әдебиеттер:55,63,72
8.Тақырып Ерте Индиядағы мемлекет. (2сағат)

1.Идияның табиғат жағдайы және халқы.

2.Ертеректегі Индияның өркениет орталықтары

3.”Ведолар “ тарихи түпдерек ретінде

4.Мауриелер державасының құрылуы және әлсіреуі, құлдырауы

5.Индтың көне өркенниеттері.



Дәрістің тезистері.

Ежелгі Үндістан мемлекетінің қалыптасуы. Табиғат жағдайы, халқы. Түпдеректері мен тарихнамалық шолу. Инд өркениеті. Ганг жазығындағы алғашқы мемлекеттер. Маурилер державасы. Ежелгі үнді қоғамы. Б. э. д I м. ж. 2 жартысындағы жалпы үнділік қоғамының қалыптасуы. Династиялық күрестер. Жалпы үнділік мемлекттің әлсіреуі. Ману заңдары бойынша ертедегі Үндістанның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысы. Үндістан мемлекетінің мәдениеті. Буддизм діні



Негізгі әдебиеттер:3,5,7,8,12,17,19-22,28,37

Қосымша әдебиеттер: 45-47,61,63,64
9.Тақырып Көне Қытай өркениеті. (2сағат)

1.Қытай тарихын кезеңдестірудегі мәселелер

2.Көне Қытайдағы ортандылықтыру үрдісі. Цинь империясы.

а.орталықтандырудың алғы шарттары

ә.орталықтындырудың бірінші тәжірибесі- Чжоу мемлекеті

3.Хань дәуіріндегі Қытай



Дәрістің тезистері.

Ежелгі Қытай өркениетінің қалыптасуы. Табимғат жағдайы, халқы. Түпдеректері мен тарихнамасы. Шань-Инь дәуірі. Ежелгі Қытайдағы бір орталыққа бағыну процессі. Цинь империясы. Цинь Шихуаньнің әкімшілік әскери реформалары. Сыртқы саясаты. Хань дәуіріндегі Қытай. Хань империясының құрылуы. У-ди билігі және оның реформалары. Хань империясының бөлінуі. Қытайдағы халық көтерілістер. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ғылыми ілімдердің дамуы. Конфуцийлық және даосизм теориялары.



Негізгі әдебиеттер:8,12,17,19-22,34,37

Қосымша әдебиеттер:49,62,63,66,70-72
10.Тақырып Ертеректегі Таяу Шығыс (2 сағат)

1.Ертеректегі Таяу Шығыстың табиғаты және халқы

2.Таптық қоғамның пайда болуы

3.Таяу Шығыс мемлекеттері.



Дәрістің тезистері.

Ертедегі Сирия мен Финикия. Түпдеректері. Жазба түпдеректері. Израиль-Иудея патшалықтары. Ертедегі Шығыс Жерорта теңізі. Халық мәдениеті және діні.


Негізгі әдебиеттер: 1,5,9,12,18,19-22,34-37

Қосымша әдебиеттер: 63,69,72
11.Тақырып Ежелгі Греция тарихы. (5 сағат)

1.Крит-микен өркениеті

2.Гомер кезеңіндегі грек қоғамы

3.Грек полисі

4.Грек-парсы соғыстары

5.Б.з.б Y-IYғғ.Грецияның саяси-экономикалық дамуы

6.Гүлдену кезеңіндегі Афина демократиясы

7.Македонияның жоғарылауы. А.Македонскийдың жаулап алу жорықтары.

8.А.Македонский державасының құлдырауы.

Эллинизм және оның мәні.



Дәрістің тезистері.

Ертедегі Грецияның табиғат жағдайы,халқы.

Түпдеректері олардың түрлері.Тарихнамасы.Крит-Микен цивилизациясы. Гомер шығармалары бойынша Ежелгі Грецияның шаруашлығы мен қоғамдық құрылысы.

Архаикалық Греция. Б.э.д.YIII-YI ғғ.

Ежелгі грек полисі,оның мәні,түрлері. Ежелгі грек отарлаулары. Тирания және полистың құрылуындағы маңызы. Бэ.д. Y-IY ғғ. Греция әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Грек экономикасының негізгі екі типі. Олардың басты белгілері. Ауыл шаруашылығы.”Классикалық құлдық ”ұғымы. Грек полистік жүйесінің дағдырысы.

Б.э.д.Y-YI ғғ. Македонияның өрлеуі.

Табиғат жағдайы, жалпы сипаттамасы. Алғашқы мемлекттердің пайда болуы және бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы. II Филип. Оның ішкі-сыртқы саясаты. Коринф конгрессі.



Эллинизм кезеңі.

Александр Македонскийдың Шығыска жорығы. Эллиндық мемлекеттер жүйесінің құрылуы.Александр Македонскийдың жорығы. Диодоктар соғысы және Эллиндық мемлекеттердің түрлері. Эллинизмның мәні.


Негізгі әдебиеттер: 1,2,5,8,12,21,24,28,30,37,38

Қосымша әдебиеттер: 41,42,53,54,58,59,67

12.Тақырып Ежелгі Рим тарихы. (5 сағат)

1.Аппенин жарты аралының ерте таптық қоғамы.

Этруск мәселесі

2.Ежелгі Рим тарихындағы патша кезеңі

3.Ерте Рим құлиеленушілік республикасы

4.Жерорта теңіздік Рим державасының құрылуы. Пуни соғыстары.

5.Рим империясының құрылуы

6.Рим империясының құлауы

Дәрістің тезистері.

Ертедегі Римнің табиғат жағдайы, халқы. Түпдеректері, олардың түрлері. Рим тарихының тарихнамасы. Ертедегі Римның географиялық және хронологиялық шеңбері. Кезеңдері.

Ертедегі Рим және Италия. Ертедегі Рим республикасы.

Ертедегі Рим республикасының құрылуы. Римнің Италияны жаулап алуы. Плебейлердің патрицийлермен күресі. Рим қоғамдық әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Ертедегі Рим республикасындағы қоғамдық қатынастар. XII кесте. Пуний соғыстары. Рим империясының құрылуы.

Алғашқы триумвират. Цезарь диктатурасы.Цезарь мен Помпей арасындағы азамат соғысы. Рим республикасының құлауы. Октавиан Августтың принципаты. Монархиялық жүйенің тарихи қажеттілігі. Октавианның саяси бағдарламасы. Августтың әлеуметтік және сыртқы саясаты. Б. э. д. I-Iiғғ. Рим империясының әлеуметтік-экономикалық қатынастары. экономикасының дағдарысы. Рим империясының колонаты. Iғ. Рим империясының діни өмірі. Христиан дінінің мәні. Рим қоғамына христиандықтың таралуы.

Рим империасының құлауы

Доминант кезіндегі Рим империясы. Диоклетиан мен Максимеанның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары. Константиннің ішкі саясаты. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының басы. Рим империясының екіге ыдырауы. Гундардың шапқыншылығы.Империяның құлауы



Негізгі әдебиеттер: 1,8,12,17,21,23,28,30

Қосымша әдебиеттер: 44,50,51,57,67



2.3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ:

1.Тақырып. Б.э.д. XVIIIғ. Египеттегі құлдар көтерілісі

1.Ежелгі және Орта патшалықтар кезеңіндегі Египет шаруашылығының дамуы

2.Көтеріліс барысы, оның қозғаушы күштері, жеңілу себептері

3.Котерілістің болған уақытын анықтау проблемасы

Әдістемелік нұсқаулар::

Сабақтың мақсаты-ежелгі Египет қоғамындағы негізгі әлеуметтік қайшылықтарды және оларды шешудің жолдарын анықтау. Түпдеректерге талдау жасай отырып, Египеттің шаруашылық қоғамдық дамуындағы, әлеуметтік топтардың жағдайындағы негізгі белгілерді ашып, қанаушылар мен қаналушылар арасындағы қайшылықтар себептерін (кедейлер мен құлдар көтерілісіне алып келген) анықтау қажет.

Египеттің шаруашылық дамуы мен қоғамның әлеуметтік құрылысын сипаттаған соң түпдеректерді зерттеу негізінде(Гераклеополь патшасының өзінің ұлы Мерикар патшаның ұлағаты, «Хеттидің ұлағаттары», «Антилопа номының номархы Аменнің жазбалары», «Ипувердің зары», «Нефертидің көріпкелдігі») еңбекші халықтың жағдайын, негізгі қайшылықтарды және қоғамдағы езілушілердің әлеуметтік назарлығының формаларын анықтау.

Көтерлістің сипатына баға беріп, көтерлістің жеңілу себептерін және мазмұнын ашу.

Тапсырмалар:

1.Египет тарихының негізгі кезендерін еске түсіріп, Ежелгі және Орта патшалық уақытын анықтаңыз.

2.Көтерілістің датасына орай мысалдар келтіріңіз

3.Ежелгі және Орта патшалықтар кезеңіндегі шаруашылық өмірдің, әлеуметтік құрылыстың, тікелей өндірушілер жағдааларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз

4. Кескін картаға Египет мемлекетінің шекарасын сызып келіңіз.

Негізгі әдебиеттер:1,4,5,7,9,12,17,20-22,31,34-38

Қосымша әдебиеттер:43,63,65
2.Тақырып.Хаммурапи заңдары бойынша Ертедегі Вавилонның шаруашылық және қоғамдық құрылысы

1.Хаммурапи заңдарына жалпы сипаттама

2.Х.З. бойынша ертедегі Вавилонның шаруашылығы

3.Ертедегі Вавилонның қоғамдық құрылысы

3.1жерге жеке меншік пен жер иелігінің формалары

3.2 Вавилондағы құлдық

3.3 Вавилондағы қауым

3.4 Ерікті халықтың түрлі формалары

3.5 Отбасылық құқық және мұрагерлік құқық

3.6 Сот ісі мен қылмыстық құқық



Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл сабақтың мақсаты-ерте вавилондық экономика,қоғамдық қатынастар, меншік қатынастарын анықтау; құқық пен құқықтар институттар туралы түсінік қалыптастыру.

Заңдарды тарихи дерек ретінде қолдану үшін, ең алдымен Ертевавилондық қоғамның құқықтық көзқарасы мен құқықтық институттарының жүйесін анықтап алу қажет. Қауымды сипаттайтың бірқатар баптар, қауым мүшелерінің жалпы жауапкершілігін, жауынгерлердің төлемін, отбасылық қатынастарға да жатады.

Хаммурапи заңдары мазмұнынан қылмыстың үш түрін анықтауға болады: жеке тұлғаға қарсы, мүліктік және отбасына қарсы. Заңда қарастырылған жаза түрлері оның мақсатымен анықталады. Ондай мақсат кек қайыру болып табылады. Сондықтан да жазаны анықтаған кезде заң шығарушы көп жағдайда талион принципіне жүгініп отырады.

Сот ісі мен қылмыстық құқықтың таптық және сословиелік сипатын, жай құқықтың сарқыншақтарын көрсету керек. Және де ертевавилондық қоғамдағы шынайы жағдай мен заңдардың баптарының мазмұны қаншалықты сәйкес келетінін анықтау қажет.

Тапсырмалар:

1.Хаммурапи заңдарының баптарын талдай отырып, ауыл шаруашылығы Месопатанияның барлық өмірінің негізі болды деген ойға тоқтауға бола ма?

2.Заңның баптарын пайдалана отырып, Вавилон қоғамында отбасына үлкен мән берілгенін көрсетіңіз

3.Заңда қылмыстық құқыққа оның нормаларының жекелеген сферасына бөлінбегендігіне қарамастан, үлкен орын берілген деген пікірмен келісесіз бе? Өз пікіріңізді негіздеңіз.

4.И. М. Дьяконовтың Хаммурапи заңдарына берген түсіндірмесіне мән беріңіз.(түсініктеме процедурасы)

5.Кесте толтырыңыз



Отбасылық құқықтар

Мұрагерлік құқық

Сот ісі

Қылмыстық құқық














Негізгі әдебиеттер:1,7,9,12,14,17,20-22,28,31,34-37

Қосымша әдебиеттер: 56,60,63,72


следующая страница>


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Пән-нің тақырыптық жоспары оқу жоспарына сай көрсетілген. Прак-тикалық сабақтардың жоспары, СӨЖ, осөЖ тапсырмалары, оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар берілген

316.86kb.

14 12 2014
1 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.