ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология факультеті
Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы
511030 - «География» мамандығына арналған
«Химия» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Өскемен, 2005
Құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Кафедра отырысында талқыланды
2005 ж. «____»______№__хаттамасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
ғылыми-әдістемелік кеңесінің
мәжілісінде талқыланып бекітілген
2005 ж. «____»______№___хаттамасы
Түйіндеме. Химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені «География» мамандығының студенттеріне арналады. Онда дәріс пен зертханалық сабақтарының негізгі мәселелері көрсетілген. Студенттер пәнге байланысты материалды толық және тереңірек игеру үшін оларға дәрістік сабақ конспектілері, тапсырманы орындауға арналған кестелер, есептер, жаттығулар, зерханалық жұмыс жоспары және тақырыптары, тестілер, бақылау мен өздік бақылау сұрақтары, реферат тақырыптары, өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар беріліп отыр.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005 жыл
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
1.1 Пән атауы: Химия
1.2 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы
1.3 Оқытушы: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна
1.4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 54 – 04 – 82
1.5 Өткізу орны: №1 және № 4 оқу ғимараттары, аудиториялар
1.6 Кредит саны: 1
1.7 Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Зертханалық жұмыс
|
СӨЖ
|
СОӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
Жалпы химия
|
1
|
2
|
1
|
5
|
10
|
15
|
15
|
45
|
Емтихан
|
1.8 Пререквизиттері: Оқылатын пәнді игеру үшін студент математика мен физиканың негіздерімен таныс болуы шарт. Сонымен қатар, химияның мектеп курсында өтілетін негізгі ұғымдарымен яғни: атом молекулалық ілім, стехиометрия заңдары, периодтық заң, әр түрлі деңгейдегі заттардың құрылысымен бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс, алу әдістері, аталуы. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Электролиттік диссоцияция теориясы (механизмі, сандық анықтамасы). Химиялық байланыс теориясы, жіктелуі, Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы. Металдар және бейметалдар.
1.9 Постреквизиттері: пәнді оқыту барысында алынған білімдерін география, жер қыртысының геохимиясында және экология пәндерінде қолдану.
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
2.1 Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың ғылыми–диалектикалық көзқарасын, шығармашылық ойлау танымын дамыту, химияның өмірмен, практикамен байланысын ашып, болашақ мамандарды практикалық білім-білік дағдылармен қаруландыруға бағытталады. Химия курсының мазмұны студенттердің химия циклі пәндерін терең меңгеруге негіз болып қалану керек.
2.2 Пәннің міндеттері:
Химияны оқу барысында студент төмендегідей білім – білік дағдыларын меңгеру қажет:
-
химиялық ыдыстармен, реактивтермен, спирт шамымен, электр қыздырғышпен жұмыс істей білу;
-
химиялық таразыларда өлшеу жұмыстарын орындай білу;
-
әртүрлі зертханалық операцияларды (ұнтақтау, еріту, қыздыру, суалту, ерітінді әзірлеу) орындай білу;
-
қарапайым приборларды құрастыру;
-
химиялық лабораторияларда жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасын сақтай білу;
-
тәжірибе қорытындысын түсіндіре білу, химиялық терминологияны дұрыс қолдана білу, сарамандық жұмыс нәтижесін сауатты, көркемдеп, қажетті анықтамалық материалды қолдана білу.
2.3 Пән мазмұны: Химия - заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Материяның нақты көрінісі (заттар) өте көп, осыған сәйкес жаратылысты зерттейтін ғылымдар да түрлі салаға бөлінеді.
Пәннің тақырыптарында табиғи құбылыстар мен процестерді түсіндіретін арнайы теориялар мазмұндалған. Онда химиялық зерттеу әдістерінің бірі – бақылау арқылы заттарды және түрлі құбылыстар мен процестерді терең түсіндіретін арнайы теориялар мазмұндалған.
Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:
-
Химияның негізін (атом молекулалық ілім, стехиометрия заңдары, периодтық заң, әр түрлі деңгейдегі заттардың құрылысы.
-
Периодтық жүйе құрылымы мен атом құрлысының байланысын түсіндіре білу.
-
Валентілік пен атомдардың тотығу дәрежесін, олардың жай және қозған түрлерінің құрылымы негізінде түсіндіре білу.
-
Атомдар, жай заттар мен элемент қосылыстарының қасиетінің атом құрылысына байланыстылығы.
-
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс, алу әдістері, аталуы.
-
Химиялық реакциялардың жіктелуі.
-
Электролиттік диссоцияция теориясы (механизмі, сандық анықтамасы). Электролиттік диссоциация, гидролиз, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану (екі әдіспен) реакцияларының теңдеуін жаза білу.
-
Химиялық байланыс теориясы, байланыс типтерінің түзілу себебін түсіндіре білу, кристалдық торлар типінің зат қасиеттеріне әсері.
-
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы.
-
Металл және бейметалл генетикалық қатары бойынша оксид, қышқыл, негіз, тұз қасиеттері мен әдістерін болжау.
-
Формула бойынша (салыстырмалы молекулалық масса, белгілі зат мөлшерінің массасы, молекула массасы, элемент массалары қатынасы, элементтің массалық үлесі, зат массасы ішіндегі элемент массасы, газдардың салыстырмалы тығыздығы. Салыстырмалы тығыздық және массалар қатынасы немесе элементтердің массалық үлесі бойынша заттың молекулалық формулсын құру.
-
Реакция теңдеуі бойынша масса, зат мөлшерін, көлемін табу.
3 ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма мақсаты және мазмұны
|
Ұсыны-латын әдеб.
|
Орындау
мерзімі
|
Балл (рейт. шкалаға сәйкес)
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
Зертханалық сабақ
|
Зертханалық сабақтар жоспары бойынша: жұмысқа алдын-ала дайындық, орындауға рұқсат алу, орындау техникасы, жұмыс дәптерін толтыру, жұмысты қорғау
|
Ұсынылған әдебиеттер тізіміне сәйкес
|
Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
әр тақырып бойынша 10 балға дейін
|
Ағымдық бақылау (зертханалық сабақтағы бақылау
|
Зертханалық сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
2
|
Ауызша жазбаша жауап
|
СОӨЖ жоспарына сәйкес: тақырып бойынша ауызша жауап, есеп шығару, бақылау жұмысы, тестік бақылау, өзіндік жұмыс
|
СОӨЖ-де ұсыныл-ған әдебиет тізіміне сәйкес
|
Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
20 баллға дейін әр жұмыс түрі бойынша
|
Ағымдық бақылау СОӨЖ
|
СОӨЖ сабағында сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
Кестенің жалғасы
3
|
Ауызша жауап
|
СОӨЖ жоспарына сәйкес: коллоквиум
|
ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес
|
Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
әр колоквиум 20 баллға дейін
|
Аралық бақылау СОӨЖ
|
СОӨЖ сабағында сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
4
|
Ауызша жазбаша жауап
|
СӨЖ жоспарына сәйкес: реферат, конспект, есеп шығару, жеке үй жұмысы
|
ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес (СӨЖ)
|
Сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай
|
әр жеке үй жұмысы үшін 10 баллға дейін
|
Үй жұмысын бақылау
|
СӨЖ оқу жоспарына сай
|
5
|
Емтихан тапсыру
|
1-14 тақырып (ауызша, билет бойынша: 2 теориялық сұрақ және есеп)
|
ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес
|
Семестр соңы
|
40 баллға дейін
|
Қорытынды бақылау
|
Оқу жоспарына сәйкес
|
3.1. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
-
Б.А.Бірімжанов.Жалпы химия. –Алматы.– «ҚазМУ», 2001.
-
О.А. Зайцев Общая химия. – М., 1983.
-
Н.В.Коровин и др. Курс общей химии. – М., 1990.
-
Н.Л. Глинка. Задачи и упражнения по общей химии. Л.: Химия. – 1990. – 272 с.
-
А.Т.Байбосынова, С.Қ.Қабдрахманова. Жалпы және анорганикалық химия практикумы. - Өскемен: ШҚМУ. –2004 ж.
-
Гузей Л.С., Сорокин В.В. Основные классы неорганических соединений. М.: МГУ. – 1992. – 16 с.
-
Глазовская М.А. Геохимия природных и техногенных ландшафтов. М.: Высш. Школа. – 1998.
-
Семенов Ю.М. Ланшафтно-геохимический синтез и организация геосистем.
-
Вовченко Г.Д., Третьяков Ю.Д., Резницкий Л.А. Общая химия. - М.: МГУ. - 1980. - 724 с.
Қосымша:
-
Н.Л. Глинка Общая химия. – Л., 1983.
-
Бигалиева М. Руководство по проведению лабораторных занятий по неорганической химии. – Усть-Каменогорск,1986.
-
М.М. Петров, Л.А. Михилев, Ю.Н. Кукушкин. Неорганическая химия. – Л:. Химия. – 1974 г.
-
Ю.А. Николаев, Металлы в живых организмах. – М., 1986.
-
Уильямс. Металлы в жизни. – М., 1975.
-
Химия и периодическая таблица. / К. Сайто, С. Хаякова, Ф. Такен, Х. Ямадера.
-
Н.Н.Павлов Неорганисекая химия. – М.: Высшая школа, 1986.
-
Г.П.Хомченко, К.И.Севастьянова Окислительно-восстановительные реакции. – М.: Просвещение, 1980.
следующая страница>