Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6
1. Сабақ тақырыбы: Химия зертханасында жұмыс істеудің техника қауіпсіздігі. Химиялық ыдыстар және аспаптармен жұмыс істеу.

Зертханада жұмыс істеу тәртібі;

Химия зертханасында жұмыс істеу тәртібі;

Реактивтерді пайдалану ережелері;

Химиялық ыдыстар және олармен жұмыс істеу тәртібі;

Химиялық аспаптар және олармен жұмыс істеу.

Үй тапсырмасы:

«Химиялық ыдыстар және аспаптар» тақырыбы бойынша ағымдық бақылауға дайындалу, түрі жазбаша (15 мин.)

АМІ және химия заңдары тақырыбының теориясына дайындалу;

АМІ және химия заңдары тақырыбы бойынша тестік бақылауға дайындалу;

19 - әдебиеттің 25-бетіндегі 5-8 есептерді шығару.

Негізгі әдебиеттер: 5-13 б. (19), 4-15 б. (18), с. 4-38 (16).
2. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілім (АМІ). Химияның негізгі ұғымдары. Химия заңдары.

АМІ негізгі қағидалары;

АМІ-нің сандық сипаттамасы;

Химия заңдары;

Зертханалық жұмыс: «Магний эквивалентінің мольдік массасын анықтау;

Зертханалық жұмыс қорытындысын шығару.


Тапсырма

Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар:

АМІ-нің негізгі қағидалары;

Атом және молекула массасы, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса деген не?

Зат мөлшері деген не? Формулалары қандай?

Мольдік масса мольдік көлем деген не?

Химияның стехиометриялық заңдары: зат массасының сақталу заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, газ заңдары;

Тақырып бойынша есептер шығару.

Үй тапсырмасы

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері тақырыбының теориясына дайындалу;

«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбына тестік бақылауға дайындалу;

19- әдебиеттің 66-67 бетіндегі 1-6 сұрақтарға жауап беру;

18- әдебиеттегі 86-87 беттегі 1-6 жаттығуларды орындау;

Зертханалық жұмыс дәптеріне 19- әдебиеттің 64-65 беттеріндегі тәжірибелік бөлімді көшіріп жазу.

Негізгі әдебиеттер: 14-25 б. (19), 15-29 б. (18), С. 38-55 (16).

3. Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері.

Бейорганикалық қосылыстырдың негізгі кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Аталуы, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеті, қолданылуы.

Химиялық реакцияның түрлері.

Зертханалық жұмыс істеу тақырыбы: «Қышқылдар, негіздер және тұздар». – (19: 64-65 б. 18: 85-86 б. әдебиеттер). Зертханалық жұмыс қорытындысын шығарып, реакция теңдеулерін жазу;

Тақырыпқа сай есептер шығару.

Үй тапсырмасы:

Химиялық процестердің жүруінің жалпы заңдылықтары тақырыбының теориясына дайындалу;

19-әдебиет 71, 75-76–беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге көшіріп жазу;

19-әдебиеттегі 72,76 беттердегі жаттығуларды орындау;

тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 45-52 б. (19), 46-58 б. (18), с. 77-92 (16).

4. Сабақ тақырыбы: Химиялық процестердің жүруінің жалпы заңдылықтары. Химиялық кинетика және тепе-теңдік

Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар.

Химиялық тепе-теңдік.

Химиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісі.

«Химиялық реакция жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын тапсыру;

Тақырып бойынша типтік есептер шығару;

Тестік бақылау.



Үй тапсырма:

1-модуль бойынша «Химияның алғашқы ұғымдары. Атом құрылысы. Периодтық заң және периодтық жүйе. Химиялық байланыс және химиялық процестің жүруінің жалпы заңдылықтары» тақырыбына коллоквиумға дайындалу;

«Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері» тақырыбы теориясына дайындалу және 18-әдебиеттегі 62-63 беттердегі сұрақтарға жауап беру;

19-әдебиет 89-91 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге көшіріп жазу;

19-әдебиет 91-беттегі сұрақтар мен жаттығуларды дәптерге орындау;

18-әдебиет бойынша тақырыпқа сай есептерді шығаруға дайындалу;

тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 71-78 б. (19), 59-61 б. (18), с. 99-108 (16).
5. Сабақ тақырыбы: Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері.


  1. Ерітінділер туралы жалпы түсініктер.

  2. Ерігіштік

  3. Ерітінділер концентрациясы.

  4. Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасау, қорытын­дысын шығарып оқытушыға тапсыру;

  5. Тақырыпқа сай есептер шығару;

  6. Тестік бақылау жазу.

Үй тапсырмасы:

«Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбының Тео­риясына дайындалу;

19-әдебиет 94-95 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зерт­ханалық дәптерге жазу;

18-әдебиет 77-78 беттердегі сұрақтарға жауап беру;

18-әдебиет 80-беттегі 1-5 есептерді шығару;

тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.



Негізгі әдебиеттер: 79-91 б. (19), 62-77 б. (18), с. 109-131 (16)

6. Сабақ тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы.

Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің ерекшеліктері.

Электролиттік диссоциация теориясы.

Диссоциациялану дәрежесі және константасы.

Әлсіз және күшті электролиттер.

Алмасу реакциялары.

Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқыту­шыға тапсыру;

Тақырыпқа сай есептер шығары;

Тақырып бойынша тестік бақылау жүргізу.

Үй тапсырмасы:

«Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш. Ерігіштік көбейтіндісі. Гидролиз» тақырыбы теориясына дайындалу;

19-әдебиеттегі 101-102, 109-111 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;

19-әдебиеттегі 102, 111-112 беттердегі сұрақтарға жауап жазып, жаттығуларды орындау;

тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу

Негізгі әдебиеттер: 92-100 б. (19), 77-83 б. (18), с. 131-138 (16)
7. Сабақ тақырыбы: Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі

Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.

Гидролиз.

Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқыту­шыға тапсыру;

Тақырыпқа сай есептер шығару;

Тестік бақылау жазу.



Үй тапсырмасы:

«Комплексті қосылыстар» тақырыбының теориясын талдау;

19-әдебиеттегі 66-67-беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;

19-әдебиеттегі 67-беттегі 10-12 есептерді шығарып, 7-9 есеп­терді шығару;

тақырып бойынша жазбаша бақылауға дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 96-112 б. (19), 81-85 б. (18), с. 138-153 (16)
8. Сабақ тақырыбы: Комплексті қосылыстар.

Координациялық теорияның негізгі қағидалары;

Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен номен­клатурасы;

Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі бағытталуы мен изо­мериясы;

Комплексті қосылыстағы химиялық байланыстар;

Комплексті қосылыстырдың аталуы.

Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытын­дысын шығарып, оқытушыға тапсыру;

Тақырып бойынша есептер шығару;

Бақылау жазу.

Үй тапсырмасы:

«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбын талдау;

19-әдебиеттегі 122-124 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;

19-әдебиеттің 125-бетіндегі 1-6 сұрақтарына жауап жазу;

18-әдебиеттегі 91-92 беттердегі 1-9 жаттығуларды орындау;

тақырып бойынша жазбаша бақылауға дайындалу.



Негізгі әдебиеттер: 60-67б. (19), 87-90 б. (18), с. 156-163 (16).
9. Сабақ тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Элементтердің тотықтырғыштық қасиеті.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары;

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру әдістері;

Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар;

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері;

Электродтық потенциал және электролиз.

Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқыту­шыға тапсыру;

Тақырыпқа сай есептер шығару

Бақылау жұмысын орындау.



Үй тапсырмасы:

«s және sp элементтер химиясы» тақырыбын талдау;

19-әдебиеттегі 127-129 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды дәптерге жазу;

19-әдебиеттің 130-бетіндегі 1-15 сұрақтар мен жаттығуларды орындау және жазбаша жауап беру;

тестік бақылау жұмысына дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 113-125 б. (19), 91-93 б. (18), с. 164-174 (16).
10. Сабақ тақырыбы: s және sp элементтер химиясы.


  1. s және sp – элементтерге тән жалпы заңдылықтар;

  2. s және sp элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы;

  3. s және sp элементтерінің алынуы мен химиялық қасиеті.

  4. Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқыту­шыға тапсыру;

  5. Тақырыпқа сай есептер шығару

  6. Бақылау жұмысын орындау.

Үй тапсырмасы;

2-модуль бойынша «Ерітінділер. Ерітінділер концентра­циясын белгілеу. Электролиттік диссоциация теориясы. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш. Гидролиз. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. S, sp және d элементтер химиясы» тақырыбы бойынша коллоквиумға дайындалу.

«Ауыспалы элементтер химиясы» тақырыбын талдау;

19-әдебиеттің 133-135-беттеріндегі тәжірибелік жұмыстарды зертхана дәптеріне жазу;

19-әдебиеттің 135-136 беттеріндегі жаттығулар мен есептерді орындау;

тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.



Негізгі әдебиеттер: 126-1131 б. (19), 147-152 б. (18), (16)
11. Сабақ тақырыбы: d элементтер химиясы.

d элементтердегі жалпы заңдылықтар;

d элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы;

Қосымша топша элементтерінің алынуы мен химиялық қасиеті.

Зертханалық жұмыс жасап, корытындылап, оқытушыға тапсыру;

Тақырып бойынша есептер шығару;

Бақылау жұмысы.

Негізгі әдебиеттер: 131-136 б. (19), 156-187 б. (18), (16).

Зертханалық сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар:

ұсынылған әдебиеттерді оқып талдау және оған сараптама жасау;

негізгі терминдер және түсініктермен жұмыс істеп, сөздік құру;

тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге мұқият көшіріп, реакция теңдеулерін жазу және оны оқытушыға тапсыруға дайындалу;

көрсетілген сұрақтарға жауап жазу;

Жаттығулар мен есептерді дәптерге орындау.



2.4 ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛА­ТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫН­ША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ (СОӨЖ)

СОӨЖ өткізу формасы:
1-тақырып. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары.

Тапсырма.

Химиядағы ғылыми-техникалық прогресс. Химия және био­логия;

АМІ. Химияның алғашқы ұғымдары. Оларды анықтайтын формулалар;

Еселік және көлемдік қатынас заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы.



СОӨЖ өткізу түрі. 1) Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес сағат көлемінде студенттермен әңгімелесу, консультация түрінде өткізіледі; 2) берілген есептерді студенттер өз бетімен орнындай отырып, қажет жағдайда тақтаға шығып шығаруы қажет.

Әдістемелік нұсқаулар: 1) тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерден басқа, лекция материалдарын алдын-ала пысықтау, зертханалық жұмыстарды зерделеп, әр типті есептерді шығаруға машықтану.

Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысының үлгісі:

1-нұсқа


Эквиваленттік массасы 9 г/моль металл, қышқылдан қалыпты жағдайда 0,5 л сутегін ығыстырып шығарады. Металдың массасын есепте.

Қайсыбір газ 98,7 кПа қысымда және 910С температурада 680 мл көлем алады. Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есепте.

Қалыпты жағдайда 27∙1021 газ молекуласы қандай көлем алады?

Этиленнің оттегі бойынша 0,875-ке тең. Газдың мольдік массасын есепте.

Газ тәрізді оксид құрамында 30,4% азот бар. Оксид молекуласында 1 атом азот бар болса, газдың оттегі бойынша тығыздығын есепте.

Негізгі әдебиеттер: 14-25 б. (19), 15-29 б. (18), с. 38-55 (16)
2-тақырып: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері

Бейорганикалық қосылыстырдың негізгі кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Аталуы, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеті, қолданылуы;

Химиялық реакцияның түрлері;

Зертханалық жұмысты қорғау;

Тақырыпқа сай есептер шығару.

Негізгі әдебиеттер: 53-65 б. (19), 85-86 б. (18), с. 153-156 (16)
3-тақырып: Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:

Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеу­лер бойынша есептеулер тақырыбын пысықтау:

а) заттың қарапайым формуласын есептеу;

ә) заттың нақтылы формуласын есептеу;

б) күрделі зат молекуласының құрамындағы әрбір элементтің массалық үлесін табу;

в) күрделі зат тағы элементтің массасын есептеп табу;

г) химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

19-әдебиеттегі 26-33 беттегі теорияға дайындалу;

19- әдебиеттегі 34- беттегі 1-10 есепті шығару;

«Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер» тақырыбына жазбаша бақы­лауға дайындалу;



Әдістемелік ұсыныстар:

берілген әдебиеттерден есеп үлгілерін пайдалана отырып есептер шығаруды үйрену;

бақылау жұмысын орындау.

Бақылау жұмысы бойынша орындалатын типтік есептер түрлері:

газ тәрізді қосылыстың құрамындағы сутегінің массалық үлесі 5,9, ал күкірттің массалық үлесі 91,1%-ке тең. 1 литр бұл газдың массасы 1,52 г-ға тең болған жағдайда газдың формуласы қандай?

Газдың ауа бойынша тығыздығы 0,59. Ондағы азоттың массалық үлесі 82,35, сутегінікі 17,65% болса, газдың формуласын анықта.

Кальций карбонаты құрамындағы кальцийдің массалық үлесін (%) есепте.

Көміртегінің қай қосылысында: угар газында СО, әлде көмірқышқыл газында СО2 көміртегінің массалық үлесі көп екенін есепте.

250 г ізбестастың СаСО3 құрамында қанша грамм кальций бар?

30 г көміртегі бар ас содасының NaHCO3 массасын есепте.

Көміртегіден және күкірттен тұратын 7,6 г қосылысты Жан­дырғанда 2,24 л көмірқышқыл газы және 4,48 л күкірт (IV) оксиді түзілді (қ.ж.) Заттың молекулалық формуласын есепте.

6,4 г мысты жандырғанда түзілетін мыс оксидінің зат мөлшері мен массасын есепте.

4 г қызыл фосфорды жағу арқылы 10,65 г фосфор (V) оксидін алуға бола ма? Жауапты есептеу арқылы дәлелде.

0,36 г магний галогенмен әрекеттескенде массасы 4,17 г магний галогениді түзілді. Қандай галоген магниймен әрекеттесті?

9,6 кг көмірді жандырғаннан алынған барлық көмірқышқыл газын 29,6 кг кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізсе, қандай тұз және қандай массамен түзіледі?



Ұсынылатын әдебиеттер: 26-34 б. (19), 30-38 б. (18), с. 56-68 (16), (14), (3), (17).
4-Тақырып: Атом құрылысы.

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:

Атом құрылысы тақырыбын пысықтап, бақылауға дайын­далу:

а) Атом құрылысының күрделілігнің даму эволюциясы;

ә) Атомның ядролық моделі. Атом ядросының құрылысы

б) Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар;

в) Атомның электрондық құрылысы;

г) Атомның энергетикалық күйін сипаттайтын квант сандары;

Тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу;

19-әдебиеттегі 44-беттегі сұрақтарға жауап беріп, жаттығу­ларды орындау;

Әдістемелік ұсыныстар:

ұсынылған әдебиеттерді толығымен оқып, ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және талдау;

негізгі түсініктерді жазып алу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 43 – 87 б. (2), С. 63 – 77 (4), С. 54-107 (3), 35 – 39 б. (19), 38-42 б. (18), 4 – 53 б. (1), (15).
5-Тақырып: Периодтық заң. Периодтық жүйе.

Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:

Периодтық заңның шығу тарихы;

Периодтық заңның анықтамасы;

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылысына сипаттама;

Период, топ анықтамалары;

Элементтер қасиеттерінің периодтылығы (атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электр терістілігі).;

18-әдебиеттегі 42-беттегі сұрақтарға жауап беріп, жаттығу­ларды орындау;

жазбаша бақылауға дайындық



Тапсырма: Периодтық жүйедегі элемент атомын периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау үлгісі:

Элементті және оның қосылыстарын периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау жоспары:

Элементтің периодтық жүйедегі орны:

Элемент аты;

Реттік нөмірі;

Салыстырмалы атомдық массасы;

Период нөмірі;

Үлкен не кіші период атомы;

Топ нөмірі;

Негізгі не қосымша топша элементі.

Периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысы:

ядро заряды;

электрон саны;

элемент ядросындағы протон саны;

элемент ядросындағы нейтрон саны;

элементтің нуклон саны;

электрондық қабат саны;

валенттілік электрондар саны;

элементтің электрондық формуласы;

электронды ұяшық формуласы;

бас квант саны;

орбиталь квант саны;

магнит квант саны;

спин квант саны.

Элементтің және оның қосылыстарының қасиеттері:



  1. валенттіліктері мен тотығу дәрежелері;

  2. металл не бейметалл;

  3. ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы;

  4. оксидтерінің формуласы;

  5. оксидтерінің қышқылдық-негіздік қасиеттері, гидроксидтерінің формулалары;

  6. қосылыстарының тотығу-тотықсыздану қасиеттері.

Әдістемелік ұсыныстар:

ұсынылып отырған әдебиеттерді оқып талдау;

жаңа терминдерді сөздікке тіркеу;

кез келген элементті алып жоғарыдағы жоспар бойынша талдап үйрену;

жоспар бойынша бақылау жұмысына дайындалу.

Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), С. 54-107 (3), (19), (1), (15), 38-42 б. (18).
6-тақырып: Химиялық байланыс.

Мақсаты: химиялық байланыс тақырыбы бойынша теориялық жағынан алған білімдерді жаттығулар орындау арқылы бекіту. Тақырып бойынша ағымдық бақылауға дайындық.



Тақырып сұрақтары:

Химияллық байланыс туралы негізгі көзқарастар.

Коваленттік байланысты ВБ және МО әдісі тұрғысынан қа­растыру;

Химиялық байланыс тың басқа түрлері;

Тақырыпқа сай есептер шығару;

Тақырып бойынша жазбаша бақылау.



Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:

Химиялық байланыс тақырыбының теориясына дайындалу;

19-әдебиеттің 52-бетіндегі 1-9 сұрақтарға дәптерге жауап жазу;

19-әдебиеттің 52-бетіндегі 10-15 есептерді шығару.

Аталған тақырып бойынша бақылау жұмысына дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 45 –52 б. (19), 46-59 б. (18), с. 68-77 (16).

Тапсырма:

Төменде берілген жаттығуларды орындап, бақылау жұмысына дайындалу:

SCl4, SiCl4, ClF3 және JBr молекулаларындағы байланыс сипатын анықтаңыз және олардың әрқайсысы үшін байланыстың электрон тығыздығының ығысу бағытын көрсетіңіз. Байланыстың полюстілігі өсу ретімен моле­кулаларды қатарға орналастырыңыз.

SiH4 және кремний тетра галогенидтерінің молекулалары түзілу алдында кремний атомы орбиталінің гибридтену түрі қандай? Олардың кеңістіктегі құрылымы қандай?

Электронды а) байланыстырушы МО, ә) босаң МО шығар­ғанда молекулалардың және күрделі иондардың қандай қасиеттері және қалай өзгереді?

Li2 және Be2 молекулалары өмір сүре ала ма және олардың байланыс еселігі қандай?

О2, О2-, О22- бөлшектері қатарында байланыс еселігін және энергиясын салыстырыңыз.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
7-тақырып: Химиялық процестердің жүруінің жалпы заңды­лықтары. Термохимия заңдары, термодинамика элементтері

Химиялық термодинамика элементтері;

Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар.

Химиялық тепе-теңдік.

Химиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісі.

Тақырыпты толық меңгеру үшін орындалатын жаттығулар:

16 г кальций карбиді суда ерігенде 31,3 кДж жылу бөлінеді. Түзілген кальций гидроксидінің стандартты түзілу жылуын анықтаңыз (қажетті мәліметтерді 1-әдебиеттің 6А кесмтесіне алыңыз);

егер реакцияның термохимиялық теңдеуі: 3Fe + 2O2 = Fe3O4 + 1116 кДж бойынша жүрсе, 560 кг темір жанғанда қанша жылу энергиясы бөлінеді?

Этан және этиленнің жану жылулары ∆Н0жану2Н6) = - 1560 кДж/моль және ∆Н0жану = - 1411 кДж/моль. Этиленді гидро­гендеу С2Н4 + Н2 = С2Н6 реакциясының ∆Н0 есептеңіз (судың түзілу жылуы ∆Н0түз2О) = - 286,2 кДж/моль);

Реакция жылдамдығын 4 есе өсіру үшін 2СО = СО2 + С системасындағы көміртек (II) оксидінің концентрациясын неше есе өсіру керек?

Егер температуралық коэффициент 3,2-ге тең болса, температураны 400С-қа жоғарылатқанда химиялық реакция жылдамдығының константасы неше есе өседі?

Мына қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константаларының өрнегін жазыңыз:

1) BaO(қ) + СО2 (г) ↔ ВаСО3(Қ)

2) Fe3O4(қ) + 4Н2 (г) ↔ 3Fe (қ) + Н2О(г)

3) N2(г) + 3Н2(г) ↔ 2NH3 (г)



Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
1-ші модуль бойынша коллоквиум өткізу.

Студенттерге қойылатын талаптар:

1-6 тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға өздігінен дайындалу;

көрсетілген әдебиеттерді оқып, талдау;

жаңа түсініктер мен терминдер жазуға арналған дәптерді тексерту;

негізгі түсініктер мен анықтамаларды жаттау;

1-6 тақырып бойынша жасалған зертханалық жұмыс қорытындылары жасалып, оқытушыға тапсырылуы қажет;

1-7 тақырыбы бойынша ағымдық бақылаудан төмен баға алынса, оны жоғарылату керек;

үйге берілген тапсырмалар толық орындалып тексеруден өтуі тиіс.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда студент коллоквиум тапсыруға жіберілмейді.


<предыдущая страница | следующая страница>


«Жалпы химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ард

663.75kb.

15 12 2014
6 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚу -әдістемелік кешен өскемен 2005 Құрастырған :Құсманова Күлжібек Әскенқызы

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша

511.92kb.

14 12 2014
3 стр.


География мамандығы үшін Экономикалық және әлеуметік географияға кіріспе пәні бойынша

Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география

181.69kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050114 «тарих» мамандығЫ Үшін

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж

488.02kb.

25 12 2014
3 стр.