8-тақырып: Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері.
Мақсаты: Ерігіштік және ерітінділер концентрациясы тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс нәтижесін тапсыру және бақылау жұмысы бойынша қатемен жұмыс істеу арқылы типтік есептер шығару.
Есеп үлгілері:
100 г суда 5 г қант ерітілді. Қанттың ерітіндідегі массалық үлесін (%) есепте;
1кг тұз ерітіндісінің құрамында 0,075 кг тұз болса, ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%) қандай?
Мүсәтір спирті – газ тәрізді аммиактың сулы ерітіндісі. Дәріханаларда мүсәтір спиртін дайындау үшін 300 г суға 112л (қ.ж.) аммиак ерітілді. Алынған ерітіндідегі аммиактың массалық үлесін (%) есепте.
100 мл 96%-тік күкірт қышқылы ерітіндісіне (тығыздығы 1,84 г/мл) 400 мл су құйылды. Алынған ерітіндідегі күкірт қышқылының мольдік концентрациясы мен массалық үлесін есепте. Берілген есепте қандай қате жіберілген?
Тығыздығы 1,14 г/мл 20%-тік күкірт қышқылы ерітіндісінің эквивалентті концентрациясын есептеу.
Аммоний нитратын өндіру үшін 60%-ті азотқышқылының ерітіндісін қолданады. Осы ерітіндінің мольдік және моляльды концентрациясын есептеу. Ерітіндінің тығыздығын кеседен қараңыз.
66,8 г күкірт қышқылы 133,2 г суда ерітілген. Алынған ерітіндінің тығыздығы 1,25 г/мл. осы ерітіндінің: а) проценттік, ә) мольдік, б) эквивалентті концентрацияларын есептеу.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
9-тақырып: Электролиттік диссоциация теориясы.
Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің ерекшеліктері.
Электролиттік диссоциация теориясы.
Диссоциациялану дәрежесі және константасы.
Әлсіз және күшті электролиттер.
Алмасу реакциялары тақырыптары бойынша жаттығулар орындау.
Жаттығулар түрлері:
Темір (III) хлориді, калий карбонаты, мыс (II) гидроксиді, фосфор қышқылының ерітіндідегі диссоциациялану теңдеуін және диссоциациялану тұрақтысын жазу.
Бастапқылардан ерігіштігі аздау қосылыстартүзілу реакцияларының теңдеуін молекулалы-иондық түрде жазыңыз: а) Pb(NO)2 + K2S → … ә) Ba(NO3) + Al2(SO4)3;
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
10-тақырып: Алмасу реакциялары. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі. Ерігіштік көбейтіндісі;
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
Гидролиз.
Зертханалық жұмыс қорытындысын қабылдау;
Тақырыпқа байланысты типтік есептер шығару;
Есептер үлгісі:
BaCrO4 қаныққан ерітіндісінің 1 литрінде 1,5∙10-5 моль тұз болды. BaCrO4 ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз;
егер Н+ иондарының концентрациясы (моль/л) а) 10-8; ә) 2∙10-4 б) 8∙10-7; в) 0,4∙10-11 болса, ОН- иондарының концентрациясын есептеңіз;
егер ОН- иондарының концентрациясы (моль/л) а) 4∙10-10;
ә) 1,6∙10-13 б) 5∙10-6; в) 3,2∙10-7 болса, Н+ иондарының
концентрациясын есептеңіз;
ерітіндідегі рН=2,4 болса, сутек иондарының концентрациясын есепте;
Тұздар гидролизінің теңдеулерін молекула-иондық түрде жазыңыз және олардың су ерітінділерінің реакциясын көрсетіңіз: а) NaHSO3; ә) NaHS; б) ZnCl2; в) AlCl3;
г) Fe2(SO4)3;
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
11-тақырып: Комплексті қосылыстар.
Мақсаты: бақылау жұмысына дайындық. Типтік есептер шығару.
Бақылау жұмысының есептер үлгісі:
Берілген комплексті қосылыстардағы комплекс түзушінің зарядын анықта: а) Na[Co(SCN)2 (C2O4) (NH3)2]; ә) K2[HgJ4]; б)[Cu(H2O)2(OH)2];
Fe3+ катионы берілген, осыны комплекс түзуші ретінде пайдаланып, катионды, анионды және бейтарап комплексті қосылыстың формуласын құрастыр;
Cu2+ катионын пайдаланып, комплексті қосылыстың координациялық, гидратты, ионизациялық изомеріне мысал келтіріп, ата;
Берілген комплексті қосылыстардың формуласы бойынша атын ата: K3[Cr(CN)6], [CrF3(H2O)3];
Берілген комплексті қосылыстың аты бойынша формуласын құрастыр: а) гексанитрито кобальтат (III) гекса амин кобальта; ә) натрийдің моноамингексацианоферраты (III); б) диаминдихлороплатина.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
12- тақырып: Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Элементтердің тотықтырғыштық қасиеті.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары;
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру әдістері;
Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар;
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері;
Электродтық потенциал және электролиз.
Бақылау жұмысын дайындау. Тақырыпқа сай есептер шығару.
Есептер: төменде берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс және ионды-электронды әдіспен теңестіріңіз;
HNO3+Cu→Cu(NO3)2+NO+H2O
K2Cr2O7+H2S+H2SO4→Cr2(SO4)3+S+K2SO4+H2O
K2Cr2O7+HI+H2SO4→Cr2(SO4)3+I2+K2SO4+H2O
KmnO4+FeSO4+H2SO4→MnSO4+Fe2(SO4)3+K2SO4+H2O
KmnO4+H2O2+H2SO4→MnSO4+K2SO4+O2+H2O
FeSO4+K2Cr2O7+H2SO4→Fe2(SO4)3+K2SO4+Cr2(SO4)3+H2O
NaCrO2+Br2+NaOH→NaBr+Na2CrO4+H2O
Әдістемелік нұсқау:
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының схемасы бойынша теңдеулерін аяқтап, электронды баланс және ионды электронды тәсілдермен коэффициенттерін қоюға дағдылану қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
13-тақырып: s және sp - элементтер
S және sp элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы;
табиғатта таралуы мен физикалық қасиеттері;
химиялық қасиеті;
алынуы мен қолданылуы;
сутекті қосылыстары;
оттекті қосылыстары.
Зертханалық жұмыс корытындысын оқытушыға тапсыру;
Тақырып бойынша есептер шығару:
Типтік есептер:
7,2 г натрий гидридіне қалыпты жағдайда сумен әсер еткенде бөлінетін сутегінің көлемін анықта;
Төменде берілген реакция тізбегін іске асырып, қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциясына жататынын анықтаңыз: ZnS → H2S → SO2 → BaSO3
Массасы 245 г (қ.ж.) бертоле тұзын ажыратқанда түзілген оттегінің мөлшерін анықта.
Озонатор арқылы 25 л оттегі жіберілді. Оттегінің 15%-і ғана озонға айналды. Қалыпты жағдайда озонданған оттегі қанша көлем алады?
62 г фосфоритті құм және көмірмен қосу арқылы алынған фосфорды жандырып, түзілген өнімді суда еріткенде алынған фосфор қышқылының массасын анықтаңыз.
Төмендегі реакция тізбегін іске асырыңыз:
CaO → CaC2 → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2
1т кәдімгі шыны алу үшін қанша сода, ізбестас және кремнезем қажет?
натрий гидриді ажырағанда бөлінген газды қыздырылған мыс (II) оксиді арқылы өткізді. Қатты зат массасы 12 г азайды. Алынған гидридтің массасын анықтаңыз;
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
14 - тақырып: d-элементтер химиясы.
2-модуль бойынша «Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясын белгілеу. Электролиттік диссоциация теориясы. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш. Гидролиз. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. S, sp және d элементтер химиясы» тақырыбына коллоквиумға дайындалу;
d - элементтердегі жалпы заңдылықтар;
d- элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы;
Қосымша топша элементтерінің алынуы мен химиялық қасиеті.
Зертханалық жұмыс корытындысын оқытушыға тапсыру;
Тақырып бойынша үйге берілген есептерді талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
2.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ (СӨЖ)
1-тақырып: Кіріспе. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Тапсырма:
Оқуға: Химия ғылымының дамуының негізгі кезеңдері. Химияның халық шаруашылығындағы маңызы. Заттың агрегаттық күйі.
Конспект жазуға: Химияның негізгі заңдары. Негізгі формулалары. Химияның алғашқы ұғымдары.
Тапсыру мерзімі: 2-аптаның соңы.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
2-тақырып: Бейорганикалық қосылыс-тардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері
Тапсырма: оқуға: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Үй тапсырмасын орындау.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
3-тақырып: Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер
Тапсырма:
● берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулердің әрбір түріне жазбаша мысал келтіру;
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
Тапсыру уақыты: 4-аптаның соңы
4-тақырып Атом құрылысы.
Тапсырма:
● атом құрылысының күрделілігінің даму эволюциясының тарихы бойынша әр ғалымдардың ашқан жаңалықтарын конспектілеу;
● реферат жазу.
Тапсыру уақыты: 5-апта
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
5-тақырып: Периодтық заң, периодтық жүйе.
Тапсырма:
● Д.И.Менделеевтің периодтық системасының құрылымы. Атом қабаттары мен қатпарларын толтырудағы ерекшеліктерді талдау;
● негізгі түсініктерді жазу;
● реферат
тапсыру уақыты: 6-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (1), (9).
Қосымша әдебиеттер: (18), (21).
6-тақырып: Химиялық байланыс.
Тапсырма:
● Химиялық байланыс туралы ұғымның даму тарихына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін жазу;
● сутектік, металдық, иондық байланыстарды талдап жазу.
Тапсыру уақыты: 7-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (1), (9)
Қосымша әдебиеттер: (18), (21).
7-тақырып: Химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік Термохимия заңдары, термодинамика элементтері
Тапсырма:
● тақырып бойынша негізгі терминдер мен анықтамаларды сөздікке тіркеу;
● катализатор. Катализатордың химиялық реакция жылдамдығына әсері тақырыбына конспект жазу;
● реферат
Тапсыру уақыты: 8-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (1), (9).
Қосымша әдебиеттер: (18), (21).
8-тақырып Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері.
Тапсырма:
Ерітінділердің концентрациясын белгілеу тақырыбы бойынша есеп түрлерін іздестіру, әр студент 5 есептен шығарып өткізу.
Тапсыру уақыты: 9-апта
Негізгі әдебиеттер: (19), (18), (16).
9-тақырып: Электролиттік диссоциация теориясы.
Тапсырма:
Тақырыптың негізгі ұғымдарын конспектілеу;
Қышқыл және негіз туралы қазіргі заманғы теориялар жайлы ғалымдар еңбектерін талдау, конспектілеу.
Тапсыру уақыты: 10-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (1),
Қосымша әдебиеттер: (18), (21).
10-тақырып: Алмасу реакциялары. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі. Тапсырма:
оқуға: тақырып теориясын талдау
жазбаша: 5 тұзды мысалға алып, гидролиздену реакциясының әр сатысының иондық және молекулалық түрін жазу;
судың иондық көбейтіндісін талдап, конспектілеу.
Тапсыру уақыты: 11-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (9),
Қосымша әдебиеттер: (18).
11-тақырып: Комплексті қосылыстар.
Тапсырма:
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды конспектілеу;
Fe3+, Cu2+, Ag+, Zn2+, Fe2+, Ni2+, Sn2+, Au+ иондарын пайдалана отырып катионды, анионды, бейтарап және бикомплексті қосылыстардың формуласын құрасырыңыздар.
Тапсыру уақыты: 12-апта
Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (9),
Қосымша әдебиеттер: (18).
12-тақырып: Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
<предыдущая страница | следующая страница>