Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6
Тапсырма:

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерітіндіде жүретін түрлеріне талдап, қышқылдық, негіздік және бейтарап ортадағы реакцияларға мысал келтіріп жазу;

22-әдебиет 49-50-беттегі бақылау жаттығулары мен есептерді шығару.



Тапсыру уақыты: 13-апта

Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (19), (1), (9), (22).

Қосымша әдебиеттер: (26), (27), (18).
13-тақырып s және sp – элементтер

Тапсырма:
Оқуға: s және sp элементтердің тірі организмде атқаратын ролі;

Жазбаша:әрбір студент s және sp элементтердің 10-на сипаттама беру (табиғаттағы қосылыстары, физикалы, химиялық қасиеттері. Атом құрылысының сипаттамасы. Қолданылуы)

Тапсыру уақыты: 14-апта

Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (9).

Қосымша әдебиеттер: (26), (18).
14-тақырып: d- элементтер химиясы.

Тапсырма:

d- элементтердегі жалпы заңдылықтарды сипаттау, жазу;

Қосымша топша элементтерінің алынуы мен химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу.

Реферат.


Тапсыру уақыты: 14-аптаның соңы

Негізгі әдебиеттер: (2), (3), (9).

Қосымша әдебиеттер: (18), (4), (21), (19)

СӨЖ орындауға негізделген әдістемелік ұсыныстар:

берілген әдебиеттерді міндетті түрде оқып, талдау;

берілген есептерді шығару;

сөздікке жаңа терминдерді жазу;

элементтердің алынуы, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін міндетті түрде жазу;

берілген тақырыптар бойынша әр студент бір реферат жазып оны қорғау керек.



2.7 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Реферат тақырыптары:

Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін негізгі Тео­риялар;

Химиялық байланыс жайлы теориялардың даму тарихы;

Катализатордың химиялық реакция жылдамдығына әсері;

Оттегінің тірі табиғатта алатын орыны;

Күкірттің негізгі қосылыстары, алынуы, химиялық қасиеті;

Азоттың табиғатта атқаратын негізгі ролі;

Фософрлы минералды тыңайтқыштыр;

Көмірдің халық шаруашылығында алатын орыны;

Сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосы­лыстары;

d-элементтердің табиғатта кездесетін қосылыстары;
Рефератты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

1. Реферат құрылымы:

бірінші беті

мазмұны


кіріспе бөлім

негізгі бөлім

қорытынды бөлім

қолданған әдебиеттер тізімі

2. Мазмұнына қойылатын талаптар:

мазмұнында беттері көрсетілуі керек

кіріспе бөлімі тақырып өзектілігінен, әдебиеттерге шолу жасаудан, мақсаты мен міндеттерінен тұрады (мөлшермен 1,5-2 бет)

негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық жақтары толық ашылуы тиіс (көлемі – 15 беттей)

қорытынды бөлімде тақырыптың тұжырымы жазылады (көлемі – 1-2 бет)

әдебиеттер тізімі қолданылу реті бойынша жазылады

3. Талаптары:

реферат А4 форматты бетте компьютерде терілуі немесе әдемілеп қолдан жазылуы қажет



рефераттың көлемі – қолдан жазылса 20 беттей болуы тиіс.

Модуль бойынша бақылау сұрақтары
1-модуль сұрақтары:

  1. АМІ-нің негізгі қағидалары;

  2. Атом массасы, салыстырмалы атомдық масса деген не?

  3. Салыстырмалы молекулалық масса деген не?

  4. Газ тәрізді заттардың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау әдістері;

  5. Зат мөлшері деген не? Моль. Негізгі формулалары.

  6. Заттың мольдік массасы.

  7. Мольдік көлем деген не?

  8. Химия заңдары;

  9. Зат массасының сақталу заңы;

  10. Эквивалент заңы;

  11. Эквивалент, эквиваленттік масса деген не?

  12. Күрделі заттардың эквивалентін есептеу формулалары;

  13. Еселік қатынас заңы;

  14. Көлемдік қатынас заңы;

  15. Газ заңдары: Авогадро заңы, Гей-Люссак заңы, Бойль-Мариотт заңы, Шарль заңы.

  16. Идеал газ күйін сипаттайтын теңдеу;

  17. Менделеев-Клайперон теңдеуі;

  18. Атом деген не?

  19. Атом құрылысы қандай?

  20. Атом ядросы неден тұрады?

  21. Атомның ядролық моделі;

  22. Протон мен нейтронның бір-біріне айналу теңдеуін жаз;

  23. Изотоп деген не?

  24. Изотон деген не?

  25. Изобара деген не?

  26. Радиоактивтілік деген не?

  27. Радиоактивтілік ыдыраудың екі түрін нақты мысалдармен көрсет;

  28. Ядролық реакциялар түрлерін көрсет;

  29. Бор моделі бойынша атомның электрондық қабатының құрылысы;

  30. Бор постулаты;

  31. Квант механика тұрғысынан электронның энергетикалық деңгейінің сипаттамасы;

  32. Бас квант саны;

  33. Орбиталь квант саны;

  34. Магнит квант саны;

  35. Спин квант саны;

  36. Атомның электрондық орбиталі деген не?

  37. Электрондардың кеңістіктегі бағытын сипатта;

  38. Көп электронды атомдар;

  39. Клячковский қатары;

  40. Паули принципі;

  41. Гунд ережесі;

  42. Атомның электрондық конфигурациясы деген не?

  43. Период деген не?

  44. Период ішіндегі элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  45. Топ деген не?

  46. Негізгі және қосымша топшаларға сипаттама бер;

  47. Элементтердің кластарын сипатта;

  48. Элементтердің қасиеттерінің периодтылығы

  49. Атом және ион радиустары;

  50. Иондану энергиясы;

  51. Электрон тартқыштық;

  52. Электртерістік;

  53. Валенттілік деген не?

  54. Екіншілей және іштей периодтықтар;

  55. Периодтық заңның маңызы;

  56. Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы;

  57. Химиялық байланыстың түрлерін ата;

  58. Коваленттік байланыс деген не? Льюис теориясы;

  59. Валенттілік байланыс әдісі;

  60. Байланыс энергиясы деген не?

  61. Байланыс ұзындығы деген не?

  62. Валенттік бұрыш деген не?

  63. ВБ әдісі бойынша элементтердің валенттілігі;

  64. Коваленттік байланыстың бағытталуы;

  65. Гибридтену деген не? Мысал келтір;

  66. Еселі байланыстар;

  67. Коваленттік байланыстың полюстігі; полюсті және полюссіз ковалентті байланыстар;

  68. Донорлы-акцепторлы байланыс деген не? Мысал келтір;

  69. Молекулалық орбитальдар әдісі (МО). Артықшылығы;

  70. МО әдісінің негізгі қағидалары;

  71. Иондық байланыс деген не? Коссель теориясы;

  72. Иондық байланыстың қасиеттері;

  73. Валенттілік және элементтердің тотығу дәрежесі;

  74. Сутектік байланыс деген не?

  75. Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз не?

  76. Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Әсер етуші массалар заңы.

  77. Реакция жылдамдығына температура әсері. Вант-Гофф ережесі.

  78. Реакция жылдамдығына катализаторлардың әсері. Катали­затор. Ингибитор.

  79. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар.

  80. Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы. Оның физикалық мәні.

  81. Тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдікке температураның, қысымның және концентра­цияның әсері.

  82. Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялар.

  83. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.

  84. Термохимия, Термодинамика.

  85. Термохимиялық теңдеу. Ішкі энергия. Термодинамиканың біпінші бастамасы. Энтальпия.

  86. Термохимия заңдары. Гесс заңы. Гесс заңының салдары. Стандартты түзілу жылуы немесе стандартты түзілу энтальпиясы.

  87. Стандартты энтропия. Химиялық реакциялардың бағатын анықтайтын факторлар: изобара-изотерма және изохора-изотерма потенциалдары.


2-модуль сұрақтары:

  1. Дисперсті жүйе деген не?

  2. Еріген зат және еріткіш туралы түсінік.

  3. Еру процесінің сипаттамасы. Оған әсер ететін факторлар.

  4. Қанық ерітінді.

  5. Ерігіштік. Қатты заттардың суда еру процесіне сипаттама.

  6. Газдардың суда еруі. Генри заңы. Дальтон заңы. Қанық, сұйық және концентрленген ерітінділер.

  7. Ерітінділер концентрациясын белгілеу: ертіндінің массалық үлесі, мольдік және нормалдық концентрациялар, молял­дылық. Ерітіндінің титрі.

  8. Ерітінділердің қасиеттері.

  9. Электролиттер деген не?

  10. Бейэлектролиттер деген не?

  11. Электролиттік диссоцияциялану процесі. Диссоциациялану дәрежесі.

  12. Активті концентрация. -активтілік коэффициенті.

  13. Күшті және әлсіз электролиттер.

  14. Ерітіндінің иондық күші. Біртіндеп диссоциациялану.

  15. Диссоциациялану константасы және дәрежесі.

  16. Қышқылдар, негіздер және тұздарға электролиттік диссоциа­ция тұрғысынан анықтама беру.

  17. Ионды-молекулалық реакциялар.

  18. Еру процесіндегі тепе-теңдік және оның константасы.

  19. Қанық ерітіндінің ерігіштік көбейтіндісі.

  20. Таза судың электр тогын өткізуі.

  21. Бейтарап ерітінділер. Сутек және гидроксид иондарының концентрацияларын есептеу.

  22. Судың диссоциациялануына әрекеттесуші массалар заңын қолдану. Су иондарының көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.

  23. Индикатор. Индикаторлардың түсін өзгертуі.

  24. Ерітінділердегі реакциялар. Нейтралдау реакциясы.

  25. Тұздардың гидролизі. Олардың жүру жолдары: әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзы, күшті қышқыл мен әлсіз негізден тұратын тұз, күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұз және әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден тұратын тұз.

  26. Тұздар гидролизінің константасы. Гидролиздену дәрежесі.

  27. А.Вернердің координациялық теориясының негізгі қағида­лары.

  28. Комплекстүзушілер, лиганда, Ішкі және сыртқы сфералар. Координациялық сан.

  29. Комплексті қосылыстардың формуласын анықтау әдістері.

  30. Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен номен­клатурасы.

  31. Комплексті қосылыстардың аталуы.

  32. Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі бағытталуы.. оның геометриялық конфигурациясы. Транс және цис изомерлер­ионизациялық және координациялық изомерлер.

  33. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Тұрақсыздық константасы.

  34. Элементтердің тотығу дәрежелері.

  35. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

  36. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.

  37. Тотығу және тотықсыздану процестері.

  38. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрудың электрондық баланс әдісі.

  39. Ерітіндідегі тотығу-тотықсыздану реакциялары. Ондағы тотығу-тотықсыздану процестеріне ортаның әсері.

  40. Қышқылдық, сілтілік және бейтарап ортадағы тотығу-тотық­сыздану реакциялары.

  41. Металдар мен металл еместердің тотықтырғыштық-тотық­сыздандырғыштық қасиеттері.

  42. Молекула ішілік және молекула аралық тотығу-тотық­сызданулар.

  43. Электрқозғаушы күш (ЭҚК) Стандартты ЭҚК. Электродтық потенциал.

  44. S және sp элементтердің салыстырмалы сипаттамасы.

  45. S және sp элементтердің табиғатта кездесетін қосылыстары

  46. S және sp элементтердің алынуы;

  47. S және sp элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы;

  48. Ауыспалы элементтер атомдарының құрылысы, валент­тіліктері, тотығу дәрежесі, салыстырмалы сипаттамасы, физикалық қасиеттері.

  49. Табиғатта кездесетін қосылыстары.

  50. Қосымша топша элементтерінің алынуы.

  51. Химиялық қасиеті, қосылыстыары: сутекті және оттекті қосылыстары, алынуы, химиялық қасиеті, қосылыстары.


Әдебиеттер: 1-50

2.8 ӨЗДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-тест.

Калий гидроксидімен толық бейтараптану реакциясындағы ортофосфор қышқылының эквиваленттік массасы қанша?

А. 98г/моль

Б. 49г/моль

С. 32,6г/моль

Д. 24,5г/моль

Е. 19,6г/моль
2-тест

Натрий гидроксидімен толық бейтараптау реакциясына түсетін 196 г күкірт қышқылы эквивалентінің моль санын анықта

А. 2 моль

Б. 4 моль

С. 6 моль

Д. 8 моль

Е. 16 моль
3-тест

Авогадро тұрақытысының сандық мәнін көрсетіңіз:

А. 22,4 л

Б. 6,02 ∙ 1023 моль-1

С. 6,02 ∙ 10-23 моль-1

Д. 6,02 ∙ 1023 моль

Е. 6,02 ∙ 1021 молекула
4-тест

Мыс купоросының мольдік массасын анықта:

А. 160 г/моль

Б. 250 г/моль

С. 90 г/моль

Д. 14400 г/моль

Е. 200 г/моль
5-тест

Төмендегі қай оксид амфотерлік қасиет көрсетеді?

А. K2O

Б. Al2O3

C. N2O3

Д. SiO2

E. Cl2O7
6-тест

Cl37 изотобының атом ядросы:

А. 17p + 17n

Б. 17p + 20n

С. 20p + 17n

Д. 20p + 15n

Е. 17p + 18n
7-тест

Қалыпты күйдегі қай атомда үш жұптаспаған электрон бар

А. Li

В. B


С. N

Д. Cr


Е. Fe
8-тест

Бас квант саны 2-ге тең атом құрамында максимальды электрон саны қанша?

А. 2

В. 4


С. 6

Д. 8


Е. 10
9-тест

Қай қатардағы элементтер электртерістігі өсу ретімен орналас­қан?

А. F, Cl, Br, J, H

В. F, O, N, Cl, Br

С. B, C, N, O, F

Д. H, Li, Na, K, Rb

Е. H, Li, Na, K, Rb
10-тест

Қай қатардағы элементтер атом радиусы өсу ретімен орналасқан?

А. Be, B, Cl

В. Al, P, As

С. F, C, Na

Д. K, Na, Li

Е. Br, Cl, J
11-тест

Қай байланыстың иондығы басым?

А. Na - F

В. Mg - Cl

С. Al - Br

Д. O - H


Е. Be – H

12-тест


PCl5-гі гибридтену типін анықтаңыз

А. sp


В.sp2

С. sp3

Д. sp3d

Е. Sp3d2


13-тест

Қай қосылыстағы хлордың тотығу дәрежесі жоғары?

А. KClO

В. NaClO2



С. KClO3

Д. HClO4

Е. LiCl
14-тест

Химиялық реакция жылдамдығы температураны 800С-қа жоғары­латқанда, температуралық коэффициент 3-ке тең болғанда қалай өзгереді?

А. 24

В. 30


С. 240

Д. 2187


Е. 6561
15-тест

Төмендегі қосылыстардың ішіндегі әлсіз электролитті көрсет

А. KOH

В. HCl


С. NaCl

Д. NH4OH

Е. H2O
16-тест

Төмендегі қай қосылыс тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсе­теді?

А. K2Cr2O7

В. HNO2

С. H2SeO4

Д. H2O2

Е. H2S
17- тест

Реакция теңдеуінің оң жағындағы стехиометриялық коэффициент санын көрсет: S + HNO3 → H2SO4 + NO2 + H2O

А. 6

В. 7


С. 8

Д. 9


Е. 10
18-тест

2 л ерітіндінің құрамында 9,8 г күкірт қышқылы бар. Ерітіндінің мольдік концентрациясын анықта:

А. 0,05 моль/л

В. 0,1 моль/л

С. 0,98 моль/л

Д. 1,96 моль/л

Е. 19,6 моль/л
19-тест

Төмендегі қай элемент атмосферада көп тараған:

А. сутегі

В. оттегі

С. азот

Д. аргон


Е. Көміртегі (IV) оксиді
20-тест

Калий озонидіндегі оттегінің тотығу дәрежесін анықта:

А. –1

В. –2


С. –1/3

Д. –1,2


Е. 0

Тест жауаптары:



1-тест

А

11-тест

А

2-тест

В

12-тест

Д

3-тест

В

13-тест

Е

4-тест

А

14-тест

Е

5-тест

В

15-тест

Е

6-тест

В

16-тест

Е

7-тест

С

17-тест

Д

8-тест

Д

18-тест

А

9-тест

С

19-тест

С

10-тест

С

20-тест

С



2.9. КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Химия пәні. Оның халық шаруашылығында алатын орны. Негізгі бөлімдері.

  2. Атом-молекулалық ілім. Атом, молекула, жай және күрделі зат. Атомдық және молекулалық масса. Моль. Эквивалент.

  3. Химияның заңдары.

  4. Анорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Анықтамасы, аталуы, жіктелуі, алыну жолы, химиялық қасиеті, қолданылуы.

  5. Атом құрылысы. Томсон, Резерфорд, Бор, Зоммерфельд модельдері.

  6. Атом құрылысы туралы квант-механикалық түсінік. Квант сандары. Атом ядросы. Радиоактивтілік, ядролық реак­циялар.

  7. Элемент атомдарының электрондық құрылысы. Паули принципі, Гунд ережесі. Клячковский ережесі.

  8. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, элементтердің периодтық системасы.

  9. Элементтердің периодтық системадағы орны. Период, топ, элемент қасиеттерінің бағыт бойынша өзгеруін сипаттау.

  10. Элемент қасиеттерінің периодтылығы. Атом, ион радиустары, иондану потенциалы, электрон тартқыштық, электртерістілік, валенттілік, тотығу дәрежелеріне сипаттама.

  11. Химиялық байланыс. Химиялық байланыстың негізгі түрлері.

  12. Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыс. Коваленттік байланыстың қанығуы, бағытталуы.

  13. Донорлы – акцепторлы байланыс.

  14. Валенттілік байланыс әдістері. Гибридтену, еселі байланыстар.

  15. Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі қағидалары. Артықшылығы.

  16. Иондық байланыс.

  17. Сутектік және металдық байланыс.

  18. Комплексті қосылыстар химиясы.жіктелуі. номенклатурасы.

  19. Химиялық термодинамика. Гесс заңы және оның салдар­лары.

  20. Химиялық кинетика. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар. Жылдамдық константасы.

  21. Химиялық тепе-теңдік. Оған әсер ететін факторлар. Ле-Шателье принципі тепе-теңдік күйіне температураның, қысымның концентрацияның әсері.

  22. Ерітінділер. Заттардың ерігіштігі, оған әсер ететін факторлар.

  23. Ерітінді концентрациясы.

  24. Электролиттік диссоциация теориясы. әлсіз және күшті электролиттер.

  25. Диссоциациялану константасы және дәрежесі. Оствольттың сұйылту заңы.

  26. Ерігіштік көбейтіндісі.

  27. Сутектік көрсеткіш.

  28. Гидролиз.

  29. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу дәрежесі. Тотықтырғыштар. Тотықсыздандырғыштар.

  30. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың түрлері.

  31. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының толық теңдеуін құрастыру әдістері.

  32. S және sp элементтердің салыстырмалы сипаттамасы.

  33. S және sp элементтердің табиғатта кездесетін қосылыстары.

  34. S және sp элементтердің алынуы.

  35. S және sp элементтердің физикалық және химиялық қасиет­тері, қолданылуы.

  36. d-элементтер. Периодтық жүйедегі алатын орындары. Атом қасиеттерінің сипаттамасы. Алынуы. Химиялық қасиеті. Қосылыстары. Маңызы.


<предыдущая страница


«Жалпы химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ард

663.75kb.

15 12 2014
6 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚу -әдістемелік кешен өскемен 2005 Құрастырған :Құсманова Күлжібек Әскенқызы

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша

511.92kb.

14 12 2014
3 стр.


География мамандығы үшін Экономикалық және әлеуметік географияға кіріспе пәні бойынша

Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география

181.69kb.

18 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050114 «тарих» мамандығЫ Үшін

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж

488.02kb.

25 12 2014
3 стр.