Перейти на главную страницу
Химия зертханасында жұмыс істеу тәртібі;
Реактивтерді пайдалану ережелері;
Химиялық ыдыстар және олармен жұмыс істеу тәртібі;
Химиялық аспаптар және олармен жұмыс істеу.
Үй тапсырмасы:
«Химиялық ыдыстар және аспаптар» тақырыбы бойынша ағымдық бақылауға дайындалу, түрі жазбаша (15 мин.)
АМІ және химия заңдары тақырыбының теориясына дайындалу;
АМІ және химия заңдары тақырыбы бойынша тестік бақылауға дайындалу;
19 - әдебиеттің 25-бетіндегі 5-8 есептерді шығару.
Негізгі әдебиеттер: 5-13 б. (19), 4-15 б. (18), с. 4-38 (16).
2. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілім (АМІ). Химияның негізгі ұғымдары. Химия заңдары.
АМІ негізгі қағидалары;
АМІ-нің сандық сипаттамасы;
Химия заңдары;
Зертханалық жұмыс: «Магний эквивалентінің мольдік массасын анықтау;
Зертханалық жұмыс қорытындысын шығару.
АМІ-нің негізгі қағидалары;
Атом және молекула массасы, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса деген не?
Зат мөлшері деген не? Формулалары қандай?
Мольдік масса мольдік көлем деген не?
Химияның стехиометриялық заңдары: зат массасының сақталу заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, газ заңдары;
Тақырып бойынша есептер шығару.
«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбына тестік бақылауға дайындалу;
19- әдебиеттің 66-67 бетіндегі 1-6 сұрақтарға жауап беру;
18- әдебиеттегі 86-87 беттегі 1-6 жаттығуларды орындау;
Зертханалық жұмыс дәптеріне 19- әдебиеттің 64-65 беттеріндегі тәжірибелік бөлімді көшіріп жазу.
Негізгі әдебиеттер: 14-25 б. (19), 15-29 б. (18), С. 38-55 (16).
3. Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері.
Бейорганикалық қосылыстырдың негізгі кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Аталуы, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеті, қолданылуы.
Химиялық реакцияның түрлері.
Зертханалық жұмыс істеу тақырыбы: «Қышқылдар, негіздер және тұздар». – (19: 64-65 б. 18: 85-86 б. әдебиеттер). Зертханалық жұмыс қорытындысын шығарып, реакция теңдеулерін жазу;
Тақырыпқа сай есептер шығару.
Үй тапсырмасы:
Химиялық процестердің жүруінің жалпы заңдылықтары тақырыбының теориясына дайындалу;
19-әдебиет 71, 75-76–беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге көшіріп жазу;
19-әдебиеттегі 72,76 беттердегі жаттығуларды орындау;
тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 45-52 б. (19), 46-58 б. (18), с. 77-92 (16).
Химиялық тепе-теңдік.
Химиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісі.
«Химиялық реакция жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын тапсыру;
Тақырып бойынша типтік есептер шығару;
Тестік бақылау.
1-модуль бойынша «Химияның алғашқы ұғымдары. Атом құрылысы. Периодтық заң және периодтық жүйе. Химиялық байланыс және химиялық процестің жүруінің жалпы заңдылықтары» тақырыбына коллоквиумға дайындалу;
«Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері» тақырыбы теориясына дайындалу және 18-әдебиеттегі 62-63 беттердегі сұрақтарға жауап беру;
19-әдебиет 89-91 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге көшіріп жазу;
19-әдебиет 91-беттегі сұрақтар мен жаттығуларды дәптерге орындау;
18-әдебиет бойынша тақырыпқа сай есептерді шығаруға дайындалу;
тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 71-78 б. (19), 59-61 б. (18), с. 99-108 (16).
5. Сабақ тақырыбы: Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу әдістері.
«Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбының Теориясына дайындалу;
19-әдебиет 94-95 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;
18-әдебиет 77-78 беттердегі сұрақтарға жауап беру;
18-әдебиет 80-беттегі 1-5 есептерді шығару;
тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.
Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің ерекшеліктері.
Электролиттік диссоциация теориясы.
Диссоциациялану дәрежесі және константасы.
Әлсіз және күшті электролиттер.
Алмасу реакциялары.
Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсыру;
Тақырыпқа сай есептер шығары;
Тақырып бойынша тестік бақылау жүргізу.
Үй тапсырмасы:
«Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш. Ерігіштік көбейтіндісі. Гидролиз» тақырыбы теориясына дайындалу;
19-әдебиеттегі 101-102, 109-111 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;
19-әдебиеттегі 102, 111-112 беттердегі сұрақтарға жауап жазып, жаттығуларды орындау;
тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу
Негізгі әдебиеттер: 92-100 б. (19), 77-83 б. (18), с. 131-138 (16)
7. Сабақ тақырыбы: Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
Гидролиз.
Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсыру;
Тақырыпқа сай есептер шығару;
Тестік бақылау жазу.
«Комплексті қосылыстар» тақырыбының теориясын талдау;
19-әдебиеттегі 66-67-беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;
19-әдебиеттегі 67-беттегі 10-12 есептерді шығарып, 7-9 есептерді шығару;
тақырып бойынша жазбаша бақылауға дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 96-112 б. (19), 81-85 б. (18), с. 138-153 (16)
8. Сабақ тақырыбы: Комплексті қосылыстар.
Координациялық теорияның негізгі қағидалары;
Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен номенклатурасы;
Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі бағытталуы мен изомериясы;
Комплексті қосылыстағы химиялық байланыстар;
Комплексті қосылыстырдың аталуы.
Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсыру;
Тақырып бойынша есептер шығару;
Бақылау жазу.
Үй тапсырмасы:
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбын талдау;
19-әдебиеттегі 122-124 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге жазу;
19-әдебиеттің 125-бетіндегі 1-6 сұрақтарына жауап жазу;
18-әдебиеттегі 91-92 беттердегі 1-9 жаттығуларды орындау;
тақырып бойынша жазбаша бақылауға дайындалу.
Элементтердің тотықтырғыштық қасиеті.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары;
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру әдістері;
Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар;
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері;
Электродтық потенциал және электролиз.
Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсыру;
Тақырыпқа сай есептер шығару
Бақылау жұмысын орындау.
«s және sp элементтер химиясы» тақырыбын талдау;
19-әдебиеттегі 127-129 беттердегі тәжірибелік жұмыстарды дәптерге жазу;
19-әдебиеттің 130-бетіндегі 1-15 сұрақтар мен жаттығуларды орындау және жазбаша жауап беру;
тестік бақылау жұмысына дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 113-125 б. (19), 91-93 б. (18), с. 164-174 (16).
10. Сабақ тақырыбы: s және sp элементтер химиясы.
2-модуль бойынша «Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясын белгілеу. Электролиттік диссоциация теориясы. Ерігіштік көбейтіндісі. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш. Гидролиз. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. S, sp және d элементтер химиясы» тақырыбы бойынша коллоквиумға дайындалу.
«Ауыспалы элементтер химиясы» тақырыбын талдау;
19-әдебиеттің 133-135-беттеріндегі тәжірибелік жұмыстарды зертхана дәптеріне жазу;
19-әдебиеттің 135-136 беттеріндегі жаттығулар мен есептерді орындау;
тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу.
d элементтердегі жалпы заңдылықтар;
d элементтерінің салыстырмалы сипаттамасы;
Қосымша топша элементтерінің алынуы мен химиялық қасиеті.
Зертханалық жұмыс жасап, корытындылап, оқытушыға тапсыру;
Тақырып бойынша есептер шығару;
Бақылау жұмысы.
Негізгі әдебиеттер: 131-136 б. (19), 156-187 б. (18), (16).
Зертханалық сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар:
ұсынылған әдебиеттерді оқып талдау және оған сараптама жасау;
негізгі терминдер және түсініктермен жұмыс істеп, сөздік құру;
тәжірибелік жұмыстарды зертханалық дәптерге мұқият көшіріп, реакция теңдеулерін жазу және оны оқытушыға тапсыруға дайындалу;
көрсетілген сұрақтарға жауап жазу;
Жаттығулар мен есептерді дәптерге орындау.
Химиядағы ғылыми-техникалық прогресс. Химия және биология;
АМІ. Химияның алғашқы ұғымдары. Оларды анықтайтын формулалар;
Еселік және көлемдік қатынас заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы.
1-нұсқа
Қайсыбір газ 98,7 кПа қысымда және 910С температурада 680 мл көлем алады. Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есепте.
Қалыпты жағдайда 27∙1021 газ молекуласы қандай көлем алады?
Этиленнің оттегі бойынша 0,875-ке тең. Газдың мольдік массасын есепте.
Газ тәрізді оксид құрамында 30,4% азот бар. Оксид молекуласында 1 атом азот бар болса, газдың оттегі бойынша тығыздығын есепте.
Негізгі әдебиеттер: 14-25 б. (19), 15-29 б. (18), с. 38-55 (16)
2-тақырып: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық реакция түрлері
Бейорганикалық қосылыстырдың негізгі кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Аталуы, жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеті, қолданылуы;
Химиялық реакцияның түрлері;
Зертханалық жұмысты қорғау;
Тақырыпқа сай есептер шығару.
Негізгі әдебиеттер: 53-65 б. (19), 85-86 б. (18), с. 153-156 (16)
3-тақырып: Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер
Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:
Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер тақырыбын пысықтау:
а) заттың қарапайым формуласын есептеу;
ә) заттың нақтылы формуласын есептеу;
б) күрделі зат молекуласының құрамындағы әрбір элементтің массалық үлесін табу;
в) күрделі зат тағы элементтің массасын есептеп табу;
г) химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
19-әдебиеттегі 26-33 беттегі теорияға дайындалу;
19- әдебиеттегі 34- беттегі 1-10 есепті шығару;
«Химиялық формулалар. Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер» тақырыбына жазбаша бақылауға дайындалу;
берілген әдебиеттерден есеп үлгілерін пайдалана отырып есептер шығаруды үйрену;
бақылау жұмысын орындау.
Бақылау жұмысы бойынша орындалатын типтік есептер түрлері:
газ тәрізді қосылыстың құрамындағы сутегінің массалық үлесі 5,9, ал күкірттің массалық үлесі 91,1%-ке тең. 1 литр бұл газдың массасы 1,52 г-ға тең болған жағдайда газдың формуласы қандай?
Газдың ауа бойынша тығыздығы 0,59. Ондағы азоттың массалық үлесі 82,35, сутегінікі 17,65% болса, газдың формуласын анықта.
Кальций карбонаты құрамындағы кальцийдің массалық үлесін (%) есепте.
Көміртегінің қай қосылысында: угар газында СО, әлде көмірқышқыл газында СО2 көміртегінің массалық үлесі көп екенін есепте.
250 г ізбестастың СаСО3 құрамында қанша грамм кальций бар?
30 г көміртегі бар ас содасының NaHCO3 массасын есепте.
Көміртегіден және күкірттен тұратын 7,6 г қосылысты Жандырғанда 2,24 л көмірқышқыл газы және 4,48 л күкірт (IV) оксиді түзілді (қ.ж.) Заттың молекулалық формуласын есепте.
6,4 г мысты жандырғанда түзілетін мыс оксидінің зат мөлшері мен массасын есепте.
4 г қызыл фосфорды жағу арқылы 10,65 г фосфор (V) оксидін алуға бола ма? Жауапты есептеу арқылы дәлелде.
0,36 г магний галогенмен әрекеттескенде массасы 4,17 г магний галогениді түзілді. Қандай галоген магниймен әрекеттесті?
9,6 кг көмірді жандырғаннан алынған барлық көмірқышқыл газын 29,6 кг кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізсе, қандай тұз және қандай массамен түзіледі?
Атом құрылысы тақырыбын пысықтап, бақылауға дайындалу:
а) Атом құрылысының күрделілігнің даму эволюциясы;
ә) Атомның ядролық моделі. Атом ядросының құрылысы
б) Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар;
в) Атомның электрондық құрылысы;
г) Атомның энергетикалық күйін сипаттайтын квант сандары;
Тақырып бойынша тестік бақылауға дайындалу;
19-әдебиеттегі 44-беттегі сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындау;
Әдістемелік ұсыныстар:
ұсынылған әдебиеттерді толығымен оқып, ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және талдау;
негізгі түсініктерді жазып алу.
Ұсынылатын әдебиеттер: 43 – 87 б. (2), С. 63 – 77 (4), С. 54-107 (3), 35 – 39 б. (19), 38-42 б. (18), 4 – 53 б. (1), (15).
5-Тақырып: Периодтық заң. Периодтық жүйе.
Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:
Периодтық заңның шығу тарихы;
Периодтық заңның анықтамасы;
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылысына сипаттама;
Период, топ анықтамалары;
Элементтер қасиеттерінің периодтылығы (атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электр терістілігі).;
18-әдебиеттегі 42-беттегі сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындау;
жазбаша бақылауға дайындық
Элементтің периодтық жүйедегі орны:
Элемент аты;
Реттік нөмірі;
Салыстырмалы атомдық массасы;
Период нөмірі;
Үлкен не кіші период атомы;
Топ нөмірі;
Негізгі не қосымша топша элементі.
Периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысы:
ядро заряды;
электрон саны;
элемент ядросындағы протон саны;
элемент ядросындағы нейтрон саны;
элементтің нуклон саны;
электрондық қабат саны;
валенттілік электрондар саны;
элементтің электрондық формуласы;
электронды ұяшық формуласы;
бас квант саны;
орбиталь квант саны;
магнит квант саны;
спин квант саны.
Элементтің және оның қосылыстарының қасиеттері:
ұсынылып отырған әдебиеттерді оқып талдау;
жаңа терминдерді сөздікке тіркеу;
кез келген элементті алып жоғарыдағы жоспар бойынша талдап үйрену;
жоспар бойынша бақылау жұмысына дайындалу.
Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), С. 54-107 (3), (19), (1), (15), 38-42 б. (18).
6-тақырып: Химиялық байланыс.
Мақсаты: химиялық байланыс тақырыбы бойынша теориялық жағынан алған білімдерді жаттығулар орындау арқылы бекіту. Тақырып бойынша ағымдық бақылауға дайындық.
Химияллық байланыс туралы негізгі көзқарастар.
Коваленттік байланысты ВБ және МО әдісі тұрғысынан қарастыру;
Химиялық байланыс тың басқа түрлері;
Тақырыпқа сай есептер шығару;
Тақырып бойынша жазбаша бақылау.
Химиялық байланыс тақырыбының теориясына дайындалу;
19-әдебиеттің 52-бетіндегі 1-9 сұрақтарға дәптерге жауап жазу;
19-әдебиеттің 52-бетіндегі 10-15 есептерді шығару.
Аталған тақырып бойынша бақылау жұмысына дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 45 –52 б. (19), 46-59 б. (18), с. 68-77 (16).
Тапсырма:
Төменде берілген жаттығуларды орындап, бақылау жұмысына дайындалу:
SCl4, SiCl4, ClF3 және JBr молекулаларындағы байланыс сипатын анықтаңыз және олардың әрқайсысы үшін байланыстың электрон тығыздығының ығысу бағытын көрсетіңіз. Байланыстың полюстілігі өсу ретімен молекулаларды қатарға орналастырыңыз.
SiH4 және кремний тетра галогенидтерінің молекулалары түзілу алдында кремний атомы орбиталінің гибридтену түрі қандай? Олардың кеңістіктегі құрылымы қандай?
Электронды а) байланыстырушы МО, ә) босаң МО шығарғанда молекулалардың және күрделі иондардың қандай қасиеттері және қалай өзгереді?
Li2 және Be2 молекулалары өмір сүре ала ма және олардың байланыс еселігі қандай?
О2, О2-, О22- бөлшектері қатарында байланыс еселігін және энергиясын салыстырыңыз.
Ұсынылатын қосымша әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).
7-тақырып: Химиялық процестердің жүруінің жалпы заңдылықтары. Термохимия заңдары, термодинамика элементтері
Химиялық термодинамика элементтері;
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар.
Химиялық тепе-теңдік.
Химиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісі.
Тақырыпты толық меңгеру үшін орындалатын жаттығулар:
16 г кальций карбиді суда ерігенде 31,3 кДж жылу бөлінеді. Түзілген кальций гидроксидінің стандартты түзілу жылуын анықтаңыз (қажетті мәліметтерді 1-әдебиеттің 6А кесмтесіне алыңыз);
егер реакцияның термохимиялық теңдеуі: 3Fe + 2O2 = Fe3O4 + 1116 кДж бойынша жүрсе, 560 кг темір жанғанда қанша жылу энергиясы бөлінеді?
Этан және этиленнің жану жылулары ∆Н0жану(С2Н6) = - 1560 кДж/моль және ∆Н0жану = - 1411 кДж/моль. Этиленді гидрогендеу С2Н4 + Н2 = С2Н6 реакциясының ∆Н0 есептеңіз (судың түзілу жылуы ∆Н0түз(Н2О) = - 286,2 кДж/моль);
Реакция жылдамдығын 4 есе өсіру үшін 2СО = СО2 + С системасындағы көміртек (II) оксидінің концентрациясын неше есе өсіру керек?
Егер температуралық коэффициент 3,2-ге тең болса, температураны 400С-қа жоғарылатқанда химиялық реакция жылдамдығының константасы неше есе өседі?
Мына қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константаларының өрнегін жазыңыз:
1) BaO(қ) + СО2 (г) ↔ ВаСО3(Қ)
2) Fe3O4(қ) + 4Н2 (г) ↔ 3Fe (қ) + Н2О(г)
3) N2(г) + 3Н2(г) ↔ 2NH3 (г)
Студенттерге қойылатын талаптар:
1-6 тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға өздігінен дайындалу;
көрсетілген әдебиеттерді оқып, талдау;
жаңа түсініктер мен терминдер жазуға арналған дәптерді тексерту;
негізгі түсініктер мен анықтамаларды жаттау;
1-6 тақырып бойынша жасалған зертханалық жұмыс қорытындылары жасалып, оқытушыға тапсырылуы қажет;
1-7 тақырыбы бойынша ағымдық бақылаудан төмен баға алынса, оны жоғарылату керек;
үйге берілген тапсырмалар толық орындалып тексеруден өтуі тиіс.
Бұл талаптар орындалмаған жағдайда студент коллоквиум тапсыруға жіберілмейді.
С. Аманжолов атындағы ШҚму биология мамандығының студенттеріне арналған «Жалпы химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна, Байбосынова Ард
15 12 2014
6 стр.
С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп
15 12 2014
4 стр.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж
14 12 2014
3 стр.
«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005
14 12 2014
5 стр.
Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
14 12 2014
4 стр.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша
14 12 2014
3 стр.
Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы Оқу-әдістемелік кешені 050116 мамндық алушы студеннтерге арналған Оқу-әдістемелік кешенінде экономикалық география
18 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды. 7 ақпан 2005ж
25 12 2014
3 стр.