Перейти на главную страницу
2.Ассирия шаруашылығының негізгі белгілері
3.Әлеуметтік құрылысы
3.1 Қауым мен жер қатынастары;
3.2 Негізгі таптар мен әлеуметтік топтар;
3.3 Құлдықтың формалары, құл иелену деңгейі;
3.4 Отбасылық қатынастар және мұрагерлік құқық.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабақтың мақсаты – түпдеректер мен ұсынылған әдебиеттер негізінде б.э.д.XV-XI ғғ. Ассирияның, яғни оның алғашқы өрлеу кезеңінің шаруашылық және қоғамдық дамуындағы ерекшеліктерді анықтау.
Шаруашылық өмірдің сипатын оқыған кезде сауданың роліне, Алдыңғы Азияда сауда байланыстарын кеңейту жолындағы Ассирияның күресіне, елдегі құдықтың егіншіліктің басымдылығына назар аударылса.
Осы кезеңдегі жер қатынастардың (қауым жердің ұжымдық меншік иесі болып саналды да, жекелеген отбасылар қауымның белгілі бір үлесінің иесі болды, сонымен бірге сатылмалы жер де пайда болды), ассириялық қоғамның әлеуметтік топтарының сипатын ашып, құлдықтың формалары мен даму дәрежесін анықтау.
Хаммурапи заңдары мен ортаассириялық заңдарға салыстырмалы талдау жасай отырып, олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ашу.
2.Ортаассириялық заңдар - заң шығару актілері мен Ашшур қауымының әдеттегі құқық нормаларының жиынтығы, ол үйрету үшін және тәжірибелік қажеттілік үшін құралған деген пікірмен келісесіз бе?
3. Кесте толтырыңыз
Шаруашылықтың түрлері (жер қатынастары) |
Негізгі таптар (құлдықтың формалары) |
Отбасылық құқықтар |
Мұрагерлік құқық |
|
|
|
|
1.Хетт заңдарына қысқаша сипаттама
2.Хетт мемлекеті экономикасының негізгі белгілері
3.Хеттердің қоғамдық құрылысы
3.1 Меншік қатынастары
3.2.Хетт қоғамының әлеуметтік топтарының жағдайы
3.3. Отбасылық қатынастар
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабақтың мақсаты – Хетт қоғамының заңдарына талдау жасай отырып, Хетт патшалығының әлеуметтік-экономикалық құрылымын, саяси құрылысын анықтау.
Хаттидағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттай отырып, географиялық климаттық фактордың ролін ашу. Жер иелігі мен жерді пайдалану мәселесін аша отырып, шаруашылықтың түрлі формалары (патшалық, храм, жеке) болғанын көрсету. Жерге патша меншігі туралы (барлық жер меншікте, патша жердің толық және жоғарғы иесі, қиыспалы иегерлік құқық феномені) өз пікірін білдіру.
Шаруашылықтың түрлі формаларын суреттей келу, Хетт қоғамындағы өндіріс көзі жеке үйлер, яғни ұсақ шаруашылықтар болғанына зер салу. Жер қатынастарына байланысты «Саххан» және «Луцци» міндеткерліктерінің мәнін ашу.
Хаммурапи Заңдарын қолдана отырып, Хетт қоғамының әлеуметтік топтарын анықтау, құл еңбегі неғұрылым көбірек Жаңа Хетт патшалығында қолданылғанына көңіл аудару.
2.Практикум бойынша баптарды талдап, шаруашылықтың түрлі формалары ( патшалық, храм,жеке)болғанын көрсетіңіз
3.Жер қатынастарына байланысты «Саххан» және Луцци сөздердің мәнін ашыңыз. 4.Кесте толтырыңыз
Салыстыру негіздері |
Хаммурапи заңдары |
Ортаассириялық заңдар |
Хетт заңдары |
Шаруашылықтың түрлері |
|
|
|
Әлеуметтік топтар |
|
|
|
Мемлекеттік құрылу формасы |
|
|
|
Жер пайдалану формасы |
|
|
|
5.Тақырып «I Дарий тұсындағы Парсы державасы»
1.Бехистун жазбалары бойынша Дарийдың билікке келуі
2.Жаулап алған елдерді басқару жүйесінің ұйымдастрылуы
3.Дарийдың реформалары
3.1Әкімшілік реформасы
3.2Әскери реформасы
3.3Ақша реформасы
4.I Дарийдің Парсы державасының артылықшылығы бар халқына қатынасы
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабақтың мақсаты-IДарийдің реформаларының себептері, мазмұны,олардың тарихи маңызын ашу. Ерте дүниенің екінші кезеңінде билеушілердің реформаторлық қызметі әдетке айналды. Олар туралы алғашқы түсініктері Iдарий заманының түпдеректерінің негізінде қалыптастыру. Осы тақырып бойынша басты деректер Бекистун жартасында Iдарийдің жазбалары мен Парсы державасы тарихы мен грек-парсы соғыстары туралы маңызды мәлеметтер бар Геродоттың «Тарих» атты еңбегі. Геродоттың еңбегінің үзінділерін парсыларға бағынышты елдерді қанау мен басқару қалай жүзеге асқанын көреміз.Оқу материалы мен деректерге талдау Парсы державасының ала шұбар, экономикалық тұрғыдан әркелкілігін көрсетеді.
Халықтың артықшылығы бар бөлігіне қатысты патша саясатының сипатын ашу үшін IДарийдің Иония сатрапына жазған хатына талдау жасау керек. Бұл хат патшаның жергілікті храмдар мен қала халқының қолдауына сүйенуге ұмтылатынын көрсетеді.
Тапсырмалар:
1.Кескін картаны толтырыңыз
2.I Дарий реформаларына баға беріңіз
3.Грек-парсы соғыстарындағы парсылардың сәтсіздігін түсіндіріңіз.
1.’’Ману заңдарының’’ жалпы сипаттамасы
2. Шаруашылықтың негізгі салалары
3.Ертедегі Үндістанның қоғамдық құрылысы
3.1. Жер қатынастары
3.2.Ертедегі Үнді қаумының ерекшеліктері
3.3 Үндістандағы құлдық
3.4. Сословиелік-таптық құрылыс. Варналар.
3.5 Отбасылық құқық және мұрагерлік құқық
4. Ертедегі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
Сабақтың мақсаты – «Ману заңдары» мен Каутильяның «Артхашастрасын» пайдалана отырып, Ертедегі Үндістанның әлеуметтік-экономиалық және саяси құрылысы туралы түсінік тудыру.
Үндістанның шаруашылық қатынастарын зерттеген кезде ауыл шаруашылығы, товар өндірісі және сауданың дамуына тоқталу қажет. Әлеуметтік құрылысты қарастырғанда мына мәселелерді бөліп алу керек.
а) Үндістанның ерікті халқының сословиелік-касталық құрамы, әрбір варнаның мүшелерінің тіршілігі, құқығы мен міндеттері, түрлі варналар мүшелерінің өзара қатынасы.
б) Ертеүнділік қауымның ерекшеліктері мен отбасылық қатынастар.
в) Үндістандағы құлдық.
Маурилар мемлекетіндегі мемлекетті басқару ісіне зер сала отыра, оны Парсы державасының мемлекеттік басқаруымен салыстыру. Сондай-ақ «Ману заңдарының» баптарын Хаммурапи және Ортаассириялық заңдардың сәйкес баптарымен салыстырған тиімді.
2.Сословиелік-касталық идеологияның адамның қоғамдағы нақты орнының өзгеруіне әсерін көрсетіңіз
3.Ежелгі Үнді қоғамы мен мемлекетінен Ежелгі Шығыстың басқа қоғамдарының дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы жалпылау қорытындысын жасаңыз
Негізгі әдебиеттер:3,5,8,12,19-22,34-37
7. Тақырып Б.э.д. I-IIғғ. Қытайдағы халық көтерлістері
1.Б.э.б 1ғ.соңы-б.э. 1 ғ.басындағы Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуы
2.Ван Ман реформалары.
3.’’Қызыл қастылар ’’көтерлісі, оның барысы мен нәтижесі.
Әдітемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты оқыған шақта, Л.С. Васильевтің еңбектерімен танысу қажет, онда таптық қоғамдағы төменгі топтардың күресінің себептері, формалары, ерекшеліктері көрсетілген. Тақырыптың сұрақтарының деретік көзі – ежелгі қытайлық шежірелер болып табылады. Оларды талдаған кезде нақты таптық сипатының барлығын ескеру керек.
Жоспардың бірінші сұрағын қарастырғанда б. э. д. I ғ. басындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне тоқталу (ірі жер иелену мен құл иеленудің өсуі, товар-ақша қатынастарының өсуі, халық бұқарасының жағдайының күрт төмендеуі). Ван Ман реформаларымен таныса отырып, олардың мәні, мақсаты мен нәтижесін анықтау.
«Қызыл қастылар» көтерілісін қарастырғанда көтерілістің себептері, барысы мен маңызына, көтерілісшілердің әлеуметтік құрамына тоқталу. Көтерілісшілердің жеңісін Ван Ман құлатқан Хань әулетінің жақтаушылары қалай өз пайдасына жаратқанын білу маңызды. «Сары орамалдылар» көтерілісі туралы материалдарды оқи отыра, оның «қызыл қастылар» көтерілісінен айырмашылығы неде екені туралы ойлану. Деректік материал көтерілістің ұзақтығын және оның кең таралғанын бейнелейді.
2.Ван Ман реформаларының мазмұнын, мақсатын,мәні мен нәтижелерін ашыңыз
3.Кесте толтырыңыз
Көтерлістер |
Себептері мен мақсаттары |
Қозғаушы күштері мен барысы |
Маңызы мен нәтижесі |
’’Қызыл қастылар’’ |
|
|
|
‘’Сары орамалдар’’ |
|
|
|
1.Практикум (тақырыптар№ 2-9)
-«Хаммурапи заңдары», «Хетт заңдары», «Ортаассириялық заңдары», «Ману заңдары» түпдеректерді (баптар) практикум және хрестаоматия бойынша семинар сабақтарында талдау.
2.Конспектілеу (тақырыптар № 4,5,8,11,12)
-Конспектілеу-мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп жазбаша баяндау
-Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құруға тиісті
-Конспектілеуді бастағанда автордың немесе жинақ редакторының дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсетуі қажет
-Ғылыми еңбектің тарауы, бөлімі, параграфы барлық кезде дәл көрсетілуі тиіс
-Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы тиіс
-Конспектілегенде цитата қолдануы керек
-Конспектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп
3.«Ежелгі Египет мемлекеті», «Көне Үндістан мемлекеті», «Парсы державаның құрылуы» кескін карталарды толтыру
2-ші кредит –10-12 тақырыптар:
1.«Антика тарихындағы Жерорта теңізі» салыстырмалы таблицаны толтыру
Салыстыру негіздері |
Грек-парсы соғыстары |
Пуни соғыстары |
Уақыты |
|
|
Географ.шеңбері |
|
|
Қатусышылары |
|
|
Себептері |
|
|
Негізгі кезеңдері |
|
|
Нәтижесі |
|
|
-Фильмді тарих ғылымы позициясы тұрғысынан талдау; пікір жазу, андатпа құрастыру. Андатпада ескерілуі тиіс:
-Фильмдегі көрініс тапқан дәуір,құбылыс
-Фильмдегі ең маңызды және жарқын оқиға
-тарихи және типтік кейіпкерлер
-Фильмнің авторы суреттеген оқиғаға және кейіпкерлерге көзқарасы
-фильм туралы жеке пікірің, фильмнің басты құндылығы неде?
3.«Ұлы грек отарлауы», «Грек-парсы соғыстары», «Александр Македонскийдың державасы», «Рим империясының құрылуы», «Батыс Рим империяның құлауы» кескін карталарды толтыру
-«Ежелгі дүние тарихы» курсы бойынша қорытынды бақылау жұмыстары, тест (ұсынылған емтихан сұрақтары арқылы дайындық)
1.Дәріс және семинар сабақтарына дайындық (теориялық материал, сұрақтар, ұсынылған әдебиеттерді қарастыру)
Оқу материалымен жұмыс істеу барысында студент міндетті:
-Ғылыми әдебиеттерді толық қарастырған соң,әрбір тақырып жоспарының сұрақтарына жауап беру керек.
-Әрбір тақырыпты оқу барысында толықтыру керек
-термин мен ұғымдар сөздігін
-хронологиялық кестені
-тарихи атаулар анықтамасы
-Жеке тақырыптар бойынша келесі жұмыстарды орындау керек
-энциклопедия, сөздікпен жұмыс істеу
-кестелерді толтыру
2.Терминдермен жұмыс (ауызша,жазбаша(диктант) тапсыру)
-Курстың негізгі терминдік ұғымдары:
Авелум, брахман, буддизм,бюрократия,вайшьи,варна,веды,гуруш,
даосизм,деспотия,жеке меншік,зороастризм,иероглиф,индуизм,
иудаизм,каста,клинопись,конфуцианство,кшатрии,монархия,монотеизм,мушкенум,папирус,раджа,сатрап,сатрапия,синкретизм,
сословие,талион,тап,фараон,фреска,шудра.
3.Жазба жұмыстар (реферат, баяндамалар)
«Реферат» - латын тілінен енген, тура орыс тіліне аударғанда хабарлаймын. Казіргі замандағы реферат деген сөздің мазмұны – «жазба түрде қысқаша мазмұндау немесе ғылыми еңбектің халық алдында баяндама түрінде беру».
Рефераттың құрылымы:
1.Титульдік бет ( мекеме,жұмыстың орны) туралы мәлеметтер беріледі. 2.«Мазмұны» - барлық құрылымдық бөлігі оның беттерімен көрсетіледі. 3.«КІріспе» - тақырыптың өзектілігі, мақсат, міндеттері,тарихнама, деректік негіздері айтылады. «Тарау»-негізгі жұмыстың бөлігі. «Қорытынды» - жалпы түсінік тақырыптың тарихнамасы бойынша, деректермен қамтамасыз ету,тақырыпты тарихи зерттеудің бейнесі ұсынылады. «Әдебиет» -алфавит бойынша беріледі. «Қосымша» - қосымша ақпарат,кестелер, сызбалар және т.б.мәлеметтер беріледі. Реферат көлемі 10-12 бет А-4 парағына компьютермен басылған болуы керек
1.Ежелгі Шығыс тарихының тарихнамасына шолу.
2.Ерте дүние тарихының хронологиялық және географиялық шеңберлері.
3Ежелгі Шығыс мемлекеттердің даму жолдары.
4.Ерте қоғамдағы адамдардың дүние пайымы.
5.Египет тарихы бойынша түпдеректер (египетталогияға шолу)
6.Ертедегі және көне патшалық дәуіріндегіЕгипет мемлекетінің әлеуметтік -экономиканың дамуы
7.Ежелгі Египеттегі діни жүйесі
8.Ертедегі Египет мемлекетінің мәдениеті
9.Хаммурапи зандарына жалпы сипаттама
10.Жаңа Вавилон патшалығының гүлденуі
11.Ерте және Орта Вавилондық кезеңдері.
12.Ассирия тарихының кезеңдері.
13.Ассирия мемлекетінің тарихнамасы.
14.Ассирия мемлекетінің табиғаты мен халқы.
15.Орта Ассириялық кезең.
16.Хет патшалығы, Фригия, Лидия
17.Хет заңдарының жалпы сипаттамасы.
18.Хет мемлекетінің мәдениеті.
19.Кіші Азияның сыртқы және ішкі саясаты.
20.Шань-Инь дәүірінің өркениеті.
21.Көне Қытайдағы орталықтандыру үрдісі.
22.Хань дәүіріндегі Қытай
23.Қытай мемлекетінің мәдениеті.
24. Ежелгі Греция тарихының түпдеректері мен кезеңдері
25. Ежелгі Грецияның табиғаи жағдайы мен халқы
26.Грек-парсы соғыстары: себептері,негізгі кезеңдері, қорытындысы
27..Ежелгі Рим мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдері
28..Ертедегі Рим империясы
29.Батыс Рим империясында дағдырыстың тереңдеуі және құлауы
Ежелгі Египет |
10 |
Ежелгі Қытай |
10 |
1..Ертедегі жер иеленушілер Ніл өзенін қашан қоныстана бастады?
А) Кейінгі неолит
В) Неолит
С) Энеолит
2.Ежелгі египеттіктер өз мемлекетін қалай атады?
А)Айгюптос
В) Египет
С) Кемет
3.Төмендегі өркениет орталықтарының қайсысы неғұрылым ерте болып келеді?
А) Ежелгі Египет өрекниеті
В) Эллиндік өркениет
С) Ежелгі Үнді өркениеті
4.Қоғам дамуының өркениетке дейінгі дамуынан өркениеттік кезеңді айырушы белгіні көрсетіңіз.
А) Тапсыз қоғам
В) Мемлекетке дейінгі қоғам
С) Қалаға дейінгі қоғам
Д) Азаматтық қоғамға дейінгі кезең
Е) Жазу
5.Ежелгі патшалық кезеңіндегі Египет шегіндегі Ніл өзенінің ұзындығы
В) 1300 шм
С) 3,2 шм
6.Ертедегі Египет топырағы қалай аталды?
А)Аллювиальды
В) Қара топырақты
С) Сары лайлы, құмдауыт
Д) Қара лайлы
Е) Құнарсыз
7.Ертедегі Египеттің егіншілік жүйесін ата
А) Суармалы
В) Суарусыз
С) Ирригациялық, бассейндік жүйе
8.Біртұтас Египет патшалығының құрылған уақыты
А) Б. э. д. IV м. ж. басы
В) Б. э. д. IV м. ж. соңы
С) Б. э. д. V-III м. ж.
Д) Б. э. д. III м. ж. Мөлшері
9.Төмендегі түпдеректердің қайсысы осы жүйеге келмейді?
А) Ипусердің заңы
В) Нефертидің көріпкелдігі
С) Ахтойдың ақыл-кеңесі
Д) III Тутмостың анналдары
10.Төмендегі антикалық авторлардың қайсысының еңбегі Ертедегі Египет тарихын зерттеуде құнды болып табылады?
А)Ипусердің заңы
В) Нефертидің көріпкелдігі
С) Ахтойдың ақыл-кеңесі
Д) III Тутмостың анналдары
11.Авторлық жазба деректі көрсетіңіз.
А) Шаншу (Шицзин) “Тарих кітабы”
В) Чжушу Цзинянь “Бамбук жылнамасы”
С) Шицзи “Тарихи жазбалар”
Д) “Ин жору жазбалары” Инь көріпкелі
12.Бірқатар зерттеушілердің пікірінше Қытай тарихының неғұрылым ерте кезеңін көрсетіңіз.
А) Чжоу
С) Цинь
Е) Шығыс Чжоу
13.Бірқатар зерттеушілердің ұсынысы бойынша Қытай тарихының неғұрылым ең ежелгі дәуірін бөліп көрсетіңіз.
А) Батыс Чжоу
В) Инь (Шань Инь)
С) Цинь
14.Шань-Инь кезеңіне сәйкес емес жетістіктерді көрсетіңіз.
А) Қола металлургиясы
В) Қалалар құрылысы
С) Жазу
Д) Керамиканың жасалуы
А) Ру, тайпа формасындатерриториялық бөліну
В) Тайпа одағындағы рулық, тайпалық иерархия
С) Билеуші-ван түріндегі саяси біртұтастық
Д) Ван бір мезгілде жоғарғы абыз
Е) Өлшем жүйесін бірегейлеу, заң шығару
16Чжоу қоғамындағы әлеуметтік рангтер жүйесін кім басқарды?
А) Ван
С) Дафу
Е) Шужэнь
17Қай инь билеушісі кезінде мемлекет өзінің биік шыңына жетті?
А) Яо
С) Юй
А) Темірдің таралуы
В) Жыртпа құралдармен күш көлік малының таралуы
С) Ирригацияның дамуы мен жырпалы жерлердің көбеюі.
Д) Қоғамдық жиынтық өнімнің өсуі
19.Меншіктің айыру құқығы бар жерге жеке меншік қай кезеңде пайда болды.
А) Чжоу
В) Чжаньго
20.Төмендегі ойшылдардың қайсысы реформаторлық ойшыл ретінде саналды?
А) Кун-Цю (Конфуций)
В) Но-Цзы
С) Гунсун Як (Шан-Ян)
Ежелгі дүние тарихы (Шығыс) тарихы пәні бойынша тест сұрақтарының кілті.
Сұрақ реті |
Дұрыс жауап |
Қиындық деңгейі |
1. |
В |
1 |
2 |
С |
1 |
3 |
А |
1 |
4 |
Е |
1 |
5 |
В |
1 |
6 |
А |
1 |
7 |
С |
1 |
8 |
Д |
1 |
9 |
Д |
2 |
10 |
Д |
1 |
11 |
С |
1 |
12 |
Е |
1 |
13 |
В |
1 |
14 |
Д |
1 |
15 |
Е |
2 |
16 |
А |
1 |
17 |
Д |
1 |
18 |
Е |
3 |
19 |
В |
2 |
20 |
С |
2 |
1. Хамурапи заңдарының жалпы сипаттамасы
2.Ертедегі Вавилонның қоғамдық құрылысы
3.Хамурапи заңдары бойынша Вавилонның шаруашылығы
4.Орта Ассирия заңдарының жалпы сипаттамасы
5.Б.э.д. XV-XIғ.ғ. Ассирияның қоғамдық құрылысы
6.Б.э.д. XV-XIғ.ғ. Ассирия шаруашылығының негізгі белгілері
7.Орта және Жаңа Ассирия патшалықтарының ішкі және сыртқы жағдайлары
8.Ежелгі патшалық кезеңіндегі еңбекші халықтың жағдайы
9. Б.э.д. XV-XIғ.ғ. Египет мемлекетінің ішкі саяси жағдайы
10.Египеттің Алдыңғы Азияның бағынышты елдермен, Вавилон, Хет патшалықтармен өзара байланыстары
11.Чжоу дәуіріндегі Қытайдың ішкі саясаты
12.Ертедегі Үндістанның мәдениеті
13.Магадха – Маурилер дәуіріндегі Үндістанның саяси тарихы
14. Магадха – Маурилер дәуіріндегі Үндістанның шаруашылығы
15.Ертедегі Қытайдағы орталықтану процесі. Цинь империясы
16.Эхнатон реформалары және олардың маңызы.“Жаңа патшалық кезіндегі абыздар”
17.Ежелгі Шығыс елдерінің даму жолдары
18.Ежелгі Шығыс депотизмі, оның белгілері. Ежелгі Шығыстағы мемлекет формалары
19.Ерте дүние тарихының екінші кезеңінің жалпы белгілері
20.Ертедегі Қытай мәдениеті
21.Ежелгі Шығыс қоғамдарының саяси дамуының ерекшеліктері
22.Ежелгі Шығыс және оның дүние жүзілік тарихтағы орны
23.Ежелгі Шығыс елдерінің әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктері
24.Ежелгі Шығыс елдерінің дамуындағы табиғи – географиялық фактордың ролі
25.III ғ. құл иеленушілік өндіріс тәсілінің жалпы дағдарысы
26.Доминант кезіндегі империя. Диоклетиан реформалары
27.Ежелгі Рим мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдері
28.Б.э.д. 80-ші ж.ж. Азамат соғыстары. Сулла диктатурасы
29. Ежелгі Рим империясы (І-ІІ ғ.ғ.)
30.Октавиан Августың принципаты
31.Цезарь диктатурасы. Б.э.д.І 40-30ж.ж. Азамат соғыстары. Рим республикасының құлауы
32.Рим республикасының әлеуметтік – саяси дағдарысының тереңдеуі. Спартак бастаған құлдар көтерілісі
33.Б.э.д. ІІ-І ғ.ғ. Римнің әлеуметтік – экономикалық дамуы. Классикалық құлдық.
34.Римнің Италияны жаулауы және Рим – италийлік одақтың құрылуы
35.Ежелгі Шығыстағы қауымның ролі мен маңызы
36.Ертедегі этникааралық және мәдени байланыстар
37.Ежелгі Шығыс елдерінде құлиеленушіліктің дамуы
38.Ежелгі Шығыс тарихының алғашқы /көне/ кезеңінің негізгі белгілері
39.Ежелгі Қосөзен тарихындағы ерте Вавилон кезеңі
40..Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениетінің ерекшеліктері
1.АЛҒЫ СӨЗ
Курстың мақсаты “ Ежелгі дүние тарихы” пәні бойынша студенттердің адамзаттың өткен тарихының орнауы және өзгеруінің тарихи үрдісі туралы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Курстың міндеттері:
Студенттердің негізді даярлау мәселелерін ұғыну: мемлекеттердің типтері; жекелеген өркениеттер; классикалық құлдықтың мәні; тарих ғылымының ұғымдық аппаратымен жұмыс істей білу; тарихи білімдерді түрлі формаларда түсінуі.
Пән бойынша студенттердің қорытынды білім деңгейі (100%) аралық (40%) және қорытынды бақылау (емтихан) (60%) арқылы анықталады. Семестр бойынша үш қорытынды бақылау (рубежный контроль) түрі өткізіледі. Әр қорытынды бақылау 30 баллмен бағаланады (7 апта, 15 апта).
№ |
Студенттердің жұмыс түрлері |
% балл |
1 |
Дәріс |
3 |
2 |
семинар |
15 |
3 |
СӨЖ |
17 |
4 ОСӨЖ |
25 | |
барлығы |
60 |
Бағалар | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
95-100 |
А |
4,0 |
Өте жақсы. |
90-94 |
А- |
3,67 |
|
85-89 |
В+ |
3,33 |
|
80-84 |
В |
3,01 |
Жақсы. |
75-79 |
В- |
2,67 |
|
70-74 |
С+ |
2,33 |
|
65-69 |
С |
2,01 |
|
60-64 |
С- |
1,67 |
Қанағат. |
55-59 |
Д+ |
1,33 |
|
50-54 |
Д |
1,0 |
|
0-49 |
F |
0 |
Қанағатсыз. |
1.1 графа – бағаның пайыздық көрсеткіші.
2.2 графа – бағаның әріптік көрсеткіші.
3.3 графа – бағаның сандық эквиваленті.
№ |
Тақырыптың атауы |
Сағаттар |
саны |
|
|
|
|
Дәріс |
семинар |
Осөж |
Сөж |
1. |
Ежелгі дүние тарихының алғашқы кезеңі |
2 |
|
2 |
2 |
2. |
Ертедегі Египет тарихы |
2 |
2 |
4 |
4 |
3. |
Ертедегі Қос өзеннің тарихы |
2 |
|
4 |
4 |
4. |
Ертедегі Қосөзеннің заңдары |
2 |
2 |
4 |
4 |
5. |
Ертедегі Ассирия |
2 |
2 |
4 |
4 |
6. |
Кіші Азия және Хетт тарихының негіздері |
2 |
2 |
3 |
3 |
7 |
Ертедегі Иран және Орта Азия |
2 |
|
2 |
2 |
8 |
Ерте Индиядағы мемлекет |
2 |
2 |
4 |
4 |
9 |
Көне Қытай өркениеті |
2 |
3 |
4 |
4 |
10 |
Ертеректегі Таяу Шығыс |
2 |
|
2 |
2 |
11 |
Ежелгі Греция тарихы |
5 |
2 |
6 |
6 |
12 |
Ежелгі Рим тарихы |
5 |
|
6 |
6 |
|
Барлығы |
30 |
15 |
45 |
45 |
1.Алғашқы таптық қоғамның шығуының алғы шарттары
2.Ерте көне дәуірдегі қоғамдардың даму жолдары.
3.Алғашқы қауымдық және ерте қоғамдар аралығындағы дүние пайым.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж
14 12 2014
3 стр.
Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
14 12 2014
4 стр.
Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,
14 12 2014
1 стр.
«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005
14 12 2014
5 стр.
Пән-нің тақырыптық жоспары оқу жоспарына сай көрсетілген. Прак-тикалық сабақтардың жоспары, СӨЖ, осөЖ тапсырмалары, оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар берілген
14 12 2014
1 стр.
С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп
15 12 2014
4 стр.