Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Жаратылыстану ғылымдары және экология институты

География кафедрасы



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Геология және палеожағрафия негіздері»

пәні бойынша
«050609» - География мамандығына

арналған

Өскемен, 2005

Құрастырған ОЭК экология кафедрасы

Шаймарданова А.Е._____ отырысында талқыланды

аты жөні Хаттама №5 « 5 » ақпан 2005 ж.
оқытушы______________

қызметі, ғылыми дәрежесі ОЭК Жаратылыстану ғылымдары

және экология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген Хаттама № « » ақпан 2005 ж.


Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы: Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер, оқытушымен және өз бетінше орындайтын тапсырмалар, емтихан сұрақтары мен тесттер ұсынылды.

Оқу-әдістемелік кешені студенттердің «Геология» курсын меңгеруіне бағыт-бағдар береді.


География мамандықтар бойынша студенттер үшін геология курсының оқу-әдістемелік кешені.

(Құрастырған: Шаймарданова А.Е. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005)

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005


  1. ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ

  1. Жалпы анықтама

1.1 Пәннің аты Геология негіздері

1.2 Кафедра География

1.3 Оқытушының аты, жөні Шаймарданова Айслу Елгазиновна

1.4 Байланыс телефоны сабақ кестесіне сәйкес

42-35-57 (үйдің)



1.5 Жүргізілу орны 4 корпус

1.6 Кредит саны 2

1.7 Оқу жоспарының көшірмесі

Курсы

Се-местрі

Кредит саны

Лек-ция

Семинар

СОӨЖ

ӨБЖ

Бар-лығы

1

1

2

30




30

30

90

1.8 Пререквизиттері

Геология курсына қатысушы студенттердің орта мектепте оқылатын «химия», «география», «физика», «биология» пәндерінен мағлұматы болуы тиіс.

Сонымен бірге жергілікті, аймақтың, ғаламдық геология өндіріс терінен хабары болуы қажет.

1.9 Постреквизиттері

Геология білімді география мамандық алушы студенттер «топырактану», «геожүе», «экономикалық география», «жалпы жертану», «картография және топография», «ландшафтану», «геоморфология», «физикалық география» курстарынан білім алу барысында қолданады.




    1. Курстың қысқаша мазмұны

Жер планетасы – геология ғылым ретінде және оның зерттеу обектісі. Геология пәні, оның басты салалары және өзге ғылымдар мен байланысы.Геологияның өзге ғылымдармен байланысы. Геология ғылымының даму тарихы, Қазақстан геологиясы дамуының басты сатылары. Жер жайлы жалпылама мәліметтер. Жер құрылысының пішіні.

Минералдармен таужыныстар жер қыртысы мен литосфераның құрам бөліктері ретінде. Экзогендік геологиялық процесстер. Минералогия негіздері.



2.1 Курстың мақсаты

  • Геология курсын оқыту мақсаты –студентерге Жер планетасынын беткі қатты қабаттарың, яғни литосфера қабатының және жер қыртысының құрамы, құрылысы, жаралу тегі және уақыт пен кеністіктегі дамуы жайлы терең де жүйелі білім бере отырып, оларға жер бетінде кеңінен тараған минералдар мен таужыныстарды дұрыс анықтай білуді үйрету, планета келбетін дәйімөзгертіп жататын табиғи геологиялық процестердің себеп-салдарын түсіндіру, алған білімдерін іс-тәжирибеде қолдана білуге машықтандыру болып табылады.

2.2 Курстың міндеттері

  • Жер планетасының, оның ядросының және басты қабықтарының заттық құрамы мен ішкі құрылыс ерекшеліктерін, олардыі физикалық сипаттары мен параметрлерін білуге тиіс;

  • Жердің және оның литосферасының көнелігін, тау жыныстардың геологиялық көнелігін анықтаудың таст-басты эдістерін үйрету;

  • Жердің геологиялық дамуы нәтижесінде қалыптасқан, сондықтан да геологияның негізгі зерттеу объектісі болып табылатын тау жыныстардың басты-басты типтерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін ұғындыру;

  • Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын және даму барысын, тау жыныстардың геологиялық көнелігін анықтауға керекті жәндіңдіктердің басты-басты типтерін (палеонтология негіздерін) анықтау;

  • Стратиграфия ғылымының негізгі болып табылатын таужынысы қабаттарының қат-қабатталу зандылығымен таныстыру;

  • Таужыныстардың басты-басты типтерінің (магмалық, шөгінді, метаморфтық таужыныстардың) минералық құрамын және құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерін саралау нәтижесінде оларды бір бірінен дұрыс ажырату білуі.




    1. Курстың соңында студенттердің алатын білімінің мазмұны

Студенттердің геологиядын алғаң білімдері оларға оқу жоспарында белгіленген болашақта өтетін географиялық пәндерді неғұрлым терең де табысты игеруге бірден-бір негіз болуға тиіс.

3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен өткізу кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны

Ұсыныла-тын әдебиеттер

Орын-далу ұзақ-тығы

Бал-дары

Бақы-

лау түрі


Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Реферат

Өз бетімен жұмыс істеуге қалыптас-тыру

Ұсыныл-ған әдебиеттерден материал жинау

1-2

15

Қорғау

15 апта

2

Лабораториялық жұмыс

Студент-терді өз білімін баяндап жеткізуге үйрету

Ұсынылған минерал коллек ция –ларды өз бетімен зерттеу

1-15

30

Зерттелген минералдарды және тау жыныстарын тапсыру

2, 3, 6, 8, 11, 15

3

Бақылау

Лекцияда берілген материалдарды меңгеру сапасын бақылау

Ұсыныл-ған әдебиеттерден материал жинау




10

Жазба-ша есеп

7 апта

4

Конспек-ті жазу

Студенттердің курс материал-дарын игеруіне ықпал ету

Ұсыныл-ған әдебиет-терден материал жинау




5

Ауызша сұрақ-жауап

10, 11 апта


3.6 Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Машанов А.Ж. Кристаллография, минералогия, петрография, Алматы, 1969 ж.

  2. Сыздық Бәкіров Геология негіздері. Алматы, Санат, 1995 ж.

  3. Қауан Көшербаев Минерал әлемінде. Алматы «Қазақстан»

  4. Тұяқбаев К., Арыстанов К, Әбішев Жалпы геология курсыі. Алматы, Білім,1995

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер:

  1. ЯкушоваА.Ф.Динамическая геология.М.«Просвещение», 1970




  1. Короновский Н.В., Якушова А.Ф. Основы геологии. М., Высшая школа 1991

  2. Иванова М.Ф. Общая геология с основами исторической геологии. М.Высшая школа, 1980

  3. Каденская М.И. Руководство к практическим занятиям по минералогии и петрографии. М. Просвещение, 1976.

  4. Вернадский В.И. Биосфера. М., 1967

  5. Барская В.Ф., Рычагов Г.И. Практические работы по общей геологии. М.Изд. Просвещение, 1971.

  6. Горшков Г.П. Общая геология. 1973

  7. Жатқанбаев Ж. Биосфера. Алматы, 1981

  8. Якушова А.Ф., Хайн В.Е., Славин В.И. Общая геология. Изд. МГУ, 1988

  9. Ершов В.В. Новиков А.А., Попова Г.В. Основы геологии. Изд. Недра, 1986.

  10. Сапарбай ұлы Геология және гидрология негіздері. Алматы, Білім, 1996

  11. М.Я. Левитес Общая геология с основами исторической геологии и геологии СССР. М., Недра, 1978

    1. Рейтинг – шкала

Бақылау түрлері

Балдары

Ағымдық

15

Аралық (тест, коллоквиум, ауызша сұрақ)

10

Үй жұмысы

15

Қортынды

20

Емтихан

40

Барлығы

100

3.8 Әр түрлі жұмыстарды бағалау шкаласы мен белгілері

Бүкіл оқу кезеңінде сабаққа және лекция сұрақтарын талдауға белсенді қатысу үшін – 3 балл (әр сабаққа қатысқаны үшін – 0,2 балл).

Лекцияны конспектілеуге – 3 балл (әр конспектіні толық жазғаны үшін – 0,2 балл).

Лабораториялық сабақтарындағы жұмыстарға – 6 балл .

Реферат – 15 балл (рефератты қорғау – 10 балл, сұраққа жауап – 4 балл, рефератты безендіру – 1 балл).

Коллоквиум – 10 балл.

Шағын бақылау жұмысы – 3 балл

Аралық шектік бақылау – 15 балл

Бақылау жұмысы - 5 балл

Барлығы - 60 балл



4. Курстың саясаты: Сабаққа міндетті түрде қатысу (әрбір себепсіз қалдырылған сабақ 1 балға кемиді). Сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді. Сабақ барысында мұғалімнің сабақ өтуіне кедергі жасамау. Берілген тапсырмаларды өз мерзімінде орындау, кешігіп орындалған тапсырмалар (рефератпен бақылау жұмыстары) қабылданбайды.

2 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тақырыптық жоспары



Тақырыптың аттары

Лек

С.

СОӨЖ

ӨБЖ

1

Кіріспе

2




2

2

2

Жер жайлы жалпылама мәліметтер

2




2

2

3

Кристалдардың векторлық қасиеттері және кенестік решетка

2




2

2

4

Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

2




2

2

5

Тау жыныстары

2




2

2

6

Магмалық тау жыныстары

2




2

2

7

Шөгінді тау жыныстары

2




2

2

8

Метаморфтық тау жыныстары

2




2

2

9

Геологиялық хронология (жылнама) және геологиялық карталар

2




2

2

10

Таужыныстардың денудация сы, аккумуляциясы және седиментациясы

2




2

2

11

Жер бетіндегі ағын сулар дың геологиялық әрекеті.

2




2

2

12

Теніздің және мұздықтардың геологиялық әрекеттері.

2




2

2

13

Сейсмикалық құбылыстар

2




2

2

14

Палеонтологиялық элементтері.

2




2

2

15

Геотектоника (тектоника) негіздері.

2




2

2




Барлық сағат саны

30




30

30

2.2 Лекциялық сабақтар тезисі

1 – тақырып. Кіріспе

Геология – Жер туралы ғылым (грекше «гео» - жер, «логос» -ғылым). Жер қыртысы әр түрлі тау жыныстарынаң тұрады. Олар кемінде екі минералдан, алкөпшілік жағдайда бірнеше минералдан құралады. Геологияның мақсаты – адам өміріне қажетті барлық қазына байлықтарды іздеп табу, қазып алып қорытып немесе тазартып пайдалану.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 5,

2 – тақырып. Жер жайлы жалпылама мәліметтер.

Жер құрылысының пішіні. Жердін ішкі құрылысын зерттеудің басты геофизикалық әдістері (сейсмология, гравиметрия, магнитметрия, электрометрия, геотермика). Жер ядросының, оның қатты қабықтарының құрылысы мен құрамы (жер ядросы, мантиясы, жер қыртысы).

Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 5


  1. – тақырып. Кристалдардың векторлық қасиеттері және кенестік решетка.

Кристал заттардың ішкі құрылысы тәртіппен орналасқан, ал сол тәртіпке байланысты заттардың барлық физикалық касиеттері әр бағытта әр түрлі, яғни бағытына қарай өзгеріп отырады. Кристалдардың барлық өзгешеліктерін, оның ішінде векторлық құрылысты түсіну ушін оның ішкі құрылысын кенестік решетка (торкөз) деп қарауға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 6, 10



  1. – тақырып. Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Жер қыртысындағы, судағы және атмосферадағы физикалық-химиялық әрекеттерден пайда болатын табиғи химиялық қосындылар мен элементтерден тұратын заттарды минерал деп атайды. Минералдар көбінесі қатты зат. Минералдың физикалық қасиеттеріне жататындар: олардың кристалдық құрылымы табиғатта кездесетін формасы, түсі, жылтырлығы, жымдастығы, сынғыштығы, тығыздығы, қаттылығы, серпімділігі, меншікті салмағы, сызығының (дағының) түсі, мөлдірлігі, магниттігі, электірлік, оптикалық қасиеттері.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 6, 10

5– тақырып. Тау жыныстары

Жер қыртысын түзетін дербес геологиялық денелерді құрайтын минералдық агрегаттар тау жыныстары деп аталады. Тау жыныстарын литосферада, гидросферада және атмосферада үздіксіз өтіп жататың процестердің нәтижесінде түзелген және түзеле береді. Бұлардан басқа пирокластикалық немесе вулканогендік – шөгінділік аталатын аралық тау жыныстары да тараған.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 8, 9

6– Тақырып. Магмалық тау жыныстары.

Магмалық тау жыныстары балқыған магманын, суынуы нәтижесінде түзеледі. Магма жердің терен қойнауында пайда болады және газ күйіндегі әр түрлі заттар мен су буына қаныққан силикаттық күрделі балқыма болып табылады. Магмалық жыныстардын, касиеттері оның ішкі құрылысының ерекшеліктеріне, массивті қалыптастыруына байланысты.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 10, 8, 9

7– Тақырып. Шөгінді тау жыныстары.

Шөгінді тау жыныстары жер бетіндегі тау жыныстарының үгілуі және кейінірек үгілген бөлшектердің құрылықта, су айдындарды мен ағынды сулардың түбінде жиналуынан пайда болады. Шөгінді жыныстар кластарға жіктеледі. Кесекті жыныстар, Химиялық және органогендік жыныстар, карбонатты жыныстар, Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 10, 8, 9

8– тақырып. Метаморфтық тау жыныстары.

Метаморфтық тау жыныстары жоғары қысым, температура және химиялық әсері куатты заттардың ықпалымен өтетін метаморфизм процесінің ықпалынын магмалық және шөгінді жыныстардың өзгеруі нәтижесінде қалыптасады. Метаморфтық тау жыныстарының сипаттамасы.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 10, 8, 9

9 – тақырып. Геологиялық хронология (жылнама) және геологиялық карталар.

Жер өміріндегі белгілі геологиялық оқиғалар мен тау жыныстарының түзілу уақытын геологиялық хронологияға (жылнамаға) сәйкес белгілі кезендерге жатқызыды. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстармалы жасы. Геологиялық карталар мен кималар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 10, 8, 9

10 - тақырып. Таужыныстардың денудациясы, аккумуляциясы және седиментациясы.

Денудация ең басты қозғаушы күші – ауырлық күші және беткейлік шаю. Желдің денудациялық қызметі: дефляция, коррозия. Денудациялық және аккумуляциялық процесстердің жербедерді қалыптастырудағы рөлі.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 11,10, 5, 4.

11 – тақырып. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті.

Жер бетінің ағынды сулары – экзогендік күштердің тым куатты агенті. Аландық шаю. Жыралардың пайда болуы. Сел тасқындары. Өзендердін геологиялық әрекеті.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10,11.

12 – тақырып. Теніздің және мұздықтардың геологиялық әрекеттері.

Теніз – Жердің пішінін түрлендіретін басты геологиялық факторлардың бірі. Теніз шөгінділері. Аккумуляция. Негізгі мореналар. Мұздық шөгінділердің құрылыстық қасиеттері.

Негізгі әдебиеттер: 5, 10,11.

13 – тақырып. Сейсмикалық құбылыстар

Сейсмикалық құбылыстар (грекше «сейсмикос» - сілкіну, шайқалу) жер қыртысының серпімді тербелістері түрінде байқалады.

Негізгі әдебиеттер: 8, 2, 23, 11, 9

14 – тақырып. Палеонтологиялық элементтері.

Палеонтология ғылымы және оның зерттеу объектісі жайлы жалпылама мәліметтер. Палеонтология түсінігінің анықтамасы. Жәндіктер мен өсімдіктер әлемін жүйелеу принциптері.

Негізгі әдебиеттер: 16,7

15 – тақырып. Геотектоника (тектоника) негіздері.

Геотектоника ғылым ретінде және оның динамикалық геологиядағы рөлі. Геотектоника және тектоника түсініктерінің анықтамалары.

Негізгі әдебиеттер: 4, 7, 16


2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары

1 – тақырып. Кіріспе

Сұрақтар:

  1. Геологияның зерттеу объектілері және олардың иерархиялық реті.

  2. Геологияның өзге ғылымдармен байланысы.

  3. Геологияның минералды ресурстарды іздеу, барлау және игеру ісіндегі манызы.

  4. Геологиянын мақсаттары.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11

2 – тақырып. Жер жайлы жалпылама мәліметтер.

Сұрақтар:

  1. Сейсмология, гравиметрия деген не?

  2. Жердің және жер қыртысының көнелігі жайлы маліметтер.

  3. Жердің планета ретінде қалыптасу көнелігі және оның геологиялық дамуы объектісі ретіндегі көнелігі.

  4. Жердің құрылысы.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11

3 – тақырып. Кристалдардың векторлық қасиеттері және кенестік решетка.

Сұрақтар:

  1. Полиморфизм

  2. Симметрия тұралы ұғым

  3. Кристаллографиялық кластар және сингониялар

  4. Изоморфизм

Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 11, 10,

4– тақырып Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс: Минералдарды классификация бойынша анықтау.

Минералдарды типтерге бөліп, жеке элементерді және сульфиттерді жоғарыда берілген тәртіп бойынша зерттеу.


  1. тақырып. Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс:

Классификация бойынша тотықтар мен галоид қосындыларды анықтау.



6Тақырып. Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс:

Классификация бойынша карбонат мен сульфаттар классын зертеу.

7Тақырып. Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Лабораториялық жұмыс:

Классификация бойынша фосфаттар мен силикаттар классын зертеу.

8тақырып.. Магмалық тау жыныстары.

Лабораториялық жұмыс: Магмалық қышқыл және негізді жыныстарының анықтау және оларды бір-бірінен ажырату.



9 – тақырып. Магмалық тау жыныстары.

Лабораториялық жұмыс: Тау жыныстарын анықтау және оларды бір-бірінен ажырату. Магмалық ультранегізді жыныстар.



10 – тақырып. . Шөгінді тау жыныстары.

Лабораториялық жұмыс: Шөгінді тау жыныстарын анықтау және оларды бір-бірінен ажырату.



11 – тақырып. Метаморфтық тау жыныстары.

Лабораториялық жұмыс: Метаморфтық тау жыныстарын анықтау және оларды бір-бірінен ажырату.



12 – тақырып. Геологиялық картасын оқу және осы картада бейнеленген аймақтардың геологиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттау.

13 – тақырып. Геология карта бойынша геологиялық процесстердің жалпылама бағытарын сипаттау.

14 – тақырып. Жоғарыдағы тақырптар бойынша берілген минералдар мен тау жыныстарын бақылау.

15 – тақырып. Берілген тапсырмалар бойынша реферат қорғау.

Берілген сұрақтарына, тапсырмаларға қажетті материалдар ұсынылған әдебиеттерден іріктеледі. Студенттер баяндама түрінде әр сұраққа әзірленіп, лабораториялық сабақтарында өз білімдері мен белсенділігін көрсетуі керек. Тьапсырмаларды толық орындагандарға баға қойылады.


2.4 СОӨЖ шеңберінде істейтін жұмыстарының жоспары лабораториялық тақырыптары бойынша өткізіледі
2.5 Семинар сабақтардың жоспары мемлекеттік оқыту стандарты бойынша қарастырылмағаң
2.6 Оқытушының басшылығымен студенттердің өз бетінше істейтін жұмыстарының жоспары

1 – тақырып. Геология курсына кіріспе.

Сұрақтар:



  1. Геология түсінігінің анықтамасы

  2. Геология пәні; оның басты салалары және өзге ғылымдар мен байланысы.

  3. Геологияның зерттеу объектісі

  4. Геологияның өзге ғылымдармен байланысы

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

2 – тақырып. Жер жайлы жалпылама мәліметтер.

Сұрақтар:



  1. Геологияның танымдық және шаруашалық маңызы.

  2. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды қарқынды түрде игеру нәтижесінде олардың күннен-күнге азаюынан және тарихи кезенде қайтадан қалпына келу мүмкіндігі мүлдем жоқтығынан туындайтын проблемалар.

  3. Жер жайлы жалпылама мәліметтер.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

3 – тақырып. Кристалдардың векторлық қасиеттері және кенестік решетка.

Сұрақтар:



  1. Полиморфизм

  2. Симметрия тұралы ұғым

  3. Кристаллографиялық кластар және сингониялар

  4. Изоморфизм

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

4 – тақырып. Минералогия. Минералдардың физикалық және басқа қасиеттері.

Сұрақтар:

1.Минералдар мен таужыныстары жайлы жалпылама деректер.

2. Минералдардың физикалық және баска қасиеттері.

3. Минералдардың жіктелуі және жаралу тегі

4. Экзогендік процестер

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

5 – тақырып. Тау жыныстары

Сұрақтар:



  1. Тау жыныстарының жасың анықтау әдістері

  2. Вулканизм туралы түсінік беру

Негізгі әдебиеттер: 3, 4, 15

6 – Тақырып. Магмалық тау жыныстары.

Сұрақтар:



  1. Магмалық жыныстардың жатыс пішіні

  2. Магмалық жыныстардың құрылымы мен текстурасы

  3. Магмалық жыныстардың бөліктігі

  4. Магмалық тау жыныстарының сипаттамасы

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 10, 11

7– Тақырып. Шөгінді тау жыныстары.

Сұрақтар:



  1. Минералдық және химиялық құрамы.

  2. Шөгінді жыныстардың кластарға жіктелуі.

  3. Кесекті жыныстар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 10, 11

8– тақырып. Метаморфтық тау жыныстары.

Сұрақтар:



  1. Басты метаморфтық тау жыныстары кестесі

  2. Метаморфтық тау жыныстары.

  3. Метаморфтық тау жыныстарының сипаттамасы

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

9 – тақырып. Геологиялық хронология (жылнама) және геологиялық карталар.

Сұрақтар:



  1. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасы

  2. Геологиялық карталар мен кималар

  3. Тау жыныстарының жасы туралы деректердің мәні

  4. Табиғи іріктелу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 13, 11, 7

10 – тақырып. Таужыныстардың денудациясы, аккумуляциясы және седиментациясы.

Сұрақтар:



  1. Денудация түсінігінің анықтамасы

  2. Денудацияның ең басты қозғаушы күші – ауырлық күші және беткейлік шаю.

  3. Аккумуляция денудациямен тығыз байланысты және оған қарама-қарсы процесс..

Негізгі әдебиеттер 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

11 – тақырып. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті.

Сұрақтар:



  1. Ағынды сулар жөнінде жалпы мәлімет.

  2. Аландық шаю

  3. Жыралардың пайда болуы

  4. Сел тасқындары

  5. Өзендердің геологиялық әрекеті

Негізгі әдебиеттер: 10, 5, 11, 12, 13

12 – тақырып. Теніздің және мұздықтардың геологиялық әрекеттері.

Сұрақтар:



  1. Теніздің геологиялық әрекеті

  2. Теніздін бұзымпаздық әрекеті

  3. Теніз шөгінділері

Негізгі әдебиеттер: 10, 5, 11, 12, 13

13 – тақырып. Сейсмикалық құбылыстар

Сұрақтар:



  1. Жер сілкінудің себептері және сейсмикалық ошақтың құрылысы

  2. Жер сілкінудің күшін бағалау

  3. Жер сілкінулердің таралуы және бұрынғы Одақтың сейсмикалық аймақтары

  4. Жер сілкінулерді болжау

Негізгі әдебиеттер: 4, 3, 11, 7

14 – тақырып. Палеонтологиялық элементтері.

Сұрақтар:



  1. Палеонтология ғылымы және оның зерттеу объектісі жайлы жалпы мәліметтер

  2. Фауналық ассоциялар зандылығының мән-мағынасы

  3. Органикалық әлемді жүйелеудің иерархиялық реті – түр, нәсіл, әулет, отряд, сынып және тип.

  4. Жәндіктер мен өсімдіктер әлемін жүелеу принциптері

Негізгі әдебиеттер: 14,15

15 – тақырып. Геотектоника (тектоника) негіздері.

Сұрақтар:



  1. Жер қыртысының тектоникалақ қозғалыстары

  2. Пластар (қабаттар) жатысының элементері

  3. Тау жыныстарының сәйкес және шалыс жатысы

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 24, 11, 7

Методикалық ұсыныс: шептік бақылауға ауызша жауап беру үшін өткен материалды үнемі қайталап отыру

2.7 Жазба жұмыстарының тақырыбы

Рефераттардың тақырыптары



  1. Желдің денудациялық қызметі

  2. Қазақстан геологиясы дамуының басты сатылары

  3. Экзогенді геологиялық процесстер

  4. Таужыныстарының физикалық, химиялық және органикалық морылуы

  5. Теніздер мен мұхиттардың геологиялық жумысы

  6. Әлемдік мұхиттың органикалық әлемі, оның геологиялық ролі

  7. Минералогия негіздері

  8. Мұздтардың, жерасты суларының геологиялық жұмысы

  9. Желдің денудациялық қызметі

  10. Минералдардың физикалық қасиеттері

  11. Петрография негіздері

  12. Стратиграфия негіздері

  13. Магмалар, олардың жер қойнауында туындау себептері

  14. Тектоникалық қозғалыстар

  15. Жердің геологиялық даму тарихының эралары

  16. Жержылнамалық шкала және оның бірліктері

  17. Жәндіктердің басты типтері және олардың палеонтологиядағы маңызы

  18. Литосферадағы тектоникалық қозғалыс типтері

Ұсыналатын әдебиеттері: жоғарыда көрсетілген әдебиеттер.

Рефераттарға қойылатын талаптар:

  • Реферат А4 форматына жазылып 15 бет көлемінде тапсырылады. Парақтың параметрі: жоғарғы және төменгі жағында - 2 см, сол жағы – 3см, оң жағы – 1см.

Рефераттың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар:

  1. Рефераттың сыртқы қабы;

  2. Тақырыптың жоспары;

  3. Рефераттың мақсаты мен міндеті;

  4. Рефераттың жоспарға сәйкестігі

  5. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

Реферат компьютермен басылған болуы керек.
2.8 Тест сұрақтарың оқытушының үлестіру материалдарынаң аласыздар

2.8 «Геология курсынан» емтихан сұрақтары

  1. Пәннің зерттеу мақсаты және объектісі

  2. Минералогия тарихының мәліметі

  3. Кристалл тұралы түсінік, физикалық қасиеттері

  4. Минералдардың түстері

  5. Геология тғылымының тараулары, әр қайсысын қысқаша мәліметтеу

  6. Магматизм пайда болуының себептері қандай? Магма түрлері туралы қөзқарастар, магма жіктелуі

  7. Шөгінді таужыныстарының пайда болу жолдарын түсіндірініз

  8. Теніздер мен мұхиттардың геологиялық қызметі

  9. Геотектоникалық уақыты мәселесі геологиялық уақытының ерекшелігі. Мәселе маңызы. Өлшеу бірліктері.

  10. Жер геосферасының пайда болуы мен дамуы.

  11. Ертедегі палеозойдың басты оқиғалары. Өзгеру себептерін түсіндіріңіз

  12. Кеш палеозойдың басты оқиғалары. Өзгеру себептерін түсіндірініз

  13. Қайнозойдағы басты оқиғалары. Өзгеру себептерін тусіндірініз. Қазіргі табиғи жағдайлардың қалыптасуы

  14. Архей – протерозойдың басты оқиғалары және олардың геосфера қалыптасты рудағы ролі. Тіршіліктің пайда болуы

  15. Магмалық тау жыныстарының жаратылысы мен түрлері

  16. Минералдардың сызық түсі мен жылтырлығы дегеніміз не?

  17. Жер сілкүден сақтану әдістері

  18. Магмалық жыныстардың сипаты, әрқайсысын қысқаша мәліметтеу

  19. Жер сілкінуді зерттеу әдістері

  20. Көл-батпақтар, олардың геологиялық ролі

  21. Метаморфтық таужыныстары

  22. Жердің жасы мен жылнамасы

  23. Минералогия жөнінде жазылған еңбектер, және оның авторлары

  24. Жердің геологиялық әрекеті

  25. Тау жыныстары туралы жалпы тусінік

  26. Дислокациялық қозғалыстар неліктен пайда болған

  27. Геотектоникалық қозғалыстар неліктен пайда болған

  28. Адамзаттың геологиялық әрекеті және табиғи ортаны қорғау

  29. Шөгінді таужыныстарының жаратылысы мен турлері

  30. Қатпарлы құрылымдар

  31. Жер сілкінуге дейін не істеу керек

  32. Жер қыртысының химиялық құрамы

  33. Жер қыртысының петрографиялық құрамы

  34. Жердің сыртқы қабаттары

  35. Жердің ішкі құрылысы

  36. Вулканизм тұралы түсінік берү

  37. Эндогендік дегеніміз не?

  38. Экзогендік дегеніміз не?

  39. Минералдар қандай топтарға бөлінеді, жеке элементер дегеніміз не?

  40. Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны қорғау. Экологиялық мәселелер

  41. Геотектоникалық болжамдар

  42. Теніздін геологиялық әрекеті




ОҚУ-Әдістемелік кешен «Геология және палеожағрафия негіздері»

Оқу-әдістемелік кешені география мұғалімі мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешеніндегеология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланы

248.32kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050106 «музыкалық білім беру» мамандығЫ Үшін оқУ – Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж

481.65kb.

14 12 2014
3 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен 050120 «Кәсіптік оқу» мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені кәсіптік мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әде

347.43kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен шетел-тілі мамандығы үшін

Оқу-әдістемелік кешені мамандық алушы студенттерге арналған. Оқу-әдістемелік кешенінде экология курсының тақырыптық жоспары берілді және студенттер үшін пайдаланылатын әдебиеттер,

257.14kb.

14 12 2014
1 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет

637.97kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005

724.01kb.

14 12 2014
5 стр.


ОҚУ-Әдістемелік кешен

Пән-нің тақырыптық жоспары оқу жоспарына сай көрсетілген. Прак-тикалық сабақтардың жоспары, СӨЖ, осөЖ тапсырмалары, оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар берілген

316.86kb.

14 12 2014
1 стр.


«Химия» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен

С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп

453.16kb.

15 12 2014
4 стр.