5. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972.
6. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1972.
2.3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
1. Сөз бен ұғым /1 сағат/. Ұғымның дамуы. Сөздің анықтамасы. Оморфондар. Омографтар.
2. Сөз мағыналары мен түрлері /2 сағат/. Мағына, оның түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері: тура немесе номинативті мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына.
Сөз типтері, белгілері, нұсқалары.
3. Сөз мағынасының өзгеру себептері /2 сағат/. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары, метафора мен метанимия тәсілдері. Семасиология заңдары:Функционалды семантика заңы, Ұқсату заңы, Бүтіннің бөлшекке ауысу заңы, Сөз мағынасының тараюы мен кеңею заңы.
4. Сөздердің көп мағыналығы. Сөз мағынасының дамуы. Кірме сөздер
/2 сағат/. Сөздердің көпмағыналылығы, синонимия құбылысы, омонимия құбылсы, антонимия құбылысы. Қазіргі қазақ тілінің шығу арналары.Кірме сөздер, олардың даму, таралу кезеңдері.
5. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары /1 сағат/. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Қазақтың байырғы төл сөздері. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. /Араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен енген сөздер/.
6.
Лексикография. Сөздіктер. Терминология /2 сағат/.
Қазақ тілінің лексикографиясы. Сөздіктердің түрлері. Қазақ тілінің терминологиясы, терминжасам мәселелері, жаңа терминдер.
7. Фразеология /5 сағат/. Фразеологизмдер туралы түсінік, өзіндік белгілері. Қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы. Олардың сөз табына қатысы, көп мағыналалығы. Фразеологиялық нұсқалар. Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Фразеологизмдер және ұлттық болмыс. Фразеологизмдердің қалыптасуының дереккөздері.
2.4 ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
СОӨЖ өткізу формасы :
-
1А.Байтұрсынұлының «Тіл құрал» еңбегін оқып, конспектілеу (2 сағат)
-
Х.Досмағамбетовтың «Аламан» еңбегін оқып, конспектілеу (2 сағат)
-
Қазақ лексикографиясының тарихы туралы. /конспект/(1 сағат)
-
Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері: Жалпылама лексика. /конспект/ (2 сағат)
-
Қазақ тілі-ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл. /конспект/ (2 сағат)
-
Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдері типологиялық белгілеріне шолу. /конспект/(2 сағат)
-
Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу. /конспект/(1 сағат)
-
Кітаби лексика /конспект/ (1 сағат)
-
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.
Әдістемелік нұсқау: 1.тақырыптар бойынша ұсынылатын әдебиеттерді пайдадана отырып ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және , салыстырмалы түрде талдау;
2.негізгі ойды жазып алу;
3 Шығыс Қазақстандағы кәсіби лексикаға байланысты сөздерді жинау;
Негізгі әдебиеттер:
-
Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
-
Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
-
Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
-
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.
-
Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.
-
Фомина М.И. Современный русский язык. Лексикология. М., 1990.
-
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972.
-
Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1972.
-
Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М., 1985.
-
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы /-Алматы,1992ж.
-
Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.
2.5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 тақырып «Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы»
1)Орта ғасырда зерттелуі.
2)Ресей және Батыс Европа зерттеушілерінің еңбектері.
3)Кеңес дәуірінде зерттелуі.
-
2 тақырып«Қазақ тілінің лексикологиясы»
1) Лексикология саласының мақсаты мен зерттелу.
-
Тіл білімінің салалармен байланысы.
-
Қазақ лексикасының құрамы мен шығу арналары
3тақырып: Сөз лексикалық дербес бірлік»
1)Сөзге анықтама
2)Ұғым мен сөздің, сөз бен мағынаның сипаты
3) Сөздің лексикалық мағынасы.
4 тақырып «Сөз мағынасының дамуы»
1)Сөз мағынасына анықтама.
2)Сөз мағынасының кеңеюі.
3)Сөз мағынасының тараюы.
-
Метафора.
-
Метонимия.
5 тақырып«Метафора»
1)Метафораның анықтамасы.
2)Метафоралық тәсілдер.
3)Тілдік метафора.
4)Поэтикалық метафора.
5)Жеке қолданыстағы метафора.
6)Метонимия.
6 тақырып. «Сөз мағынасының дамуы: Метонимия, синекдоха»
1)Сөз мағынасының даму себептері.
2)Метонимия анықтамасы.
3)Синекдоха анықтамасы, мысалдармен дәлелдеу.
7 тақырып. «Қазақ тіліндегі синонимия құбылысы»
1) Синоним терминіне анықтама
2) Синонимнің жасалуы
3) Синонимдерді қолданудың негізгі тәсілдері
8 таықырып «Қазақ тіліндегі көне сөздер»
1) Кірме сөздер дегеніміз не?
2) Кірме сөздер туралы түркітанушы ғалымдардың пікірі
3) Араб-парсы тілінен енген кірме сөздер
4) Монғол тілінен енген кірме сөздер
5) Орыс тілінен енген кірме сөздер
10 тақырып «Қазақ тіліндегі диалектік лексика»
1) Диалект терминіне анықтама
2) Диалектік лексиканың құрамы
3) Диалектік лексиканың жалпыхалықтық лексикаға қатысы
11 тақырып. «Кәсіби сөздер»
1) Кәсіби сөздердің анықтамасы
2) Кәсіби сөздердің салалары
3) Кәсіби сөздердің таралу сипаты
СӨЖ орындауға әдістемелік ұсыныстар
- берілген әдебиеттерді міндетті түрде оқып, талдау;
- берілген тақырып бойынша әр студент реферат жазып оны қорғау;
- берілген практикалық сабақтарға сәйкес жаттығу жұмысын орындау;
2.6 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Реферат тақырыптары:
1 Реферат. «Қазақ тілінің жалпыхалықтық лексикасы»
1) Жалпыхалықтық лексикаға анықтама
2) Сөйлеу лексикасы
3) Жазба тіл лексикасы
4) Стильаралық бейтарап лексика
5) Мәнерлі-бояулы сөздер
2 Реферат. «Фразеология»
1) Фразеология ұғымының жалпы сипаты
2) Фразеология- дербес лингвистиканың бір саласы
3) Өзіндік белгілері
4) Фразеологизмдердің топтарға жіктелуі
3 Реферат. «Қазақ тілінің терминологиясы»
1) Термин дегеніміз не?
2) Тенрминология саласының өзіндік сипаты мен белгілері
3) Қазіргі қолданыстағы терминдердің сипаты
4) Терминдердің зерттелуі
4Реферат. «Қазақ тілінің этимологиясы»
1) Лексикология – этимологияның бір бөлімі, анықтамасы
2) Қазақ тілі этимологиясының зерттелу тарихы
3) Кейбір сөздердің этимологиялық сипаты
5 Реферат. «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көп мағыналығы»
1) Көп мағыналық дегеніміз не?
2) Фразеологизмдерге қысқаша сипат
3) Фразеологизмдердің көп мағыналылығы
4) Фразеологизмдердің шығу арналары
Рефератты орныдауға әдістемелік ұсыныс
1 реферат құрылымы
- бірінші беті
-мазмұны
-кіріспе бөлім
-негізгі бөлім
- қолданылған әдебиеттер
2 .мазмұнынан қойылатын талаптар
- мазмұнында беттері көрсетілуі керек;
-кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері жазылу керек;
- негізгі бөлімде тақырыптың теориялық жақтары толық ашылыу қажет;
- әдебиеттер тізімі қолдану реті бойынша жазылады.
3 талаптары
- реферат А4 форматты бетте терілу керек;
- реферат көлемі 20 бет
1-модульдің коллоквиум сұрақтары:
-
Ұғым және сөз. Сөз және лексикалық мағына.
-
Ұғым мен мағынаның айырмашылығы. Ұғым, мағына, сөздің ара қатынасы, байланысы.
-
Сөздің анықтамасы. Сөзге анықтама берудің қиындығы. Сөздің формалары. Омофондар. Омографтар. Варианттар мен дублеттер.
-
Қос сөздер. Біріккен сөздер. Фразалық тіркестері. Сөздің мазмұны. Лексикалық мағына, грамматикалық мағына, эмоционалды-экспрессивтік мағына, контекстік-стилистикалық мағына, тақырыптық-семантикалық мағына, тағы басқалар сөздің мазмұнын құрайтындығы.
-
Сөзге тән белгілер. Сөз типтері. Лексикалық-семантикалық жүйе туралы түсінік.
-
Сөз мағынасының өзгерту себептері. Сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы /немесе экстралингвистикалық/ және ішкі /немесе лингвистикалық/ себептері болатындығы.
-
Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі.
-
Метонимия жасалу жолдары. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы.
-
Көп мағыналық. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура /немесе номинативті/ мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына.
-
Сөз мағыналарын затпен немесе құбылыспен байланысу сипатына қарай, шығу, пайда болу тарихына қарай, тіркесу қабілетіне қарай, функциялық-стильдік реңктеріне қарай жаңаша топтастыру.
-
Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.
-
Синонимдер. Синонимдердің айырым-белгілері. Синонимдік қатар және доминант. Синонимдердің мағыналық, контекстік-стильдік реңктері. Синонимдер және лексикалық дублеттер. Синонимдердің жасалу жолдары. Синонимдердің типтері.
-
Антонимдер. Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары. Энантиосемия құбылысы. Табу. Эвфемизм. Диосфемизм.
-
- Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негіздері сөздік қоры.
-
Сөздік құрамының жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамының ара қатынасы. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
-
Олардың лексика-семантикалық, фонетикалық, лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
-
Түбір сөздер мен туынды сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдары. Сөз тудыру тәсілдері негізінде пайда болған сөздердің ерекшеліктері.
-
Өзге тілден енген сөздердің кірме сөздер деп аталатындығы. Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, иран тілдерінен енген сөздер.
-
Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі. Қазақ тіліне кірме сөздер әкелген жаңалықтар.
2-модульдің коллоквиум сұрақтары:
-
Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні және қолдану шеңбері. Қазақ тілінің ауызекі және жазба формалары. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
-
Әдеби тілге тән басты белгілер. Әдеби тілдің нормалары. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Тілдік стиль туралы ұғым.
-
Қазақ тілі лексикасын құрайтын сөздердің түрлі принципке негізделе отырылып, қолданылу шеңбері, стильдік мәні жағынан бірнеше топқа бөлінетіндігі. Таралу аясына немесе әлеуметтік-территориялық ерекшеліктеріне қарай топтасқан сөздер.
-
Жалпыхалықтық сөздер, стиль аралық сөздер, бейтарап сөздер. Жалпыхалықтық лексиканың басты-басты ерекшеліктері.
-
Диалект сөздер. Диалект, наречие, говор туралы түсінік. Диалект сөздердің лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Диалектизмдер.
-
Кәсіби сөздер. Кәсіби сөздердің түрлері. Кәсіби сөздердің ерекшеліктері. Жаргон және арготизмдер.
-
Қолдану жиілігіне қарай топтасқан сөздер. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсінік.
-
Көнерген сөздер: архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер. Бұлардың өздеріне тән ерекшеліктер.
-
Лексикография. Лексикографияның теориясы мен практикасы жайында жалпы мағлұмат.
-
Лингвистикалық сөздіктердің жасалу мақсатына, спецификалық ерекшеліктеріне және көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.
-
Фразеология. Фразеология- тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің дербес ғылым саласы.
-
Фразеологизмдер туралы түсінік. Фразеологизмдер /тұрақты тіркестер/ - лексиканың ең бай, құнарлы көзі. Фразеологизмдер құрамындағы сөз-компоненттердің фразеологиялық мағына жасаудағы рөлі мен олардың өзіндік ерекшеліктері.
-
Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері.
-
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерге тақырыптық шолу жасау; олардың грамматикалық ерекшеліктері; сөз таптарына қарай топтастырудағы шарттылық; фразеологизмдер сипаты; фразеологизмдердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы.
2.8 ӨЗДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 тест
Синоним бола алатын сөзді тап.
-
шыдам
-
қызыл
-
тұр
-
жат
-
жасыл
2 тест
Антоним сөзді тап
-
бала-шаға
-
қызыл-жасыл
-
көкшіл
-
шекара
-
ал-бер
3тест
Мақалды тап
-
қолтығына дым бүркІ
-
еңбек етсең емерсің
-
көш жүре түзеледі
-
Еңбегі жанды
-
Сегіз қырылы бір сырлы
-
тест
Мәтел дегеніміз не ?
-
белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайды, ой астарлы.
-
Оқушыны жақсыға баулып,кеңес береді.
-
Құрамындағы сөздердің біреуі лексикалық мағынасынан айрылады.
-
Іштей бөліп жаруға келмейді.
-
Бір-біріне қарама-қарсы мәнді.
-
тест
Орыс тілінен енген сөзді тап.
-
Қарындас
-
Қала
-
Кент
-
Бөрене
-
Мектеп
-
Тест
Кірме сөзді тап.
-
Ауыл
-
Адам
-
Үй
-
Сиыр
-
Дүние
7 тест
Термин сөзді тап.
-
Қалам
-
Қайшы
-
Мұрап
-
Дидактика
-
Үміт
8 тест
Аушылалар итбалықты қыстыгүні аулайды.
Аушылар сөзі
-
Термин
-
Неологизм
-
Көнерген сөз
-
Диалект сөз
-
Кәсіби сөз
9 тест
Диалект сөзді тап
-
Таңертең
-
Күндіз
-
Түстік
-
Азанда
-
Кешке
10 тест
Ұрын келу сөз тіркесі
-
Неологизм
-
Омоним
-
Синоним
-
Көнерген сөз
-
Еркін сөз тіркесі
11 тест
Аурудан аянған күштірекі.
-
Мақал
-
Мәтел
-
Қанатты сөз
-
Нақыл сөз
-
Тұрақты сөз тіркесі
12 тест
Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса.