Глоссарий: сөздік құрам, лексика, семасиология, ономосология, ономостика /антропонимика, топонимика/, лексикография, диалектология, этимология, сөз мағынасы, стилистикалық қызмет, лексикалық бірлік, т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі:
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
№2 дәріс. Сөз оған тән белгілер. Сөздердің типтері мен нұсқалары.
Дәрістің мақсаты: Сөздің анықтамасына тоқталып, негізгі белгілері мен нұсқалары, типтері туралы теориялық ұғым қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. Сөз – күрделі бірлік.
-
Сөздің өзіндік белгілері.
-
Сөздің типтері.
-
Сөздің фонетикалық және морфологиялық нұсқалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізгі единицасы, дербес бөлшегі болып табылады. Әр тілдегі сөздердің лексикалық единица болу сипаты, олардың құрылымдық ерекшеліктері сол тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері арқылы анықталады.
Біріншіден, сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады, дыбыссыз сөз жоқ. Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес, тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады. Мысалы, адамның жан-жануардың, көрі мүшесін атап білідіретін көз деген сөз к,ө,з фонемаларының бізге белгілі жүйеде тіркесіп берілуі арқылы жасалып тұр.
Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, зат, құбылыс, іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық дәрежеде қалыптасып, қауым таныған ұғымды білдіреді. Мысалы, мал, қол, үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр.
Үшіншіден, сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады, соларға телулі.
Глоссарий: Сөз, сөз таптары, дыбыстық құрылым, сөздің типі, сөздің нұсқасы, фонема т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1.Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
№3 дәріс. Сөз мағынасының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері. Метафора мен метанимия.
Дәрістің мақсаты: Сөз мағынасының ауысу себептерін түсіндіру. Сөз мағынасының ауыспалы мәнде қолдану тәсілдерінің жасалуы, метафора мен метанимия құбылыстарының қолданылуы мен мәнін теориялық тұрғыдан меңгерту.
Дәріс жоспары:
1. Сөз мағынасы. Тура мағына немесе номинативтік мағынасы.
-
Сөздің келтірінді мағынасы.
-
Фразеологиялық байлаулы мағына
-
Синтаксистік шартты мағына.
-
Сөз мағынасының өзгеру құбылысы.
-
Метафора мен метанимия тәсілі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымның арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына.
Лексикалық мағына - сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылы, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол - сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.
Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері:
1. тура немесе номинативті мағына,
2. фразеологиялық байлаулы мағына,
3. синтаксистік шартты мағына.
1.Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп те аталады. Лексикалық мағынаның бұл түрі сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған.
Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш (тура) мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздің түпкі мағынасы (непроизводное значения) және туынды мағынасы (производное значение), омонимдік, синонимдік, антонимдік мағыналары жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектенбей түбір ретінде танылатын, дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағына алғашқы немесе бастапқы мағына ретінде қабылданады.
Туынды мағына түпкі мағынадай емес, басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу себебін (мотивін) түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі екінші мағынасы болып табылады.
Фразеологиялық байлаулы мағына деп – сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.
Метафора деп – сыртқы және ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысу құбылысын айтамыз.
Метонимия деп - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағынасын айтамыз.
Глоссарий: Сөздің ішкі семантикалық байланысы, түпкі мағына, бастапқы мағына, дербес сөз, туынды мағына, омонимдік, синонимдік, антонимдік мағына, тура немесе номинативті мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына, т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау. 3 сөзге фонетикалық талдау жасау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
№4 дәріс. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі. Омоним. Омофондар, омографтар.
Дәрістің мақсаты: Сөз мағынысының дамуы, олардың түрлері, омонимдердің жасалуы мен түрлерін теориялық тұрғыдан меңгерту.
Дәріс жоспары:
1. Сөз мағынасының дамуы.
2. Омонимдер. Олардың жасалуы.
3. Омофондар мен омографтар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сөз мағынасынан әр тілдің өзіндік ерекшелігін, ұлттық сипатын, тануға болады. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына кеңейіп не тараиып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп – сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ, бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымшалы мағыналарға ие болуын айтамыз. Сөз мағынасының тараюы деп – тарихи-қоғамдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты сөздердің кейбір мағыналарының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Омонимдер деп – біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер. Омонимдердің ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып тұрады. Қазақ тіліндегі омоним сөздер мағыналық дамуы арқылы, дыбыстық өзгерістер арқылы, сөзге омонимдес аффикстер қосылу арқылы, сонымен қатар кірме сөздердің қазақтың төл сөздерімен үндесіп жақындасуы нәтижесінде жасалған.
Лексикалық омонимерге ұқсас басқа тілдік құбылыстардың бірі – омофондар мен омографтар. Омофон деп – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Омограф деп – жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей емес сөздер.
Глоссарий: Сөз мағынасы, омоним, омофон, омограф, мағынаның кеңеюі, мағынаның тараюы т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
№5 дәріс. Синонимдер. Синонимдердің типтері. Антоним. Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары.
Дәрістің мақсаты: Синонимер мен антонимдердің мәні мен жасалу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Синонимдердің лексика-семантикалық сипаты.
2. Синонимдердің жасалуы. Синонимдік қатар.
3. Антонимдер. Олардың лексика-семантикалық сипаты. Жасалуы.
4. Антитеза құбылысы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Синонимдер деп – мағынасы бір-біріне жуық, дыбысталуы жағынан әркелкі сөздер. Қазақ тілінде синонимдер мынадай белгілерге қарай топтастырылады: 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса тұлғалық өзгешелігі болу қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы қажет. Тілімізде синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болған. 1/ көп мағыналы сөздердің есебінен пайда болған. 2/ кірме сөздер арқылы жасалған. 3/ диалектілерден жасалған. 4/ фразалық тіркестерден жасалған. 5/ табу мен эвфемизм сөздердің есебінен жасалған.
Антонимдер деп – мағыналары бір-біріне қарама-қарсысөздерді айтамыз. Тілімізде антонимдерді қолданудың негізгі 3 жолы бар.
-
Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады.
-
Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі.
-
Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады.
Қазақ тілінде антонимдердің көпшілігі сын есімдер мен етістіктерден жасалады. Олар түбір және туынды күйінде кездеседі.
Глоссарий: синоним, синонимдік қатар, антоним, антитеза туынды сөз, түбір, табу, эвфемизм, кірме сөздер, полисемантизм, т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
№6 дәріс. Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы.
Дәрістің мақсаты: Тіліміздегі табу мен эвфемизмдердің лексикалық мәнін ашу, этимология бөлімі, сөздердің шығу тегінің мәнін теориялық тұрғыдан дәлелдеу.
Дәріс жоспары:
1. Табу мен эвфемизм сөздер.
2. Этимология, зерттеу объектісі. Қағида
3. Қазақ
тілі этимологиясының зерттелу жайы.
4. Халық этимологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп атанылады. Өткен замандарда адамдар арасында өмірді жете танып білмеу салдарынан, зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деп қате түсінушілік болған. Адамзат өзі тудырған кейбір сөздерді күнделікті тұрмыста өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының өмірінде де кең тараған.
Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тіл де бір сөз бір сөбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайгершілік пен, әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгін тандағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністер деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды.Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.
Сөздің шығу тегі, шығу төркінін - этимология бөлімі қарастырады. Этимология грек тілінен алғанда «ақиқат ілімі» дегенді білдіреді. Тіл білімінде этимология 2 түрлі тұрғыда қарастырылады. 1/ халық этимологиясы; 2/ тарихи этимология.
Глоссарий Табу, эвфемизм, этимология, халық этимологиясы т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
5. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. -Алматы: Ғылым, 1966
6. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. Алматы: Рауан, 1998
№
7 дәріс. Сөздік құрам мен сөздік қор. Кірме сөздер.
Дәрістің мақсаты: Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры туралы жалпы түсінік беру. Қазақ тіліндегі кірме сөздер. Олардың қалыптпасу кезеңдері туралы баяндап, мысалдармен дәлелдеу.
Дәріс жоспары:
1. Сөздік құрам туралы түсінік.
2. Сөздік қор.
3. Кірме сөздер туралы түсінік.
4. Кірме сөздердің кезеңдері мен жіктелімі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Қазақ тілі негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатады.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады.
-
Негізгі сөздік қорға тән басты белгі-тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кігеді.
-
Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі – оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.
-
Жалпыхалықтық сипатта болады.
-
Стильдік қабаттасулар тән емес.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір*бірінен түбірлі айырмашылығы мынадай жайттардан көрінеді.
-
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір-бірін толықтырып, жаңартып отырады.
-
Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйытқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі өзге тілден ауысып келу арқылы сөздік құрамын байытып отырады. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен 4 халықтың тілінен еніп келген. 1/ араб тілі, 2/ парсы тілі, 3/ моңгол тілі, 4/ орыс тілі.
Глоссарий: сөздік қор, сөздік құрам, кірме сөз т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
6. Рүстемов Л. Қазіргі қазақ тіліндегі араб- парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.
№8 дәріс. Терминдер. Тіл білімінің терминология саласы.
Дәрістің мақсаты: Тіл білімінің терминология саласы туралы мағлұмат беру, терминдердің жасалуы, түрлеріне тоқталу.
Дәріс жоспары:
1. Терминдер туралы түсінік.
2. Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі.
3. Терминдердің түрлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Термин дегеніміз, негізінен, арнайы ұғымдар, түсініктер атауы. Ол қандай ұғым, қандай мағына арқаласа да бір мәнді болуға тиіс. Олардың қатарында кездесетін көп мағыналық, синонимдік нышандар мәтінде(тексте), сөйлеуде кездесіп қалғанымен, бұл қасиет оның негізгі табиғатына тән емес. Қолданыс барысы кейде термин табиғатына әсер етіп те жатуы мүмкін. Бірақ бұл жалпылық сипат алмауы тиіс.Термин сөз нақты қолданыстағы қабілетіне қарамастан өзінің бір мәнділік тұтастығын сақтайды, а бұл сақталмаса, онда терминдік сипатқа сай ие болмағаны. Бұл оның мәністік, яғни семантикалық сипаты, ерекшелігі. Ал оның, яғни ұғымның мәністік (семантикалық) құрылымы жағынан жеке, туынды, күрделі, қысқарған, тіркесті болып келе береді. Мұндай құрылымдық ерекшелігіне қарамастан ол тұтас бір ұғымды дәл білдіруге міндетті және құрылымдық тегі айқындалмағын әрбір термин, термин деген ұғымның шеңберімен тығыз байланыста болады, әрі соны білдіреді. Терминді құрайтын не десек, ең алдымен,мыналарды атар едік:негіз, яғни түбір, қосымшалар, тұтас сөз, ерекеше белгі-символ. Міне, сондықтан оған морфема ұғымынан гөрі:терминоэлемент деген ұғым сәйкес келіңкірейді. Өткені бұл атау соны құрап тұрған барлық белгіні қамтиды. Жай сөздер мен терминдер арасындағы семантикалық айырым белгілерін мағынаға ықпал ететін сыртқы жағдайлармен салыстыра қарау арқылы анықтауға болады.
Глоссарий: термин, ұғым, мағына, семантикалық айырым, морфема, жеке, туынды, күрделі, қысқарған, тіркес т.б
Үй тапсырмасы: Дәрісті қайталау. Мамандыққа қатысты терминдермен жұмыс жасау.
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
-
Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
-
Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
-
Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
-
Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. –Алматы:Рауан, 1996.
№9дәріс. Фразеология. Фразеологизмдердің түрлері.
Дәрістің мақсаты: Фразеология саласының қалыптасуы мен дамуы, жасалуы мен түрлеріне тоқталып, теориялык тұрғыдан меңгерту.
Дәріс жоспары:
1. Фразеологизмдер туралы түсінік.
2. Олардың түрлері. Зерттелу тарихы.
-
Фразеологизмдердің жасалуы. Стильдік ерекшеліктері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.
Фразеологизмдердіңөз алдына дербес лингвистика саласы екндігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар:1)даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2)мағына тұтастығы, 3)тіркес тиянақтылығы.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
1.Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2.Сындық мағыналы фразеолгизмдер.
Фразеологизмдердің зерттелу тарихы. Ш.Балли, В,Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия т.б. зерттеу еңбектерінен бастау алады. Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі ғалымдар І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, М.Копыленко мектептерінің қалыптасуына жол ашты.
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің варианттары: лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, лексика-грамматикалық түрлері; фразеологиялық антонимдер; мағыналас фразеологизмдер, олардың доминанттары мен қатарлары. Фразеологизмдердің семантикалық категорияларының прагматикалық ерекшеліктері; олардың адамдық фактор, антропоцентрлік зерттеу бағыттарындағы орны.
Фразеологизмдердің қалыптасуына ұлттық ұғым-түсініктердің және ұлт менталитетінің әсері ерекше. Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындауда адамдардың дүниені, яғни әлем суретін ондағы түрлі құбылыстарды қабылдау әрекетіндегі образдылық; олардың тілдік коммуникациядағы қолданыс түрлері; ауыспалы мағынаның, метафоралы тіркестердің фразеологизмдерге өту амалдары басты назарға алынады.
Фразеологизмдер – тіл арқылы мәдениеттанудың басты аспектісі. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер көздері өте мол.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы.
Глоссарий .
Фразеология, фраза, мағына тұтастығы, идиома, фразеологиялық оралым, фразеологиялық тұтастық, тұрақты сөз тіркесі
Үй тапсырмасы:
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
5. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972.
-
Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1972.
№10 дәріс. Лексикография. Сөздіктер.
Дәрістің мақсаты: Лексикография саласының негізгі мақсаты мен міндеттері туралы, сөздіктер туралы теориялық мәлімет беру.
Дәріс жоспары:
1. Лексикография туралы түсінік.
2. Сөздіктер, олардың түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейді. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалды. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Тілімізде сөздіктердің бірнеше түрі бар: аударма сөздіктер, терминологиялық сөздіктер, орфографиялық сөздіктер, түсіндірме сөздіктер, диалектологиялық сөздіктер, синонимдер сөздігі, Абай тілі сөздігі, этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, орфоэпиялық сөздіктер т.б
Глоссарий: лексикография, реестр, сөз, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестері, фраза, фразеологизмдер, т.б
Тақырыпқа қатысты әдебиеттердің тізімі
1. Болғанбаев Ә Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
2. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана, 2002. –784 бет.
<предыдущая страница | следующая страница>