Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қызылорда облысы әкімдігінің
«___» _______2013 жылғы №______ қаулысымен

бекітілген

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттiк қызметінiң регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – қызмет) Қызылорда облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-портал арқылы көрсетіледі (бұдан әрі - ЭҮП).

Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.

2. Қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанындағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» стандарты негізінде көрсетіледі.

3.Электрондық форматтағы мемлекеттік қызмет түрі: толық автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.

5. Қызмет стандарттың 5-тармағына сәйкес тегін көрсетіледі.

6. Қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 13-тармағында көрсетілген.

7. Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:

1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны.

2) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

4) ақпараттық жүйе – ақпаратты аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

5) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастыратын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);

6) пайдаланушы – қажетті электрондық ақпаратты ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет көрсетуші);

7) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

8) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданып өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

9) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерді ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

10) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ көмегімен куәландырылған құжат;

12) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетушінің әрекетінің тәртібі

8. Қызмет берушiнiң ЭҮП арқылы қызмет көрсету кезіндегі адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес өзара іс-әрекет диаграммасында (1-сурет) келтiрiлген:

1) алушы ЭҮП-да ЖСН және парольдің көмегімен тіркелуді іске асырады (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін іске асырылады);

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін алушының ЭҮП-да ЖСН және парольді енгізу ( растау үдерісі);

3) 1-шарт - ЭҮП-да ЖСН және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;

4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-ның расталудан бас тартуы туралы хабарламасының қалыптастырылуы;

5) 3-үдеріс – алушымен қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін экранға сұраныс түрін шығаруы және алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), алушының сұранысты растауы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері шақыртылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің жоқтығын, сондай–ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) тексеру;

7) 4-үдеріс – алушының ЭЦҚ нақтылығы расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

8) 5-үдеріс – ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету және қызмет көрсетушімен өңдеу үшін АЖО-да ЭҮШ арқылы электронды құжатты (сұранысты) жолдау үшін сұранысты растау;

9) 6-үдеріс – қызмет көрсетушінің АЖО электронды құжатты тіркеуі;

10) 3-шарт - қызмет көрсетушімен қызмет көрсетуге негіз болатын электрондық құжаттың (сұраныстың) сәйкестілігін тексеруі (өңдеуі);

11) 7-үдеріс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметтерден бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;

12) 8-үдеріс - алушымен қызмет көрсетушінің АЖО құрастырылған (дәрігерді үйге шақыру туралы электронды нұсқада анықтама беру) қызмет нәтижелерін алу. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

9. Қызмет көрсетуші арқылы қызмет көрсету кезіндегі адымдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес өзара іс-әрекет диаграммасында (2 - сурет) келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін, қызмет көрсетуші қызметкерімен АЖО-да қызмет көрсетушінің ЖСН және паролін енгізу (автоматтандыру үдерісі);

2) 2-үдеріс - қызмет көрсетушімен қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұраныстың нысанын шығаруы және қызмет көрсетушімен алушының деректерін енгізуі;

3) 3-үдеріс – алушының деректері туралы ЖТ МДҚ -да ЭҮШ арқылы сұранысты жолдау;

4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болуын тексеру;

5) 4-үдеріс - алушының ЖТ МДҚ-да деректерінің болмауына байланысты, деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарландыруды құрастыру;

6) 5-үдеріс - қызмет көрсетушінің қызметкерімен сұраныстың нысанын толтыруы және ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректер) куәландыруы;

7) 6-үдеріс – қызмет көрсетушінің АЖО-да электрондық құжатты тіркеуі;

8) 2-шарт – қызмет көрсетушімен қызмет көрсетуге негіз болатын электрондық құжаттың (сұраныстың) сәйкестілігін тексеру (өңдеуі);

9) 7-үдеріс – алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;

10) 8-үдеріс - алушымен қызмет нәтижесін алуы (қызмет көрсетушімен шақыруды тіркеу журналында жазу, одан кейін дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсету арқылы ауызша жауап беру).

10. Қызметті көрсету үшін сұраныстың нысанын толтыру жөніндегі әрекеттерді сипаттау:

1) ЭҮП-на кіруі үшін алушымен ЖСН, логин мен паролін енгізуі;

2) қызметті таңдау;

3) «Online қызметіне тапсырыс беру» түймешегінің көмегімен қызметке тапсырыс беру;

4) сұранысты толтыру және электрондық нұсқада қажетті құжаттарды қосу:

- ЖСН автоматты түрде, пайдаланушының ЭҮП-ке тіркелу нәтижесі бойынша таңдалады;

- пайдаланушы «сұранысты жөнелту» түймешегінің көмегімен сұранысқа қол қоюды іске асырады;

5) пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) сұранысты растау (қол қою) – пайдаланушы «қол қою» түймешегінің көмегімен ЭЦҚ сұранысқа қол қоюды іске асырады, одан кейін қызмет көрсетушінің АЖО өңдеуге беріледі;

7) қызмет көрсетушінің АЖО-да сұраныстың өңделуі;

8) пайдаланушы дисплейінің экранында төмендегі ақпарат шығады: ЖСН сұраныс нөмірі; қызмет түрі; сұраныс мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;

- «мәртебені жаңарту» түймешегінің көмегімен пайдаланушыға сұранысты өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі беріледі;

- жауап алу барысында ЭҮП-да «нәтижені көру» түймешегі пайда болады;

11. Сұранысты өңдегеннен кейін алушыға сұранысты өңдеу нәтижелерін келесідей көру мүмкіндігі беріледі:

«ашу» түймешегін басқаннан соң сұраныстың нәтижесі дисплейдің экранына шығарылады.

12. Қызметке сұраныс пен жауап толтыру экрандық нысандары «Электрондық үкіметтің» веб-порталында келтірілген.

13. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұраныстың орындалу статусының тұтынушымен тексерілу әдістері: «Электрондық үкіметтің» порталындағы «Қызметті алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ уәкілетті органға жүгінген жағдайда.

14. Қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны call-орталықтың (1414) телефоны немесе қызмет көрсетушінің 8(7242) 23-51-78 телефоны арқылы алуға болады.

15. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерi:

1) қызмет көрсетушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы - қызмет көрсетушінің дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгiнген кезде – қызмет көрсетушінің ЭЦҚ қойылған дәрiгердi үйге шақыру туралы (электрондық түрде) анықтаманы беру;

3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара әрекет ету тәртібін сипаттау
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімі (құрылымдық-функционалдық бірліктер, бұдан әрі - ҚФБ )

1) ЭҮП;


2) ЭҮШ;

3) қызмет көрсетушінің АЖО;

4) ЖТ МДҚ

17. Қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды жеткізеді.

18. Әрбір іс – әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілгенҚФБ іс – әрекеттері реттілігінің сипаттамасы (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

19. Функционалдық өзара іс – әрекет диаграммасы (1, 2 суреттер) осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген және ол ҚФБ іс – әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы (қызмет көрсету үдерісіндегі) байланысты көрсетеді.

20. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.

21. Алушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) тұтынушының құжаттарындағы ақпараттың құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету;

2) тұтынушының құқығын қорғалуын қамтамасыз ететін өзге де басқа талаптар.

22. Қызмет көрсетудің мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»


электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

ҚФБ – тің іс – әрекеттер реттілігінің (процедуралардың, функциялардың, операциялардың) сипаттамасы


1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттердің сипаттамасы

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)


1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Алушы

ЭҮП

Алушы

ЭҮП

Алушы

Қызмет көрсетушінің АЖО

Қызмет көрсетушінің АЖО

Қызмет көрсетушінің АЖО

3

Әрекет (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН мен пароль бойынша ЭҮП-на авторлаудан өтуі

Алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына орай бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Алушының ЭЦҚ таңдауымен қызметті таңдайды және сұраныстың деректерін құрады

Алушының ЭЦҚ деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Алушының ЭЦҚ көмегімен куәландыруы (қол қою) және қызмет көрсетушінің АЖО сұранысты жіберуі

Құжатты тіркеу

Алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы

Алушының қызмет нәтижелерін алуы

4

Бітіру нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұраныстың сәтті құрылғандығы туралы хабарламаның көрсетілуі

Сұранстағы қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Сұраныстың бағытталуы

Сұраныстағы қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Сұраныстың бағытталуы

Өтінішке нөмір бере отырып, сұраныстың тіркелуі

Сұраныстағы қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама (электронды нұсқада)

5

Орындау мерзімдері

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

30 секунд – 1 минут

1 минут

30 минут

30 минут

6

Келесі әрекет нөмірі

2 – егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса;
3 – егер авторлау ойдағыдай өтсе



4 - егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса;
5 – егер бұзушылықтар болмаса

-

-

7 - егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса; 8 – егер бұзушылықтар болмаса

-

-

2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ әрекеттердің сипаттамасы

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)


1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетуші

ЖТ МДБ

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетушінің АЖО

Қызмет көрсетушінің АЖО

Қызмет көрсетушінің АЖО

3

Әрекет (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН мен пароль арқылы қызмет көрсетушінің АЖО расталу жүргізілуі

Қызметті таңдау және алушының деректерін қалыптастыру, ЖТ МДҚ-на жіберу

ЖТ МДҚ-да алушы деректерінің болмауы туралы хабарламаның қалыптастырлуы

Сұраныстың нысанын толтыру және ЭЦҚ куәлігімен растауы

Құжатты тіркеу

Алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы

Алушымен қызмет нәтижесін алуы

4

Бітіру нысаны (мәліметтерқұжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Өтінішке нөмір бере отырып, сұранысты жүйеде тіркеуі

Алушының деректерінің болмауы туралы хабарламаның қалыптасуы

Сұраныстың бағытталуы

Құжатты тіркеу туралы хабарламаның қалыптасуы

Бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы

Қызметтің нәтижесі

Алушының деректерінің болмауы туралы хабарламаның қалыптасуы

5

Орындалу мерзімдері

10 – 15 секунд

10 секунд - 1,5 минут

10 – 15 секунд

10 – 15 секунд

1,5 минут

10 минут

10 минут

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3 - егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса; 4 – егер бұзушылықтар болмаса

-

-

6 – егер бұзушылықтар болса; 7 – егер бұзушылықтар болмаса

-

-

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»


электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

1-сурет. ЭҮП арқылы қызметті көрсетуде функционалды өзара әрекеттесудің диаграммасы



2-сурет. Қызмет көрсетуші арқылы қызметті көрсетілген жағдайдағы функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы



c:\documents and settings\sweet.nnn-84cf99b4748\рабочий стол\резервная_копия_резервная_копия_резервная_копия_диаграмма каз рус.jpg

Дәрігерді үйге шақыру»


электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне 
3-қосымша

«Сапа және қолжетімділік» формасын анықтайтын көрсеткіш Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету ____________________________________________________________________


(қызмет көрсету атауы)

      1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасынажәне нәтижесіне қанағаттаедыңыз ба?

1) қанағаттанбадым;

2) ішінара қанағаттандым;

3) қанағаттандым.

2. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?

1) қанағаттанбадым;

2) ішінара қанағаттандым;



3) қанағаттандым.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігердің (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) қабылдауына жазылу қызметін ұсынуды регламе

133.47kb.

13 10 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Дәрігердің қабылдауына жазылу»
146.5kb.

25 12 2014
1 стр.


«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу»

Осы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады

127.18kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27

116.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27

120.62kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер

94.87kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
362.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн «Қарағанды қаласының білім бөлімі»
251.45kb.

18 12 2014
1 стр.