Перейти на главную страницу
2013 жылғы 14 наурыздағы №52
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде селолық округтің әкімі мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Шыңғырлау ауданының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету түрi: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің, орталықтың стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 91, электрондық пошта: [email protected], телефондар: 8(71137)33147; 33552.
Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Орталықтың мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы Тайманова көшесі, 95. телефоны: 8(71137)33311.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
уәкілетті органда – он жұмыс күн ішінде;
тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне – отыз күнтізбелік күннен аспайды;
орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта және селолық округтің әкімінде 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда 15 минуттан аспайды, орталықта және селолық округтің әкімінде – 30 минут.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет:
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында;
залда анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, үй-жай режимі – еркін.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
1) уәкілетті органда немесе селолық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
2) орталықта:
өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) ауыл әкімі;
2) орталық инспекторы;
3) уәкілетті органның қызметкері;
4). уәкілетті органның басшысы.
16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3-қосымшада берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
Р/с № |
Шыңғырлау ауданындағы селолық округ әкімі аппараттарының атаулары |
Орналасқан мекен - жайы |
Байланыс деректерi |
1 |
«Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Тайманова көшесі 90а |
8(71137)33750 |
2 |
«Белогор селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091205, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы Садовая көшесі 102 |
8(71137)25103 |
3 |
«Полтава селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091208, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтава ауылы Жастар көшесі 12 |
8(71137)25310 |
4 |
«Алмаз селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091202, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы Рахимова көшесі 69 |
8(71137)51475 |
5 |
«Лубен селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091206, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы Мұхамбетов көшесі 52 |
8(71137)23233 |
6 |
«Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091207, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы Абай көшесі 18 |
8(71137)51574 |
7 |
«Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091210, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Сагирбаев көшесі 230 |
8(71137)33790 |
8 |
«Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Клышев көшесі 87а |
8(71137)33790 |
9 |
«Ащысай селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091204, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы Бейбітшілік көшесі 22 |
8(71137)25544 |
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
№ іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны) | |||
ҚФБ-1 Ауыл округінің әкімі |
ҚФБ-2 Орталық инспекторы |
ҚФБ -3 Уәкілетті органның қызметкері |
ҚФБ -3 Уәкілетті органның басшысы |
№1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді. |
№1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді. |
№1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді. |
№1 іс-әрекет Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның маманына жіберу |
№2 іс-әрекет Құжаттарды уәкілетті органға жібереді |
№2 іс-әрекет Құжаттарды уәкілетті органға жібереді |
№2 іс-әрекет Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау | |
№3 іс-әрекет Тұтынушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді |
№3 іс-әрекет Тұтынушыға уәкілетті органнан АӘК тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді |
№3 іс-әрекет Тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру | |
Орындау мерзім: уәкілетті органда – он жұмыс күн ішінде; тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкімі – отыз күнтізбелік күн ішінде; орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Уәкілетті орган мен селолық округ әкіміне жолыққанда
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға
мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27
25 12 2014
1 стр.
Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27
17 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер
17 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
18 12 2014
1 стр.
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы №131 бұйрығымен бекітілген
09 10 2014
1 стр.
Аудандық әкімдік (бұдан әрі әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы өкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын Ақсу ауданының даму мүддел
14 12 2014
1 стр.