Перейти на главную страницу
1. Аудандық әкімдік (бұдан әрі - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы өкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын Ақсу ауданының даму мүдделерімен және қажеттіліктерімен ұштастыра жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Әкімдіктің құрамы әкімнің орынбасарларынан, әкім аппаратының жетекшісі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан (бұдан әрі – атқарушы органдар) әкім қалыптастырады.
Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды.
Аудан әкімінің ұсынысы бойынша әкімдіктің дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
3. Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
4. Аудан әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдауды, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және аудан әкімі (бұдан әрі - әкім) бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады. Кіріс құжатты қабылдау және шығыс құжаттарды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесі, сондай-ақ өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
6. Белгіленген үлгідегі бланкілер тек мемлекеттік тілдегі хат-хабарларды ресімдеген кезде ғана қолданылады. Қажеттілігіне қарай ақпараттың орыс тіліндегі нұсқасы бланкілерді қолданусыз қоса беріледі.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат жетекшісі әкімдікке және әкімнің қарастыруына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары осы Регламентпен белгіленген өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің жыл сайынғы тізбесі әкімдік мүшелерінің және аппараттың құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсыныстары бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімімен жасалады.
Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тізімі әкімдіктің мүшелері мен аудан бюджетінен қаржыланатын атқарушы органдары басшыларының ұсыныстары бойынша құрылады (әрі қарай- атқарушы органдар).
Әкімдіктің мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, поселкелік, ауылдық округ әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.
Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат жетекшісі ұсынатын анықтама негізінде тізбеден жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
3. Әкімдіктің мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
8. Әкімдіктің мәжілістері айына кемінде бір өткізіледі және оны аудан әкімі шақырады.
9. Әкімдіктің мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған кезде - әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
10. Әкімдіктің мәжілістері, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажетті болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерінде қаралуы мүмкін.
11. Әкімдіктің мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Әкімдіктің мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
12. Әкім бекіткен тізбе бойынша әкімдіктің мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, поселкелік, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды тұлғалар – кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдіктің мәжілістерінде қаралуға тиісті мәселелер дайындау мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
- қолы осы органның ресми орнын растайтын құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі – бірінші басшы) әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;
- әдетте, қаулы жобасы мен анықтама екі аралық арқылы басылған мәтіннің 5 мәтіннен аспауы тиісті;
- күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша берілген жобаның және анықтаманың атаулары бірдей болуы тиіс;
- әкімдіктің мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
- талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды және аппарат шақырылғандардың келуін қамтамассыз етеді.
14. Аппараттың ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі әкіммен немесе оны алмастыратын тұлғамен келісілгеннен кейін, аппарат жетекшісімен қол қойылатын, мәжілістің күн тәртібі жобасын жасайды, сосын күн тәртібін және тиісті материалдарды мәжіліске дейінгі үш күнде аппарат жетекшісімен бекітілген тарату көрсеткішіне сай әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда, басқа да лауазымды тұлғаларға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат жетекшісі бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Шұғыл түрде әкімдіктің мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
15. Әкімдіктің мәжілісіне қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылау кезендегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетілетін хаттама жүргізіледі. Мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды тасымалдаушыларға жазылады.
Аппараттың жалпы бөлімі әкімдіктің мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күндік мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат жетекшісі бұрыштама соғады және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қажет болған жағдайда хаттамалар немесе олардың көшірмелері оларға қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды тұлғаларға таратылады. Таратудың тізбесін аппарат жетекшісі бекітеді.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппараттың жалпы бөлімінің бастығында сақталады.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
16. Тиісті қаулы қабылдау үшін әкімдік атына ұсыныс мынадай мәселелер бойынша атқарушы органмен енгізіледі:
1) әкімдік құзыретіне кіретін;
2) жергілікті атқарушы органдар мен орталық және облыстық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері қызметін үйлестіруді талап ететін.
17. «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына және осы Регламентке сәйкес аппарат және жергілікті бюджеттен қаржыландыры-латын атқарушы органдар әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды жүзеге асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған кезде алауыздықтар туралы бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған қажетті түсіндірмелермен анықтама тіркеледі.
Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзіретіне кіретін, әкімнің орынбасары, аппарат жетекшісі не оның орынбасарларымен кеңес шақырылуы мүмкін.
Келіспеушіліктер жойылған соң, тиісті орган жобаны белгіленген мерзімде әзірлеуін аяқтап, оны қол қоюға ұсынады. Егер талқыланатын мәселе бойынша келісім болмаса, әкімнің орынбасары, аппарат жетекшісі осы жағдай туралы әкімді не оны алмастыратын тұлғаны соңғы шешім қабылдау үшін хабардар етеді.
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігіне оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапкершілік тартады.
19. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
1)құзіретіне орай мүдделі атқарушы органдармен қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып белгіленеді;
2)аудандық бюджеттен қаржыландыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаны іске асыру, коммуналдық меншік, тауарларды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша – ауданның қаржы бөлімімен;
бюджеттік жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы мен елдің және өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі, жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша – ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен.
20. Жобаны әзірлеуші жобаның барлық мүдделі органдармен келісілуін ұйымдастырады.
Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиісті.
Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат жетекшісі келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкім, әкімнің орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшыларымен немесе кеңестегі (мәжілістегі) олардың орынбасарларымен жобаға бұрыштама қоюы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаға өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілген (жобада бұрыштамасы бар)
2) жоба ескертулермен келісілген (қоса берілуге тиісті ескертулермен бірге жобада бұрыштамасы бар);
3) жобаға келісуден бас тартылған (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
22. Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұсқасына мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде әзірлеуші өзі келіскен, атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Қажет болған жағдайда әкімнің, әкім орынбасарларының немесе аппарат жетекшісінің нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, әлеуметтік экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Жобаны әзірлеуші -мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдіктің қаулыларын нормаға сәйкес келтіру және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды нормаға келтіру туралы тапсырмалар тұжырымдайды.
25. Әзірлеген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі – сараптама) аппаратқа енгізіледі. Аппаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған кезде аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Жоба тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірдейлігі аппараттың жалпы бөлімінде тексеріледі және құрылымдық бөлімшелерде сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның жалпы бөлімде тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күннен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
- жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріне бірдей еместігі;
- оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіндігі;
- осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Жобаны қайтару үшін басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды негіз бола алмайды.
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажет болған кезде кеңес шақырады. Жоба әкім орынбасарларының келісуінен өткеннен кейін аппарат жетекшісі ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын тұлғаға баяндайды.
27. Әкім әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Қол қойылғаннан кейін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді.
28. Аппарат жетекшісі бекіткен, таратуға сәйкес аппараттың жалпы бөлімі әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін таратады.
Аппараттың жалпы бөлімі құжаттардың уақытылы шығарылуына және адресаттарға таратылуына жауапкершілік тартады.
29. Техникалық қателер табылғанда әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат жетекшісінің рұқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиіс.
30. Әкімдікпен және әкіммен қабылданған актілерге есеп жүргізу, жүйелендіру және бақылау даналарын жүргізу, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу аппараттың жалпы бөлімімен жүзеге асырылады.
31. Әкімдіктің және/немесе әкімнің жалпы міндетті мәні, азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты барлық актілері Алматы облысы әділет Департаментіне Ақсу ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелуге және «Ақсу өңірі» газетінде міндетті жариялануына жатады.
32. Аппараттың жалпы бөлімі нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімге енгізілген актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
33. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат жетекшісі айқындайтын тәртіппен жалпы бөлім жүзеге асырады.
34. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1998 жылғы 2 қазандағы №4097 Жарлығына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
35. Заңнамалық актілер, Қазақстан Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмалары және өз құзіреттері шеңберінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
36. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген, атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін, орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген айдар болған жағдайда – он күндік мерзім белгіленеді.
Бірнеше атқарушыға берілген тапсырмаларды үйлестіру тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлғаға тапсырылады.
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) кідірудің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен аса жол берілмейді.
39. Аппарат заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Аудандық әкімдік (бұдан әрі әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы өкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын Ақсу ауданының даму мүддел
14 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік қызметтің атауы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету»
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік қызметтің атауы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
15 10 2014
1 стр.
Мемлекеттiк қызметтiң атауы: «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»
12 10 2014
1 стр.
«Железин ауданның жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квитков көшесі, 13 үй мекен-жайы
25 12 2014
1 стр.
Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27
25 12 2014
1 стр.
Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27
17 12 2014
1 стр.
Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №800/6 қаулысыме
25 12 2014
3 стр.