Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «23» қаңтардағы
№ 33/12 қаулысымен
бекітілді
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша «Железин ауданның жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квитков көшесі, 13 үй мекен-жайы бойынша көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
Қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себебтерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 37 күн;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
9. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту негізі стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның маманымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
12. Уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет алушыға құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:
уәкілетті органның бастығы;
жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия;
аудан әкімдігі;
уәкілетті органның маманы.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
15.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Уәкілетті органның лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру» мемлекеттiк қызметі
регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі процестің (барыстың, жұмыс легінің) әрекеттері
|
1. | № Әрекеттің (барыстың, жұмыс легінің) | 1 | 2 | 3 |
4
|
5
|
2. | Бірлік атауы |
Уәкілетті органның маманы
| Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия |
Уәкілетті органның бастығы
|
Аудан әкімдігі
|
Уәкілетті органның маманы
|
3. | Әрекеттің (процестің, ресімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау. Құжаттар-ды қабылдау туралы қолхат беру. | Түскен құжаттарды қарайды. Келiсiм немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы қорытынды қабылдайды. | Iздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және келіседі. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді келісу не бас тарту туралы аудан әкімдігінің қаулысын қабылдай-ды.
|
Мемлекеттік қызмет алушыға шешімді не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді (аудан әкімдігі қаулысының көшірмесі)
|
4. | Аяқталу формасы мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық өкімдік шешім) | Құжаттарды қабылдау туралы қолхат. | Келiсiм немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы қорытынды | Iздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді келісу не бас тарту туралы аудан әкімдігінің қаулысы
|
Шешім не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап (аудан әкімдігі қаулысының көшірмесі)
|
5. | Орындау мерзімдері | 30 минут | 28 күнтiзбелiк күн | 4 күнтiзбелiк күн |
3 күнтiзбелiк күн
| 30 минут |
6. | Келесі әрекеттің нөмірі | 2 | 3 | 4 |
5
|
|
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру» мемлекеттiк қызметі
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы



