Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

бірінші вице-министрінің

2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 131 бұйрығымен бекітілген

«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру

регламенті


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламенті «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.

  2. Осы Регламентте Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өтініш берушілердің материалдарын және мәліметтерін қарау тәртібін реттейді:

  1. кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін уақтылы қарау;

  2. сараптамалық бағалауды дайындау;

  3. мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша шешім дайындау және қабылдау;

  4. Бағдарламаның іске асырылу барысын мониторингілеуді жүзеге асыру.

  1. Осы Регламентте белгіленген мерзімдер құжаттар топтамасы түскен күнінен бастап есептеледі.

  2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Ведомствоаралық комиссия – орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттары мен халықаралық сарапшылардың өкілдерінің қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

  2. Бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

  3. Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;

  4. құрал операторы – мемлекеттің жарғылық капиталына 100 пайыз қатысатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын заңды тұлға;

  5. өтініш беруші – Бағдарламаға қатысуға өтініш берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі кәсіпкерлік субъектісі;

  6. қатысушы –Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының оң сараптама бағасына ие кәсіпкерлік субъектісі;

  7. инвестициялық жобаның кешенді жоспары (бұдан әрі - КЖ) экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге де құжаттамалардың қажет топтамасы;

  8. жұмыс тобы – мемлекеттік қолдау шаралары кешенін, сондай-ақ Бағдарламаны орындауға байланысты басқа мәселелерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу және бекіту бойынша сараптамалық қорытынды негізінде шешім қабылдауға уәкілетті, инвестициялық жобаларды қарастыру бойынша Бағдарлама операторының жанынан құрылған және тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.



  1. Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді беру

және оларды қарастыру тәртібі, шарттары


Р/с

Іс-шаралар

Орындаушы

Қарау мерзімі

Талап етілетін құжаттар

  1. Жоба бойынша кеңес беру рәсімдері, өтініштерді және

құжаттар топтамасын тіркеу

1.1

Өтініш берушіге Бағдарламаның негізгі ережесін түсіндіру, сауалнама толтыру, ынтымақтастық туралы меморандум жасасу. Өтініш берушіге Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін және ВАК мақұлданған консалтингтік компаниялардың тізбесін ұсыну.

Бағдарлама операторы

1 жұмыс күні

-


1.2

КЖ әзірлеу үшін консалтингтік компаниямен шарт жасасу. Иновациялық жобаның КЖ болған жағдайда – иновациялық жобаның КЖ сараптамасын жүргізуге консалтингтік компаниямен шарт жасасу.

консалтингтік компанияның өтініш берушісі

Қажеттігінеқарай

-


1.3

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау

консалтингтік компания

Шарт талаптарына сәйкес

КЖ

2. Инвестициялық жобаның сараптамасы

2.1

Кешенді жоспар сараптамасының Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі

Бағдарлама операторы

15 жұмыс күні

КЖ

2.2

Құрал операторларына кешенді жоспарды жіберу

Бағдарлама операторы

3 жұмыс күні

КЖ

2.3

Бағдарлама бойынша жұмыс тобының отырысында кешенді жоспарды қарау және (жобаны бағдарламаға қосу, пысықтауға жіберу, бас тарту туралы) шешім қабылдау

Бағдарлама операторы, Құрал операторы, өтініш беруші

1 жұмыс күні

КЖ

2.4

Бағдарлама әкімшісіне, өтініш берушіге және құрал операторларына сараптамалық бағалау қорытындысының көшірмесін жіберу

Бағдарлама операторы

5 жұмыс күні

-

2.5

Өтініш берушінің құрал операторына өтінішпен және құрал операторының талабы бойынша қалыптастырылған құжаттар топтамасымен жүгінуі

Өтініш беруші, Құрал операторы

Бағдарлама операторының оң сараптама бағасын алғаннан кейін

Құжаттар топтамасы, оның ішінде сараптамалық бағалаудың оң қорытындысы бар кешенді жоспар

3. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптамасы үшін төлем

3.1

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезіндегі қатысушының шеккен шығындарын растайтын құжаттарды ұсыну


қатысушы, Бағдарлама операторы

5 жұмыс күні

1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін өтініш беруші мен консалтингтік компаниясының арасында жасалған шарттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3. КЖ әзірлеу немесе сараптау жөніндегі қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның түпнұсқасы;

4. КЖ әзірлеу немесе сараптау жөніндегі қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының түпнұсқасы



3.2

Өтінішті және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде қатысушының шеккен шығындарын растайтын құжаттардың көшірмелерін жіберу



Бағдарлама операторы, Бағдарлама әкімшісі

1 күн

1. Республикалық бюджеттен қаражат аударуға арналған өтініш

2. Бағдарлама қатысушысына шығындарының бір бөлігін төлеу есебі

3. Кешенді жоспарды әзірлеу немесе сараптау үшін өтініш беруші мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың көшірмесі;

4. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі;

5. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына берілген шот-фактураның көшірмесі;

6. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының көшірмесі



3.3

Бағдарлама операторына ақшалай қаражатты аудару

Бағдарлама операторы, Бағдарлама әкімшісі

Ақшалай қаражатты аударуға арналған өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні

1. Республикалық бюджеттен қаражаттарды аударуға арналған өтініш

2. Бағдарлама қатысушысының шығындарының бір бөлігін төлеу есебі

3. Кешенді жоспарды әзірлеу немесе сараптау үшін өтініш беруші мен консалтингтік компаниясының арасында жасалған шарттың көшірмесі;

4. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі;

5. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына берілген шот-фактураның көшірмесі;

6. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының көшірмесі



3.4

Қатысушыға ақшалай қаражаттарды аудару

қатысушы, Бағдарлама операторы

Бағдарлама әкімшісінен Бағдарлама операторының есеп шотына құралдар бойынша ақшалай қаражат түскен күннен бастап 5 жұмыс күні


1. Кешенді жоспарды әзірлеу немесе сараптау үшін өтініш беруші мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына берілген шот-фактураның түпнұсқасы;

4. КЖ әзірлеу немесе сараптау бойынша қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының түпнұсқасы



4. Ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыруды ұсыну

4.1

Құрал операторының талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын тіркеу

Құрал операторы

1 жұмыс күні

2011 жылғы 03 маусымдағы № 56 «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның директорлар Кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітілген Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру тәртібіне сәйкес құжаттар топтамасы

4.2

Қызметтер көрсету үшін құрал операторы мен қатысушы арасында шарт жасасу

Құрал операторы және қатысушы, бағдарлама операторы

2 жұмыс күні

шарт

4.3

Құрал операторының белгіленген талаптарына (құқықтық, техникалық, қаржылық-экономикалық) сәйкес КЖ-ның сараптамасы


Құрал операторы

22 жұмыс күніне дейін (құрал операторына толық құжаттар топтамасын берген жағдайда)

-

4.4

КЖ несие комитетінің және бағдарлама операторының кеңесіне қарауға шығару және шешім қабылдау

(қаржыландыруды бекіту, пысықтауға жіберу, жобадан бас тарту)



Құрал операторы

құрал операторының уәкілетті органының күн тәртібін бекітуіне қарай


-

4.5

Инвестициялық жобаның мониторингі туралы Келісім жасасу

Құрал операторы, қатысушы, бағдарлама операторы

келісім бойынша

келісім

4.6

Қаржылық лизингі, кепіл шарттарын жасасу (бар болған жағдайда), сақтандыру (бар болған жағдайда), кепілдеме/кепіл (бар болған жағдайда), үлестен айырмау туралы келісім, беру (бар болған жағдайда), басқа шарттар жасасу



Құрал операторы, қатысушы

4 жұмыс күні ішінде, шарттар жобаларының әрқайсысы бойынша кейінге қалдыру шарттарын жою қажеттілігі болмаған жағдайда мерзімі ескеріледі

-

4.7

Лизинг затын сатып алу-сату (жеткізу), лизинг затын қаржыландыру, жеткізу және беру шарттарын жасасу


Құрал операторы және қатысушы, лизинг мәнін жеткізушілер

қатысушымен, Лизинг затын жеткізушімен (жеткізушілермен) келісім бойынша

-

4.8

Қатысушы қаржылық лизинг шартының талапарына сәйкес төлемді жүзеге асырады


қатысушы

Шарттарда көзделген мерзімдерге сәйкес

-

4.9

Құрал операторы тұрақты негізде қаржылық лизингінің шарты бойынша қатысушының міндеттемелерін толық орындағанға дейін лизинг заттарына мониторинг жүргізеді



Құрал операторы

Шарттың қолданылу мерзімі - қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін

-

5. Инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру үшін инновациялық грант беру, жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу үшін консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту

Иновациялық гранттарды қарастыру және беру тәртібі, мерзімі инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру үшін инновациялық грант беру, жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу үшін консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту Үкіметтің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1035 қаулысымен бекітілген қағидаларымен реттеледі



Регламенті Жалпы ережелер

Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27

116.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27

120.62kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Дәрігердің қабылдауына жазылу»
146.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер

94.87kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
362.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн «Қарағанды қаласының білім бөлімі»
251.45kb.

18 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер

Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы №131 бұйрығымен бекітілген

118.13kb.

09 10 2014
1 стр.


Ақсу ауданы әкімдігінің регламенті Жалпы ережелер

Аудандық әкімдік (бұдан әрі әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы өкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын Ақсу ауданының даму мүддел

120.08kb.

14 12 2014
1 стр.