Перейти на главную страницу
«____»__________№_____
қаулысымен бекітілген
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) келесi түсiнiктер пайдаланылады:
1) тұтынушы – тұқым шаруашылығы саласында қызметiн жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға;
2) уәкiлеттi орган - аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты, облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлiмдерi;
3) ҚФБ – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қатысатын құрылымдық функционалдық бірліктер (уәкілетті органдарының жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелер, ақпараттық жүйелер және олардың кіші жүйелер);
4) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
5) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, уәкiлеттi орган берген құжат;
6) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам немесе сорттың оригинаторы өсiрiп шығарған және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқым;
7) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң бiрегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетiн тұқымдары;
8) суперэлиталық тұқымдар - бiрегей тұқымдарға жататын, өсiрiп-өндiру көшеттiгiнiң өнiмiнен алынған, мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келетiн және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқымдар;
9) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейiннен өсiрiп-өндiрiлуi: бiрiншi жыл - бiрiншi көбейтiлген тұқым, екiншi жыл - екiншi көбейтiлген тұқым, үшiншi жыл - үшiншi көбейтiлген тұқым.
2. Жалпы ережелер
2. «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен және осы регламентпен бекітілген мемлекеттiк қызмет стандартында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк қызметтi уәкiлеттi орган осы регламентінің 1-қосымшада көрсетілген мекенжайы арқылы көрсетедi.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
7. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлiк беру немесе оны беруден дәлелдi жазбаша бас тарту болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында және осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы осы Регламентінің 19-тармағында белгіленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күннен аспауы тиiс;
2) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезiнде күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
11. Мемлекеттiк қызмет жұмыстың бекітілген кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа (сенбі, жексенбі) жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыға, оның ішінде физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызметтi көрсету үшiн жағдайлар жасалған уәкілетті органның орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның орналасқан жері туралы мәліметтер осы Регламенттің 1-қосымшада көрсетілген.
13. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға:
1) тұтынушының осы Регламенттің 19-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
2) тұтынушының осы Регламенттің 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуi негiз болып табылады.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушыдан өтініш алу сәтінен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi:
1) тұтынушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;
2) уәкілетті органның маманы қажетті құжаттардың бар болуын, олардың ресімдеу толықтығын және дұрыстығын тексереді, құжаттар пакеті сәйкес болған жағдайда арнайы құрылған Сараптау комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) қарауына ұсынады немесе құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту беріледі;
3) Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды, бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым шаруашылықтарға, тұқым шаруашылықтарға және тұқым өткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестік деңгейін анықтау үшін орынға барады, тексеру негізінде Сараптау комиссиясы тексеру актісін жасайды;
4) тексеру қорытындысы бойынша Сараптау комиссиясы дауыстардың көпшілігімен жеке немесе заңды тұлға бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым шаруашылықтарға, тұқым шаруашылықтарға және тұқым өткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес немесе сәйкес емес жөнінде шешім қабылдайды;
5) уәкілетті органның басшысы бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және тұқым өткiзушi мәртебесін беру туралы бұйрыққа қол қояды, аттестаттау жөнінде куәлік береді, немесе қызмет көрсетуде дәлелді бас тартуды береді;
6) уәкілетті органның маманы тұтынушыға аттестаттау туралы куәлік немесе себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуде дәлелді бас тартуды береді;
7) облыстың уәкілетті органы бес жұмыс күні ішінде бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және тұқым өткiзушi мәртебесін бергеннен кейін тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң қисынды кезектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызбалар осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.
16. Әр әкiмшiлiк әрекеттi (рәсiмдi) орындау мерзiмiн көрсетумен әр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнiң) өзара әрекетi мен кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 4-қосымшасында келтiрiлген.
17. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды iске асыратын тұлғалардың минималды саны бiр қызметшiнi құрайды.
4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету үрдiсiнде
iс-әрекет (өзара әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы
18. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша тиісті уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады. Өтінішті беру фактісі уәкілетті органның маманы жүргізетін арнайы өтініштерді тіркеу журналында жазылады.
Тұтынушыға:
1) құжаттарды қабылдау күнi мен нөмiрi;
2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар берiлетiн орын;
19. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды:
1) нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі (тұқым өткізушілер тапсырмайды). Бұл ретте жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс;
4) жеке және заңды тұлғаның осы Регламенттің 2-қосымшасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың тізімі.
20. Өтiнiш бланкiн уәкілетті органның кеңсесi бередi, оның нысаны сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында «нормативтiк-құқықтық актiлер» бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде және осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
21. Аттестаттау туралы куәлiк тұтынушы өзi келгенде қолма-қол тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенiмхатты көрсеткенде берiледi.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
Мемлекеттiк қызметтi көрсету
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттiк қызметтi көрсету жөніндегі
уәкілетті органның атауы
Өкілетті органның атауы |
Мекенжай |
Байланыс телефоны |
Электрондық пошта |
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесi, 160 |
8 (7142) 511-695 8 (7142) 511-782 |
[email protected] |
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
Мемлекеттiк қызметтi көрсету
регламентіне 2-қосымша
Бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына, тұқым өсiру шаруашылықтарына, тұқым өткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Бiрегей тұқым өндiрушiлер қойылатын бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
1) бiрегей тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы;
2) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн, ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсынымдарға сәйкес салынған және бiрден кем емес айналымнан өткен, игерiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстерiнiң болуы;
3) жалпы егiс алаңының 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егiстiктерiнiң болуы;
4) бiрегей тұқым өндiрiсi (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
5) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру бойынша ғылыми негiзделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы растаған бiрегей тұқым өндiрушiнiң аумағында карантиндiк объектiлердiң болмауы, бұл ретте карантиндiк объектiлер бiрегей тұқым өндiрушiнiң аумағында аттестаттау сәтiне дейiн кемiнде үш жыл кезеңiнде де болмауы тиiс;
7) дақыл жөнiнде бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде бiр маман-селекционердiң болуы немесе ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бiрегей тұқым өндiрiсi бойынша бiрлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы;
8) кемiнде бiр агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның сондай-ақ, дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөнiндегi жұмыстың ерекше әдiстерiн меңгерген техникалық персоналдың кемiнде үш адамының болуы;
9) дақыл мен сорттың биологиялық белгiлерi мен қасиеттерiн ескеретiн сызбаларға қатаң сәйкестiкте бiрегей тұқым өндiрiсiн қамтамасыз ету;
10) кейiннен элиталық тұқым өндiрiсiн қамтамасыз ету мақсатында бiрегей тұқымның жоспарланған көлемiн өндiруге қажеттi ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жемiс, жидек дақылдарының және жүзiмнiң көшетiн өндiрушiлер үшiн аналық екпе ағаштардың) болуы;
11) мынадай:
бастапқы буындардың негiзiн қалау үшiн - 100 пайыз;
суперэлита үшiн - 50 пайыз қажеттiлiкте тұқым сақтандыру қорларының болуы;
12) бiрегей тұқым өндiрiсi жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымын өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығында, лизингке немесе мүлiктiк жалға (ұзақ мерзiмде жалгерлiк) алынған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
13) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкiндiк беретiн мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй-жайлардың (жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған кему алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
14) бiрегей тұқым өндiрiсi жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бiрегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (себу, iрiктеу, сорттық, түрлiк және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзу, бiрегей тұқымды жинау, кiрiске алу, тазалау және өңдеу, сату актiлерi, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторымен нөмiрленуге, тiгiлуге, қолы қойылуға тиiс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргiзу;
15) сортты шығару әдiсiн, ата-аналық нысандар, сорт белгiлерiнiң ерекше сипаттамалары туралы мәлiметтердi көрсететiн сорт жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу;
16) тұқым шаруашылығы жөнiндегi есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз ету.
2. Элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) элиталы тұқым өндiру жүргiзiлетiн және кемiнде бiр ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстерiнiң болуы;
2) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру бойынша ғылыми негiзделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
3) жалпы егiс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егiстiктерiнiң болуы;
4) соңғы үш жылдағы өнiмдiлiктiң орташа облыстық көрсеткiштен жоғары болуы;
5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжiрибесi төрт жылдан кем болмауы;
6) жалпы өндiрiс көлемiндегi қызметтiң негiзгi түрiнiң (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы;
7) тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн егiлетiн дақылдардың саны 4-тен көп болмауы;
8) аттестаттау мәнiне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы;
9) суперэлиталық тұқымды егуге қажеттi тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы;
10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
11) аудандастырылғандар тiзбесiне енгiзiлген тұқым сорттарын өсiру схемасының болуы;
12) тұқым материалдарын өсiру жұмыстарының барлық түрлерi мен оның сапалық көрсеткiштерi көрсетiлетiн құжаттаманы жүргiзу және есепке алуды ұйымдастыру;
13) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерiн өндiру үшiн түр-түрде және көлемде негiзгi тұқым материалының (бiрегей тұқым) аудандастырылған және перспективтi сорттарының болуы;
14) аттестаттауға өтiнiш берген сәттен бастап кемiнде екi жыл мерзiмге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерiн өндiру үшiн түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективтi сорттардың бiрегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткiзу туралы бiрегей тұқым өндiрушiмен жасалған шарттың болуы;
15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндiрiсiн ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы, лизингке немесе мүлiктiк жалға (ұзақ уақыттық жалгерлiк) алынған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
17) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкiндiк беретiн мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй-жайлардың болуы;
18) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (себу, егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзу, тұқымды жинау, кiрiске алу, тазалау және өңдеу, сату актiлерi, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлiк, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторымен нөмiрленуге, тiгiлуге, қолы қойылуға тиiс) есеп жүргiзу;
19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемiнде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
20) жоспарланған жұмыс көлемiн бiлiктi түрде орындау үшiн штат кестесiнде көзделген тиiстi бiлiмi бар мамандар санының, оның iшiнде кемiнде бiр агроном-тұқымшының болуы;
21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы растаған элиталық тұқым өсiру шаруашылығының аумағында карантиндiк объектiлердiң болмауы, бұл ретте карантиндiк объектiлер элиталық тұқым өсiру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтiне дейiн кемiнде үш жыл кезеңiнде болмауы тиiс.
3. Тұқым өсiру шаруашылықтарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң екi жылдан кем емес болуы;
2) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндiрiсiн жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы;
3) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсыныстарға сәйкес енгiзiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстерiнiң болуы;
4) жалпы егiс алаңының 20 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егiстiктерiнiң болуы;
5) тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн өңделетiн дақылдардың саны - 3-тен көп болмауы;
6) аттестаттау мәнiне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен көп болмауы;
7) аттестаттауға өтiнiш берген сәттен бастап кемiнде үш жыл мерзiмге бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым ендiру үшiн элиталық тұқым жеткiзу туралы элиталық тұқым өсiрушi шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
8) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрiсiн ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
9) нақты агроэкологиялық аймақ үшiн ұсынылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өсiру агротехнологиясын сақтау;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы растаған тұқым өсiру шаруашылығы аумағында карантиндiк объектiлердiң болмауы, бұл ретте карантиндiк объектiлер тұқым өсiру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтiне дейiн кемiнде үш жыл кезеңiнде болмауы;
11) кемiнде бiр агроном-тұқымшының болуы;
12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
13) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым сорттарын өсiру схемасының болуы;
14) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымның жоспарланған мөлшерiн өндiру үшiн түр-түрде және көлемде негiзгi тұқым материалының болуы;
15) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы, лизингке немесе мүлiктiк жалға (ұзақ мерзiмдi жалгерлiк) алынған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
16) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкiндiк беретiн мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй-жайлардың болуы;
17) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (себу, егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзу, тұқымды жинау, кiрiске алу, тазалау және өңдеу, сату актiлерi, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлiгi, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлiк, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аудандық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеуге, тiгуге, қолы қоюға тиiс) есеп жүргiзу;
18) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемiнде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.
4. Тұқым сатушыларына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым өткiзу бойынша жоспарланған жұмыс көлемiн орындау үшiн тиiстi бiлiмi бар штат кестесiнде көзделген мамандар санының, оның iшiнде кемiнде бiр агроном-тұқымшының болуы;
2) кейiннен сату үшiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымын жеткiзу туралы тұқым өндiрушiлермен (тұқым жеткiзушiлер тұқымды шетелдiк жеткiзушiлерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайын жасалатын шарттың болуы;
3) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкiндiк беретiн мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй-жайлардың (жемiс дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы, лизингке немесе мүлiктiк жалға (ұзақ мерзiмдi жалгерлiк) алынған арнайы техниканың болуы;
5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасының, өткiзiлетiн тұқымның шыққан тегiнiң, тұқымды құжаттандырудың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеген, тiгiлген және қолы қойылған тұқымдарды есепке алу журналын жүргiзу;
6) тұқымдарды сақтау және өткiзу материалдарының кемiнде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсiмдiктер сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына сәйкес патент иесi (лицензиар) тұқым өткiзушiге (лицензиатқа) селекциялық жетiстiктi уақытша пайдалану құқығын беретiн лицензиялық шарттың болуы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы растаған карантиндiк объектiлердiң болмауы.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
Мемлекеттiк қызметтi көрсету
регламентіне 3-қосымша
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдісі
Уәкілетті орган |
![]() 2. Өтінішті тіркеу ![]() ![]() 1. Құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру 3. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін және уақытын, мерзімі және орнын көрсете отырып, қолхатты беру 5. Мәртебесін беру туралы бұйрыққа қол қойғызу немесе қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту ![]() 6. Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлiк беру немесе бас тарту жөнінде дәлелді жауап беру ![]() ![]() СОҢҒЫ
4. Комиссияның құжаттарды қарау, орынға бару |
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
Мемлекеттiк қызметтi көрсету
регламентіне 4-қосымша
Әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң)
кезеңдiлiгiн сипаттау және өзара iс-қимылы
1-кесте. ҚФБ iс-қимылдарының сипаттамасы
Негiзгi үрдiстiң iс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) | |||
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
Уәкiлеттi органның кеңсесi |
Уәкiлеттi органның басшылығы |
Уәкiлеттi органның маманы |
Iс-қимылдардың (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Өтінішті қабылдау және тіркеу. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттарды тексеру, қойылатын талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, құжаттар қабылданбайды |
Хат-хабармен танысу, орындауға жауапты орындаушыны белгілеу |
Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру. Комиссияның қарауына құжаттарды дайындау |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкiмдiк шешiм) |
Журналда қолхатты тіркеу және тұтынушыға беру, бұрыштама қою үшін құжаттарды басшылыққа жіберу |
Бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің бастығына жіберу |
Элиталық тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі арнайы құрылған сараптау комиссияның қарауына ұсыну |
Орындалу мерзiмi |
30 минуттан аспайды |
Жұмыс күні ішінде |
5 күн |
Келесi iс-қимылдың нөмiрi |
2 |
3 |
4 |
Негiзгi үрдiстiң iс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) | |||
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
Элиталық тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі Комиссия |
Уәкiлеттi органның басшылығы |
Уәкiлеттi органның кеңсесi |
Iс-қимылдардың (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Ортақ жиналыста ұсынылған құжаттарды қарайды, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестік деңгейін анықтау үшін орынға баруды ұйымдастырады, қорытындысы бойынша дауыстардың көпшілігімен тұтынушының өтінім берген мәртебесіне сәйкес немесе сәйкес емес жөнінде шешім қабылдайды |
Комиссияның ортақ жиналыстың хаттамасын қарау. |
Журналда аттестаттау туралы куәлiкті немесе дәлелелді бас тартуды тіркеу |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкiмдiк шешiм) |
Сапар қорытындысы бойынша тексеру акті ресімделеді. Актінің негізінде элиталық тұқым өндіруші мәртебесін беру жөнінде шешім шығарады немесе сондай мәртебесін беруде бас тарту жөнінде шешім шығарады, басшылықтың қол қоюына беру |
Өтініш берілген мәртебесін беру немесе қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту туралы бұйрыққа қол қойғызу |
Уәкiлеттi органның маманына аттестаттау туралы куәлiкті немесе қызмет көрсетуде дәлелді бас тартуды беру |
Орындалу мерзiмi |
10 күннен аспайды |
1 күн |
Жұмыс күні ішінде |
Келесi iс-қимылдың нөмiрi |
5 |
6 |
7 |
Негiзгi үрдiстiң iс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) | |||
Iс-қимылдардың (барысы, жұмыстар ағыны) № |
7 |
|
|
ҚФБ атауы |
Уәкiлеттi органның маманы |
|
|
Iс-қимылдардың (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Аттестаттау туралы куәлiкті немесе қызмет көрсетуде дәлелді бас тартуды беру |
|
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкiмдiк шешiм) |
Аттестаттау туралы куәлiкті немесе бас тартуды беру туралы қолхат |
|
|
Орындалу мерзiмi |
30 минуттан аспайды |
|
|
Келесi iс-қимылдың нөмiрi |
|
|
|
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үрдiсi
Топ 1 ҚФБ Уәкiлеттi органның кеңсесi |
Топ 2 ҚФБ Уәкiлеттi органның басшылығы |
Топ 3 ҚФБ Уәкiлеттi органның маманы |
Топ 4 ҚФБ Элиталық тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі комиссия |
Әрекет № 1 Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналда тiркеу, өтiнiштi уәкiлеттi органның басшылығына жолдау |
Әрекет № 2 Хат-хабармен танысу, орындау, бұрыштама қою үшін жауапты атқарушыны белгілеу |
Әрекет № 3 Құжаттарды Комиссияның қарауына дайындау Арнайы құрылған Комиссияның қарауына ұсыну |
Әрекет № 4 Өтінішті қарау, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестік деңгейін анықтау үшін орынға бару. Элиталық тұқым өндіруші мәртебесін беру жөнінде шешім шығару, хаттама ресімдеу, басшылықтың қол қоюына беру |
|
Әрекет № 5 Мәртебесін беру туралы бұйрыққа қол қойғызу |
|
|
Әрекет № 6 Аттестаттау туралы куәлiкті тіркеу, оны уәкілетті органның маманына беру |
|
|
|
|
|
Әрекет № 7 Аттестаттау туралы куәлiк беру |
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдiс
Топ 1 ҚФБ Уәкiлеттi органның кеңсесi |
Топ 2 ҚФБ Уәкiлеттi органның басшылығы |
Топ 3 ҚФБ Уәкiлеттi органның маманы |
Топ 4 ҚФБ Элиталық тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі комиссия |
Әрекет № 1 Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналда тiркеу, өтiнiштi уәкiлеттi органның басшылығына жолдау |
Әрекет № 2 Хат-хабармен танысу, орындау, бұрыштама қою үшін жауапты атқарушыны белгілеу |
Әрекет № 3 Құжаттарды Комиссияның қарауына дайындау Арнайы құрылған Комиссияның қарауына ұсыну |
Әрекет № 4 Өтінішті қарау, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жеке немесе заңды тұлғаның сәйкестік деңгейін анықтау үшін орынға бару. Элиталық тұқым өндіруші мәртебесін беруде бас тарту жөнінде шешім шығару, хаттаманы ресімдеу, басшылықтың қол қоюына беру
|
|
Әрекет № 5 Бас тартуда қол қою |
|
|
Әрекет № 6 Бас тартуды тіркеу, оны уәкілетті органның маманына беру |
|
|
|
|
|
Әрекет № 7 Тұтынушыға бас тартуды беру |
|
Осы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
25 12 2014
1 стр.
Осы «Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі ұғымдар қолданады
25 12 2014
1 стр.
Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
25 12 2014
1 стр.
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» регламенттінде (бұдан әрі Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады
09 10 2014
1 стр.
Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентiнде (бұдан әрi Регламент) мынадай ұғым пайдаланылады
13 10 2014
1 стр.