Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «____» ________

№_____қаулысымен бекітілді

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік қызметтер регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі - Регламент) регламентінде келесі негізгі түсініктер қолданылады:

1) мемлекеттік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініштерін іске асыратын және жеке сипатты ұтанатын, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылып, мемлекеттік органдардың жеке функцияларын жүзеге асыру формаларының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және басқа жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

2) сәулет-жоспарлау тапсырмасы – нақты жер учаскесінде (алаңда, трассада) объектінің негізгі параметрлерін тағайындауға және орналастыруға талаптар, сонымен бірге осы елді мекен үшін қала құрылысы регламенттерімен сәйкес белгіленген жобалауға және құрылыс салуға міндетті талаптар, шарттар және шектеулер кешені. Бұл ретте түстер шешімі бойынша талаптар белгілеу және ғимараттардың (имараттардың) қасбеттерін өңдеу материалдарын пайдалану көлемді-кеңістік шешіміне жіберілмейді.
2. Жалпы ережелер
2. Осы регламент «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, құқық белгілеуші құжаттарды және басқа бастапқы материалдарды беру және оларды беруге рұқсат бермеуге уәждеме беру тәртібін және мерзімін анықтайды.

3. Мемлекет қызмет «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) беріледі.

4. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы, Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі, «Объектілер салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат ету құжаттарын ресімдеу және беру тәртібін жеңілдеті бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 қаулысымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтер стандарты негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын қағаз нұсқада немесе қызмет ұсыну туралы рұқсат бермеу жауабын беру болып табылады.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Бөлімнен алуға болады, мекенжай және жұмыс кестесі осы Регламенттегі 1 қосымшада көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы регламенттің 15 тармағында белгіленіп, тұтынушымен қажетті құжаттарды тапсырған кезден – 8 (сегіз) жұмыс күнінен көп емес);

2) бар жер учаскелерінде іске асырылатын тіреуіш және қоршауыш құрылғылармен, инженерлік жүйе және жабдықтармен байланысты емес бар ғимараттарды, үй-жайларды (жеке бөліктер) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге СЖТ беруге өтінішті қарастыру мерзімі немесе оларды беруге уәжделген бас тарту өтініш берілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспау қажет;

3) инженерлік көздерге және коммуналдық қамтамасыз етуге қосылуға сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімі келесі объектілер бойынша өтініш берген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнді құрайды: электрлік және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорын: тау-кен өндірісі және байыту өндіретін кәсіпорын, қара және түсті металла өндіретін кәсіпорын, машина жасау өнеркәсібі; гидротехникалық және селеқорғау құрылыстары (дамбалар, плотиналар), елді мекендер және аумақтар қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер; елді мекендер шекараларынан тыс орналасқан желілік ғимараттар; магистральды құбыржолдар, электржабдықтарының жоғары вольтты желілері, объектілермен оларға қызмет көрсету теміржолы, жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары;

4) тұтынушының өтініш күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтуге рұқсат берілген уақыт ең жоғары, кезекте тұрған адамдардың санына байланысты;

5) тұтынушының өтініш күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтуге рұқсат берілген уақыт – 15-20 минуттан жоғары емес.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Тіркеуден бас тарту қажетті құжаттардың болмау, жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну барысында осы Регламенттегі 4 қосымшаға сәйкес форма бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін негіз жоқ.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттар алған кезден бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін берген кезге дейін:

1) тұтынушы құжаттарды Бөлім канцеляриясының маманына ұсынады, онда одан әрі тіркеу жүргізіледі;

2) Бөлім бастығы өтінімді Бөлімнің тиісті маманына жібереді;

3) Бөлім маманы тұтынушымен ұсынған құжаттарды қарастырады;

4) Бөлім маманы «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысына сәйкес СЖТ беру ережесін түсіндіреді;

5) Бөлім маманы ұсынылған құжаттарды қарастырады, қажеттілік болған жағдайда тапсырыс берушінің есебінен шығару іске асырылады;

6) маман тіркелген және тұтынушымен мемлекеттік қызмет алу күнін, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнін көрсетіп, СЖТ дайындайды;

7) Бөлім басшысы дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда оларға қол қояды.

12. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз санын бір қызметкер құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс -қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Бөлімге құжаттарды қабылдау Бөлімнің мамандару арқылы іске асырылады.

Тіркеуді іске асырған маманмен барлық қажетті құжаттарды Бөлімге тапсырғаннан кейін тұтынушының деректері тіркеу журналына енгізіледі.

14. Тұтынушыға аталған қызметті орындаушы тұлғаның тегі және аты-жөні, байланыс телефондары көрсетілген түбіртек беріледі.

15.Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат:

Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);

шетелдіктер және азаматтығы жоқ азаматтар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеп тұруға қатысты рұқсаты және ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

оралмандар – оралманның куәлігі;

2) СТН (жеке тұлғаның), куәлік (заңды тұлғаның);

3) объектіге құқық белгілеуші құжаттар (жерге құқық, техникалық паспорт);

4) объектіні жобалауға тапсырма;

5) инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық жағдайлар;

6) объектіні салуға (қайта жаңарту) рұқсат туралы қала/аудан әкімдігінің қаулысы.

Бөлімде мемлекет қызмет өтініш бланкін толтырумен көрсетіледі.

16. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсынылған мәліметтерді қарастыратын жағдайлардан басқа тұтынушымен ұсынылған мәліметтер құпия болып табылады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі ҚФБ қатыстырылған:

1) бөлім маманы;

2) бөлім басшысы.

18. Әр ҚФБ әр әкімшілік әрекетті (ресімдер) орындау мерізімі көрсетілген тізбектіліктің мәтіндік кесте сипаттамасы және әкімшілік әрекеттердің (ресімдер) өзара іс-қимылы Осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық тізектілік арасындағы байланысты көрсететін сызба осы Регламенттегі 3 қосымшада келтірілген.


5. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауап береді.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 1 Қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті

органдардың мекенжайлары және жұмыс кестесі


Уәкілетті органдардың атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

«Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қ.,

Бейбітшілік бульвары,39



Қабылдау күні:

Апта сайын ,

Дүйсенбі және бейсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 13.00- ге дейін

Жұмыс күндері:

Сағ. 9.00 –ден сағ. 18.00-ге дейін , үзілісі сағ. 13.00-ден

Сағ.14.00-ге дейін

Демалыс күндері:

Сенбі және жексенбі



8-7212-42-56-50

8-7212-42-12-65


«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет



регламентіне 2 Қосымша

Әр ҚФБ әкімшілікшілік әрекеттердің (ресімдердің) тізбектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамасы
1 Кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.


1

N әрекеті (барысы,жұмыс ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Бөлім маманы

Бөлім басшысы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

3

Әрекеттер атауы (процестердің, ресімдердің, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Тұтынушы бөлім канцеляриясының маманына құжаттарды ұсынады, онда оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі

Бөлім басшысы өтінімбі бөлімнің тиісті маманына жолдайды

Бөлім маманы тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қарастырады.

Бөлім маманы СЖТ беру ережесін Қазақстан Республикасының Қаулысына сәйкес түсіндіреді

Бөлім маманы ұсынылған құжаттарды қарастырады, қажеттігіне қарай өтінішкердің есебінен шығу іске асырылады

Бөлім маманы тіркеу күнін және тұтынушымен мемлекеттік қызметті алуды, құжат қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіп СЖТ дайындайды

Бөлім басшысы дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда қол қояды

4

Аяқталу түрі (деректер, құжат, ұйымдық-иеленушілік шешім)

Құжаттар

шешім

деректер

ұйымдық-иеленушілік шешім

деректер

Құжаттар

Құжаттар

5

Орындау мерзімі

Өтініш берген күні

Өтініштен кейінгі келесі жұмыс күні

Құжаттарды алғаннан кейін

Құжаттарды ұсынғаннан кейін

Құжаттарды ұсынғаннан бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей

Құжаттарды ұсынғаннан бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей

Құжаттарды ұсынғаннан бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

2, 3

4

5

6

7



2 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.




Бөлім маманы

Бөлім басшысы

N 1 Әрекет

Тұтынушы бөлім канцеляриясының маманына құжаттарды ұсынып, оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі.




N 6 әрекет

Бөлім маманы тіркеу күнін және тұтынушымен мемлекеттік қызметті алуды, құжат қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіп СЖТ дайындайды



N 2 Әрекет

Бөлім басшысы бөлімнің тиісті маманына өтінімді жібереді



N 7 әрекет

Бөлім басшысы дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда қол қояды



N 3 әрекет

Бөлім маманы тұтынушымен ұсынған құжаттарды қарастырады






N 4 әрекет

Бөлім маманы СЖТ беру ережелерін Қазақстан Республикасының Қаулысына сәйкес түсіндірді






N 5 әрекет

Бөлім маманы ұсынылған құжаттарды қарастырады, қажеттігіне қарай өтінішкердің есебінен шығу іске асырылады






3 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті процесс.




Аудандық бөлімнің маманы

Аудандық бөлімнің басшысы

N 1 Әрекет

Тұтынушы бөлім канцеляриясының маманына құжаттарды ұсынып, оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі.



N 6 әрекет

СЖТ беруге уәжделген рұқсат бермеуге қол қою



N 2 Әрекет

Бөлім басшысы бөлімнің тиісті маманына өтінімді жібереді






N 3 әрекет

Бөлім маманы тұтынушымен ұсынған құжаттарды қарастырады






N 4 әрекет Қажетті құжаттар болмаған жағдайда және жалған мәліметтер және құжаттар ұсынған жағдайда СЖТ беруге рұқсат берілмейді




N 5 әрекет

СЖТ беруге уәжделген рұқсат бермеуді дайындау






«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 3 Қосымша


Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты ккөрсететін сызба
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (жұмыс ағымының барысы)

Бөлім маманы

Бөлім басшысы


Тұтынушы құжаттарды ұсынады




Ұсынылған құжаттарды қарастырады




Тұтынушымен құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда Бөлім маманымен жетіспейтін құжаттарды көрсетіп құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.




Қажет болған жағдайда өтінім берушінің қаражаты есебінен орынға шығу іске асырылады




СЖТ дайындайды




Тұтынушыға СЖТ беру




Тұтынушыны ақпараттандырады және қайтару себептері туралы Бөлімнің жазбаша хатын береді




Дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда оларға қол қояды

Орындаушыны анықтау

Бөлімге түскен құжаттарды ресімдеудегі қателіктер анықталған жағдайда оларды қабылдамау себебі көрсетілген жазбаша негіздерімен қайтарылады.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 4 Қосымша

Объектіні жобалауға сәулеттік – жоспарлау тапсырмасын дайындау
СЖТ дайындау үшін өтінішкерге

- құрылыс салуға жер учаскесін беру туралы қаулы (учаскені пайдалануға рұқсат);

- жобалауға бекітілген тапсырма;

- инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтерді, басқа бастапқы материалдарды көздерге қосуға техникалық шарттарды ұсыну қажет.


ӨТІНІШ ҮЛГІСІ


Мемлекеттік органның басшысына

______________________________

мекенжай___________________________

тел _____________________________

ӨТІНІШ

Салуға, қайта жөндеуе СЖТ беруді (ұзартуды) сұраймын _____________________________________________________________________________



объектінің атауы

Қосымша:

қолы, күні

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 5 Қосымша

___________________________

(кімге жолданған)


Сізге сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беруге рұқста берілмегенін мәлімдейміз__________________________________________________________________.



(рұқсат бермеу себептерін көрсету)


Мемлекеттік орган

басшысының лауазымы қолы және Т.А.Ә.

Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негізгі түсініктер қолданылады

143.7kb.

15 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады

216.36kb.

25 12 2014
1 стр.


«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер. Осы «Сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру»

Осы «Сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) ресімдеулер рәсімін және құрылыс объектілерін жобалауға сәулет – жоспарлау тапсырмасын

87.04kb.

25 12 2014
1 стр.


«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысымен бекiтiлген Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру ережесiнiң негiзi

1358.97kb.

16 12 2014
4 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтаманы беру»

Осы «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай түсініктер пайдаланылады

97.07kb.

15 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»

Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады

104.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негіз

135.04kb.

16 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады

109.38kb.

15 10 2014
1 стр.