Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Құрыш қанат қаһарманы қазақтың»

1-жүргізуші: Армысыздар Құрметті оқушылар, әріптестер!

Қазақ талай зобалаңды басынан өткерген батыр халық. Ел дегенде жер дегенде шығар жаны бөлек батырларды дүниеге әкелген ер халық. Бірақ осы кезеңге дейінгі талай тарихи соқпақтарда жана жайсаң көптеген азаматтарынан айрылды. Қазақтың дара туған батыр ұлдарының бірі Қасым Қайсеновте осы қызыл қырғынның ортасынан елге аман оралған аяулы батыр. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Құрыш қанат қаһарманы қазақтың» атты кешімізге қош келдіңіздер.



2-жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында

Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі,

Күмбірлеген домбыраның барында демекші кешіміздің шымылдығын әсем күймен ашуға рұқсат етіңіздер.



Көк ала ат Нұрмаханов Қуаныш

1-жүргізуші: 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданың Асубұлақ ауылында дүниеге келген.

1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отря¬дын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.

2-жүргізуші: Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі.

Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе¬сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.

1-жүргізуші:

1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орта¬лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.

1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

2-жүргізуші: Нұрмаханов Қуаныш Құрманғазының күйі Балбырауын

1-жүргізуші: Бауыржан да, Қасым да туар,

Бiрақ басқа бiр ғасырда туар.


Аш-жалаңаш орманда,

Тас жастандың басыңа.

Отаныңды қорғауға,

Жауға тидiң ашына.


Жердi қазып паналап,

Ыза менен мұң басты.

Қар шайнадың, мұз жалап,

Жолбарыстай түн қаттың.


Украина, Белорусь,

Бәрi бiлер Вася атын.

Қалтырайтын фашистер,

Жоламайтын, қашатын



2-жүргізуші: Отан-ана кегi үшiн,

Ыза кернеп қан қызған.

Қасым аға хас батыр,

Қасым аға партизан.


Бес қаруды асындың,

Жаудың құтын қашырдың.

Арқасында аманбыз,

Батыр аға Қасымның.


Сынығысың асылдың,

Қайталанбас ғасырдың.

Ерлiгiң ел есiнде,

Өр тұлғаңа бас ұрдым. – деп Бақытбек Смағұл Қасым Қайсенов атамызға халық қаһарманы деген өлеңін арнаған.



1-жүргізуші: Абдықадір Бақыт «Қасым ата Қайсенов – батырлардың батыры»

Жолдасов Жайнарбек «Алтайдай алып тұлға Қасым аға»


1-жүргізуші: Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

Қ. Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Ол М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Джалилдің «Почта жәшігі» кітаптарын құнарлы тілмен оқушы жүрегіне жеткізді.



2-жүргізуші: 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар»(1954) атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Ажал аузынан»(1959), «Жау тылындағы бала»(1961), «Жау тылында»(1973), «Партизан соқпақтары»(1978), тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасынан көрініс тамашалаңыздар.



Күй Көш Керуен Бұланбаева Диана

1-жүргізуші: Қ.Қайсенов «Богдан Хмельницcкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке¬ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.

2-жүргізуші: Қасым Қайсенов Халық қаһарманы атанған күнгi өлең

Бүгiнгi Күн –

Дәрмен Күнi –

Дәт Күнi!

Тәй-тәй басты

Тәуелсiздiк шаттығы:

Қасым батыр –

Жәһилдiкке бас имес,

Ар-Иманның Пәктiгi!
Бүгiнгi Күн –

Ғаламат Күн –

Ғажап Күн!

Артын аштым

Арсыз күлген Мазақтың:

Қасым батыр –

Жалғыз көздi Хас-Шындық –

Құнанбайы Қазақтың!


Бүгiнгi Күн –

Ең Жарық Күн –

Алып Күн!

Күллi Әлемге

Ерлiгiмдi таныттым:

Қасым батыр –

Батырлардың Батыры –

Қаһарманы Халықтың!



2-жүргізуші: 2006 жылдың 30 желтоқсанында қазақты тау құлағандай қайғыға батырды. Біз көрмеген Қабанбай батырдың 20 ғасырдағы жалғасы, оқ пен оттан аман оралып, туған елінің тәуелсіздігіне марқайған, нар тұлға Қасым Қайсенов өмірден озды. Ең қаһарлы соғыстың құрыш қанат қаһарманы Қасым ағаның қайтпас сапарға кеткені қабырғаны қайыстырды.

Заманы бір майдандас ағалары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин сияқты Қасым Қайсенов те қос қарудың – найза мен қаламның баһадүр иегері еді.



1-жүргізуші: Қасым Қайсенов — ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.

Қасым Қайсенов -ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы.



Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры

2-жүргізуші:

1-жүргізуші:

«Құрыш қанат қаһарманы қазақтың» 1-жүргізуші

Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылы

54.2kb.

25 12 2014
1 стр.


Қадiрлi жерлестер! Халық қаһарманы, қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының «Ең үлкен емтихан – елге есеп беру»

Алға ауданының әкiмi Қ.Қ. Сәрсенғалиевтің «2011 жылғы ауданның әлеуметтiк — экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» аудан халқы алдындағы есебi

277.51kb.

15 10 2014
1 стр.


Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау

19.68kb.

01 09 2014
1 стр.


Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау

19.97kb.

14 12 2014
1 стр.


Сценарийі өтетін орны: спорт зал Өтетін уақыты: 20 наурыз, сағат 11 30 1-жүргізуші: Губашев Ерик

Жүргізуші саны төртеу «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» пайым ұстанымы бойынша

115.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі. Жауынмен қара жер көгереді

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз

39.25kb.

09 09 2014
1 стр.


«Жас қанат» Жаңа түлектерін ұшырды. Әр көктем сайын Астана аспанын әнге бөлейтін

Астана аспанын әнге бөлейтін «Жас қанат» байқауы кезекті мәрте Сарыарқа төсіне келіп жетті. Биылғы жыл халықаралық ән фистивалі үшін ерекше болды

38.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Фариза оңҒарсыноваға арналған «менің ӨЛЕҢдерім – менің СҰрапылым» атты жыр кеші 1 Жүргізуші

Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). 1939 жылдың 5 желт

45.94kb.

25 12 2014
1 стр.