Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

№ исх: от: 30.09.2011 12:18:25

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат

министрінің

2011 жылғы « » __

№ бұйрығымен

бекітілген



«Құрметті байланысшы» атағын беру ережесі
1. Жалпы ережесі

1. «Құрметті байланысшы» атағы пошта, телекоммуникация және ақпараттандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, салалық кәсіподағының сайлау органдары, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік қызметкерлеріне беріледі.

2. «Құрметті байланысшы» атағы барлық қызмет түрлерін және байланыс және ақпараттандыру құралдарының жүйелерін пайдаланатын, жеке және заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсетудің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізгені үшін, шаруашылық қызметінің оң нәтижелерге, жаңа техника мен технологияларды енгізгені, ведомстволық бағынысты ұйымдарда және бөлімшелерде өндіріс пен еңбек жағдайларын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін, саланың дамуына қосқан жеке үлесі, озық ғылыми әзірлемелері үшін, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік қызметті үлгілі де мінсіз атқарғаны үшін беріледі.
2. Атақ беру тәртібі
3. «Құрметті байланысшы» атағын беруге байланыс саласында кем дегенде 15 жыл мінсіз еңбек еткен телекоммуникация, пошта, салалық кәсіподақ және ақпараттандыру саласындағы қызметкердің кандидатуралары ұсылынуы мүмкін.

Ерекше жағдайларда аса маңызды тапсырманы орындағаны үшін байланыс саласындағы еңбек өтілі аз тұлғаларға «Құрметті байланысшы» атағы берілуі мүмкін.

4. Байланыс және ақпараттандыру саласының Кәсіптік одақтарымен немесе олардың бірлестіктерімен келісім бойынша «Құрметті байланысшы» атағын беру туралы қолдаухатқа (марапат парағын) ұйымның басшысы қол қояды. Байланыс ұйымының басшыларына жазылатын қолдаухат жоғарғы (бас) ұйымының (органның) басшысының бастамасымен жазылады.

Кандидатты сипаттайтын материалдармен бірге қолдаухатты уәкілетті органға ұсынылады. Уәкілетті орган осы ереженің 3-тармағымен белгіленген кандидаттың толықтығына және кандидаттың талаптарға сәйкестігін сипаттайтын, қолдаухат пен материалдарды қарастырады.

Қолдаухатта міндетті түрде кандидаттың (Т.А.Ә. туған жылы, күні, жынысы, ұлты), білімі бойынша мамандығы мен біліктілігі, жұмыс орны және атқарып жатқан қызметі, мемлекеттік және салалық наградалары, жалпы еңбек өтілі (ұйымның қадрлық қызметімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі), сонымен қатар, телекоммуникация, пошта және ақпараттандыру саласындағы еңбек өтілімі, сондай-ақ, кәсіби, жеке басы қасиетінің негіздеме бағасын құрайтын атқарған қызметтерінің тізімі мен қысқаша мінездемесі, нәтижелері мен жетістіктері туралы ақпараты бар болуы тиіс.

5. Осы ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынылмай немесе олар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ кандидаттың 3-тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі уәкілетті органның қолдаухатты қараудан және «Құрметті байланысшы» атағын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

6. «Құрметті байланысшы» атағын беру уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.

7. «Құрметті байланысшы» атағын беру Ұлттық мерекелерді атап өтуіне немесе телекоммуникация, пошта және ақпараттандыру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекелеріне сәйкес орайластырылады.

8. «Құрметті байланысшы» атағымен марапатталғандарға куәлік (осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес) және кеуделік белгісі (осы ереженің 2- қосымшасына сәйкес) салтанатты жағдайда жұмыс орнында табыс етіледі.

9. Қызметкерге «Құрметті байланысшы» атағы берілгені туралы ақпарат салалық басылым баспаларында жарияланады. Ұйымның интернет-ресурсында жариялауға және марапатталғанның суретін жұмыс орнындағы ұйымның арнайы Даңқ Тақтасында (стендінде) және Кітабында орналастырылуына рұқсат етіледі.


4. Қорытынды ереже
10. «Құрметті байланысшы» кеуделік белгісі омыраудың оң жағына тағылады.

11. Жоғалған кеуделік белгінің орнына басқа кеуделік белгі берілмейді. Атақтың берілгені туралы куәлік жоғалған жағдайда оның көшірмесі берілуі мүмкін.

12. Ұсыныс енгізуге құқығы бар органның ұсынысы бойынша бұдан бұрын атаққа ие болған тұлға кір келтірген қылықтары үшін «Құрметті байланысшы» атағынан алынып тасталуы мүмкін.


«Құрметті байланысшы»

атағын беру ережесіне

1-қосымша



«Құрметті байланысшы»

атағы берілгені туралы куәлігінің үлгісі (сипаттамасы)


Қазақстан Республикасының

Байланыс және ақпарат министрлігі

«Құрметті байланысшы» атағы берілгені туралы

К У Ә Л І К


_______________________________________

_______________________________________ берілді

Министр ___________________

20 жылғы « »_______ № ___ бұйрық





Министерство связи и информации

Республики Казахстан


УДОСТОВЕРЕНИЕ


о присвоении звания «Құрметті байланысшы»


Выдано _____________________________________

_____________________________________



Министр _________________
Приказ от « » _______ 20 года № ___



«Құрметті байланысшы»

атағын беру ережесіне

2-қосымша

«Құрметті байланысшы»

белгісінің сипаттамасы
«Құрметті байланысшы» белгісі диаметрі 30,6 мм. шеңбер нысанында болады.

Белгінің аверсінде:



ортасында ақ түсті аясында: жасыл бояумен Қазақстан Республикасы картасының бет-бедері, сары бояумен телевизиялық мұнара және радиотолқын центрлес шеңберлер бейнеленген;

орта шеңберінде көгілдір аясында сары түспен боялған «ҚҰРМЕТТІ БАЙЛАНЫСШЫ», «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу орналасқан;

сыртындағы жектелінген шеңберінде радиалды бедерлі кетіктер бар.

Белгінің реверсінде:

сыртқы беті ұсақ түйірлі, күңгірт үстінің ортасында нақыштамамен орындалған реттік (сериялы) саны бар;

шеңберінде «ПОЧЕТНЫЙ СВЯЗИСТ», «КАЗАХСТАН» деген жазу орналасқан.

Белгі сары түсті металдан (латунь) жасалған.

«Құрметті байланысшы» белгісі Қазақстан Республикасы жалауының түсті жібек лентамен құлақша мен шығыршық арқылы тік бұрышты тағанға жалғанады.

Белгінің бекіткіші визорлы бекіткіші бар ине болып табылады.



___________________________________________

«Құрметті байланысшы» атағын беру ережесі Жалпы ережесі

«Құрметті байланысшы» атағы пошта, телекоммуникация және ақпараттандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, салалық кәсіподағының сайлау органдары, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс

51.28kb.

23 09 2014
1 стр.


Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі Жалпы ережелер

Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112, 113-баптарына сәйкес әзірленген

198.75kb.

25 12 2014
1 стр.


Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі Жалпы ережелер

Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзі

104.23kb.

25 12 2014
1 стр.


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (130. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

126.65kb.

25 12 2014
1 стр.


Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

168.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Ережесі жалпы ережелер

Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына қалалық шығармашылық конкурстың

30.19kb.

15 10 2014
1 стр.


Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта

114kb.

16 12 2014
1 стр.


«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм ішкі еңбек тәртібінің ережесі Жалпы ереже «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Еңбекті ұйымдастыруда даму, еңбектік және атқарушы тәртіпті бекіту, жоғары тиімді еңбекті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің е

111.9kb.

25 12 2014
1 стр.