Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы: Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе-жердің көркі



Сабақтың мақсаты: Қыз балалардың икемділігін,шеберлігін,шығармашылық қабілетін арттыру,ұлттық салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты оқушылар бойына дарыта отырып дамыту.Ұлттық сана-сезімге,әдемілік пен әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрден тыс жарыс сабақ.

Қажетті құралдар:плакатқа жазылған ұлттық салт-дәстүрге байланысты өлеңдер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,түрлі маталар,ине,жіп,қайшы,қоржын,асық,сөзжұмбақ,пышақ,тақтай.



Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка.

Сабақтың барысыоқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен,бағдарламасымен таныстыру.



Мұғалім: Балалар,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»деп аталады.

Мұндағы мақсатымыз.

а) Ұлттық өнерімізді,салт-дәстүрімізді үйрету.

ә) Шығармашылық қабілетімізді дамыту,мәдениеттілікке,шеберлікке тәрбиелеу болмақ.

Ол үшін оқушыларды үш топқа бөлеміз.



  1. Қызғалдақ. 2 Жауқазын 3. Раушан

Бағдарламада:

1 Таныстыру.(Топтың аты,ұраны,әні,газеті,эмблемасы)

2 Қол өнері:(Тоқыма тоқу,ою ою,құрақ құрау)

3а)Жұмбақ шешу

ә) Мақал-мәтел айту

б) Сөзжұмбақ шешу

4 Сұрақ-жауап

5 Ас мәзірі

Енді әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар

1-сайыс:

Әр топ өзін(атын,ұранын,әнін,газетін,эмблемасын) таныстырады.



2-сайыс «Қол өнері»

1. «Қызғалдақ» тобы құрақ құраудан

2. «Жауқазын» тобы тоқыма тоқудан

3. «Раушан»тобы ою оюдан жарысады.Қызғалдақ тобының музыкалықсәлемі.



3-сайыс: Үш топ бір-біріне жұмбақ жарысады.

1. Сұлу-сұлу құнаным,

Сылдыраған жүгенім.

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген.(Сәукеле)

2 Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей? (Кимешек)

3 Артында құйрығы бар,

Төреден бұйрығы бар. (Жаулық,кимешек)

4. Екі жыртқыш жарысады,

Жақтары қарысады. (Қайшы)

Үш топ мақал-мәтел айтады.

1 Еңбек-тәннің қуанышы,

Жанның жұбанышы.

2 Абыройдың анасы-ақыл,

Атасы-еңбек.

3 Еңбек еткеннің еңсесі биік.

4 Еңбек етпеген еңбектеп кетеді.

5 Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1-топ Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Шеберлік»

Сөзі шығады.



  1. сүт тағамы?(ірімшік)

  2. Киіз төсеніш?(Текемет)

  3. Шаңырақ көтеретін құрал?(бақан)

  4. Киіз үйдің қабырғасы?(Кереге)

  5. Киіз үйдің төбесі?(Шаңырақ)

  6. Уыққа жабылатын киіз?(Туырлық)

  7. Ұлттық киім?(Ішік)

  8. Қыз баланың ұлттық бас киімі?(Сәукеле)

2-топ. Сөзжұмбақты шешкенде «Әдемілік»сөзі шығады.

1 Ал,....қыздар! (қанеки)

2 Қыз жасауы? (сандық)

3 Киіз үй қабырғасы? (Кереге)

4 Киіз төсеніш?(Сырмақ)

5 Уық шаншитын шаңырақ тесігі?(Күлдіреуіш)

6 Жеті нан?(Шелпек)

7 Сүт тағамы?(іркіт)

8 Қабырғаға ілінетін бұйым?(Тұскиіз)

3-топ. Сөзжұмбақты шешкенде «Мәдениет» сөзі шығады.

1. Қыздар тағатын әшекей бұйым?(Моншақ)

2 Қыз баланың ұлттық бас киімі?(Сәукеле)

3 Ұлттық ет тағамы?(Қуырдақ)

4 Ұлттық сүт тағамы? (Сүзбе)

5 Дән тағамы? (Талқан)

6 Әйелдерге арналған сәндік,зергерлік бұйым (Сақина)

7 Теріден жасалатын ыдыс атауы? (Мес)

8 Жүннен жасалатын төсеніш бұйымы?(Бөстек)

4-сайыс.Сұрақ-жауап.

Үш топ қоржындағы нөмірленген асықты алып,белгіленген сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1 Сүт тағамдарының 8 түрін ата.

1 Айран 2 Қаймақ 3 Құрт 4 Қымыз 5 Сүзбе 6 Сүт 7 Шұбат 8 Ірімшік

2 Бесіктің 8 түрлі жабдықтарын ата.

1 Бесіккөрпе 2 Жөргек 3 Қолбау 4 Құсжастық 5 Құстөсек 6 Тізе бау.

7 Тізе жастықша 8 Түбек мүйет (Кепіл)

3 Ет тағамдарының 12 түрін ата.

1 әсіп 2 бас 3 бітеу 4 жал 5 жая 6 жөргем 7 ет 8 қазы 9 қарта 10 қуырдақ 11 Мипалау 12 шұжық.



5 сайыс Ас мәзірі

Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

1 Бешбармақ дайындау 2 Қуырдақ дайындау 3 Шұжық дайындау

Мұғалім. Ал енді біздің бүгінгі өткізген сайысымыз аяқталды. Қазір сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Мадақтама қағазы беріледі.

Сау болыңдар!

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі» ММ-сі

ГУ «Средняя школа №22 отдела образоввания акимата г. Костаная»

Іс-шараның тақырыбы: «Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі»

Тема мероприятия: «Девушка-красота страны,

Цветок-красота земли»

Өткізген: Ысмағұлова Г.Қ

Проводила: Исмагулова Г.Х

Сынып: 9 «Б»



Класс: 9 «Б»

Қостанай қ -2010ж

г Костанай-2010г

Сабақтың тақырыбы: Қыз өссе-елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Қыз балалардың икемділігін,шеберлігін,шығармашылық қабілетін арттыру,ұлттық салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты оқушылар бойына дарыта отырып дамыту.Ұлттық сана-сезімге,әд

35.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры Сабақтың мақсаты: Оқушылар

Сабақтың мақсаты: Оқушылар «Қыз Жібек» жырының шығу тарихы, киноның түсірілуі туралы, актерлер, кейіпкерлер жайлы мәліметпен оқып танысады

51.91kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 14. Химиялық реакция теңдеулері Сабақтың мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба кестесі, элемент таңбалары, формулалар жазбасы

59.41kb.

15 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар Сабақтың мақсаты

Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр

70.91kb.

17 12 2014
1 стр.