Сабақтың тақырыбы: «Нағыз жігіт байқауы»
Сабақтың мақсаты1 Ата салтын насихаттай отырып,оқушыларды жігіт бойындағы қасиеттермен таныстыру.
2 Әр баланың бойындағы ойлау,әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету,тапқырлық,сахна мәдениетін қалыптастырып,қабілеттерін ашу,дамыту.
3 Ата салтын ардақтайтын,өз елін сүйер нағыз жігіттің қасиеттерін бойына сіңіоре білген ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрден тыс жарыс сабақ.
Қажетті құралдар:Мақал-мәтелдер,байқауға қажетті құрал-жабдықтар,музыкалық аппаратура.
Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка.
Сабақтың барысыоқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен,бағдарламасымен таныстыру.
Байқауға қатысатындар: 4 сынып оқушылары. 1 оқушыдан алу.
Байқау барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1 Қонақтарды отырғызу
2 Күй ойналып тұрады
Кіріспе
1-жүргізуші: құрметті оқушылар!
Бүгін бізде «Жігіт байқауы» атты сайыс өтеді
2-жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүрг: Уа,халайық,халайывқ,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Балдырған шықсын ортаға.
Бүгін сұлтан атанбақ!-дей отырып,ортаға «Нағыз жігіт» байқауына қатысушыларды шақырамыз
Негізгі бөлім
1-жүргізуші:
Жігіттер ойын арзан,күлкі қымбат,
Екі түрлі нәсер ғой сыр мен сымбат.
Арзан,жалған күлмейтін,шын күлерлік,
Ер табылса,жарайды қылса сұхбат,-дей отырып, «Нағыз жігіт» байқауын бір әнмен бастасақ дейміз.
1-оқушы:
Мылтығың түзу болсын,өзі сырлы,
Сүйменді оғы болсын алты қырлы,
Қолыңды қызыл темір қалың ауыз
Алысы мен талғамас жақын жерді
2-оқушы
Жігітке мықты дәулет амандығы
Қанағат барға етпен надандығы,
Шарт жұмып жүргенменен екі көзін,
Көрінер қалайынша адамдығы
3-оқушы:
Жігіттіктің екпіні
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
Тұтынса берік,тозбайтын
Күдері қылыш бауындай!
4-оқушы:
Жігіттер саөқтаныңыз жаман достан,
Досыңнан жаманынан артық дұшпан.
Өштескен жаудан адам сақтанады
Тиеді достық оғы қапылыста.
2-Жүргізуші:
Қайсысы әнші,кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек,кім жылдам,таланттарын табайық!-деп өнерсүйер қаум бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 бөлім Өзін таныстыру»Тегімді мені сұрасаң»
2 бөлім «Көркіне ақылы сай» Сұрақ-жауап түрі.
3 бөлім «Полиглот» Жұмбақ шешу.
4 бөлім Қызбен танысу
5 бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы
6 бөләім Ең әдемі қыздың суреті
1-жүргізуші:
Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырғагн баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді,-деп «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру сайысын бастайық .Презентацияя арқылы көрсету
1-бөлім. «Өзін таныстыру
2-бөлім «көркіне ақылы сай». Әр ойынщшыға 6 сұрақьтан беріледі
1 Ұлттық музыкалық аспап
2 Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
3Оңтүстікастана
4 Жақсы адам қандай болу керек?
5 Қазақ тілінде неше жалғау бар?
6 Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз
1 Республикамыздың тұңғыш президенті кім?
2 Қазақтың ұлттық тағамы
3 Мен,сен,сіз –қандай жалғаулардың есімдіктері
4 қазақ тілінде неше септік бар?
5 Қазақтың ұлттық ойындары
6 Қазақтың салт-дәстүрлерін айт
1 ҚР-рәміздері
2Барыс септіктің жалғауларын айт
3 Тәуелсіздік күні
4 тұңғыш қазақ ғарышкері
5 Солтүстік астана
6 Балаларды кім оқытады
3 бөлім Жұмбақтар шешу «Полиглот»түрінде өтеді
Әр оқушы өзінің жауабын қазақ,орыс, ағылшын, тілдерінде жазып береді,Әрбір дұрыс жауапқа үш ұпайдан беріледі.
Жұмбақтар: Көп әңгіме,өлеңі,
Күнде ақыл береді.
Жақсы көрсе сені кім,
Саған тиер көмегі. (кітап,книга,bo)
Қыста келген,
Көктемде еріген (Қар,снег,snou)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым (Шаңғы,лыжи snob-soe)
4 сайыс Қызбен танысу.
1 Саябақта танысу
2 Спортзалда танысу
3Автобуста танысу
2-жүргізуші:
5 сайыс
Ей,ер жігіт,ер жігіт,
Ей,өр жігіт,өр жігіт.атыңа ерік бер,жігіт
Күшіңді көрсет ,ер жігіт!-дей отырып,сайысымыздың «Ақылына күші сай»деп аталатын бөлімізді бастаймыз
Бұл бөлімде жігіттеріміздің мықтылығын анықтау мақчсатында «Қол күресі» өткізіледі.
6 сайыс
1-оқушы:
Бір жігіт бар-құр жан
Бір жігіт бар-тірі жан
Бір жігіт бар-жігіт жан
Құр жан дейтін-Кеудесінде жаны бар,
Еш нәрсені бітірмейді
2-оқушы:
Тірі жан дейтін-
Бар тапқанын киім мен асқар сатар
Жақын көрген досын жатқа сатар,
Қызыл белбеу,шоңқима етік,үкі тағып,
Әркімді бір сықақ қылар.
Жігіт жан дейтін-
«Сегіз қырлы,бір сырлы болар»
Сөз әділқазы алқасына беріледі. Сайысты қорытындылайды.
1-жүргізуші: Ал,енді біздің сайысымыз осымен аяқталады. Көп тыңдағандарыңызға рахмет.Қош сау болыңыздар!
!