Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы: Төрле, Наурыз мейрамы!

Сабақтың мақсаты:

Сан есім бойынша берілген теориялық білімді практикамен ұштастыруға жағдай жасау.



Сабақтың міндеттері:

Сан есім және оның мағыналық түрлері бойынша білімдерін толықтыру.

Оқушыларды салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу.

Оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, ойларын жетілдіре отырып, өз пікірлерін

еркін жеткізу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, іздендіру, жобалау.

Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивтік тақта, көрініс, таратпа тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, математика, әдебиет.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасы

ІV. Шығармашылық жұмыстар

Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа деген ынтасын байқау. Сыныпты топқа бөлу, ат қою.



  • Оқушылар, бүгінгі сабағымыз Наурыз мейрамы туралы білімдерімізді кеңейтіп, сан есімнен алған теориялық білімді бекіту. Көріністі тамашалай отырып, ішінен сан есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасау.

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Келді Наурыз сағынтып,

Қыздарға алқа тағынтып.

Наурыз келсе, құт келгені халайық.

Есік ашып, шашу шашып, қол соғып,

Ұлысты қарсы алайық!

Қыдыр баба:


  • Амансыздар, Наурыз тойына жиналған қауым!

2012 – Ұлу жылы құтты болсын!

Алдарыңыздан ас, бастарыңыздан бақ кетпесін! «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», - демекші сендер ауыз бірлікті болсаңдар Жер – ана да қойындағысын береді.



Жер – ана: Рахмет, Қыдыр баба.

  • Уа, адамзат, мен Жер-анамын! Мені аялаңдар, менің көлдерім сендерді шөлден аман сақтайды. Менің асқақ тауларым дауылдан қорғайды, жомарт жерім дастарқандарыңды дәмге толтырып, өмірлеріңді әнге бөлейді. Менің тілейтінім: бұлақ көрсендер көзің ашып, бір тал кессеңдер, он тал егіңдер.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жыл болар, - демекші біз де Қыдыр бабадан бата алайық.



Қыдыр баба:

Уа, құдайым ондасын,

Еш жамандық болмасын.

Ұлыс бақытты болсын,

Әр күніміз жақсылыққа толсын!

Бүгінгіге өмір серік болсын,

Ұлыс оң болсын, «бестік» баға мол болсын.
Тіл кеңістігін қалыптастыруға сұрақтар қою.


  • Көріністе қай жыл мезгілі суреттелген?

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

  • Көріністе қандай мақал-мәтелдер қолданылды?

  • Сіздер сан есімдері бар қандай мақал-мәтелдер білсіздер?


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

Сан есім дегеніміз не?


Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Мысал келтір.


Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Бәйшешек» тобы «Наурыз мейрамы» тақырыбы бойынша жоба қорғады.

Наурыз мейрамы

Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз- бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелген сәті, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз –табиғаттың мейрамы. Демек бұл-осы мерекені тойлайтын халықтар үшін аса зор салтанат, ұлы жиын. Орта Азия мен Қазақстан халықтары бұл күнді «Самарқанның көк тасы жібіген күн»деп дәріптейді. Наурыз- қазақта бірінші айдың аты.

Наурыз күні халық таза киініп қыдырады, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын мол жаяды. «Ұлыс құтты болсын!» «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!» деген сияқты тілектер айтып құттықтайды.. Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады,оның соңы ойын-сауық, ән-жырға жалғасады.



«Қызғалдақ» тобы «Наурыз көже» тақырыбы бойынша жоба қорғады.
Наурыз көже

Наурыз – жыл басы. Наурыз күні – қазақ халқы наурыз көже береді. Наурыз көжені кемінде 7 түрлі дәмнен дайындайды. Олар мыналар: бидай, тары, күріш, ет, сүт, су, тұз. Қазан толы көже пісіріледі. Наурыз көжені ішу – келе жатқан жазбен ұшырасу, қарсы алу, ас ішу ретінен аққа көшу, көжеге қысқы ет салып, асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы етпен қоштасу. Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды.

Бұл күнді ата – бабаларымыз жыл басы деп есептеген, мерекелік ас – наурыз көже әзірлеген. Наурыз мейрамында шығыс халықтары соғысты тоқтатып, мемлекеттер уақытша татуласқан.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы екеу болып, кіріс кіретін ай.


ІV. Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойыңыздар.

  1. ... саусақ бірдей емес.

  2. Білекті ...жығады, білімді ... жығады.

  3. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  4. ... болсаң, бір-біріңмен кеңес, ... болсаң, қабырғаңмен кеңес.

Қажетті сөздер: екеу, біреу, бес, бірді, мыңды, тоқсан.


2-тапсырма. Сюжетті суреттердегі сан есімдерді құрамына қарай қой.


Дара сан есім

Күрделі сан есім

























3-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, мына сөйлемдердің жауабын жазыңдар.

  • Көктемде қандай мереке болады?

  • . . . . . . . .

  • Наурыз тойын халық қалай қарсы алады?

  • . . . . . . . .

  • Салт бойынша наурыз көжені қалай ішу керек?

  • . . . . . . . . . .

  • Ол күні қандай қызықтар болады?

  • . . . . . . . . . . .

Керекті сөздер: тауысып, ақ жарқын көңілмен, Наурыз, алтыбақан құрылады, халық ойындары ойналады, ән салынады,би биленеді.

4-тапсырма. «Қызғалдақ» тобы мен «Бәйшешек» тобы перфокартаны қосу таңбасымен арқылы белгілеу.

Сан есім мысалдары

есептік

реттік

жинақтық

болжалдық

топтау

бөлшектік

Бір мың екі жүз бес



















Жетеу



















Екіден бір



















Отызыншы



















Бес-бестен



















Бесінші



















Беске жуық



















Жүздеген



















Оннан



















Біреу



















Екі бүтін оннан үш





















Сан есім мысалдары

есептік

реттік

жинақтық

болжалдық

топтау

бөлшектік

Екі жүздей



















Бес бүтін екіден бір



















Үш-төрттен



















Үшеу



















Алпысыншы



















Жиырма үш



















Бір мың екі жүз бес



















Отызыншы



















Елулерде



















Оннан бес



















19 наурыз




















5-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.







6- тапсырма. Тест

1. Саны жетімен шектелетін сан есім түрін табыңыз.

а) реттік сан есім в) болжалдық сан есім

с) жинақтық сан есім д) бөлшектік сан есім

е) есептік сан есім



2. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметін анықтаңыз.

Жеті жұрттың тілін біл

а) пысықтауыш в) анықтауыш

с) бастауыш д) толықтауыш

е) баяндауыш

3. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

а) алтау в) елу жеті

с) төртінші д) он шақты

е) екі жарым



4. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

а) Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәре бар.

в) Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.

с) Арада жыл жарым өтті.

д) Бір үйден он бес – жиырмадай мал өреді.

е) Мен 7 – сыныпта оқимын.



5. Емлеге сай жазылған сан есімді табыңыз.

а) Алты бүтін - үштен екі в) 4 – мыңға жуық

с) 6-ны 2-ге бөл д) 20 30 жан

е) 60 тай



6. Күрделі сан есімді табыңыз.

а) мыңдап в) елулерге

с) жүз д) екі бүтін оннан бір

е) екеу


7. Сан есімді тіркесті тап.

а) үйдің іші в) ондаған адам

с) данагөй қария д) әлденеше күн

е) әжептәуір жақсарыпты



8. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

а) бастауыш в) баяндауыш

с) анықтауыш д) толықтауыш

е) пысықтауыш



9. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Олар үштерде келеді.

а) анықтауыш в) толықтауыш

с) пысықтауыш д) бастауыш

е) баяндауыш

10. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 4 д) 7

в) 5 е) 8

с) 6




V. Сабақты қорытындылау

Оқушылар сабаққа дейін не білді, сабақта не білді, сабақтан соң не білгілері келеді, сол туралы өз ойларын қағазға түсіреді.





Білемін

Білдім

Білгім келеді


































































VІ. Бағалау:
Сұраймын, жауап бер. Ойлы болсаң, озып көр. Деңгейлік тапсырмалар.







Сергіту сәті: «Ойлан, тап» ойыны.


VІІ.Үйге тапсырма: «Наурыз мейрамы» эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: Төрле, Наурыз мейрамы! Сабақтың мақсаты

Сан есім бойынша берілген теориялық білімді практикамен ұштастыруға жағдай жасау

109.56kb.

15 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 14. Химиялық реакция теңдеулері Сабақтың мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба кестесі, элемент таңбалары, формулалар жазбасы

59.41kb.

15 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар Сабақтың мақсаты

Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр

70.91kb.

17 12 2014
1 стр.


Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Көз Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көз туралы түсінік беру. 2 Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету. Салауаттылыққа баулу

37.21kb.

16 12 2014
1 стр.