Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

ӘОЖ 37.036:371.13:372.878. Қолжазба құқығында



ШАКИРОВА МАҚПАЛ ИМАНАЕВНА

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ( «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» МАМАНДЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

Педагогика және психология кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

ак.профессоры Ш.М.Майгельдиева

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының докторы,

профессоры Г.Ғ.Еркибаева


Диссертация 2013 жылы «____» сағат ____ Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді ( Мекен-жайы 120008, Қызылорда қаласы, Музыка – педагогикалық факультеті, №7 оқу ғимараты, № дәрісхана)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінің

ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары заманауи технологияларды, оның ішінде компьютерлік технологияларды, интербелсенді технологияларды, қашықтықтан оқытуды, тәжірибелік әдістемелерді және кадрларды дайындауды жетілдіру бағытындағы басқа да әдістерді кең қолдана бастады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын болады » дегендей, жас ұрпаққа білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілген. Осыған орай, тәуелсіз мемлекетімізде еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау қажеттігі туады.

Біздің халқымыздың қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай даму қарқыны болашақ мамандарды даярлау барысында рухани, ұлттық болмысты қалыптастыруда білім беру моделін жаңаша құруды қажет етуде. Заман талабына сай туындаған қажеттіліктер болашақ ел иелерін ұлттың рухани қазынасымен, өнеге-өнерімен сусындатуды талап етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер және қолөнер негізінде жастарға жан-жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамына бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» қажеттігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ мамандық иелерінің іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалар қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Әсіресе, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады.

Жастарға эстетикалық тәрбие беру идеологиялық жұмыстың маңызды бір саласы. Ол жастарды жақсы қасиеттерінің барлық түрін дұрыс қабылдауға, ұғына білуге, бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан түрлі саласына «әсемдік» элементтерін негіз ете білуге үйретеді, ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарынын дамытуды және нағыз еңбекқор ретінде, қоғам қайраткері ретінде, адамгершілік парасаты мол, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.

Жасалған ізденіс жұмыстары жоғары оқу орындары мен мәдениет және өнер ошақтарында шығармашыл кадрларды дайындауға бағытталған кәсіби білім берудің мазмұны, дәріс беру формалары мен басқа да процестер қоғамның қажеттіліктеріне толық жауап бере алатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге мемлекеттің қазіргі даму барысында кәсіби білім берудің жаңа моделі жасалынуда және де күрделі білім беру жүйесінің жоспарлау, ұйымдастыру және қызмет көрсету салаларының барлығы дерлік қарастырылуда.

Бүгінгі күні Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары заманауи технологияларды, оның ішінде компьютерлік технологияларды, интербелсенді технологияларды, қашықтықтан оқытуды, тәжірибелік әдістемелерді және кадрларды дайындауды жетілдіру бағытындағы басқа да әдістерді кең қолдана бастады. Республикадағы нарықтық еңбек қатынастарының қалыптасуы Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты білім беру және әлеуметтік – мәдени қызмет көрсету салаларында, бәсекеге қабілетті мамандарды, оның ішінде болашақ педагог – музыка пәнінен мұғалімді даярлауға да жаңа талаптар қойыла бастады.

Қазіргі кезде дүниежүзілік мәдениеттің дамуы, халықтың сана-сезімінің өсуі, қазақ халқының дүниежүзілік қауымдастыққа кірігуі бұрыннан қалыптасып, сіресіп қалған пікірлер мен қағидаларға сын көзбен қарауға жаңаша әдістемелік қатынас тұрғысынан ойлауға мәжбүр етеді.

Қазіргі кезде рухани байлықты, эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысына зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана «өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары» ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Психология, педагогика ғылымында теориялық әдіснамалық тұрғыда талдау жасалынбауымен, болашақ педагогтарға эстетикалық тәрбие берудің концептуалдық және технологиялық негіздерінің теориялық жасаумен зерттеудің көкейкестілігі анықталды.



Зерттеу жұмысының мақсаты: жаңа технологиялар мен тәрбие беруді қолдана отырып, «Музыкалық білім» мамандығында білім алушы студент – болашақ педагогтың – эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыруда оқытудың педагогикалық жүйесіне талдама жасау. Адамзаттың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізі эстетикалық тәрбие беруден бастау алады. Сол себепті біз болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды зерттеуіміздің аймағы ретінде алып отырмыз.

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа тұрпатты мұғалім - өз мамандығына қажетті кәсіптік дағдыны, педагогикалық қабілетті жетік меңгерген, үнемі жаңаға ұмтылатын, рухани дамыған, шығармашыл тұлға делінген. Зер салсақ, бүгінгі қоғамның жаңа тұрпатты мұғаліміне қоятын талаптары күннен-күнге арта түсуде. Болашақ маманның білім беру кеңістігіндегі әлемдік стандартқа жауап беруінің және бәсекелестікке қабілетті болуының талап етілуі де осыны көздейді.



Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогтарды даярлау үдерісі.

Зерттеу пәні: музыка пәндері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда болашақ педагогтарды даярлау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда педагогтарды даярлау педагогикалық-психологиялық тұрғыдан анықталса, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру жүйесі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделіп, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, онда студенттердің мәдениеті музыка пәндерінің тәрбиелік әлеуетіне негізделеді, өйткені оқытушыға байланысты эстетикалық мәдениеттілігі жоғары деңгейде қалыптасқан студент тұлғасы пайда болады.

Зерттеу міндеттері:

  • болашақ педагогтарды студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлау жүйесін педагогикалық – психологиялық тұрғыдан анықтау;

  • музыка пәндері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың моделін құру;

  • оқу – тәрбие үдерісінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау;

  • музыка пәндерінде пайдалануға болатын болашақ педагогтар үшін арнайы курс бағдарламасын дайындау және оның тиімді жолдарын тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында сынақтан өткізу, ұсыныстар даярлау.

Зерттеудің жетекші идеясы: музыка арқылы эстетикалық мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан студент болашақта халықтың рухани мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.

Зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлғаның іс-әрекеті туралы философиялық, психологиялық теориялар; таным теориясы; тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық ой-тұжырымдар; оқыту мен тәрбиелеудегі мәдениеттің жетекші ролі туралы ілім; білім беру және тәрбие технологиялары туралы ғылыми-педагогикалық зерттеулер болып табылады.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.) оқытушылардың іс-тәжірибесі, сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу-әдістемелік кешендерге, бағдарламаларға, аудиториядан тыс жұмыс формаларына, озық педагогикалық технологиялар мен іс-тәжірибелерге талдау жасау, диагностикалық әдістер ( сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), практикалық әдістер ( өнімдерге талдау жасау), педагогикалық эксперимент, деректерді статистикалық өңдеу әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: Болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері музыка пәндері бойынша білім беру стандартына сәйкес теориялық тұрғыда анықталынды.

  • Музыка пәндері оқытушыларының кәсіби қасиеті ретінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға қатысты қазіргі жағдайына талдау жасалды және «эстетикалық мәдениет», «эстетикалық тәрбие», «эстетикалық қызығушылық» ұғымдары нақтыланды.

  • Музыка пәндері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениеттілігінің қалыптасуы өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделді.

  • Музыка пәндері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша арнайы курс бағдарламасы дайындалып, оны іске асырудың әдістемесі жасалды және тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • жоғары оқу орындарында студенттердің эстетикалық мәдениетін музыка пәндері негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын іске асыру мақсатында «Эстетикалық мәдениеттің болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі мүмкіндіктері» атты арнайы курстың бағдарламасы жасалды және оның тиімділігі іс-тәжірибеде тексерілді;

  • музыка пәндері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Музыка және шығармашылық» атты креативті жобасының мазмұны жасалып, университеттің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді.

Зерттеудің кезеңдері: зерттеудің бірінші кезеңінде қарастырылып отырған мәселенің жағдайына шолу жасалды, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, пәні, құндылығы, болжамы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы анықталды, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспары әзірленіп, кезеңдері айқындалды, психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге талдау жасалды, музыка өнеріне байланыстыматериалдар жинақталды.

Зерттеудің екінші кезеңінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім беру стандарты, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар талданды, жоғары педагогикалық оқу орнының оқу-тәрбие процесінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізілді. Осы негізде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға арналған арнайы курс бағдарламасының мазмұны мен әдістемесі әзірленіп, тәжірибеден өткізілді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде эксперимент материалдары жүйеге келтірілді, соның негізінде теориялық тұжырымдар құрылды, педагогикалық эксперимент нәтижесінде алынған деректер статистикалық өңдеуден өткізіліп, қорытындыланды және зерттеу жұмысын жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы: тәжірибе-эксперимент жұмыстары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Болашақ университетінде жүргізілді.

Зерттеудің құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Диссертацияның кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, жұмыстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, деректік және методологиялық негіздері, ғылыми жаңалықтары мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалып, зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы, сыннан өтуі мен құрылымы көрсетілген.

«Болашақ педагогтарды даярлауда эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздер» деп аталатын бірінші тарауда «эстетика», «мәдениет», «эстетикалық мәдениет» деген ұғымдарға анықтама берілген.

Анықтамалар жүйесіне назар аударсақ мәдениеттің мәні негізінен адам іс-әрекеті арқылы ашылатынын байқадық. Яғни, мәдениет ұғымының аясы кең әрі күрделі. Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына «адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі» ретінде қабылданатын мәдениеттің анықтамасы жақын болып келеді. Олай дейтініміз, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ кәсібіне қажетті сапаларды тәрбиелеу, кәсіптік білім, білік, дағдыларды жоғары деңгейде меңгерту мақсаты алға қойылады. Демек, зерттеу жұмысымызда мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі ретінде қарастырылады. Мәдениеттің аса маңызды компоненттерінің бірі «эстетикалық мәдениет» болып саналады, өйткені ол шынайы адамгершілікті қалыптастыруға әсер ететін адам эмоциясының аясын қарастырады.

Философиялық және педагогикалық еңбектерге жасаған талдау (М.Овсянников, В.Липский, У.Суна, Л.Семашко, Н.Крылова, Л.Печко, А.Комарова, Л.Бабич және т.б.) эстетикалық мәдениеттің жан-жақты қарастырылғанын, бірқатар анықтамалар берілгенін, әрбір анықтаманың зерттеліп отырған пәнге негізделетінін, яғни біржақты анықтаманың жоқтығын, эстетикалық мәдениеттің мәндік сипатының дәлелді ашылғанын, көптеген құнды ой-пікірлер, бағыт-бағдарлар берілгенін айғақтайды. Әрбір еңбек өзінше құнды, эстетикалық мәдениет бағытындағы проблемалардың шешімін іздестіруде олардың идеяларын, ұсыныс-көзқарастарын негізге алуға болады. Мәселен, Л.Семашко, У.Суна тұлғаның оқуы мен еңбегінде эстетикалық аспектілердің болуы, міндетті түрде, қажетті адамгершілік қасиеттер мен шынайы шығармашылық қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. Олар өз кезегінде, эстетикалық сезім мен талғамның дамуына маңызды ықпал етіп, еңбек тәрбиесін ынталандырады және арман-мұраттарын адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды. Сонымен бірге мінез-құлық мәдениетін эстетикалық мінез-құлықпен байланыстырып, оны адамның эстетикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға меңзейді деп тұжырымдайды.

Ресей ғалым-педагогтарының ойынша, эстетикалық мәдениетті дамытудың әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерге берген сипаттамасы мен эстетикалық мәдениет компоненттерінің атқаратын қызметінің өзара байланысына («білім – тұлғаның ой-өрісінің деңгейін білдіреді; сенім – эстетикалық бағалаудың бағытын анықтайды; өлшем – оларды реттеуші құрал ретінде көрінеді») деген түсініктемелер берген. А.И.Комарованың эстетикалық құндылықтарды ұғынуда әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық факторларды негізге алуға байланысты берген ұсыныстарының эстетикалық мәдениетке қатысты мәселелерді шешуде септігін тигізетіні сөзсіз.

Біздің зерттеуіміз үшін ресей ғалымдарының идеяларын негізге алып отырғанымыз жөн. Келесі ой-идея: «эстетикалық мәдениет өз алдына жекеше, тұлғаның нәтижелі қалыптасуында сапалық көрсеткіш бола алмайды, ол, тек адамгершілік мәдениетпен өзара тығыз байланысты жағдайда ған тұлғаның эстетикалық мәдениетінің шынайы қалыптасуын мүмкіндік туғызады» деген ой тұжырымы аса маңызды. Өйткені ғалымның сөзімен айтқанда «эстетикалық мәдениет тұлғаның ішкі әлемін байытады, ақиқат өмір шындығын біртұтас қабылдауға бағыттайды, адамда, адамдардың қарым-қатынасында, қоғамда аса жетілген жасампаздықты қалыптастыруға ықпал етеді».

Педагогикалық әдебиеттерде кездесетін «студенттердің эстетикалық мәдениеті», «мұғалімдердің эстетикалық мәдениеті» деген ұғымдардың кездесуі детаңсық емес және оларға зерттеу бағытына қарай әртүрлі түсіндірме беріледі. Олардың бәрі болашақ педагогтардың кәсіби қасиеттерін жетілдіруді қөздейді және ұсынылған әдістемелері қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейіне сәйкес келеді. Сондықтан әрбір анықтаманы қажетіне қарай негізге алуға болады.

Студенттердің эстетикалық мәдениеті кәсіби даярлық құрылымында көрініс ала отырып және қоғамның келешектегі эстетикалық мәдениетіне деген сұранысты ескере отырып, педагогикалық мәдениеттің басқа бағыттарына ықпал етеді. Өйткені, педагогикалық мәдениет – бұл «психологиялық-педагогикалық сенім мен шеберліктің, жалпы және кәсіби-педагогикалық сапа мен мінез-құлық стильдерінің синтезі».

Бүгінгі таңда «педагогикалық мәдениет» ұғымына берілген әртүрлі анықтамаларда (В.А.Кан-Калик, С.Б.Елканов, Е.Бондаревская, А.Егоров жәнет.б.) педагог талғамына эстетикалық қасиеттердің қажеттілігі туралы айтады. Мысалы, педагогтың білімі мен тәжірибесі қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдау тәжірибесін, эстетикалық сананы, көзқарас пен қатынасты, идеалды қарастырады, ал педагогтың педагогикалық сезімділігі өзінің бастауын эстетикалық сезім мен әсерлену мәдениетінен алады.



«Педагогтың эстетикалық мәдениеті» ұғымы тұлғаның эстетикалық мәдениетімен тығыз байланыста қарастырылады. А.Е.Егоровтың сөзімен айтқанда, бұл «күрделі бір-бірімен байланысты және эстетикалық іс-әрекеттің әр алуан түрлерінің эстетикалық қарым-қатынасының бүтін жүйесі және өзінің құрылымында, ерекшелігінде, қызметінде оған енген элементтердің құрылымы және қызметінен ерекшеленеді». Демек, қоғамның эстетикалық мәдениетін құрайтын элементтердің ішінде, оның эстетикалық қорларын тікелей тарату мен дамытуды жүзеге асыратын процестер көрініс алады. Ал, бұл болса мұғалімнің эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды. Демек, эстетикалық мәдениет адам әрекетінің барлық түрлерінде көрініс алады.

Педагогикалық әдебиеттерде «педагогтың эстетикалық мәдениеті» ұғымы әр қырынан зерделенеді. Егер, бірнеше ғалымдар (А.Балян, А.Егоров) оқытушының тұлғалық қасиеттеріне: сырт келбет және мінез-құлық эстетикасы; сөйлеу мәдениеті және оның эмоционалдығы, шынайылылығы, бейнелілігі, көркемдігі; жоғары көркемдік эстетикалық талғам; эстетикалық білім, сенім мен мінез-құлық бірлігі; жоғары деңгейдегі эстетикалық идеал; эстетикалық және көркемдік тәрбие алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздік білім алуға қажеттілік; өзінің шығармашылық қабілетін және дарындылығын дамыту және т.б. жатады десе, басқалары (Г.Петрова, Н.Н.Притыко) педагогтың эстетикалық мәдениетінің кәсіби қажеттілігіне тоқталады. Л.Е.Дементьева болса, педагогтардың эстетикалық мәдениетін қарастыруда педагог әрекетінің сыртқы практикалық және ішкі психологиялық жақтарының бірлігін ескеруді ұсынады. Сонымен бірге оқытушылардың эстетикалық мәдениетін сипаттайтын көрсеткіштердің ішінен негізгі төрт білгілерді (кәсіби іс-әрекетте эстетикалық бағыттың болуы; эстетикалық-педагогикалық білімдердің болуы; эстетикалық қажеттіліктер, сезімдер, талғамдар, идеалдардың даму деңгейінің жеткілікті болуы; эстетикалық тәрбиенің, эстетикалық сөйлеудің, сыртқы келбеттің, мінез-құлықтың әдістемесін меңгеру) атап көрсетеді.



Аталған белгілер өзара тығыз байланыста жүзеге асады. Олардың шартты түрде жекеленуі және бөлінуі тек оқыту процесінде эстетикалық ықпалдың алынған нәтижесін белгілеу мен болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін эстетикалық тәрбие процесінде қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатында қажет.

Біз ғалымдардың студент тұлғасының эстетикалық мәдениетіне берген теориялық талдауын, түсінік-анықтамаларын негізге ала отырып, бұл ұғымға: студент тұлғасының эстетикалық мәдениеті, қарым-қатынас барысындағы эстетткалық қажеттілікте, эстетикалық пайымдау мен баға бере білу ерекшеліктерінде, сондай-ақ меңгерген эмоционалдық-эстетикалық әсерін өзінің кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен пайдалану даярлығында жүзеге асырылатын эстетикалық және көркемдік құндылықтарға көзқарасын сипаттайды. Мұндай түсінік, біздің пайымдауымызша, педагогтың эстетикалық даярлығындағы негізгі бағыттарды жүйелі бірізділікте анықтауға көмектеседі.



Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы білімнің негізгі мақсаты - тұлғаның ой-өрісінің негізін құрайтын гуманитарлық білім беру жүйесінде ақиқатты өмір жайында эстетикалық дүниетанымын тәрбиелеу, осы бағытта өздігінен білім алудағы және өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілікті меңгерту.

Жоғары мектептің білім беру жүйесінде эстетикалық мәдениеттің студенттер даярлығындағы көрінісі, олардың:



  • эстетикалық және көркемдік құндылықтарына белсене араласуымен;

  • олармен қарым-қатынаста терең эстетикалық қажеттілікті сезінуімен;

  • эстетикалық көзқарасты сараптау және бағалау деңгейінің өсуімен;

  • өзінің кәсіби әрекетінде жинақталған эстетикалық білімдері мен біліктерін «сұлулық заңы» бойынша шығармашылықпен дамыта білуге дайын болуымен;

  • өзін қоршаған ортамен әсерлі қарым-қатынас орнатуға талпынысымен;

  • бос уақытта өнер мен эстетикалық шығармашылық әрекеттерге қызығушылық танытуымен анықталады.

Мұндай көзқарас студенттердің эстетикалық мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді және іс-әрекетінің барлық түрлерінде эстетикалық көзқарастары мен сенімдерінің тұрақты қалыптасуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру нақты бір мақсатқа бағытталады және кезеңді бірізділікпен жоғары дәрежедегі эстетикалық сапа жүйесінің дамуын білдіреді. Қалыптасуының әрбір кезеңі өзіндік ерекшеліктерімен (жас ерекшелігі, әлеуметтік-психологиялық және т.б.) сипатталады. Осыған орай, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ерекшелігі, сабақтастығы мен жүйелілігін сараптап талдау – бүгінгі таңдағы эстетикалық тәрбиенің бағыты мен болашағын анықтауға, қоғамның мәдени құрылысындағы оның ролін жан-жақты ашуға, өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі.



Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – «бұл оның ақиқаттағы, өмір мен өнердегі, табиғаттағы, адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, сондай-ақ жүріс-тұрысы мен өмір сүру салтындағы әсемдікті, сұлулықты, жарасымдылықты үйлесімді қабылдауы және зерделі ұғынуын, осылардың негізінде өзінің өмірін құра білудегі қабілетін дамытуға бағытталған мақсатты процесс». Бұл болашақ педагогтардың мәдениетке, өнерге, әдебиет пен поэзияға, оның туындыларына қатысты белгілі бір деңгейде қиялын, түсінігін, көзқарасы мен сенім жүйесін қалыптастыруды қарастырады, яғни нәрсенің (заттың) эстетикалық құндылығына қанағаттану сезімін қамтамасыздандырады. Бір сөзбен айтқанда, эстетикалық мәдениет ұлттық мәдени мұраның, соның ішінде қазақ халқының мәдени мұрасында көрініс алаған эстетикалық құндылықтардың адам өміріндегі мәнін дұрыс түсінуге бағыттайды және оларды адамның игілігіне пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен, тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны – оның эстетикалық мәдениетінің болуы.

Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалатын эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.

«Эстетика» және «мәдениет» терминдерінің мән-мағынасын жан-жақты ашып көрсете отырып, зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты «эстетикалық мәдениетті қалыптастыру» ұғымына біз өз тұрғымыздан анықтама бердік, яғни «жеке адамның немесе тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – оның бойына халықтың объективті эстетикалық құндылықтарын сіңіре отырып, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу үрдісі».



Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде «эстетикалық тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; студенттердің ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттерді дарыту және дамыту, т.с.с. Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысты». Эстетикалық тәрбие – «бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй – сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту». Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Кесте 1 – Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда

эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы



Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың мазмұны

Эстетикалық құндылықтарға берген жалпы анықтамалар

Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда эстетикалық құндылықтар ерекшеліктеріне берген түсініктемелер

1

Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.

Студенттердің эстетикалық ләззаты – жастардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінде және жолдастарымен қарым-қатынас барысында және т.б әлеуметтік қатынастарда көрініс береді.

2

Эстетикалық қажеттілік – организмнің рухани әсемдік дүниесін жақсартатын бір мұқтаждық күй. Ол адамның өзінің эстетикалық мәдениетін арттыру қажеттілігі (кино, театрға бару ).


Студенттердің эстетикалық қажеттілігі – олардың өзінің мәдениетін арттыру қажеттілігі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге деген қажеттілігі ерекше көрініс береді.

3

Эстетикалық мұрат (идеал) - эстетикалық кемелдіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік.

Студенттердің эстетикалық мұратыжеткіншектер өздері пір тұтатын адамдарға еліктей отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі ұқсатуға тырысады.

4

Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелегенде оның сұлулығын, әдемілігін, сәнділігін кабылдауда туатын көңіл күйі.

Студенттердің эстетикалық сезімі –өздері қызыққан нәрселерінен, спорттан, өнерден, қарым-қатынастан әдемілікті, сұлулықты сезінеді.

5

Эстетикалық көзқарас – тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Студенттердің эстетикалық көзқарасы – ол өзі айналысатын қоғамдық пайдалы іс-әрекетінен, спорт және өнер түрлерінен әсемдік, әдемілік нышандарын анықтап, одан ары қарай ол оны әсемдіктің құралына айналдырады.

6

Эстетикалық пікір, эстетикалық баға – эстетикалық мұрат пен көркемдік талғамға негізделген баланың табиғат, өнер, қоғамдық құбылыстарға идеялық сезімдік баға беруі.

Студенттердің эстетикалық пікірі, бағасы – жолдастарымен, отбасымен қарым-қатынасындағы құндылық ретінде ізгілік пен әсемдік жайында өзіндік шешім қабылдайды, эстетикалық баға беруді жолдастарынан күтеді.

7

Эстетикалық қабылдау – баланың ақиқат құбылыс пен өнер үрдісіндегі эстетикалық сезім күйін тудыратын қасиеттерді айқындай алу қабілеті.

Студенттердің эстетикалық қабылдауы –эстетикалық қабылдаудың объектісі ретінде – табиғат, өнер, спорт түрлеріндегі сұлулықты ғана тануға, қабылдауға тырысады.

8

Эстетикалық талғам - әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамдық практика қалыптастыратын адам қабілеті.

Студенттердің эстетикалық талғамы –олардың өзін-өзі тәрбиелеуінде, киім-киюінде, қыздардың бойындағы сұлулықты нәзіктікпен, бойжеткендікпен, ұл балалар күштілікпен байланыстырылады, жоғары талғамдық бағалануымен ерекшеленеді.

9

Эстетикалық мәдениет – өз халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып-үйрену, бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтар негізінде жас ұрпақты әсемдікке, ізгілікке баулу күйі.

Студенттердің эстетикалық мәдениеті –эстетикалық мәдениеті қарым-қатынас барысында алғыр ойымен, айшықты сөздерімен, өнегелі тәрбиесімен, өзін-өзі салмақты ұстауымен, сыртқы мүсіні мен келбетіндегі сұлулығымен ерекшеленеді.

Эстетикалық құндылықтар арқылы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру негізінің сұлбасын айқындап, оны жинақтау үшін модель құрастыру қажеттігі туындайды. Модельдеу жүйесі, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру эстетикалық құндылықтардың қажеттілігіне деген көзқарасын байытуға, әсемдікті әрекетінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оны 2-сурет арқылы көруге болады.



Сурет 1 – Студенттердің эстетикалық мәдениетін эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру моделі

Мақсаты





Студенттердің эстетикалық мәдениетін эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру

Міндеті

Студенттердің эстетикалық мәдениетін эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың мазмұны мен жүйесін жасау



Принциптері,

қағидалары



Табиғилық, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, салауаттандыру. Әсемдік – саулық негізі, Өмір сұлулығы – денсаулық, Жаны саудың – тәні сау



Мазмұны

Құралдары, факторлары

Әдіс-тәсілдері

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері, әңгімелесу, сауалнама, байқау, пікірталас және тест


Формалары, түрлері

Пән мазмұны арқылы, сабақтан және мектептен тыс жұмыстар, арнайы шығармашылық клубтар



Нәтижесі

Эстетикалық талғам -

Эстетикалық сезім -

Эстетикалық мұрат -

Эстетикалық мәдениет -

Эстетикалық пікір, баға

Эстетикалық қабылдау -

Эстетикалық көзқарас -


Талғамы жоғары, талғампаз

Сұлу, сымбатты, көрікті

Үлгілі, өнегелі, пікір тұту өнері, қабілетті

Мәдениетті, алғыр ойлы, шешен тілді

Әсемдік бойынша шешім қабылдап, өзіндік баға беруші

Табиғат өнер, спорт түрлерін, сұлулықты танушы



Әсемдік туралы өз көзқарасы бар тұлға















Оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстар арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру үрдісінің мазмұны








Салт-дәстүр, әдет-ғұрып (бесік, бесік жыры т.б. ), дене шынықтыру және спорт, шешендік өнер, ән-күй, би өнері және табиғат









Эстетикалық құндылықтарды бағалай білетін, сақтай алатын, салауатты өмір салты қалыптасқан тұлға






Кесте 2 Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының деңгейлері мен көрсеткіштері



Деңгейлер

Көрсеткіштері

1

2

Жоғары деңгей


Студенттер музыкалық туындылардың даму тарихын өздігімен ізденіп оқиды, оған деген қызығушылығы өте жоғары. Музыкаға деген эстетикалық қызығушылығы, эстетикалық шығармашылықтағы мәні мен маңызына ғылыми көзқарасы қалыптасқан, орындау технологиясын жақсы меңгеруге саналы ұмтылады, оның мүмкіндіктеріне сенімі мол, музыка туындыларын мәдени мұра деп саналы қабылдайды, эстетикалық талғаммен бағалайды, педагогикалық және жасалу технологиясын жетік меңгерген. Теория мен практикада алған білім, іскерлік, дағдысын тәжірибеде, өз білімін және мәдениетін жетілдіруде орынды пайдалана алады.

Орта деңгей

Студенттердің музыкаға деген ынта-ықыласы бар болғанымен, жүйелі емес және білімінің тұрақтылығы жоқ. Музыка туындыларының ерекшеліктерін білгенімен, оны эстетикамен, мәдениетпен байланысты қажеттілігін түсініп айқындай алмайды, сенімі тұрақсыз, туындыларды тыңдауда, орындауда іскерлік таныта алмайды, теория мен практикадан алған білім мен іскерлік дағдысын музыкалық шығармаларды орындауда анық көрсете алмайды. Музыканы оқып-үйренуде білімі мен қарапайым біліктері болып, өзіндік ерекшеліктерін ажырата білгенімен, орындау технологиясын жақсы меңгермегендіктен, қызығушылық танытпайды.

Төменгі деңгей


Студенттердің музыка туралы жалпы мағлұматы болғанымен, оған деген қызығушылық деңгейі төмен. Оны өз шығармашылық мәдени деңгейін көтеруде пайдаланудың қажеттілігін жете түсінбейді; сенімі тұрақсыз; музыканы оқып-үйренуге қажет практикалық дағдылары қалыптаспаған.

Мұның өзі студенттердің музыканы оқып-үйренуде шығармашылыққа қол жеткізу тәсілдерін игеруге тиянақсыз бағдарланудың пайда болуымен ерекшеленеді. Студенттердің эстетикалық мәдениеттерін қалыптастыру тек музыкалық шығармаларды оқып-үйрену деңгейлерінде көрінеді.



үшінші өлшем, музыка пәндері негізінде өз бетiнше белсендi шығармашылық іс-әрекеттер жасауға жұмылдыру қатынасын қалыптастыруды қамтиды.

Студенттердің эстетикалық мәдениетін музыка негізінде қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін дәйектеу нәтижесі:

1. Студенттің атқаратын танымдық іс-әрекетінің тиімділігін ашып көрсетеді.

2. Студенттің эстетикалық мәдениетін музыкалық туындылар негізінде қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындай түседі.

3. Студенттің зерттеліп отырған тұлғалық қасиетін шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі мен оның даму үдерісінде бағалауға болатынын айқындайды деген қорытынды пікірге әкеледі.

Зерттеу мәселесін эксперименттік тұрғыда зерделеу, музыка негізінде эстетикалық мәдениеттің қалыптасу үдерісін сипаттау үшін маңызды мәнге ие болатын көрсеткіштерге негізделген, студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін айқындауды көздейді.

Эксперименттік жұмыстың мақсаты – «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша оқитын студенттердің музыка негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың тиімділігін педагогикалық-эксперимент арқылы тексеру.

Соған байланысты мынандай мiндеттер шешiлдi:

- студенттердің эстетикалық мәдениеттерінің бастапқы деңгейін анықтау және олардың оқу үдерісінде пайдаланумен өзара байланысын белгiлеу;

- мектеп практикасында қолданылатын музыкалық туындылардың сипатын анықтау;

- эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтерді бағалау, сараптау және арнайы әдістеме негізінде әрекет ету.

Тәжiрибелiк-эксеримент жұмысы (анықтау, қалыптастыру, бақылау) үш кезеңде жүргізілді. Тексеру барысында эксперименттік топтарда 50 студент, ал бақылау топтарында 40 студент қамтылды. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары университет типтеріне сай болатындықтан эксперименттік-тәжірибелік зерттеуімізге ортақ ғылыми-әдістемелік педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі дербес және ұжымдық формаларын қолдандық. Сондықтан, біз жоғары оқу орнындағы тәжірибелік зерттеуімізді, яғни ғылыми негізде педагогикалық басқару әрекетін зерттеу мәселеміздің анықтау кезеңінен бастадық.

Тұлғаның эстетикалық мәдениетін диагностикалау үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістер жүйесі қолданылды: теориялық (модельдеу, контент-талдау), тәжірибелік-эксперименттік (сауалнама алу, әңгімелесу, интервью алу, эксперттік бағалау әдісі), оқу-тәрбиелік сипаттағы эксперименттік сабақтарды ұйымдастыру. Бұндай зерттеу әрекеттердің барлығы эксперименттің анықтаушы кезеңінде жүзеге асырылды. Анықтау эксперименті барысында оқушыларының эстетикалық мәдениеттерінің бастапқы деңгейі жөнінде мәлімет жинау арнайы құрастырылған диагностикалық әдістемелер (сауалнамалар мен тестілеу әдістері, әңгімелесу және бақылау талдау, жинақтау, жүйелеу, пікір алысу, сұрақ, жауап т.б.) негізінде жүргізілді.

Студенттермен жүргізілген сауалнамалар нәтижесінен біз музыка пәнінің мазмұны бойынша оқытушылар тарапынан берілетін білімдердің жүйелі еместігін, жана педагогикалық технологияларды, инновациялық тәсілдерді белсенді қолданылмайтындығын, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға жеткілікті көңіл бөлінбейтіндігін аңғардық.

Анықтау экспериментінде сауалнамаға қатысқан барлық 90 студенттің эксперименттік топтағы 40-сының 48,75 % – жоғары деңгейді, 23,5 % – орта, ал 27,75% төмен деңгейді көрсетті. Бақылау топтарындағы 36 студенттің 42,75 % – жоғары деңгейді, 26,75% – орта, 30,5% – төменгі деңгейді екінші суреттегідей жоғары екенін байқадық (Сүрет 2).

Сурет 2 – Анықтау экспериментінің нәтижелері



Эксперименттің екінші кезеңі – қалыптастыру кезеңі барысында - музыкалық туындылардың ерекшеліктерін аша түсу, оны пайдаланудың әдiстемесi эстетикалық бiлiм және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған оқыту мен тәрбие беру әдіс-тәсілдерін, формалары мен құралдарын қолдану төмендегідей кешенді түрде өткізілді. Сонымен бірге студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру міндеттері келесі бағыттарды бір мезетте, яғни қатар жүзеге асыруға бағытталды:

    1. «Музыкалық білім беру» мамандығының оқу жоспарындағы музыкалық және педагогикалық пәндерінің мүмкіндіктерін кіріктіре пайдалану арқылы;

    2. Арнайы элективті курстың мүмкіндігін пайдалану арқылы;

    3. Аудиториядан тыс ұйымдастыу формаларының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы;

    4. Студенттердің ғылыми қоғамының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы;

    5. Университет педагог-оқытушылары басқарған шығармашылық үйірмелер мен жекелеген отбасылардың дәстүрлі-тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану арқылы.

Эксперименттік жұмыстың барысында эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың үлгісі мен студенттерде зерттеліп отырған сапаның қалыптасуын салыстырмалы түрде талдау нәтижелері екі теориялық, практикалық кезеңді қамтып басшылыққа алынды. Эксперименттік топтың студенттері теориялық даярлықты кәсіптендіру пәндерге қосымша «Болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі эстетикалық мәдениеттің мүмкіндіктері» арнайы курсын оқу барысында алды. Бағдарламаның міндеттеріне сай студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда музыканың алатын ролі мен маңызын ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды. Ғылыми жұмысымызда қойылған мәселелердің шешімін 1 кредиттік «Болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі эстетикалық мәдениеттің мүмкіндіктері» атты курс бағдарламасы арқылы жүзеге асырдық. Арнаулы курс бағдарламасында лекция, практикалық сабақтарды өткізудің тақырыптық жоспары берілді. Курс бойынша 10 дәріс, 5 практикалық сабақ және 15 сағаттық СОӨЖ-сы ұйымдастырылды (кесте 3) Бұл курстың мақсаты студенттерді қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отырғанын қөрсету, сондай-ақ, болашақ педагогтарды тәрбиелеуде эстетикалық құндылықтардың маңыздылығын қарастыру және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдарымен, келешектегі даму бағыттарымен таныстыру.

Кесте 3 – «Болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі эстетикалық мәдениеттің мүмкіндіктері» атты арнайы курстың жоспары




Тақырыптар аттары

Дәріс

Практикалық сабақтар

СОӨЖ

1. «Эстетикалық мәдениет» ұғымының мәні мен мазмұны

1




2

2. Ұлттық ұлы ғұламалардың эстетикалық мәдениет мәселесі бойынша ой-пікірлері

2

1

3

3. Қазақ этнопедагогикасы негізінде болашақ үрпақты тәрбиелеудегі эстетикалық мәдениеттін қалыптастыру жолдары


2

1

3

4. Музыка өнері арқылы болашақ үрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері

2

1

2

5. Музыка өнері арқылы болашақ үрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен келешектегі даму бағыттары

2

1

3

6. Музыка өнері арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі

1

1

2

Барлығы:


10

5

15


Бақылау экспериментi барысында музыканың студенттерге дидактикалық әсерiн айқындау үшiн эстетикалық мәдениетті қалыптастыру құралы ретiнде қарастырып, эксперименттiң барлық кезеңдерiнде оны игеру мен меңгерудiң жеке деңгейлерi бойынша салыстырмалы талдау жүргiзілді. Эксперимент тобының студенттерінің музыкаға деген қызығушылығы, дәстүрлі музыка туралы түсінігінің, эстетикалық талғамының, эстетикалық мәденииетті өз бойында дұрыс дамытуға ұмтылысының деңгейі үшінші суреттегідей жоғары екенін байқадық:


Сурет 3 – Бақылау кезеңіндегі эксперименттің нәтижелері
Берiлген тақырып бойынша өтілген лекциялық және практикалық сабақтарға ақпараттық оқыту технологиясы арқылы арнайы курс
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде студенттердің эстетикалық мәдениеті қалыптасумен қатар, олардың ұлттық санасы қалыптасады, практикалық әрекеттер басымдық танытса, әлеуметтенуіне жағдай туады. Ол үшін болашақ педагог – музыка пәнінің оқытушысы - әр сабақтың тәрбиелік міндетін еріктілік, жүйелілік, көрнекілік ұстанымдарына негіздеп, мақсатты жүзеге асырып отыруы тиіс т.б. мәселелер бойынша негізгі тұжырымдар берілген.

Зерттеу жұмысымыздың мазмұнына, қойылатын міндеттеріне сәйкес, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын, әр кезеңде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен тұжырымдамаларын зерделей, талдай келе, келешекте мынадай мәселелер зерттеу нысанасына айналуы тиіс деген пікірді айтамыз:



  1. Музыка пәні арқылы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруды жүйелі түрде ұйымдастыру және іске асыру дербес зерттеу нысаны ретінде қолға алынса;

  2. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жаңа тәрбие технологияларын іріктеп, пайдалану мәселесі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе дұрыс болар еді.

  3. Зерттеу жұмысы бойынша жасалған теориялық және әдістемелік нұсқауларды жоғары оқу орындары ұстаздары мен студенттері, оқытушылар мен студенттердің және музыка пәні мұғалімдері, сынып жетекшілердің педагогикалық жұмыстарында қолдануларына болады.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалардың тізімі


  1. Жоғары оқу орнындағы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары. // Жоғары кәсіптік білімнің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. –Қызылорда 18-19 қазан 2012 ж.

2. Болашақ педагогтарға эстетикалық тәрбие берудің өзекті мәселелері. // Жас ғалым-

2013 жас ғалымдардың, студенттердің, оқушылардың халықаралық ғылыми-

практикалық конференция материалдар жинағы.- Тараз 25-26 сәуір 2013 ж.



РЕЗЮМЕ
диссертации на получение академической степени магистра педагогических наук

по специальности

6М010300 – Педагогика и психология
Шакирова Макпал Иманаевна
Формирование эстетической культуры будущих педагогов

(на основе специальности «Музыкальное образование»)
Актуальность темы исследования: В «Законе об образовании в РК» (2007) важной задачей системы образования на сегодня определена задача «создания необходимых условий для получения качественного образования, направленного на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловечесих ценностей, достижений науки и практики». Исходя из этого в процессе образования и воспитания молодежи необходимо учитывать глобальные изменения, происходящие в мире и республике в сфере образования, и особо обратить внимание на их патриотическое, духовное-нравственное, эстетическое и этическое воспитание. Проблема формирования эстетической культуры у молодежи в целом и будущих педагогов в частности является одной из главных задач педагогической науки ХХI века. В связи с этим были и определены объект и предмет нашего исследования.

Объект исследования: процесс подготовки будущих педагогов в вузе.

Предмет исследования: процесс формирования эстетической культуры будущих педагогов посредством изучения дисциплин специальности «Музыкальное образование».

Цели исследования: теоретическое обоснование проблемы формирования эстетической культуры средствами музыки у студентов, обучающихся на специальности «Музыкальное образование», практическая разработка методологии и его экспериментальное исследование.

Из вышеизложенного выделены следующие задачи:

1. Рассмотреть процесс формирования эстетической культуры студентов с точки зрения педагогико-психологических явлений;

2. Определить особенности и педагогические возможности формирования эстетической культуры будущих педагогов средствами музыки;

3. Определить показатели формирования эстетической культуры студентов средствами музыки;

4. Подготовка научно-методических положений, необходимых для формирования эстетической культуры у будущих педагогов.



Методологические и теоретические основы исследования: теория личности и действий, теория познания, социально-культурная теория о диалектической интеграции общечеловеческих и национальных ценностей, современные ведущие философские нормы и пр.

Научная новизна исследования:

1. Определены научно-теоретические основы формирования эстетической культуры у студентов на основе музыки;

2. Определена сущность понятий «эстетическое воспитание», «эстетическая культура»;

3. Выявлены педагогические возможности формирования эстетической культуры у студентов, обучающихся на специальности «Музыкальное образование».;

4. Определены методика формирования эстетической культуры будущих педагогов на основе музыки в педагогическом процессе и воспитательно-практические пути ее реализации.

Практическая значимость исследования заключается в том, что в диссертации разработаны научно-методологические предложения по эстетическому воспитанию студентов, а также программа специального курса «Особенности эстетической культуры в воспитании подрастающего поколения».

Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы (72 наименования) и приложений.

SUMMARY
theses on receiving the academic degree of the master of pedagogical sciences

in the specialty


6M010300 – Pedagogics and psychology
Shakirova Makpal Imanayevna
Formation of esthetic culture of future teachers

(on the basis of the specialty "Music education")
Relevance of a subject of research: In "The law on education in RK" (2007) important problem of an education system determined for today a task "creations of necessary conditions for receiving the quality education directed on formation, development and professional formation of the personality on the basis of national and the universal values, achievements of science and practice". Proceeding from it in the course of education and education of youth it is necessary to consider the global changes happening in the world and the republic in education, and especially to pay attention to their patriotic, spiritual-moral, esthetic and ethical education. The problem of formation of esthetic culture at youth as a whole and future teachers in particular is one of the main tasks of pedagogical science of the XXI century. In this regard were and the object and a subject of our research are defined.

Object of research: process of preparation of future teachers in higher education institution.

Object of research: process of formation of esthetic culture of future teachers by means of studying of disciplines of the specialty "Music education".



Research objectives: theoretical justification of a problem of formation of esthetic culture by means of music at the students who are training on the specialty "Music education", practical development of methodology and its pilot study.

From the above the following tasks are allocated:

1 . To consider process of formation of esthetic culture of students from the point of view of the pedagogiko-psychological phenomena;

2 . To determine features and pedagogical possibilities of formation of esthetic culture of future teachers by means of music;

3 . To determine indicators of formation of esthetic culture of students by means of music;

4 . Preparation of the scientific and methodical provisions necessary for formation of esthetic culture at future teachers.



Methodological and theoretical bases of research: Theory of the personality and actions, the knowledge theory, the welfare theory about dialectic integration of universal and national values, modern leading philosophical norms and so forth.

Scientific novelty of research:

1 . Scientific-theoretical bases of formation of esthetic culture at students on the basis of music are defined;

2 . The essence of the concepts "aesthetic education", "aesthetic culture" is defined;

3 . Pedagogical possibilities of formation of esthetic culture at the students who are training on the specialty "Musical Education" are revealed. ;

4 . Are defined a technique of formation of esthetic culture of future teachers on the basis of music in pedagogical process and educational and practical ways of its realization.

The practical importance of research is that in the thesis scientific and methodological offers on esthetic education of students, and also the program of the special course "Features of Aesthetic Culture in Younger Generation Education" are developed.



Thesis structure: The thesis consists of the introduction, two sections, the conclusion, the list of the used literature (72 names) and appendices.



Шакирова мақпал иманаевна болашақ педагогтардың эстетикалық МӘдениетін қалыптастыру ( «музыкалық білім» мамандығы негізінде) 6М010300 – «Педагогика және психология»

М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

350.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожае

155.07kb.

23 09 2014
1 стр.


Шаяхметова маржан нақыпбекқызы Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

463.43kb.

25 12 2014
3 стр.


Шаяхметова маржан нақыпбекқызы Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

478.4kb.

17 12 2014
3 стр.


Рефераты қызылорда 2013

Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық қалыптастыру

408.04kb.

25 12 2014
1 стр.


ДӘрібаева сәндігүЛ ҚҰлаханқызы қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

М010300- педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

400.8kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақпараттық хат Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы»

53.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Домбырамен сүйемелдеудегі дәСТҮрлі ән айту арқылы жас ұрпақТЫҢ ДҮниетанымын қалыптастыру

Ткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрб

87.11kb.

25 12 2014
1 стр.