Перейти на главную страницу
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің 2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің №____ хаттамасымен бекітілген |
Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Әлқожаева Н.С., п.ғ.к., доцент Касен Г.А., аға оқытушы Жұмабекова Қ.Б.
Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі__________________ А.Қ. Мынбаева
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова
Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Ғылыми кеңес төрағасы,
Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова
Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова
Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларын шешуде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.
Магистратураға түсу емтиханы - жазбаша. Емтихан тапсырушы сұрақтарға өз жауаптарын емтихан парағына жазады, оны шифрленген түрінде емтихан комиссия мүшелері тексереді.
Конкурстық іріктеу ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистартураға қабылдау жөнінідегі типтік ереже мен «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.
«Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалаврдың кәсіби бағытына сай міндеттері: педагогикалық процесстің дамуы туралы заңы жөніндегі толық түсінік; білім берудегі жалпы заңдылықтар және өзіндік ерекшеліктерді; даму және тәрбие, білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін; педагогика мен психологияның категорилы концептуалды аппаратын білуі тиіс. білім беру аймағындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды; Қазақстан тарихының негізгі сатыларын, саясатын, сонымен қатар алдыңғы қатарлы мемлекеттер мен әлемдік өркениет, тарихи сабақтастық механизмін және мағынасын білуі тиіс.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе;
Педагогика 1,2 – бөлім;
Этнопедагогика.
ҚР Ата Заңы. ҚР “Білім туралы заңы”. Білім берудің құрылымдық және модернизациялық негізгі бағыттары. 2005-2010 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. 2011-2020 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар.
Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы. Психологиялық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастырудың жеке және топтық түрлері.
Педагог-психологтың негізгі міндеттері. Педагог-психологтың құқығы. Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың қызметі. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің субъектілері мен объектілері.
Түзетушілік-дамытушылық іс-әрекет. Оқытушылық және мәдени-ағартушылық іс-әрекет. Әлеуметтік-педагогикалық және тәрбиелеу іс-әрекеті. Ғылыми-әдістемелік және басқарушылық іс-әрекет.
Білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз ету. Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың немесе тәжірибелік психологтың негізгі бағыттары. Психологиялық білім беру және психопрофилактикалық жұмыс.
«Кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәні. Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі ерекшеліктері. Педагог-психолог іс-әрекетінің ұстанымдары. Педагог-психолог – кеңес берушіге қойылатын қазіргі талаптар.
«Тұлға» ұғымының мәні. Педагог-психолог тұлғасының ерекшеліктері. Педагог-психологтың тұлғалық және кәсіби сапаларына қойылатын талаптар. Педагог-психологтың кәсіби біліктілігі маңызды тұлғалық сипаттама ретінде.
Кәсіби этика. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық кодексінің жалпы сипаты. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық ұстанымдары. Психологтың ұжыммен және әртүрлі маман өкілдерімен өзара қарым-қатынасы.
Білім беру жүйесінің мәні мен ұстанымдары. Республикадағы білім беру жүйесіне талдау жасау. ҚР білім беру жүйесінің құрылымы. Білім беру жүйесінің құрылымындағы психологиялық-педагогикалық қызмет.
Білім беру мекемесінің әлеуметтік орта гармонизациясының бағыты. Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың міндеттері. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасын қорғау.
«Әдіс» ұғымының мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттегі әдіснамалық ұстанымдар. Ақпарат көздері психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде. Әдістердің жіктелуі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер. Эксперименттік психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
«Дарынды бала» ұғымы. Дарынды балаларды қолдаудың негізгі бағыттары. Мінез-құлқының дамуында ауытқушылығы бар балалар – қиын балалар. Қиын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек және қолдау көрсету.
Психологтардың даярлығына қойылатын негізгі талаптар. ТМД елдерінде педагог-психологтарды даярлау ерекшеліктері. Қазақстанда педагог-психологтарды кәсіби даярлаудың мазмұны. Өзін-өзі реттеуге оқыту болашақ педагог-психологтың кәсіби дамуының басты факторы ретінде.
Педагог-психолог іс-әрекет құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі. Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері мен құралдары. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері. Қарым-қатынасқа түсу педагог-психологтың кәсіби-тұлғалық сапасы ретінде.
Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогика нысаны, пәні және қызметтері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика және басқа ғылымдар жүйесі.
Педагогиканың әдіснамалық негіздері жайлы түсінік. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен философиялық негіздемесі. Педагогикалық зерттеулерінің әдіснамалық ұстанымдары және оларды ұйымдастыру. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуы.
Ортағасырдағы педагогикалық ойлар. Қайта өрлеу дәуiрінің ұстаз-гуманистерінің педагогикалық ойлары. Орыс ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық теориялары.
әл-Фараби, Абай, Ыбырайдың педагогикалық ойлары. Қоғам қайраткерлері мен репрессия ағартушыларының педагогикалық идеялары (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т.б.). Қазақстанда педагогика ғылымдарының дамуы.
4. Білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары
Қазіргі кезеңдегі білім берудің дамуының негізгі тенденциялары: демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, және т.б. білім берудің жаңа парадигмалары. Қазақстан Республикасының білім алу құқығы туралы Конституциясы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Бала құқығын қорғау туралы конвенция.
Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогикалық қүбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық түрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Білім беру жалпы адамзаттық құбылыс.
Білім - жалпы адамзаттық құбылыс. Білім әлеументтік қажеттілік. Білімнің жүйелігі. Білім- педагогикалық процесс . Қазіргі заман білім жүйісін реформалаудың негізгі бағыттары. Мамандардың кәсіби шыңдалуы білім беру объектісі ретінде.Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база- кэсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті. Шығармашылық бейнесі.
Тұлға түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. Тұлға-тәрбие мақсаты. Адам, индивид және оның тұлғасының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы билогиялық және әлеументтік. Даму және тәрбие. Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік саясатының принціптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипатама ҚР-дағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы.
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік білім беру саясаты. Қазақстан Республикасындағы білім беру принциптері. Үздіксіз білім беру жүйесі.
«Білім берудің жаһандануы» түсінігі. Білім берудің жаһандануының мәні. Қазіргі қоғамда білім берудің жаһандану перспективалары.
Тәрбие теориясының мәні. Тәрбиесінің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні мен ерекшіліктері. Тәрбие түрлері.
Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.
Тәрбие мән-мағынасы. Тәрбие мақсатының әлеументтік негіздері. Тәрбие міндеттер мен қызметтері. Тәрбие процесінің ерекшіліктері. Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі.
Тәрбие әдістеріне сипаттама. Тәрбие құралдары. Тәрбие формалары.Тәрбие әдістерін талдап бөлу.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі мектептің негізгі тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарасын маңызды және міндеттері. Оқу жэне сыныптан тыс жұмыстардың білім мен тәрбиеге ықпалды.
Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымды теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері.Ұжымның қызметтері. Балалар ұжымының даму кезеңдері. Ұжымды құру және оны қалыптастыру әдістемесі.
Дидактиканың теориясы мен практикасы. Дидактика педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту. Оқу-тәрбие жүмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау. Педагогикалық техналогиялар.
Оқыту жағдайындагы бақылау, өлшеу құралдары: тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, емтихан сүрақтары, арлық бақылау,коллоквиум, үлгілер мен жобаларды қорғау және т.б. Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. Оның мақсаты мен мәні. Оқыту жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Мұндағы оқыту техналогиясы студенттердің оқу-үлгірімін бағалау саясаты.
Оқытудың заңы, заңдылықтары жэне принциптері түсінігі. Оқытудың негізгі заңдарына заңдылықтарына шолу. Оқыту принцптері және ережелері.
Білім беру мазмұнының мәні мен түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдаудың принциптері мен сапасы. Білім берумазмұны құрамаларына сипаттама.
Оқыту әдістері-дидактика категориясының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары олардың өзара байланысы мен оларға сипаттама.Әдістердің оқытудың мақсат мен мазмұнына сәйкестілігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану ерекшелігі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйе элементтері. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.
Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталғандығы. Бақылаудың түрлері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.
Оқытудың мотивтері түсінігі. Мотивтерді топтап бөлу. Оқытудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқытудың белсенділігі. Қызығушылық. Танымдық қызығушылық. Қажеттіліктер. Оқушылардың оқу мотивтерін зерттеуді іске асыру.
Оқытудың педагогикалық технологиясы түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу. Педагогикалық технологияларға шолу. Оқытудың дэстүрлі технологиясы. Дамыта оқытудың технологиясы. Бағдарлап оқытудың жоспары.
Этнопедагогика – этностардың тәрбиесі жөніндегі ғылым . Этнопедагогиканың пайда болуы мен дамуы. Этнопедагогика нысаны, пәні және қызметтері. Этнопедагогикалық ғылымдар жүйесі.
Халықтық педагогика этнопедагогиканың негізі ретінде. Халықтық педагогиканың зерттелуі. Отандық және шетелдік халымдар халықтық педагогика туралы. Халықтық педагогиканың деректемемесі. Ауыз әдебиеті, жазба мұралар халықтық педагогиканың өзегі.
Этнопедагогиканың ғылыми мәні. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі. Адамды әлеуметтендірудегі рөлі. Этнопедагогикалық қүбылыстарды оқып үйренудегі ғылыми көзқарастар. Этнопедагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Этнопедагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Этнопедагогикалық білім беру жалпы адамзаттық құбылыс ретінде.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі. Этнопедагогиканың даму кезеңдері. Ұлы ойшылдар, ағартушылардың этнопедагогикалық көзқарастары. Әл-Фараби, Қорқыт, А.Иассауи, Дулати, Тілеуқабылұлы, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Шоқан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.
Заңдар мен заңдылықтар. Тұжырымдамалар: этнопедагогикалық білім беру; Ғылыми революция теориялары; көпмәдениетті білім беру; гуманитарлық білім беру т.т. Мәліметтер: ғылыми; этнопедагогикалық. Білімді меңгеруді этнопедагогикалық тұрғыдан сипаттау, бағалау.
Тәрбие әдістеріне түсінік. Этнопедагогикалық тәрбие әдістерін айқындау. Тәрбие құралдары. Этнопедагогикада қолданылатын құралдар. Құралдарды және әдістерде таңдау. Жазба мұралар. Ауыз әдебиеті. Ертегілер мен аңыз әңгімелер. Батырлар жырлары.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын этнопедагогикалық тұрғыдан қалыптастыру. Этнопедагогика құндылықтары негізінде қалыптасқан тұлға моделі. Қазіргі мектептің негізгі этнопедагогикалық тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарастың маңызы және міндеттері.
Отбасында бала тәрбиесінде этнопедагогиканың алатын орны. Бесік жыры. Ата, апа тәрбиесі. Отбасындағы басқа мүшелердің ықпалы. Салт-дәстүр. Әдет-ғұрыптар. Тыйым сөздер, т.б.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы кезеңіндегі этнопедагогика ғылымының жағдайы.
Этнопедагогикалық білімдердің жүйеленуі. Этнопедагогикалық жаңаша көзқарастар. Этнопедагогика ғылымының өкілдері: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова т.б.
5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001
2. Вульфов Б.З. Иванов Б.Д. Основы педагогики. Уч. Пособие.
3. Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. Алматы, 2000
4. Харламов И.Ф. Педагогика. -Минск,1997
5. Сластенин В.А. Педагогика. М., 2000
6. Беспалько В.И.Слагаемые педагогической техналогии обучения. М, 1995
7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожаева Н. С., п.ғ. к., доцент Касен Г. А., аға оқытушы Жұмабекова Қ. Б
04 09 2014
1 стр.
Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожае
23 09 2014
1 стр.
Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәй
05 09 2014
1 стр.
Бағдарлама «шифр-мамандық атауы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар б.ғ. д., проф. Айдосова С. С., б.ғ. д.,проф
04 09 2014
1 стр.
Л-фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қоғамдық бірлестігінің ресми атауы: «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ғылыми қоғамы»
15 10 2014
1 стр.
16 12 2014
1 стр.
«органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан
04 09 2014
1 стр.