Перейти на главную страницу
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің 2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің №____ хаттамасымен бекітілген |
Бағдарлама «6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Әлқожаева Н.С., п.ғ.к., доцент Касен Г.А., аға оқытушы Жұмабекова Қ.Б.
Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі__________________ А.Қ. Мынбаева
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова
Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Ғылыми кеңес төрағасы,
Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова
Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова
Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.
Магистратураға түсу емтиханы - жазбаша. Емтихан тапсырушы сұрақтарға өз жауаптарын емтихан парағына жазады, оны шифрленген түрінде емтихан комиссия мүшелері тексереді.
Конкурстық іріктеу ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистартураға қабылдау жөнінідегі типтік ереже мен «6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығына тапсыратын бакалавр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша: ҚР «Білім туралы», білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін білуі тиіс. Үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді меңгеруі тиіс.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- Педагогика;
- Әлеуметтік педагогика;
- Этнопедагогика.
Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогика нысаны, пәні және қызметтері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика және басқа ғылымдар жүйесі.
Педагогиканың әдіснамалық негіздері жайлы түсінік. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен философиялық негіздемесі. Педагогикалық зерттеулерінің әдіснамалық ұстанымдары және оларды ұйымдастыру. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуы.
Ортағасырдағы педагогикалық ойлар. Қайта өрлеу дәуiрінің ұстаз-гуманистерінің педагогикалық ойлары. Орыс ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық теориялары.
әл-Фараби, Абай, Ыбырайдың педагогикалық ойлары. Қоғам қайраткерлері мен репрессия ағартушыларының педагогикалық идеялары (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т.б.). Қазақстанда педагогика ғылымдарының дамуы.
4. Білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары
Қазіргі кезеңдегі білім берудің дамуының негізгі тенденциялары: демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, және т.б. білім берудің жаңа парадигмалары. Қазақстан Республикасының білім алу құқығы туралы Конституциясы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Бала құқығын қорғау туралы конвенция.
Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогикалық қүбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық түрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Білім беру жалпы адамзаттық құбылыс.
Білім - жалпы адамзаттық құбылыс. Білім әлеументтік қажеттілік. Білімнің жүйелігі. Білім- педагогикалық процесс . Қазіргі заман білім жүйісін реформалаудың негізгі бағыттары. Мамандардың кәсіби шыңдалуы білім беру объектісі ретінде.Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база- кэсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті. Шығармашылық бейнесі.
Тұлға түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. Тұлға-тәрбие мақсаты. Адам, индивид және оның тұлғасының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы билогиялық және әлеументтік. Даму және тәрбие. Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік саясатының принціптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипатама ҚР-дағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы.
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік білім беру саясаты. Қазақстан Республикасындағы білім беру принциптері. Үздіксіз білім беру жүйесі.
«Білім берудің жаһандануы» түсінігі. Білім берудің жаһандануының мәні. Қазіргі қоғамда білім берудің жаһандану перспективалары.
Тәрбие теориясының мәні. Тәрбиесінің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні мен ерекшіліктері. Тәрбие түрлері.
Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.
Тәрбие мән-мағынасы. Тәрбие мақсатының әлеументтік негіздері. Тәрбие міндеттер мен қызметтері. Тәрбие процесінің ерекшіліктері. Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі.
Тәрбие әдістеріне сипаттама. Тәрбие құралдары. Тәрбие формалары.Тәрбие әдістерін талдап бөлу.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі мектептің негізгі тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарасын маңызды және міндеттері. Оқу жэне сыныптан тыс жұмыстардың білім мен тәрбиеге ықпалды.
Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымды теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері.Ұжымның қызметтері. Балалар ұжымының даму кезеңдері. Ұжымды құру және оны қалыптастыру әдістемесі.
Дидактиканың теориясы мен практикасы. Дидактика педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту. Оқу-тәрбие жүмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау. Педагогикалық техналогиялар.
Оқыту жағдайындагы бақылау, өлшеу құралдары: тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, емтихан сүрақтары, арлық бақылау,коллоквиум, үлгілер мен жобаларды қорғау және т.б. Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. Оның мақсаты мен мәні. Оқыту жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Мұндағы оқыту техналогиясы студенттердің оқу-үлгірімін бағалау саясаты.
Оқытудың заңы, заңдылықтары жэне принциптері түсінігі. Оқытудың негізгі заңдарына заңдылықтарына шолу. Оқыту принцптері және ережелері.
Білім беру мазмұнының мәні мен түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдаудың принциптері мен сапасы. Білім берумазмұны құрамаларына сипаттама.
Оқыту әдістері-дидактика категориясының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары олардың өзара байланысы мен оларға сипаттама.Әдістердің оқытудың мақсат мен мазмұнына сәйкестілігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану ерекшелігі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйе элементтері. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.
Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталғандығы. Бақылаудың түрлері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.
Оқытудың мотивтері түсінігі. Мотивтерді топтап бөлу. Оқытудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқытудың белсенділігі. Қызығушылық. Танымдық қызығушылық. Қажеттіліктер. Оқушылардың оқу мотивтерін зерттеуді іске асыру.
Оқытудың педагогикалық технологиясы түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу. Педагогикалық технологияларға шолу. Оқытудың дэстүрлі технологиясы. Дамыта оқытудың технологиясы. Бағдарлап оқытудың жоспары.
Әлеуметтік педагогика ғылыми білімнің саласы ретінде. Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы оның құрылымы мен қазіргі жағдайы. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік философияның бөлімі ретінде. Әлеуметтік педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
«Әлеуметтік педагогиканың» ғылым және курс ретіндегі міндеттері, қызметі, пәні және нысаны. Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс: теория мен тәжірибенің қатынасы және олардың өзара байланысы. Әлеуметтік педагогиканың категориялары және оның педагогикамен байланысы.
Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибедегі тұлғалық-іс-әрекет, тұлғалық-орта, өзара байланыстылық, мәселелелік, ақпараттық, жүйелілік амал тұрғыларынан келу. Әлеуметтік педагогикадағы ұстанымдардың мәні және ол туралы түсінік. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарына жалпы сипаттама.
Әлеуметтендірудің нәтижесі, қоғам талабын қанағаттандыратын әлеуметтену процесс. «Әлеуметтендіру» ұғымы. Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіне әсер ететін факторлар мен негізгі дерек көздер. Тұлғаны әлеуметтендірудегі мегафакторлар. Әлеуметтендірудегі мезофакторлар. Тұлғаны әлеуметтендірудегі микрофакторлар. Әлеуметтендіру теориялары. Тұлғаның ассоциализациясы, десоциализациясы және ресоциализациясы.
«Тұлға» ұғымы. Тұлғаның қалыптасуы. Адам дамуының жас ерекшеліктері. Әлеуметтендіру үдерісіндегі адам. Әлеуметтендіру және әлеуметтік тәрбие: мәні мен мазмұны. Әлеуметтік институттар тарапынан әлеуметтік тәрбиедегі негізгі бағыттар. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі.
«Әлеуметтік тәрбие түсінігі». Мемлекеттік немесе қоғамдық тқрғыдан әлеуметтік тәрбиенің мәнін және мазмұнын түсінудегі негізгі ұстанымдар. Әлеуметтік институттардың ұстамдары тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің негізгі бағыттары.
Отбасы - қоғамның әлеуметтік өзегі ретінде. Отбасы институтының дамуындағы қазіргі кездегі тенденциялар. Отбасының негізгі қызметтері. Қазіргі отбасының типтері. Отбасы демографиясы. Отбасында балаларды тәрбиелеудің негізгі механизмдері. Отбасы түрлері. Отбасының тәрбиелеушілік мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесі, оның әлеуметтік функциялары және мәселелері. Оқу-тәрбие ұйымдары. Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің рөлі. Мектептің әртүрлі типтері, мектептен тыс тәрбие ұйымдары. Қоғам мен мектеп байланысы.
Бала және жасөспірім ұғымдары. Жасөспірім Балалық субмәдениет және жасөспірм мен баланың әлеуметтік мәдени әлемі. Ұйымда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгеру. Балалар ұйымдарының өзіндік әлеуметтік орны. Ұйымдардың болашақ мақсаты - өз мүмкүндіктерінің жалғасын таба білуі, балалар қызығушылығымен жұмыс жасау.
«Ауытқушылық» және «норма» ұғымы. Тұлғаның дамуындағы ауытқушылықтың типтері: физикалық, психикалық, педагогикалық, әлеуметтік. Тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың себептері. Ауытқушылық теориясы. Жүріс-тұрысындағы ауытқушылықтың алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары. Әлеуметтік педагогтың девианттық мінез-құлықты балалармен, жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің әлеуметтік-психологиялық технологиялары.
«Қиын бала», «педагогикалық ықпалдан тыс қалған балалар» ұғымдарына түсінік. «Қиын бала» мәселелерін зерттеу және оларды тәрбиелеу. «Девиация» ұғымына түсінік. Девиантты мінез-құлық факторлары. Девианттылықтың патологиялық және патологиялық емес формалары. Девиантты мінез-құлықтың психологиялық негізі. Девиантты мінез-құлықты әлеуметтік бақылау.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің ерекшеліктері. Әлеуметтік педагогтың кәсібилігі. Әлеуметтік педагогтың этикасы мен кәсіби статусы. Әлеуметтік педагогтың өзін-өзі дамытуы мен өзіндік диагностикасы. Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетін жетілдірудегі педагогикалық рефлекция.
Технологиялық үдерістің негізгі компоненттері. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар жіктемесі. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың сипаты.
«Қамқорлыққа алу», «Қамқорлық жасау», «жетім балалар», «асырап алу» ұғымдары. Қазақстандағы баланы қамқорлыққа алу мәселелері. Қазіргі жағдайда жетім балаларды қамқорлыққа алу. Мемлекет қамқорлығына алған ұйымдардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар.
14. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы
Қазіргі отбасына көмек көрсету моделі. Отбасымен жұмыс жасаудың әлеуметтік моделі. Психологиялық-педагогикалық (психотерапиялық) модель. Диагностикалық модель. Медициналық модель. Отбасылық кеңес беру техникасы. Ата-аналар түзету топтары. Ата-аналарды оқыту бағдарламасы. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс жасау технологиясы.
Бала құқы туралы нормативтік құжаттар. Кәмелетке толмағандармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс түрлері. «ҚР Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында» еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты.
БҰҰ Бас Ассамблеясының «Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының мазмұны. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заң.
«Этнопедагогика» пәні
1. Этнопедагогика пәнінің міндеттері мен мақсаты
Этнопедагогика – этностардың тәрбиесі жөніндегі ғылым . Этнопедагогиканың пайда болуы мен дамуы. Этнопедагогика нысаны, пәні және қызметтері. Этнопедагогикалық ғылымдар жүйесі.
Халықтық педагогика этнопедагогиканың негізі ретінде. Халықтық педагогиканың зерттелуі. Отандық және шетелдік халымдар халықтық педагогика туралы. Халықтық педагогиканың деректемемесі. Ауыз әдебиеті, жазба мұралар халықтық педагогиканың өзегі.
Этнопедагогиканың ғылыми мәні. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі. Адамды әлеуметтендірудегі рөлі. Этнопедагогикалық қүбылыстарды оқып үйренудегі ғылыми көзқарастар. Этнопедагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Этнопедагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Этнопедагогикалық білім беру жалпы адамзаттық құбылыс ретінде.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі. Этнопедагогиканың даму кезеңдері. Ұлы ойшылдар, ағартушылардың этнопедагогикалық көзқарастары. Әл-Фараби, Қорқыт, А.Иассауи, Дулати, Тілеуқабылұлы, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Шоқан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.
Заңдар мен заңдылықтар. Тұжырымдамалар: этнопедагогикалық білім беру; Ғылыми революция теориялары; көпмәдениетті білім беру; гуманитарлық білім беру т.т. Мәліметтер: ғылыми; этнопедагогикалық. Білімді меңгеруді этнопедагогикалық тұрғыдан сипаттау, бағалау.
Тәрбие әдістеріне түсінік. Этнопедагогикалық тәрбие әдістерін айқындау. Тәрбие құралдары. Этнопедагогикада қолданылатын құралдар. Құралдарды және әдістерде таңдау. Жазба мұралар. Ауыз әдебиеті. Ертегілер мен аңыз әңгімелер. Батырлар жырлары.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын этнопедагогикалық тұрғыдан қалыптастыру. Этнопедагогика құндылықтары негізінде қалыптасқан тұлға моделі. Қазіргі мектептің негізгі этнопедагогикалық тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарастың маңызы және міндеттері.
Отбасында бала тәрбиесінде этнопедагогиканың алатын орны. Бесік жыры. Ата, апа тәрбиесі. Отбасындағы басқа мүшелердің ықпалы. Салт-дәстүр. Әдет-ғұрыптар. Тыйым сөздер, т.б.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы кезеңіндегі этнопедагогика ғылымының жағдайы.
Этнопедагогикалық білімдердің жүйеленуі. Этнопедагогикалық жаңаша көзқарастар. Этнопедагогика ғылымының өкілдері: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова т.б.
5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. Халитова И.Р. Әлеуметтік педагогика, 2009
2. Василькова Ю.В. Социальная педагогика. 2001
3. Мудрик А.В. Социальная педагогика / Под ред. В.А. Сластенина.- М.: Изд. центр «Академия», 2002.-200с.
4. Липский И.А. Социальная педагогика. Уч.пособие. -М.. 2004.
5. Агафонов А.Н., Буйнова Л.П. Социальная работа с молодежью девиантного поведения. - Петропавловск, 2001
6. Баймуканова М.Т. Социальная работа с семьей. - Караганда, 2004.
7. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: курс лекций. - М: Издательский центр «Академия», 1999.
8. История социальной педагогики: Хрестоматия /Под ред. М.А. Галагузовой.- М.: ВЛАДОС, 2000.- 544с.
9. Педагогика. Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
10. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С. Педагогика: Оқулық.-Алматы: Қазақ университеті, 2006
11. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен). -Алматы: Қазақ университеті, 2006
12. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998). Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева. -Алматы: Қазақ университеті, 2008
13. Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы. Алматы, 2008. 152 с.
14. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. Полный курс: учебник. М.: 2011. -797с.
15. Кожахметова К.Ж., Жетписбаева Б.А. Введение в сравнительную этнопедагогику. – Алматы.: «Әлем», 2003.
16. Брежнева Л.Н., Набоков И.Л., Щеглов В.И. Этнопедагогика. – М.: «Академия», 2008.
17. Волков Г.Н., Петрова Т.Н., Панькин А.Б. Введение в этнопедагогику. М., 2006. -368с.
1. Садвакасова З.М. В помощь социальному педагогу или как работать с трудными детьми. УМП., Изд-во «ДОИВА»., 2008
2. Әлқожаева Н.С., Төлешова Ұ.Б. Әлеуметтік-педагогикалық практиканы ұйымдастыру жолдары: оқу-әдістемелік нұскау. Алматы: Қазақ университеті, 2009.
3. Андреева И.Н. Антология по истории и теории социальной педагогики. М., 2000
4. Социальная педагогика: курс лекций / Под ред. М.А. Галагузовой.-М.: ВЛАДОС, 2000.
5. Вульфов Б.З. Иванов Б.Д. Основы педагогикаи Уч. Пособие.
6. Сластенин В.А. Педагогика. М., 2000
7. Мустаева Ф.А. Социальная педагогика: учебник. - М.: Академический проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528с.
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожаева Н. С., п.ғ. к., доцент Касен Г. А., аға оқытушы Жұмабекова Қ. Б
04 09 2014
1 стр.
Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожае
23 09 2014
1 стр.
Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәй
05 09 2014
1 стр.
Бағдарлама «шифр-мамандық атауы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар б.ғ. д., проф. Айдосова С. С., б.ғ. д.,проф
04 09 2014
1 стр.
Л-фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қоғамдық бірлестігінің ресми атауы: «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ғылыми қоғамы»
15 10 2014
1 стр.
16 12 2014
1 стр.
«органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан
04 09 2014
1 стр.