Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде БЕКІТІЛГЕН

хаттама №_______________

«___»_______ 2012 жыл




6D072100 - «ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ Ph.D ДОКТОРАНТУРАСЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бұл бағдарлама «6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыбілімдендіруші стандарты негізінде құрастырылған. Бағдарлама құрастырушылар х.ғ.д., проф. Г.А.Мун., х.ғ.к., доцент Мамутова А.А.

Бағдарлама органикалық заттар және полимерлер химиясы мен технологиясының кафедра мәжілісінің отырысында қаралған.
Хаттама № ____ _______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі

х.ғ.д., профессор _______________ Ж.А. Әбілов

Химия және химиялық технология факультетінің әдісбюросының мәжілісінде расталған


Хаттама № ______ _______________ 2012 ж.
Әдісбюро төрайымы

х.ғ.к., доцент _____________________ Л.И. Сыздыкова

Ғылыми кеңес отырысында бектілген
Хаттама № ____ ___________ 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы

Факультет деканы _________________ Е.К. Оңғарбаев
Ғылыми хатшы __________________ А.С. Түсіпбекова



МАЗМҰНЫ


  1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты мен тапсырмалары.

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты Ph D докторантурасына түсушілердің білім дәрежесін анықтау және бағалау.

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының негізгі тапсырмасы Ph D докторантурасына түсуші химиялық құбылысты түсінуде ойлау қабілетін арттыру, формуланың көптүрлілігін және байланыстар мен заңдылықтарды анықтайтын реакцияларды көру мен таба алу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстарға қабілеттілігін арттырумен қорытындылады.

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының формасы – жазбаша. Емтихан тапсырушы өзінің билетіндегі сұрақтардың жауабын өзінің жауап парағына жазады. Жауап парағы шифрленген түрде болады және оны комиссия тексереді.


  1. Ph Dдокторантурасына түскен маманды дайындауға қойылатын талап – негізгі ғылыми немесе кәсіби дайындығы болуы тиіс, қазіргі заманауи ақпараттық технологияны меңгеру, алу әдістерді білу, ғылыми ақпаратты өңдей және сақтай алу, қазіргі заманауи ғылыми және практикалық проблемаларды ұйымдастыра және шеше алу, органикалық заттардың химиялық технологиясы бағыты бойынша ғылыми-зерттеу, эксперименталды- зерттеу кәсіпті ұйымдастыратын және жүргізе алу, зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыра алуы тиіс.

  2. Білімдендіруші бағдарламаның пререквизиттері – Органикалық заттарды қайта өңдеудің қазіргі технологиясы – Органикалық химия және органикалық заттардың химиялық технологиясы дамуының қазіргі тенденциясы. Өндірістің технологиялық процестері, мұнай, газ, көмір, химиялық өндіріс қалдықтарын, өсімдік және жануар шикізаттарын қайта өңдеу теориясы мен практикасының қазіргі сұрақтары. Негізгі органикалық және мұнайхимиялық синтезі технологиясының жүйелік заңдылықтары. Технологиялық құрылғы мен өндіріс кешендерінің қазіргі моделдері.

Ұсақ органикалық синтез технологиясы дамуының қазіргі тенденциясы. Синтетикалық және табиғи биологиялық белсенді заттарды алу технологиясының қазіргі проблемалары. Өсімдік шикізатынан табиғи биологиялық белсенді заттарды алудың қазіргі әдістері. Фитопрепараттар алудың технологиялық параметрінің оптимизациясы.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі

Пәндер

4.1. Полимерлердің химиясы мен технологиясының қазіргі проблемалары.

Тақырып 1. Радикалды процестердегі мономерлердің реакциялық қабілеті.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Идеалды реакциялық қабілеттің теориясы. Антибитаттылық ережесі. Стирол мен винилацетаттың радикалды полимеризациясы.



Тақырып 2. Идеалды сополимеризация.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Идеалды сополимеризациядағы реакциялық белсенділік. Сополимеризация константасын анықтау. Азеотропты сополимеризация.



Тақырып 3. Радикалды сополимеризациядағы полярлы факторлардың рөлі.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Идеалды сополимеризациядан бас тарту. Электронно-акцепторлы және электронно-донорлы мономерлер. Алфея-Прайса схемасы.



Тақырып 4. Кешенді-радикалды полимеризация ерекшеліктері.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Льюис қышқылы түріндегі кешентүзуші қатысында винилді мономерлердің полимеризациясы; тізбектің мономерге деградационды берілуі, кешентүзуші қатысында аллил мономерінің полимеризациясы.



Тақырып 5. Кезектесетін сополимеризация.

Бұл тақырыптың сұрақтары -Кезектесетін сополимеризациядағы тізбектің өсу механизмінің әртүрлі модель түрлері. Ауыспалы күй, донорлы-акцепторлы кешен. Өсуші радикалдағы соңғы тізбек табиғатын анықтау, электронодонорлы кешеннің «гомополимеризациясы», мономерлердің альтернативті қосылуы, кезектесетін сополимерзациядағы тізбек өсуінің кешенді-радикалды механизмі.



Тақырып 6. Радикалды сополимерзацияның кинетикасы мен механизмін зерттеудегі спинді ловушка әдісін қолдану.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Спинді ловушка әдісін қолдана отырып иницирленген радикалды полимеризациядағы кинетикалық константасының абсолюттік мәнін анықтау. Реакцияның кинетикасы мен механизмін зерттеу, радикалды сополимерзацияның моделдеуші элементарлы процестері.



Тақырып 7. Кезектесетін сополимеризацияның өсу мезанизмін зерттеу.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Кезектесетін сополимеризация әдістерін зерттеу (кинетикалық әдіс, спинді ловушка әдісі, ЯМР-спектроскопия әдісі). Кезектесетін сополимерзация ингибирлерінің ерекшеліктері. Кезектесетін сополимерзация зерттеуі мен осы процестің практикалық қолданысының соңғы жетістіктері.



Тақырып 8. «Тірі тізбектегі» радикалды полимерзация.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Төменгі және жоғары дәрежелі конверсия қатысында радикалды полимерзация реакциясындағы тізбек үзілуіндегі кешентүзушінің ерекше эффектілері. Үздіксіз радикалды постполимеризация. «Тірі» тізбек режиміндегі радикалды полимеризация. Псевдотірі радикальная полимеризация, қайтымды ингибирлеу механизмі. Блок-сополимер алу үшін псевдотірі радикалды полимеризацияны қолдану перспективтері.



Тақырып 9. Полимерлердің радиационды химиясының қазіргі жетістіктері.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Қиынполимерленетін мономерлердің радиационды полимеризациясы. Радиационды тігілу мен радиационды егілетін полимеризация әдісінің полимерлі материал модификациясы. Радиационды-химия әдісін қолдана отырып полимерлі биоматериал алу.



Тақырып 10. Макромолекулааралыұ реакциялар.

Бұл тақырыптың сұрақтары - Комплементарлық және кооперативтілік. Интерполиэлектролитті кешен түзілу механизмі (ИПЭК). Поликешен табиғаты, олардың құрамы мен тұрақтылығына әртүрлі факторладың әсері.



Тақырып 11. Полиэлектролитті кешен алу амалдары (ПЭК).

Бұл тақырыптың сұрақтары – Ерігіш ИПЭК физико-химиялық негіздері. ПЭК негізіндегі пленкалар. Араласпайтын екі сұйықтық шекарасындағы полиэлектролит кешені негізінде композициялы пленка алу.



Тақырып 12. Сутектік байланыс арқылы түзілген интерполимерлі кешендер (ИПК).

Бұл тақырыптың сұрақтары – Ионды емес полимерлердің поликарбон қышқылдарымен, интерполимерлі кешендермен, сутектік байланыс арқылы тұрақтанған кооперативті интерполимерлі реакциялар. Макромолекулааралық сутектік байланыс түзілу механизмі, процесс термодинамикасы.



Тақырып 13. Ионды емес полимерлердің поликарбон қышқылдарымен кешентүзілу процесіндегі критикалыққұбылыстары.

Бұл тақырыптың сұрақтары –Протоноакцепторлы полимерлер табиғаты. Интерполимерлі кешендер, тұрақтылық факторлары, гидрофобты әрекеттесу рөлі. Критикалық рН, молекулярлыя масса, белсенді компонент мазмұны. Кешентүзілуге еріткіш табиғатының әсері.



Тақырып 14. Макромолекулааралық реакцияларды зерттеудің әдістері.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Сутектік байланыс арқылы түзілген ИПК тұрақтылығына ионды күштің әсері. Интерполимерлі реакцияларды зерттеуге люминесцентті спектроскопия әдісін қолдану. Интерполимерлі гидрофильді ассоциаттар, олардың болу аймақтары.



Тақырып 15. Суда ерігіш стимул-сезімтал полимерлер.

Бұл тақырыптың сұрақтары – анионды, катионды, амфортты түрдегі рН- сезімтал полимерлер. Температура мен ортаның ионды күшінің ерекше әсерлері.Полиамфолиттің изоионды және изоэлектрлі нүктелері.



Тақырып 16. Термосезімтал суда ерігіш полимерлер.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Полимерлер ерігіштігінің термодинамикасы. Полимерлердің суда еруінің төмен критикалық температурасы, қажетті жағдайлар. Термосезімтал полимер синтезіндегі жаңа жақындасулар.



Тақырып 17. Интеллектуалды полимерлер түріндегі полимерлі гидрогелдер.

Бұл тақырыптың сұрақтары –Судағы полимерлі гидрогелдердің тең салмақтағы ісіну дәрежесі. Физикалық және химиялық тігілген полимерлі сеткалар. Полимерлердің химиялық тігілуі, тігілетін полимеризация, тігуші агенттер. Массадағы және ерітіндідегі макромолекуланың радиационды тігілуі. Полимерлі гидрогелдердің негізгі құрылымдық параметрлері және сетка дефектілері.



Тақырып 18. Ісінгіш гидрогелдерге әсер етуші күштің табиғаты.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Ионды емес және ионды гидрогелдер ісінуінің ерекшеліктері. Полимерлі гидрогелдер ісінуінің жалпы қысымына әртүрлі факторларды ендіру. Гидрогелдер ісінуінің осмотикалық теориясы.



Тақырып 19.Полимерлі гидрогелдердегі фазалы ауысулар.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Гидрогелдердегі үздіксіз және дискретті колапс, ағу жағдайлары. Анионды, катионды, полиамфолитті гидрогелдер. Ісіну параметріне ионды күштің әсері.



Тақырып 20. Термосезімтал гидрогелдер.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Гидрогелдердің термоиндуцирленген коллапсы. Ауыспалы фаза температурасына әртүрлі факторлардың әсері. Беттік-белсенді заттармен әрекеттесу.



Тақырып 21. Полимерлі композициялы материалдар.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Полимерлі композициялы материалдардың негізгі түрлері (ПКМ) (толтырылған полимерлер, армирленген полимерлер, қоспалар).Толтырғыштардың негізгі алу принциптері және түрлері ( П.А.Ребиндер бойынша). ПКМ үшін армирленген талшықты толтырғыштар (шынылы, органикалық, көміртекті және т.б. талшықтар). Дисперсті толтырғыштар (бейорганикалық, полимерлі және т.б). ПКМ үшін байланыстырғыштар құру проблемалары.



Тақырып 22. Полимерлі коипозициялы материалдарды күшейтудің физико-химиялық аспектілері (ПМК).

Бұл тақырыптың сұрақтары – Шыныпластик, термопласт алудың технологиясы. Өзараенуші полимерлі торлар. ПКМ градиентті қасиет ендіру әдістері. Полимерлі композициялы материалдардың физико-механикасы. Қажетті эластика режиміндегі деформация, «есте ұстау эффектісімен» полимерлі материалдар.



Тақырып 23. Полимерді өңдеудің физико-химиялық негізі.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Полимерлердің шыны және кристал тәріздес күйлері. Амрфты және кристалды полимерлер үшін жоғары эластикалық күй түзудің жағдайлары. Аморфты және кристалды полимерлер үшін қажетті эластикалы құбылыстар.



Тақырып 24. Полимерлерді өңдеуде қажетті эластика құбылысын қолдану.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Полимердің беріктігін жоғарылату ретінде полимерлерді бағыттау. Бағытталған полипропилен алу технологиясы. Қажетті эластика режимінде полимерлі заттарды жасау.



Тақырып 25. Есте сақтау эффектісі бар полимерлерді алу технологиясы.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Шыны түріндегі және кристалл күйдегі заттарды жасау. Термоорнықтырылған полиэтилен алу технологиясы. Практикалық қолдану аймақтары.



Тақырып 26. Тұтқыр ағатын күйдегі полимерлерді өңдеу.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Тұтқыр ағатын режимдегі полимерлі пленка мен талшық жасаудың физико-химиясы. Тұтқыр ағатын полимерлердің арнайы ерекшеліктері. Физико-механикалық қасиеттің анизотропиясы.



Тақырып 27. Полимерлі материалдардың классификациясы.

Бұл тақырыптың сұрақтары - Қолдану және белгілеу аумағы бойынша полимерлердің классификациясы. Полимерлі фаза табиғатына орай полимерлі материалдар классификациясы, сондай-ақ процесс, өндіріс, өңдеу барысындағы физико-химиялық және химиялық айналымдардың ерекшеліктері.



Тақырып 28. Пластикалық массалар, алынуы мен қолданыуы.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Элементорганикалық полимер негізіндегі пластмассалар. Кремнийорганикалық полимерлер. Алюминий, фосфор, титаны бар полимерлер. Химиялық модифицирленген полимер негізіндегі пластикалық массалар. Қанықпаған көмірсутектердің химиялық модифирленген полимерлері, олардың галогентуындылары.



Тақырып 29. Талшықтүзуші полимерлер.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Физико-химиялық және құрылымдық-механикалық қасиетті талшықтүзуші полимерлер кешендеріне қойылатын негізгі талаптар. Термопластикалы және ерігіштік, тармақталу дәрежесі, макромолекула иілгіштігі, құрылым жүйелілігі, полярлы және реакцияға қабілетті топтың болуы.



Тақырып 30. Арнайы берілген каучуктер.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Каучуктың әртүрлі түрлері: бутадиен-нитрилді, полисульфидті, кремнийорганикалық, фторлы, акрилатты, уретанды, хлорсульфирленген полиэтилен. Физико-химиялық қасиеттің спецификасы, алу әдістері, өнекәсіптік өндірісті дамыту және болашағы.



Тақырып 31. Резіңке алу мен сипаттама.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Каучукты резіңке түрінде өңдеудің негізігі технологиялық принциптері. Тапсырыс бойынша резіңке классификациясы (термотұрақтые, суыққа төзімді, агрессивті ортадағы май- және бензотұрақты, электрөткізгіш, диэлектрлі, радиационды тұрақты).



Тақырып 32. Биомедициналық қазіргі полимерлердің химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Биомедицина тапсырысындағы полимерлер классификациясы. Жеке физиологиялық белсенді полимерлер. Дәрілік затын бақылаушы жүйе құрудың негізгі принциптері. Медицинадағы полимерлі гидрогелдер қолданудың болашағы.



Тақырып 33. Нанотехнология және полимерлі нанохимияға кіріспе.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Нанотехнология мен нанохимия дамуына шолу. Нанотехнология пайда болуының тарихы. Аса жасырынған және бағалы қасиеті бар заттарды қолдану технологиясы. Наноэффект туралы түсінік. Нанокомпозициялы полимерлі материалдар. Полимерлі матрица мен армирпенген наномерлі элемент арасындағы фаза аралық әрекеттесу ерекшеліктері. Макро- және нанодәрежелі әрекеттесу. Нанокомпозициялы полимерлі материалдардағы адгезионды беріктік. Механикалық, химиялық, диэлектрлі, жылуфизикалық қасиеттері бар полимерлі композициялы материал алу.



Тақырып 34. Бимедицинаға қажет полимерлі наноматериалдар.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Наноразмерлі дәрілік заттар (ДЗ), капсулалар, наногелдер. Микро- және нанокапсула арасындағы принципиалды айырмашылығы. Нанонотасымалдағышы бар вена ішіне салатын , сондай-ақ бұлшық етке инъекционды егілетін ДЗ. Пролангация эффектісі және ДЗ шығуын бақылаушы. Нанокүмісі бар, байланатын гидрогелді материалдар.



Тақырып 35. Дәрілік материалдар иммобилизациясы.

Бұл тақырыптың сұрақтары – Полимерлердегі дәрілік материалдарды иммобилизациялау. Тігісі нашар полимерлі материалдарды қолдану мүмкіндіктері – дәрілік заттарды тасымалдайтын гелдер.


4.2. Органикалық заттарды қайта өңдеудің қазіргі технологиясы.

Тақырып 1. Органикалық заттардың қазіргі күйі және оның ғылымдағы даму тенденциясы.

Бұл тақырыпта бағалы кешендік қасиеті бар органикалық заттарды қайта өңдеу технологиясына жаңа көзқараспен қарау сұрақтары қарастырылған. Өндірістің мұнайхимиялық саласы – органикалық заттар өнеркәсібінің негізі. ҚР мұнайхимиясы мен мұнайды қайтаөңдеу өнеркәсібінің даму көрінісі және қазіргі жағдайы. Органикалық және мұнайхимиясының синтезі үшін шикізат алудың негізгі әдістері және технологиясы. Өндірістің технологиялық процесін интенсифтендіру және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу.


Тақырып 2. Химиялық технологияны зерттеу объектілері.

Бұл тақырыпта органикалық заттар, мұнай, мұнайөнімдері туралы сұрақтар қарастырылған. Жоғарғымолекулалық қосылыстар. Биологиялық белсенді заттардың бағытталған синтезі.



Тақырып 3. Көмірсутек шикізатын қайтаөңдеудің қазіргі технологиясы.

Бұл тақырыпта органикалық заттардың химиялық технологиясы сұрақтары қарастырылған: мақсаты және пән тапсырмалары. Органикалық заттардың химиялық технологиясы дамуының негізгі бағыттары.



Тақырып 4. Қазақстанның өндірісінің мұнайхимиялық шикізат базасы. Бұл тақырыпта Қазақстандағы органикалық синтез шикізатын қайта өңдеуден алынған өнімдерді қолдану сұрақтары қарастырылған. Қазақстандағы жолай газдарды пайдалану.

Тақырып 5. Мұнай, газ және көмір өндірісі мен қайтаөңдеу аппараттары және оны қондыру.

Бұл тақырыпта ретификациялық бағаналарды түйістіре орнату сұрақтары қарастырылған. Вакуумдық бағанадағы конденсирленген-вакуум беруші кешен қарастырылған. Трубалы пештер және жылуалмастырғыш-тоңазытқыш құрылғылар.



Тақырып 6. Галогендеу реакциясының химиясы.

Бұл тақырыпта радикалды-тізбекті галогендеу технологиясының сұрақтары қарастырылған. Ионды-каталитикалық галогендеу технологиясы. Фторлау реакциясының технологиясы. Көмірсутектерді галогендеу қазіргі технологиясы.



Тақырып 7. Изомерлену реакциясының химимясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта көмірсутектерді изомерлеудегі катализаторлардың қазіргі технологиясы сұрақтары қарастырылған. Жаңа және жетілген катализаторлар (КМЦУ-Б. Микроцеокар, ГМЦ, КО-9, ОГР-1). Мұнай көмірсутекті шикізатты қайтаөңдеуге катализатор құрамының әсері және оның механизмі.



Тақырып 8. Гидрлек реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта гидрлеу қанықпаған көмірсутектерді қайтаөңдеу әдісі ретінде қарастыру сұрақтары берілген. Гидрлек аромат көмірсутектерін қайтаөңдеу әдісі ретінде.



Тақырып 9. Дегидрлеу реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта көмірсутектерді дегидрлеу процесінің сұрақтары қарастырылған. Жеңіл көмірсутектерді өнеркәсіптік дегидрлеу технологиясы. Көмірсутектерді каталитикалық дегидрлеу амалдары. Метанды крекинглеу арқылы ацетилен өндірісі.



Тақырып 10. Мұнайөнімдерін тотықтыру.

Бұл тақырыпта олефиндерді тотықтыру реакциясының технологиясы сұрақтары қарастырылған. Қаныққан көмірсутектерді тотықтыру технологиясы. Көмірсутектің тотыққан өнімдерін бөлудің қазіргі әдістері.



Тақырып 11. Сульфаттау реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта О- және С-сульфаттау технологиясы сұрақтары қарастырылған. Қанықпаған көмірсутектерді сульфирлеу технологиясы. Аромат қосылыстарын сульфирлеу. Процестің химиясы мен теориялық негізі. Аромат көмірсутектерін сульфирлеуден алынған өнімдер. Сульфирлеу процесінің технологиясы. Парафиндерді сульфирлеу. Сульфохлорлау. Сульфототықтыру.



Тақырып 12. Нитрлеу реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта көмірсутектерді нитрлеу технологиясы сұрақтары қарастырылған. Нитрлеудің теориялық негізі. Нитрлеу жайлы жалпы түсінік. Нитрлеу процесінің кинетикасы. Нитрлеуші белсенділік факторы. Аромат көмірсутектерін нитрлеу механизмі. Нитробензол өндірісінің өнеркәсібі. Нитробензол жайында жалпы мәлімдеме. Нитробензол алу процесі. Бензолды нитрлеу процесіне түсіретін аппараттар. Нитробензолды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі. Экология. Нитрлеудің жаңа технологиясын жасау.



Тақырып 13. Гидролиз реакциясының хмимясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта органикалық молекулалардың функционалды туындыларын гидролиздеу технологиясы сұрақтары қарастырылған. Хлортуындыларын гидролиздеу және сілтілік дегидрохлорлау. Хлортуындыларын гидролиздеудің химиясы мен теориялық негізі. Хлоролефиндер өндірісі және сілтілік дегидрохлорлаудың а-тотықтары. Гидролиз реакциясы бойынша спирттер мен фенолдардың өндірісі.



Тақырып 14. Этерификация реакциясының химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта карбон қышқылдарын этерификациялау технологиясы сұрақтары қарастырылған. Этерификация процесі. Этерификация процесінің химиясы мен теориялық негізі. Этерификация процесі бойынша алынған күрделі эфирлер, және оның қолданылуы. Этерификация процесінің технологиясы. Қышқылдардың азотты туындыларын этерификациялау.



Бөлім 2. Органикалықзаттарды өңдеу технологиясындағы мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысын дамытудың қазіргі күйі және негізгі бағыттары.
Тақырып 15. Қазіргі қондырғы сипаттамасы.

Бұл тақырыпта қазіргі АТ және АВТ қондырғылары жайлы сұрақтар қарастырылған. АТ және АВТ қондырғыларының негізгі аппаратын құру. Қалдықты атмосферада айдау және вакуумда айдаудың технологиялық схемасын құру.



Тақырып 16. Мұнай қалдықтарын өңдеу процесінің классификациясы.

Бұл тақырыпта деструктивті процестің шикізаты ретінде мұнай қалдықтарына сипаттама сұрақтары қарастырылған. Мұнай қалдықтарын термолиздеудің негізгізаңдылықтары. Шикізат сапасының әсері және мұнай қалдықтарының термолиздеу процесінің технологиялық параметрлері.



Тақырып 17. Жай кокстеу қондырғысын құру.

Ине тәрізді кокстеу өндірісі технологиясының ерекшелігі сұрақтары қарастырылған. Термоконденсациялау арқылы мұнайпектерінен пек алу процестері.



Тақырып 18. Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің жаңа гидротермиялық процестері

Бұл тақырыпта қарастырылған сұрақтар -

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері - гидровисбрекинг,

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері – гидропиролиз,

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері динакрекинг.

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің гидротермиялық процестері ков - донорно-сольвентті крекинг.



Тақырып 19. Ауыр мұнай қалдықтары мен қатты отындарды өңдеудің термототыққан процестері.

Бұл тақырыпта флексикокинг процесінің сұрақтары қарастырылған. Ауыр мұнай қалдықтарын қазіргі жаңа модификациямен және перспективті өңдеулері.



Тақырып 20. Жаңа және жетілген катализаторлар.

Бұл тақырыптағы сұрақтар – КМЦУ-Бх, Микроцеакар, ГМЦ, КО-9 түріндегі катализаторлар, мұнайды өңдеуде және мұнайхимиясы синтезінде қолданылады. Мұнай және көмірсутек шикізатын өңдеуде катализатор құрамының әсері және оның механизмдері.



Тақырып 21. Мазут пен мұнайды терең өңдеудегі комбиниоленген жүйелер.

Бұл тақырыпта ЛК-6У, ГК-3, КТ-2 комбинирленген қондырғысының технологиялық және потокты жүйелерінің сұрақтары қарастырылған, оның ерекшеліктері мен сиапаттамасы. Шет елдік НПЗ технологиялық және потокты жүйесі және оның аса ерекшеліктері.



Тақырып 22. Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз кешенінің дамуы.

Бұл тақырыпта Қазақстандағы мұнайгаз аумақтары жайлы сұрақтар қарастырылған. Органикалық заттарды алудың технологиясының даму перспективтілігі.



Тақырып 23. Мұнайөнімдерін тазалаудың қазіргі әдістері.

Бұл тақырыпта төмен және жоғары парафиндер, олардың қасиеттері сұрақтары қарастырылған. Төмен парафиндерді алудың көздері, оның сипаттамасы. Төмен парафиндерді бөлу амалдары.



Тақырып 24. Бензиндерді жақсартудың технологиялық схемасы.

Бұл тақырыпта платформинг және ароматтау схемасы сұрақтары қарастырылған.



Тақырып 25. Органикалық заттарды өңдеу процесінің жалпы технологиялық заңдылықтары.

Бұл тақырыпта технологиялық процесінің жалпы оптимизациялау әдістері сұрақтары қарастырылған. Технологиялық процесті оптимизациядың арнайы әдістері.



Тақырып 26. Материалды баланс және оның сипаттамасы.

Бұл тақырыпта химия өндірісінің негізгі түрінің блок-схемасы сұрақтары қарастырылған. Технологиялық циклдің сатылы материалды балансы. Технологиялық циклдің толық материалды балансы.



Тақырып 27. Энергетикалық баланс және оның сипаттамасы.

Бұл тақырыпта технологиялық процестің сатылы энергетикалық балансы сұрақтары қарастырылған. Технологиялық процестің толық энергетикалық балансы.



Бөлім 3. Полимерлі материалдар өндірісі мен өңдеудің қазіргі процестері

Тақырып 28. Полимер мен полимер материалдар өндірісі мен өңдеудің технологиялық процесінің қазіргі теория сұрақтары мен практикасы:

Бұл тақырыпта қарастырылған сұрақтар -

Пластмасс өндірісі мен өңдеуі

Эластомер өндірісі мен өңдеуі

Жамылғы мен талшық өндірісі мен өңдеуі

Тақырып 29. Пластмассалар – болашақтың инфрақұрылымын дамытудың негізі және технологиясы.

Бұл тақырыпта қысым, престеу, экструзивті-үрлеу формалау, термоформалау жапырақ рулонды материалдарды лить әдісімен пластмассаны өңдеудің қазіргі технологиясы мен жабдығы.



Тақырып 30. Асажоғарымолекулалық полиэтилен, атылғыш престеу арқылы алынған.

Бұл тақырыпта ароматты термопласт қасиетіне жаратын өңдеудің әсері сұрақтары қарастырылған. Талшықты технология өндірісі және термопласты композициялы материалдар бұйымдарын өңдеу.



Бөлім 4. Жаңа композициялы полимер материалдары. Бағытталған синтез реакциясының химиясы мен технологиясы.

Тақырып 31. Жаңа композициялы полимер материалдарын қолданудың практикалық аспектілері.

Бұл тақырыпта ауыл шаруашылығында полимер материалдарын қолданудың практикалық аспектілері сұрақтары қарастырылған.

Құрылыста полимер материалдарын қолданудың практикалық аспектілері.

Биотехнологияда полимер материалдарын қолданудың практикалық аспектілері.

Мембраналы технологияда полимер материалдарын қолданудың практикалық аспектілері.

Тақырып 32. Полимерлі гидрогелдер

Бұл тақырыпта полимер гидрогелдер сұрақтары қарастырылған – функционалды композициялы материалдардың жаңа түрлерң. Поли капролактон және акрил қышқылының негізінде гидрогелдер синтезі. Тігілген полимер түзілу заңдылықтары.



Тақырып 33. Дәрілік материалдар иммобилизациясы.

Бұл тақырыпта дәрілік материалдардың полимердегі иммобилизациясы сұрақтары қарастырылған. Нашартігілген полимер материалдарының қолдану мүмкіндіктері – гелдер дәрілік заттарды тасымалдаушы ретінде.



Тақырып 34. Ауыл шаруашылығы үшін жаңа физиологиялық белсенді полимерлі препараттар.

Бұл тақырыпта қоңыр көмірден алынған гуминді препараттардың физиологиялық белсенділігі сұрақтары қарастырылған. Гуминді препараттар – құрамы ауыспалы табиғи жоғарғымолекулалы аромат қышқылдар топтары.



Тақырып 35. Биотиімді органикалық биологиялық белсенді заттар химиясы мен технологиясы.

Бұл тақырыпта мақсатталған заттар ерігіштігін төмендету технологиясы сұрақтары қарастырылған. Мақсатталған заттар ерігіштігін жоғарылату технологиясы.



Тақырып 36. Органикалық заттар технологиясындағы молекулалы моделдеу әдістері.

Бұл тақырыпта бағытталған синтез реакциясының химиясы мен технологиясы сұрақтары қарастырылған. Бағытталған синтез технологиясына функционалды жақындасу.



Тақырып 37. Органикалық заттар өндірісіндегі стандарттау әдістері.

Бұл тақырыпта Органикалық заттар өндірісіндегі мақсатталған өнімді стандарттау сұрақтары қарастырылған. Органикалық заттар өндірісіндегі сапаны бақылау әдістері. Өндірістік циклдегі сатылы технологиялық бақылау.



5. Емтиханның мысал сұрақтарының тізімі

5.1. Полимерлердің химиясы мен технологиясының қазіргі проблемалары.


1. Радикалды полимеризациядағы полярлы факторлардың рөлі.

2. Идеалды сополимеризация.

3. Эмульсионды полимеризацияның механизмі мен кинетикасы.

4. Молекулааралық процестердегі кешентүзілу әдісін зерттеу.

5. Кешентүзілу процесіндегі критикалық құбылыстар. Критикалық рН, молекулалық масса.

6. Ионды емес полимерлер және поликарбонды қышқылдар қатысындағы кешентүзілу реакциясына гидрофобты өзара әсерлесудің әсері.

7.М1 және М2 мономерлерінің радикалды сополимерленуі кезінде бастапқы мономер қоспасындағы (БМҚ) кез келген қатынастағы концентрациясында кезектесетін сополимер тізбегі түзіледі. Бұл жағдайда М1 және М2 үшін сополимеризациялаудың константалары қандай мәнге ие? Берілген жүйеге сополимердің құрамы бойынша диаграмма тұрғызыңыз (сополимер мен БМҚ құрамының тәуелділігі бойынша). Не себепті кезектесетін сополимер түзіледі.

8.Полимерлерді синтездеудің қандай әдісінде (полимеризация немесе поликонденсация) молекулалық массасы жоғары полимер бірінші түзіледі? Жауапты түсіндіріңіз.

9.Фотохимиялық және радикалды полимерлеудің заттық иницирлеу реакцияларының айырмашылығы қандай? Полимеризациялаудың жалпы жылдамдығына және фотохимиялық және заттық иницирлеу кезінде түзілетін полимерлердің молекулалық массасына температураның артуы қалай әсер етеді? Жауапты түсіндіріңіз.

10.Радикалды полимеризациялаудың бастапқы сатыларында алынған полимердің молекулалық массасын қалай азайтуға болады? Мысал келтіріңіз.

11.Элементарлы сатыдағы қандай кинетикалық константаларды ауыстырғанда әдетте метилметакрилаттың радикалды полимеризациясы кезіндегі терең дәрежеде ауысқан гель-эффекттің түзілуі түсіндіріледі? Жауапты түсіндіріңіз.

5.2. Органикалық заттарды өңдеудің қазіргі технолгиясы.


1. Органикалық қосылыстардың көздері, мақсатталған өнімдегі оларды қайта өңдеудің негізгі амалдары.

2. Аромат көмірсутектерін алу көздері: пиролиз, мұнайөнімдерін рифорингтеу және тас көмірді кокстеу.

3. Олефин фракцияларын концентрлеу және бөлу.

4. Мұнай құрамы, оның классификациясы, өңдеуге мұнайды дайындаудың маңызы.

5. Мұнайды өңдеудің жалпы схемасы. Мұнайды алғашқы өңдеу.

6. АВТ қондырғысының технологиялық схемасы. Тура айдау өнімінің құрамы.

7. Мұнайды өңдеуге дайындау, тұрақтандыру, тұзсыздандыру. Принципиалды схемасы.

8. Полиэлектролитті кешен тұрақтылығына ионды күштің әсері.

9. Гидрогель-сызықты полимер жүйесіндегі қосылулар.

10. Полимерлерді өңдеудңі қазіргі технологиясының физико-механикалық негізі.

11. М1 және М2 мономерлерінің радикалды сополимерленуі кезінде бастапқы мономер қоспасындағы (БМҚ) кез келген қатынастағы концентрациясында кезектесетін сополимер тізбегі түзіледі. Бұл жағдайда М1 және М2 үшін сополимеризациялаудың константалары қандай мәнге ие? Берілген жүйеге сополимердің құрамы бойынша диаграмма тұрғызыңыз (сополимер мен БМҚ құрамының тәуелділігі бойынша). Не себепті кезектесетін сополимер түзіледі.

12. Полимерлерді синтездеудің қандай әдісінде (полимеризация немесе поликонденсация) молекулалық массасы жоғары полимер бірінші түзіледі? Жауапты түсіндіріңіз.

13. Фотохимиялық және радикалды полимерлеудің заттық иницирлеу реакцияларының айырмашылығы қандай? Полимеризациялаудың жалпы жылдамдығына және фотохимиялық және заттық иницирлеу кезінде түзілетін полимерлердің молекулалық массасына температураның артуы қалай әсер етеді? Жауапты түсіндіріңіз.

14. Органикалық заттар өндірісіндегі тәжірибиелерді сертификаттау методологиясы.



6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

  1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.:Академия, 2003, 368

  2. Власов С.В., Кандырин Л.Б., Кулезнев В.Н., Марков А.В., Симонов-Емельянов И.Д., Суриков П.В., Ушакова О.Б. Основы технологии переработки пластмасс // учебник для вузов. М.: Мир, 2006, - 600 с.

3. Ергожин Е.Е., Зезин А.Б., Сулейменов И.Э., Мун Г.А. Гидрофильные полимеры в нанотехнологии и наноэлектронике (монография) / Библиотека нанотехнологии, Алматы-Москва: LEM, 2008, 214 с.

4. Мун Г.А., Сулейменов И.Э., Зезин А.Б., Абилов Ж.А., Джумадилов Т.К., Измайлов А.М., Хуторянский В.В. Комплексообразование с участием полиэлектролитов: Теория и перспективы использования в наноэлектронике (монография) / Библиотека нанотехнологии. Выпуск 2. Алматы – Москва-Торонто – Рединг: Изд-во LEM, 2009, 256 с.

5.. Н.Н.Лебедев Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза, 6-е изд. - М.: Химия, 2006. – 592с.
6. В. С.Тимофеев, Л. А.Серафимов. Принципы технологии основного органического и нефтехимического синтеза. - 3-е изд.- М.: ВШ, 2007.-536с.
7. В.В.Кафаров, К.Н.Дорохов, Э.М Кольцова. Системный анализ процессов химической технологии.- М.: Химия, 2003. -368с.
8. В.В.Кафаров. Принципы создания безотходных химических производств.- М.: Химия, 1996. - 288с.
9. Р.А.Музычкина, Д.Ю.Корулькин, Ж.А.Абилов. Технология производства и анализ фитопрепаратов.- Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 356 с.


  1. Реутов О.В., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия М.: Лаборатория знаний. –2004. В 4-х книгах.

  2. Илиэл Э. Основы стереохимии. М.: Бином. Лаборатория знаний. – 2005

  3. Илиэл Э., Вайден С., Дойл М. Основы органической стереохимии. М.: Бином. Лаборатория знаний. – 2007. – 703 с.

  4. Ли Дж. Дж. Именные реакции. Механизмы органических реакций. М.: Бином. Лаборатория знаний. – 2006. – 456 с.

  5. Кери Ф, Сандберг Р. Углубленный курс органической химии. М.: Химия, - 1981. – Т. 1,2.

  6. Потапов В. Стереохимия, М.: Химия. – 1990.


Қосымша:

1. Тугов И.И., Кострыкина Г.И. Хим. и физ. полимеров: Уч.пос. для вузов. М.: Химия, 1989. 432 с.

2. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы ХВМС // Уч.пособие. М.: Химия, 1976. 436 с.

3. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: ВШ, 1992.-512 с.

4. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высш. школа, 1981. 656 с. 6.

5.Г.Д.Бердимуратова, Р.А.Музычкина, Д.Ю.Корулькин и др. Биологически активные вещества растений Выделение, разделение, анализ. - Алматы: Атамұра, 2006. - 438 с.


6. В.С.Тимофеев. Системные закономерности в технологии основ-ного органического синтеза.- М.: МИТХТ им. М.В. Ломоносова, 2001. -107с.
7. И.П.Мухленов. Расчеты химико-технологических процессов. М.: Химия, 2002.-326с.
8. И.П.Мухленов. Основы химической технологии.- М.: ВШ, 1998.- 642с.
9. Н.Н.Лебедев, М.Н.Манаков, В.Ф.Швец. Теория химических процессов основного органического и нефтехимического синтеза. 4-е изд.- М., Химия, 2002.- 376с.
10. П.Бенедек, А.Ласло. Научные основы химической технологии.- М.: Химия, 2008. – 376 с.
11. В.А.Аверьянов, Г.В.Сомов, Б.А. Марков. Лабораторный практи-кум по технологии основного органического и нефтехимического синтеза. – Новомосковск, 2005.– 172 с.
12. Г.В.Одабашян, В.Ф.Швец. Лабораторный практикум по химии и технологии основного органического и нефтехимического синтеза. – М.: Химия, 1992. – 240 с.

  1. Смит В., Бочков А., Кейпл Р. Органический синтез. Наука и искусство. М.:Мир, - 2001. – 570 с.

  1. Травень В.Ф. Органическая химия. М.: ИКЦ Академкнига, - 2004, - Т. 1,2.

  2. Шабаров Ю.С. Органическая химия. М.: Химия, 2000. -Т.1,2.

  3. Kürti L., Czakó B. Strategic Applications of Named Reactions in Organic Synthesis. Background and Detailed Mechanisms.- Amsterdam – Boston – London – New York – Oxford – Paris – Sydney – Tokyo. – Elsevier. – Academic Press – 2005. – 758 p.

https://www.nd.edu/~chemlib/ - Chemistry-Physics Library Web Journals Журналы по физике и химии, расположенные по алфавиту. Оглавления, рефераты.

https://www.rsc.org/ - Royal Society of Chemistry (Great Britain). Разделы: Journals.Conferences. A-Z Contents. Library. “Journals” – доступ к 33 журналам, даются полные тексты.

https://www.chemweb.com/ - Chemistry Preprint Server: архив научно-исследовательских статей в Глобальной сети. Требуется регистрация. Рекомендовано INASP.

https://www.mdpi.org/ - Molecules - бесплатно предоставляемый журнал по синтетическим и природным химическим соединениям. Рекомендовано INASP.

https://www.chem.msu.su/ - Сервер «Chemnet Россия – Химические науки и образование в России» химического факультета МГУ содержит раздел «Электронная библиотека по химии», включающий в себя ряд полнотекстовых электронных публикаций в области химии».

https://caty.catalysis.nsk.su/ - Страница «Химия в INTERNET» сервера Химических наук СО РАН представляет собой значительный по объему список ресурсов (с аннотациями на русском языке). Список организован по видам ресурсов. Включает химические сервера, базы данных в Интернет, патенты, журналы и электронные публикации, научные фонды, словари, просто интересные и полезные ссылки.

https://ruscience.newmail.ru/- Сайт «Русский научный клуб». «Химия. Страницы научных журналов в Интернет».Иностранные журналы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Л-фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қоғамдық бірлестігінің ресми атауы: «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ғылыми қоғамы»

80.81kb.

15 10 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының тарихы
342.72kb.

16 12 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан

243.03kb.

04 09 2014
1 стр.


«Бекітемін» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Халықаралық қатнастардың жаңа жүйесіндегі АҚШ мен Латын Америка елдерінің қарымқатнастары

91.41kb.

10 10 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы

108.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожаева Н. С., п.ғ. к., доцент Касен Г. А., аға оқытушы Жұмабекова Қ. Б

159.89kb.

04 09 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ. к., доцент Әлқожае

155.07kb.

23 09 2014
1 стр.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәй

114.69kb.

05 09 2014
1 стр.