Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
ӘОЖ 37.01.165.6/8.502 Қолжазба құқығында

ДӘРІБАЕВА СӘНДІГҮЛ ҚҰЛАХАНҚЫЗЫ

Қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 ж


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекшісі, педагогика

ғылымдарының

докторы, профессор Ж.АСАНОВ

Ресми оппонент: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Психология-педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к. МұхамбетоваС.Қ.


Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қызылорда Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің гуманитарлық -педагогикалық институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі, №100 үй) танысуға болады.
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық саласына белсенді атсалысатын, ісәрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Мұндай адамды қалыптастыру шарты - оның табиғатынан берілген танымдық белсенділігін дамыту, өйткені ақыл-ойтұрғысынан саналы әрекет ету қабілеті танымдық белсенділікке тәуелді. Баланың таным белсенділігінің дамуындағы тұғырнамалық саты– мектеп кезеңі, ол айрықша қарқынды түрде кең ауқымда 6-7 жаста көрінеді. 6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін, әрекетін дамыту ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен сипатталатын осы заманда ерекше маңызға ие. Ақпараттардың ұлғаюы балада өзіне қойылған талаптар шеңберінен асып, өз ойын жүзеге асыруда ерекше шешімдер табуға мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.

Танымдық белсенділік - ерекше психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер қалыптасады, дамиды, жетіледі, әрі психикалық күй өзгереді. Психологияның зерттеу пәні мен нысанына сай: психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік, ерік-жігер процестерінің дамуынан, психикалық қасиеттері мен сапаларының, психикалық күйі-кейпінің, жағдайының және жаңа психикалық жасалымның қалыптасуынан құралады. 6-7 жастағы балалардың таным белсенділігін дамыту жағдайына жасалған талдау, олар ішкі тұрғыда әрекет етуге, өзінің таным қызметінің тәсілдерін жеткізуге, ойлау өзгешеліктерін көрсетуге ұмтылады, әрі мектепке келгеннен бастап олардың танымдық белсенділігі жандана түседі. 6-7 жастағы балалардың таным белсенділігінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу осы процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оны дамытуға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруда болатын күрделі де өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ –психологтар: Г.С.Батищев, В.Н.Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г.С.Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В.Н.Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л.С. Выготский,А.М.Коршунов С. Л. Рубинштейн, С.М. Жақыпов, т.б.Л.С.Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А.М.Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С.Л.Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С.М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеті көзделген. Сондықтан осы міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалануға, қоршаған ортамен таныстыруды ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер бар: жеке тұлғаның танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін дамыту А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Тұрғынбаева, қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары А.С.Мустояпова, болашақ мұғалімді қазіргі білім технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендендіруге дайындауЖ.Ж.Айтпаева, Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары арқылы студенттердің танымдық белсенділігін дамытуЕ.К.Нурланбекова, т.б. еңбектерінде айқындалған. Ал қоршаған ортамен таныстыру мәселелері К.Ж.Жүнісова, З.Ф.Олейник Қ.А.Аймағамбетованың зерттеулерінде кездеседі.

Танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», ол әрекеттерді оқушының бірінен екіншісіне ауыстыруымен байланысты, бірақ ол әрекет танымдық белсенділіксіз іске аспайды. Дегенмен, таным белсенділігін ойдағыдай дамытудың педагогикалық шарттары әлі де толық айқындалмаған күйде қалып отыр.Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін қоршаған ортамен таныстыру негізінде дамытуүшін,дүниетану пәнінен оқу процесін тиімді ұйымдастыруда, оқытудың түрлерін, типтерін, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын, технологиясын дұрыс пайдалану қажет. Сондықтан оқу үдерісінде баланың білім алуға, танымдық белсенділігін дамытуға, әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойын дамытып, жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шарттарды айқындап, оқыту процесін соларды ескеріп ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай 6-7- жасар балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесi зерттеудi талап ететiн маңызды проблема.

Белсенділіктің теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К.А.Абулханова-Славская, М.И.Лисина, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, С.В.Герасимов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина) еңбектерінде берілген. К.А.Абулханова-Славская мен М.И.Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады.А.М.Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я.А.Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С.В.Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т.И.Шамова мен Г.И.Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды.

6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктерін біз Р.Буре, Д.Б.Годовикова, Л.Р.Голубева, В.А.Петровский, Н.Н.Подъяковтың еңбектерінде кездестіреміз, оларда 6,7-жасар балалардың таным белсенділігіне тән негізгі сипаттар, оның өту қарқыны мен бағыттылығы суреттелген.Танымдық белсенділіктің қалыптасуы оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің дамуына алғышарт болып, білімді теориялық негізде қорытуына мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болады. Демек, мектептегі оқу үдерісі оқушылардың танымдық белсенді әрекетін дамытуға бағытталады. Өйткені, жоғары деңгейде танымдық белсенді әрекет жасай білетін жеке тұлға қалыптастыру қажеттігі болашақ азамат - бүгінгі 6-7-жасар балаларға білім беруді, ғылым мен техниканың, технологияның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, балалардың танымдық белсенділігін жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Танымдық белсенді іс-әрекет, оқу әрекеті, оқу-таным әрекеті, жалпы іс-әрекет мәселесін зерттеумен бірлікте жүреді. Жоғары психикалық әрекеттердің дамуы Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясында, П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы теориясында, Ю.А.Самаринаның ақылдың дамуының ассоциациялық теориясы, В.В.Давыдов, З.И.Калмыкова, Н.А.Меньчинская және тағы басқалардың дамыта оқыту теориясы, П.И.Пидкасистый, Ж.Хайдаровтың ойын арқылы дамыту теориясы, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.М.Махмутовтың проблемалық оқыту теориясы, Н.В.Кузьмина, Н.Ф.Талызина, М.М.Мұқанов программалық, С.М.Жақыповтың диалогтық қатынас, Ю.К.Бабанскийдің оқытуды оптимизациялау теориясы, Қазақстанда қарым-қатынасты дамыту мәселесіне үлес қосқанЖ.К. Рысбекова, С.Қ.Бердібаеваның еңбектері біздің жұмысымызға сүйеу болды.

Оқу әрекеті, оқу-танымдық әрекет, таным әрекеті танымдықбелсенділікті қалыптастыру көзі, жеке тұлғаны дамытудағы ішкі белсенділіктің ролі т.б. проблемалардың теориялық негіздері шетел, Ресей, Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде берілген. 6-7 жастағы баланың таным әрекетін зерттеуде ойлауды дамытудың бір нәрсе арқылы болу (опосредование) және бейнелік сипат идеясы айқын байқалады, бұл Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, Н.Н.Подъяков, Е.Е.Сапогова еңбектерінде көрсетілген. Балалардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттарын саналуан әрекет түрлерінде: ойын, оқу, таным, оқу-танымдық, еңбек, қарым-қатынас, т.б. дамитындығын Ш.А.Амонашвили көрсетеді. Л.В.Занков, И.Я.Лернер, Г.П.Щедровицкий еңбектерінде даму мен оқу ұғымдарының арақатынасы талданады, олардың мәні, міндеті, танымдық процестердің, әрбір жасаралық кезеңнің дамуында жаңа жасалымның пайда болу ерекшеліктері қарастырады.

А.Страунинг, М.Шустерман танымдық белсенділікті дамыту проблемаларының әдістемелік қырына көңіл бөледі.

Олардың көзқарастарын біз өзіміздің диссертациялық жұмысымыз барысында жан-жақты талдау жасап, негізге алдық.Алайда, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына қарамастан әлі де болса шешімін таппаған сұрақтар баршылық. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың маңыздылығын ашып көрсету қажеттігі, бұл мәселенің көкейтестілігін айқындай түседі, ал теориялық мәнділігі мен әлі де болса шешілмеген проблеманың болуы «Қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.

6-7 жастағы балалардың танымдықбелсенділігін дамыту проблемасы, ғылыми әдебиеттерде қозғалса да, жан-жақты және тұтас арнаулы зерттеуге алынбаған. Қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жастағы балалардың танымдықбелсенділігін қалыптастыру жолдары сөз болмайды, әрі «Дүниетану» пәнінің мазмұнын игеру мен меңгерту тәсілдерін құру арқылы дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылмайды. Зерттеу барысында, баланың танымдықбелсенділігін қалыптастырудың төмен деңгейі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының толық қарастырылмауы; олардың танымдық белсенділігін дамыту қажеттiгi мен қоршаған ортамен таныстырудың осы мақсатта жүйелi пайдаланбауы арасында; қоршаған ортамен таныстырудың оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы мәнін айқындап, теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағыттағы педагогикалық тәжірибенің өз дәрежесінде болмауы арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығына көз жеткіздік. Көрсетілген қайшылық зерттеу проблемасын айқындады: 6-7 жастағы балалардың таным белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау.



Зерттеудің мақсаты: қоршаған ортамен таныстырудың ерекшеліктерін 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін дамытудағы орнын айқындап, психологиялық ерекшеліктерін ашу, оқыту барысында танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдарын ғылыми–теориялық негіздеу.

Зерттеу нысаны: 6-7жасар балалардың қоршаған ортамен таныстыруға негізделген таным белсенділігі.

Зерттеу пәні: қоршаған ортамен таныстыру арқылы 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса, «Дүниетану» пәнін оқыту танымдық белсенділігін дамытуға бағытталса, қоршаған ортамен таныстыру жүйелі жүргізілсе, онда бұл оқушылардың оқу үдерісіне белсенді араласуына, қызығушылығының артуына жағдай жасайды, танымдық белсенділікті жоғары дәрежеге жеткізеді деп ойлаймыз.

Зерттеу міндеттері:

  • танымдық белсенділік, қоршаған ортамен таныстыру ұғымдарын ашу;

  • 6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері мен педагогикалық шарттарын зерттеу;

  • Шетелдік, Қазақстандық ғалымдардың 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесіне байланысты еңбектерін, зерттеудегі көзқарастарын талдау;

  • 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігінің даму деңгейі мен қоршаған ортамен таныстыру негізінде дамыту мүмкіндіктерін эксперименталды зерттеу;

  • «Дүниетану» пәнінің 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы орнын айқындау, қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін дамытудың моделін құрастыру;

  • Қоршаған ортамен таныстыру негізінде балалардың таным белсенділігін дамытудың ұсынылған моделіне олардың ұтымдылық өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан тәжірибелік-сынақтық тексеру жүргізу;

Зерттеудің теориялық, методологиялық негізі: танымдық бейнелеу теориясы; модельдеудің теориялық негіздері; жүйелік ұстаным;жеке тұлғалық ұстаным; ғылымда талқыланған зерттеулер жеке тұлға мен қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі теориясы (Л.И.Божович, А.Құдиярова, Б.Қ.Жарықбаев т.б.), әлеуметтану тұжырымдамасы (А.Д.Альферов, А.Х.Аренова, В.С.Мухина т.б.) оқу –таным іс-әрекеті мотивациясы және мотивтерін қалыптастыру тұжырымдамалары (Д.Брунер, А.Л.Венгер, Е.Н.Кабанова-Меллер И.П.Симонов, оқыту мен тәрбиелеудің түрлі педагогикалық астарларын жан-жақты қарастырған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Т.С.Сабыров, Л.К.Керимов, Р.М.Қоянбаев, т.б. белгілі Қазақстан ғалымдарының тұжырымдамалары, мемлекеттік құжаттар.

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық-психологиялық т.б. әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды теориялық талдау;Теориялық зерттеу нәтижелерін жүйелеу, бағалау, зерттеу барысында жинақталған теориялық және эмпирикалық материалдарды зерделеу, мазмұндық жалпылау, салыстыру, модельдеу, ойша жобалауәдісі;Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау;Психодиагностикалық әдістер (әңгімелесу, тест, анкета); балалар құжаттарын зерттеу, Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу әдісі (статистикалық, нәтижелерді бейнелеудің графикалық әдісі).

Зерттеудің тәжірибе-сынақтық базасы: диссертациялық жұмысымызды жүзеге асыру барысында эксперимент Қызылорда қалалық А.Байтұрсынов атындағы № 211 қазақ орта мектебінде жүрді. Зерттеу жұмысына эксперименттік сыныпта 25 оқушы. бақылау сыныбында 25 оқушы қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: танымдық белсенділіктің мәні, оның 6-7 жастағы балаларда даму ерекшеліктері,қалыптастыру жолдары айқындалады.6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін қоршаған ортамен таныстыру арқылы дамыту моделі жасалып, осы процестің өтуін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар; модельді әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі сатылары, олардың міндеттері, әдістері, формалары мен көзделетін нәтижелері анықталды.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:алынған нәтижелер және солардың негізінде жасалған қорытындылар 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін әрі қарай зерттеуге, олардың танымдық белсенділігін дидактикалық ойын, проблемалық, белсенді оқыту арқылы қалыптастыру жұмыстарын әдістемелік деңгейде қайта қарап, бастауыш сыныпта осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруға негіз болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Ғылыми зерттеуде көтеріліп отырған мәселенің теориялық тұрғыдан көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратына сай, әдістер қолданылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңді, уақытылы ұйымдастырылып, диссертациялық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығаруда математикалық жағынан дұрыс өңделуімен дәлелденді.

Зерттеу бірнеше кезеңдермен өткізілді: Бірінші кезең – зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді оқып талдау, тақырыбын таңдау, әдіснамалық негізін анықтау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әдістемесі дайындалды; Екінші кезеңде – зерттеудің теориялық тұжырымдамасы негізделді, моделі жобаланды, психологиялық-педагогикалық диагностика және қалыптастыру жұмыстарының әдістері анықталды, негізгі эксперимент жүргізілді.Үшінші кезеңде – қалыптастырушы эксперимент аяқталды, өткізілген зерттеулердің тиімділігі тексерілді, алынған нәтижелер бастапқы позиция және зерттеу болжамымен салыстырылды, диссертацияны өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

  • жеке тұлғалық-бағдарланған қоршаған орта туралы білім мазмұнын игеру тек әлеуметтік тәжірибені меңгеруге ғана емес, таным белсенділігін дамытуға алып келеді;

  • оқу-танымдық әрекет негізінде, рефлексия құру, қоршаған ортамен таныстыру арқылы білім мазмұнын игеру таным белсенділігінің даму деңгейін арттыруға әкеледі;

  • оқу-танымдық әрекет: оқушының сезім өрісін байытып, мақсат, әдіс, оқыту формасын дұрыс таңдау қоршаған ортамен таныстыру процесінде таным белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:

Зерттеу жұмысының мазмұны педагогика және психология кафедрасының отырысында баяндалып, ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, практикалықконференциялар материалдарында жарық көрді:«Құндылық әлемінде» «Сапалы білім беру-Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» (Қызылорда, 2011ж) Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі Хабаршы»№1№/33/2012-85-89б Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; «Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары», «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі ойын технологиясының тиімділігі». Қ.Р.Білім және ғылыми Министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясы. Алматы,2012ж.; «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары», «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер», «Жоғары оқу орындағы студенттердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру жолдары». Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің-75жылдық мерей тойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2012ж.; «Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту ерекшеліктері»,«Шоқан тағылымы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.Көкшетау,2007ж. «Білім беру мазмұнын жаңару жағдайында кіші жастағы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Халықаралық ғылыми журнал.Қазақстанның ғылыми әлемі. 5/45/2012ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің даму ерекшеліктері; Танымдық ойындар оқушылардың таным қызметін белсендіру құралы ретінде; Танымдық ойындар- бала белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы; Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру: «Ұлт тағылымы» ғылыми-педагогикалық басылым 4 / 2010 ж.; Балалардың танымдық әрекетін қалыптастыру: «Ізденіс»Халықаралық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан жоғары мектебі»журналының ғылыми қосымшасы.4(1) /2010ж; Тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні. «Қазақстан Жоғары Мектебі»Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылымда 3(1)/2010ж) баяндалды



Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі: зерттеу логикасын, мазмұны мен нәтижелерін көрсетеді.Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты:нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу базасы,зерттеудің негізгі кезеңдері берілді. Қорытындыда жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты пайдаланылған материалдардың үлгілері көрсетілді. Диссертациялық жұмысымыздың зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті бейнеленген. Жұмыста кесте, сурет келтірілген.

«6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері» атты бірінші тарауда

Қоршаған орта негізінде – 6,7- жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні, оны дамыту проблемасының теориялық зерттелуі, педагогикалық шарттары. «Дүниетану» пәнінің қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6,7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкіндіктері айқындалды.



«Қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6,7-жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы эксперимент тік жұмыстардың мазмұны менәдістемесі» атты екінші тарауда 6,7-жасар балалардың танымдық белсенділігін қоршаған ортамен таныстыру негізінде дамытудың құрылымдық-мазмұндықмоделіжасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесіұсынылды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі мақсаты, міндеті анықталып, нәтижелері мазмұндалды, қорытындысы беріледі.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілдіжәне қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

Негізгі бөлім

Қоршаған орта – балаға ықпал етуші негізгі фактор, ол табиғи және әлеуметтік болып бөлінеді, ал әлеуметтік факторлар арасында адамзат жинақтаған рухани байлық, мәдени мұрасы, материалдық қазынасы да бар. Ұлы педагог- ғалымдар баланы тәрбиелеудегі қоршаған ортаның ролін жоғары бағалаған. Сондықтан да қоршаған ортамен танысу мүмкіндіктерін кең пайдалану жолдарын К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, В.Я.Сухомлинский т.б. жан-жақты қарастырды. Бала қоршаған ортамен танысу арқылы өмірге енеді, табиғатпен, өзінің айналасындағы әлеуметтік жандармен қарым-қатынасқа түседі, қоғамдық тәжірибені меңгереді, соның негізінде еңбек ету дағдысы, танымдық әрекеті, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас баланың білімін, дүниетанымын, ой-өрісін, сана-сезімін, көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастырады, таным-түсінігін арттырады. Айналамен танысу танымдық белсенділікті жүзеге асырудың жолын анықтайды, қоршаған әлеуметтік-табиғи орта негізінде оқушыларды іздендіп, белсенділігін арттырадыдеген пікірлер:Қ.А.Аймағамбетова, К.Ж.Жүнісова, З.Ф.Олейник зерттеулерінде кездеседі. Қ.А.Аймағамбетова «Дүниетануды оқыту әдістемесі» еңбегінде, белгілі бір пән мазмұны бойынша оқушыны танымдық ізденіске тарту үшін, қоршаған ортамен таныстыру жолдарын негіздеді.К.М.Метербаеваның «Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас)» атты диссертациялық жұмысында тілдің табиғат құбылыстары туралы ұғымды қалыптастырудағы орны, мәні, мазмұны қарастырылады. Автор «Қоршаған орта (табиғат құбылыстарымен) таныстыру балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету (5-7 жас)» әдістемелік нұсқауында мұғалімдердің теориялық, әдістемелік білімін жетілдіру жолдарын жан-жақты талдайды, бұл пікір С.Қ.Мұхамбетованың «Тәрбие теориясы» оқу құралының «Дүниетаным, оның мәні, құрылымы, қалыптастыру жолдары», бөлімінде де сөз болады.«Танымдық белсенділік» түсінігін анықтау үшін алдымен «таным», «белсенділік», «әрекет», «іс-әрекет», «белсенді әрекет», «белсенді іс-әрекет»,«танымбелсенділігі», «танымдық белсенді іс-әрекет» түсініктерін жіктеп талдап алу қажет. Танымдық іс-әрекет –арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатын,оның өзімен қоса өрілетін, өн бойы психикалық қалыпқа, кейіпке сәйкес өзгерістерге толы келетін белсенді әрекетке сай жүретін күрделі психологиялық құбылыс. Ал танымдық белсенділік барлық іс-әрекеттің жүзеге асуының алғышарты. Өйткені индивидтің, жеке тұлғаның ішкі белсенділігісіз ешқандай әрекет жүзеге аспайды.Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі -өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Дүниені танып білудің негізінде құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жүзеге асады. Түйсіктің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып білеміз. Түйсіктер, қабылдау, ақыл –ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі, алайда олар заттардың санаға әсерінсіз тумайды, пайда болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдейді; оның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным, танымдық іс-әрекеті ұғымдары тұлғаның қоғамдық белсенділігі ретінде былай анықталады:Р.С.Немов: «Танымдық белсенділік түрі, білім алу мен оны өңдеуге бағытталған белсенділікті екі негізде қарастырады, екі типке бөледі: белсенділік психологиясы және психикалық процестер белсенділігі, ғалым теориясында белсенділіктер жас ерекшеліктеріне тән құралдар көмегімен қоршаған ортада бағдарланудың әмбебап әрекеттері ретінде айқындалады.Ш.Құдайбердіұлы адамға тән танымның басты сипаты көкейкөздің сергектігі, сырт көрініске шоқынбай, ғалам сырына үңілу деп біледі. Бұл жерде Шәкәрім «сергектік» сөзін пайдаланып танымдық белсенділікті психикалық кейіп түрінде сипаттайды. «Ақыл құсы адаспай аспандаса, әлемде нәрсе болмас одан таса» деп шын мәнінде жан құмарлығынан туындайтын танымның шексіз ақиқатқа жетуге ұмтылуын танымдық мүмкіндігін белсенділік молайтады. Адам белсенділігінің үдерісі әрқашанда бір нәрсеге бағытталады, оның мәні бар. Танымдық белсенділіктің мәнін, қоғамдық маңызын анықтау үшін осы ұғымға ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталайық:Интеллектуалды есептерді шешуде бейнеленетін психикалық қалып(А.К.Маркова); Білімді игеруге дайындық, ұмтылыс (Н.А. Половникова); Ақыл-ой әрекеті, яғни белгілі бір танымдық нәтижеге жетуге бағытталған, танымдық қажеттіліктердің арқасында пайда болған жоғары интеллектуалды бағдарлау реакциясы (Т.И Шамова); Таным объектісіне бағытталған тұлғаның шығармашылық қатынасы. Әрекет құрылымының ішкі сипаттамасы (Л.Н. Аристова, А.Н. Леонтьев).Адамның танымдық белсенді іс-әрекеті педагогтарды ерекше толғандырады. Кез келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыру үшін, ең алдымен, оқушылардың оған деген мотивациясын, қызығушылығын, белсенділігін арттыру көзделеді. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданады, оның негізін, түп тамырын іздейді.

Танымдық белсенді іс-әрекет арқылы 6-7 жастағыбаланың бойында төмендегідей жаңа психикалық сапалар, жасалымдар қалыптаса бастайды:



  • қоғамдық маңызды іс-әрекетке араласуға деген ұмтылыс;

  • мінез-құлқын саналы меңгере, өзін басқалармен салыстыра алады;

  • өзінің іс-әрекетін басқару қабілеті;

  • қарапайым қорытындылар жасау біліктілігі;

  • белгілі дәрежеде сөйлеуді меңгеру;

  • басқа адамдармен өзара қарым-қатынас пен іс-әрекетті ұйымдастыру біліктілігі.

Адамның танымдық белсенділігібелгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттерінен көрінеді, әрі өзара біртұтас құрылымды құрайды. Бұл құрылым иерархиялық түрде түзіледі, әрі адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталған орталығына айналады.Бүгінгі таңда «іс-әрекет», «танымдық іс-әрекетке» байланысты теориялар көптеп саналады, ал «белсенділік», «танымдық белсенділік», «таным белсенділігі» ұғымдары әлі де болса толық анықталмаған. Баланың психикалық дамуындағы танымдық белсенділіктің рөлі көптеген зерттеулермен дәлелденген (Л.В.Занков, А.А.Смирнов, В.В.Давыдов, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Талызина, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, т.б.). Адамның белсенділігінің дамуы, өмірінің барлық мезгілінде, барлық кезеңінде шешуші фактор болып табылады. Ғалымдар таным белсенділігін дамыту проблемаларын түрлі теориялық дереккөздер арқылы әртүрлі негізде көрсетеді.

Бұл жөнінде Г.С.Костюк былай деп атап көрсетеді: «Белсенділік баланың өзін қоршаған ортамен өзара әрекетіне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып саналады, ағзаның ортамен «теңгерілуінің» барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады.... Дені сау ағзаға тән белсенділік саналы адамдық іс-әрекетке айналуы тиіс». Белсенділік психологиясы ұғымы Л.П.Гримактың «Адам психикасының қоры» (Резервы человеческой психики) еңбегінде алғаш рет сөз болады. Ғалым осы кітаптың «Психологиялық белсенділікке кіріспе» тарауында белсенділіктің мазмұнын дәл, нақты, толық сипаттайды. Әрі белсенділік психологиясы жеке тұлға туралы ілімнің бір тармағы ретінде енді қалыптасып жатқан жаңа сала, теориялық тұжырымдамалық негізі мен қалыптасқан әдістемелік арсеналы жоқтың қасы. Белсенділік психологиясы жоғарыда аталғандай екі негізде: тәртіп және іс-әрекет түрлері негізінде қарастырылады. Белсенділік бір жағынан өзін таныту, көрсету, өмірден өз орнын алу, бейімделу үшін қажет, екінші жағынан ол түрлі психикалық жаңа құрылымдардың, жасалымдардың (новообразования) пайда болуы мен орнауын қамтамасыз етеді.Л.П.Гримак таным белсенділігінің құрылымдық компоненттерін төмендегідей жіктейді:→белсенділік түрін туғызатын қажеттіліктер, (себептер);→белсенділікті психикалық реттеу құрылымы;→психикалық икемділік пен бейімділік көзі ретінде белсенділікті дамыту және қалыптастыру заңдылықтары.

Демек, танымдық белсенділік – оқушылардың негізгі іс-әрекеті, күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады. Танымдық белсенділік ұғымының мәні қоршаған ортамен таныстыру барысында ашыла түседі. Кейбір зерттеушілер қоршаған ортамен таныстыруды оқушылардың интеллектуалдық сапаларын дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған материалдардың мазмұны мен қажетті көлемін игерудегі оқытудың маңызды бөлімі ретінде қарастырады.

Біздің өз зерттеуімізде, педагогикалық шарттарды6,7-жасар балалардықоршаған ортамен таныстыруіс-әрекетінде пайдалану жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, өзара байланысқан және өзара әрекеттесуші педагогикалық үдерістер кешенінің өлшемі деп түсінеміз. Осыған орай, 6,7-жасар балаларды қоршаған ортамен таныстыру мақсатында педагогикалық шарттарды анықтаймыз. Бұл біріншіден,6,7-жасар балаларды қоршаған ортамен таныстыру іс-әрекеттерде танымдық белсенділігінқалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін, екіншіден, даярлықты қалыптастыру жүйесінің құрылымын және қалыптастыруды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарды (қажетті, жеткілікті) анықтауға көмектеседі.

6,7-жасар балалардықоршаған ортамен таныстырунегізінде танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық қажетті шарттарына: мақсаты (қоғамның заманауи талаптарына сай оқыту), оқушы (оқуға ынтасы мен ықыласы), мұғалім (оқыту шеберлігі, білімі, іскерлігі), оқыту мазмұны (оқулық,), оқыту әдістері (ауызша, көрнекі, практикалық; оқу және оқыту және т.б.), ұйымдастыру формалары (дәстүрлі, дәстүрден тыс сабақ түрлері), нәтиже (танымдық белсендігінің қалыптасуы ) жатады.

Ал, біздің қарастырып отырған 6,7-жасар балалардықоршаған ортамен таныстырунегізінде танымдық белсенділігін дамыту мәселесіпедагогикалық жеткілікті шарттарында орындалуды қажет ететін:

Зерттеушілер танымдық белсенділікті оятуда іс-әрекетке, білім мазмұнына қызығушылығын туғызу шарттарын бөліп көрсетеді:

Әлеуметтік қажеттіліктерге сай: оқушыларға өз мүмкіндіктеріне қарай әрекет жасату; → қоршаған ортамен таныстыру барысында бірліскен әрекет жүргізу;→ қоршаған ортамен таныстыру үстінде оқушыларға жауапты, мазмұнды, идеясы қызықты жұмыс тапсыру;→ қоршаған ортамен таныстыруда оқушыларға бақылау мүмкіндігін беру.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігіне сай: → оқушылардың мүмкіндіктерін толық пайдалануына, оқуына, ой-өрісін жетілдіруіне жағдай жасау;→ оқушыларға күрделі әрі маңызды жұмыстар тапсырып, оның толық орындалуын талап ету; → оқушылардың танымдық процестерін дамытатындай жағдай туғызу;→ Қоршаған ортамен таныстыру барысында байқалған, анықталған, алынған мәліметтерді салыстыруға үйрету;→ Түрлі көрсеткіштер көмегімен алынған деректерді дұрыс талдау; танымдық белсенді әрекет ету мотивациясын, қызығушылығын анықтау, жетіспейтін жақтарын ашып, даму деңгейін көрсету. Мұнда төмендегідей педагогикалық шарттар ескеріліп, басшылыққа алынады: *Нақты баланың танымдық белсенділігін зерттеу, оның нәтижелерін салыстыру, қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптастыруды жүйелі жүргізу; *таным процесінің: оқу біліктілігі, оқуға мүмкіндігі; еріктік және эмоциялық процесінің: оқудағы мақсаты, оқу үрдісіндегі сезімдері, ерекшеліктері анықталады;*педагогикалық-психологиялық диагностика әдістері кең пайдаланылады; *танымдық белсенділік–оқушыныңжеке ерекшелігіне,ішкі ұмтылысына сай оқу мотиві, мақсатын қалыптастырып, дүниетану пәнін меңгеру барысында: іс-әрекет пен қарым-қатынас негізінде дамытатындай жағдай жасалады; *оқушылардың танымдық белсенділігін нәтижелі қалыптастыру үшін, міндетті түрде қоршаған ортамен таныстыруда дәстүрлі, дәстүрден тыс оқыту түрі жүйелі дүниетану пәнінің мүмкіндігін пайдаланып, мазмұндық-құрылымдық моделін құрастырып, әрбір оқушымен жеке қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.

6,7-жасар балалардықоршаған ортамен таныстырунегізінде танымдық іс-әрекеттерде оның тұлғалық қалыптастыру үдерісінде өзектендіру (тұлғалық жетістіктерін ынталандыру, белсенді оқыту жағдайын жасау, танымдықбелсенділігін қалыптастыру үдерсін мақсаттандыру, педагогикалық процес субьектілерінің өзара әрекеттік жүйесін қолдану);

Танымдық белсенділікті дүниетану пәнінде дамытудың маңызы зор. Өйткені дүниетану пәні 6-7 жасар бала өне бойы қоршаған ортамен үздiксiз байланыста болғандықтан біріншіден оқу-танымдық әрекет барысында бақылауды меңгеруіне, екіншіден, ұғымдарды, осы пәндерден тақырып бойынша қарастырылатын білім мазмұнын, оқу материалын игеруiне, танымдық белсенділігін дамытуға мүмкiндiк бередi.


следующая страница>


ДӘрібаева сәндігүЛ ҚҰлаханқызы қоршаған ортамен таныстыру негізінде 6-7 жасар балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

М010300- педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

400.8kb.

25 12 2014
3 стр.


Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
501.06kb.

08 10 2014
2 стр.


I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы

666.79kb.

16 12 2014
2 стр.


«Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету, жабайы аңдардың қысқы тіршілігімен таныстыру, театрландыру әрекеті арқылы балалардың тан

72.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


Омарова Ләззат Тәліпқызы Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

442.69kb.

25 12 2014
2 стр.


Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім

Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым – экология туралы түсінік

1993.93kb.

25 12 2014
11 стр.


Балалар көркем әдебиетімен таныстыру пәнінің күнтізбелік тақырыптық жоспары

Балалардың күз туралы түсінігін тереңдету. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқорлық жасауға, оны аялауға тәрби

94.82kb.

17 12 2014
1 стр.