Перейти на главную страницу
ЖОК 371.13:371.381 Қолжазба құқығында
Бакирова Гульмира Абильпатташовна
13.00.08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2010
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшілері: |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Қалыбекова |
|
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.Н.Камалов |
|
|
Ресми оппоненттері: |
педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.М.Беркімбаев |
|
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.А.Айтбаева |
|
|
Жетекші ұйым: |
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті |
Автореферат 2010 жылы «_____» __________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы С.А.Жолдасбекова
Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде иновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.
Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін кәсіптік білім оқытушыларын инновациялық технологиялар негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі таңда осы бағытта бірқатар ғылыми еңбектер оқу үдерісінде орын алып отыр мысалы, Ресейлік ғалымдар П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және т.б.
Сондықтан бұл мәселе Қазақстандық ғалымдар Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейсованың, Ә.Жүнісбектің, Қ.М.Нағымжанова, Ж.Ж.Жаңабаев және т.б. зерттеулерінде оқытудың жаңа технологияларын жетілдіру бағытында жан-жақты қарастырылады.
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында, жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі, жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горьунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Педагогикалық кадрларды даярлау сапасына және олардың психологиялық-педагогикалық қызметін жетілдіруге Ф.Н.Гоноболин, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, С.Н. Архангельский және т.б. еңбектерінде мән берілген. Оқытушы қызметінің психологиялық құрылымына, болашақ мұғалімдердің педагогикалық арнайы іскерлігін қалыптастыру жөніндегі мәселелерін А.Н. Щербакова, Н.В.Кузмина, И.Т.Огородников, О.А.Абдуллина, М.Құдайқұлов және т.б. еңбектерінде қарастырылып, жоғары оқу орнындарындағы педагогиканың әртүрлі аспектілеріне, арнайы педагогикалық шеберлікті қалыптастыру проблемаларына, пән мұғалімдерінің квалификациялық біліктіліктеріне мән берілген.
Кәсіптік білім оқытушысын даярлауды жетілдірудің әртүрлі аспектілері Ю.К. Васильев /политехникалық дайындық/, А.П. Сейтешев, О. Сыздықов, Б.К.Момынбаев, В.В. Егоров, К.Өстеміров, Н.Е. Жақсылықова /инженер-педагогтарды даярлау/, У.Н. Нышаналиев, К.А. Дүйсенбаев, М.Ж.Қозыбақов, С.А.Жолдасбекова /еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімінің кәсіби педагогикалық білімін/, Г.А.Уманов, Б.Әбдікәрімов /кәсіби-техникалық білімді/, Г.Т. Хайруллин, Ш.А. Шарапов, Е.А. Байдалинова, К.Ж. Қожақметова, А. Бегметов /оқушылардың еңбекке дайындығын/, Б.К. Белесов, В.А.Кочетова, К.К.Кенжеғалиев, К.В.Әзібаева /политехнизм сұрақтарын/, Н. К. Невзорова кәсіпке баулу үдерісінде оқытушылардың білімі және арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің даярламасын түзуді қарастырған. Арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жалпы орта білім беретін мектепте орта буын сыныптарындағы «Технология» пәні маңызды орын алады. Сондықтан, конструкторлық технологиялық жүйеде жасалынған конструкторлық-технологиялық білім беру проблемасын Э.Ф.Зеер, В.И.Качнев, Г.В.Кирия, А.Ш.Байтанаева, Л.А.Болотина, К.Иллиаш және т.б. зерттеген.
Болашақ оқытушылардың техникалық конструкциялау мәселесіне оқыту және оларда конструкторлық іскерліктерді қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар (М.П.Марчак, Б.В.Сименая және т.б.) айналысты. Бұйымға эстетикалық көрініс беру қажеттігі туындағанда олар көркемдеп конструкциялауды техникалыққа қосымша ретінде қарастырады. Конструкторлық іс-әрекеттің психологиялық мәселелерін В.А.Моляко, Я.А.Пономарев және т.б. зерттеген.
Дегенмен, көрсетілген еңбектерде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы болашақ оқытушылардың арнайы іскерліктері мен дағдысын қалыптастырудың бағыттары әлі де болса өзінің толыққанды зерттелмегендігі анықталды: мысалы, бірғана Оңтүстік Қазақстан облысында 23 арнайы кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері жұмыс істеп онда 12209 жастарымыз кәсіби жұмысшы мамандығын алуда. Олардың 17-сінде 4120001- «Әмбебап тігінші» мамандығы бойынша 1765 жастарымызды кәсіпке дайындау үдерісі жүргізіледі. Дегенімен педагогика саласында осы бағытқа арналған ғылыми зерттеу жұмыстары яғни болашақ маманның арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындалған диссертациялық жұмыстар шектеулі екендігін байқатты. Олай болса қазіргі таңдағы білім беру саласында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бәсекеге қабілетті, білікті педагог мамандарды дайындаудың төмендегідей қарама-қайшылық байқалады: әлеуметтік орта сұранысына сай жастарымызды кәсіби еңбекке баулитын білікті педагог кадрларды жаңа инновациялық үрдістер негізінде дайындауды жетілдіру мәселесінің қажеттілігі мен бұл мәселенің әлі де шешімін таппағандығы; болашақ оқытушының кәсіби шеберлігіне арқау болатын арнайы іскерліктер мен дағдылар мазмұнын жүйелеу, оны инновациялық технология негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемелерінің педагогика іліміндегі зерттелмегендігі. Бұл мәселе біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды. Сондықтанда біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауды жөн көрдік.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.
Соған сәйкес соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үдеріс-педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.
Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. Зерттеуіміз көрсетіп отырғандай, болашақ мамандарды дайындаудың бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субьективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар, жаңашыл-мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Дегенмен әлі күнге дейін инновациялық қызмет жайлы бірыңғай тұжырымдама, теория жасалды деп айту қиын.
Еліміздегі атаулы жоғарғы оқу орындарында жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негіздегі жүйеге түспеген, ғылым мен тәжірибе, кіріктірудің жайы жоғарғы оқу орындарында қанағаттанғысыз деңгейде. Олай дейтініміз, көптеген жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің берілуі мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс табуда. Ал инновация дегеніміз-белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Педагогикалық инновация-педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Педагогикалық жүйе құрылымы мақсат→мазмұн→форма→әдіс→ оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып үйрену→меңгеру→өмірге ендіру→дамыту.
Біздің ойымызша жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Біздің пікірімізше, педагогикалық үдеріс технологиясы - мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны. Оқыту технологиясы оқу үдерісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Педагогикалық технология - оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділін және оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Зерттеуіміз көрсеткендей оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланғанда студентті субъект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, олардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, іскерлігі мен дағдысы қалыптасып, ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады. Сондықтанда біз зерттеу жұмысымыздың арқауы ретінде кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға, жоғарыда қарастырылған инновациялық оқыту технологияларын негізгі жүйелі бағыттар ретінде пайдалануды қабылдадық.
Қазіргі таңда неғұрлым айқын түрде оқытушы педагогикалық шеберлігінің қалыптасу мәселелерін тереңінен өңдеу тенденциясы оның кәсіби педагогикалық дайындығы жүйесіндегі сөзсіз қажет компоненті ретінде байқалуда.
Біздің ойымызша іскерліктердің мұндай ерекшеліктерін ескере отырып, пәннің негізгі мәнді іс-әрекет қызметі сипатталынуы қажет. Ал оны студенттермен жүргізілетін жұмыс нәтижесін іскерлік деңгейіне жеткізу арнайы педагогикалық шарттарды қажет етеді. Бұл шарттардың ішінде оқу материалының қайталануы және тереңдетілуі белгілі бір мәнге ие болады. Соның негізінде іскерлікпен танысудың алғашқы сатысы орындалады. Ал оның әріқарай қалыптасуы және дамуы сонымен қатар білімді ұғу және дағдыны қалыптастыруға кететін оқыту уақыты соңынан қалыптасатын іскерліктің бір бөлігі болып қалады. Себебі, іскерліктің құрамы күрделі. Оған түсінік, білім, дағды, көңіл аудару, реттеу, қабылдау дағдысы, ойлау, өзін-өзі бақылау және қызмет үдерісін реттеу нәтижелері кіреді.
Қазіргі кезде кәсіптік білім оқытушысына қойылатын талаптар күшейтілді. Олардың оқу материалдарынан, әрекет етудің әртүрлі әдістемелік тәсілдері мен ұйымдастыру формаларынан терең білімі, эрудициясы, идеялық сенімділігі, балаға деген сүйіспеншілігі, өзінің көзқарасын ұдайы кеңейтуге, оқушыларда жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қажетті сапаны тәрбиелеуге ұмтылысы-сияқты негізгі талаптар оқытушыны және оқу шеберін, сондай-ақ студентпен бірге жұмыс жасаушы квалификациялы жұмысшыны да қамтуы қажет. Басқаша айтқанда кәсіптік білім оқытушыларынан психологиялық-педагогикалық ғана емес, сонымен бірге техника-технологиялық білімдерді де талап етеді. Кәсіптік білім оқытушысынан арнайы кәсіп дайындығы талап етілетіндіктен, біз дайындықтың мазмұны мен әдістерін бағыттаудағы талаптарды анықтауды жөн көрдік.
050120-«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілгендей маман төмендегідей кәсіби құзырлылық талаптарына сай болуы қажет: өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, қалыптасқан кәсіби қызығушылығы болуы, кәсіптік қызмет саласындағы басты мәселелермен таныс болуы, өз еңбегінің жемісі үшін жауапкершілік сезіміне ие болуды түсінуі тиіс.
Болашақ кәсіптік білім оқытушысының кәсіби даярлық үдерісі оқу жоспарына сәйкес «жалпы техникалық», «технологиялық» және «бейіндік» бағыттағы пәндерді оқу үдерісінде жүзеге асырылады. Дайындық пәндерінің типтік және оқу бағдарламаларына талдау жасай келе кәсіптік білім оқытушысының «Тігін ісі» профилі бойынша кәсіби шеберлігінің негізін қалайтын арнайы іскерліктері мен дағдыларын төмендегідей бағыттар бойынша топтастырдық (сурет 1): тігін бұйымдарын жобалау іскерлігі; тігін бұйымдарын конструкциялау іскерлігі; тігін бұйымдарын модельдеу іскерлігі; тігін бұйымдарын технологиялық өңдеу іскерліктері.
Сурет 1-Кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктері мен дағдылар мазмұны
Біз зерттеуге алып отырған нысанамыз қол еңбегімен байланысты болып, әсіресе, қолдың басы немесе білезігінен бастап, бармақтардың іскерлігінің маңызы зор. Тігін ісі өнерінде дағдының калыптасқандығының критериялары басқаша айтқанда, нәтижесінің көрсеткіштері болып қол, бармақтардың бұлшық еттеріне күш түспеуі, артық қимылдардың болмауы, қимылдар арасында кідірістің болмауы, көзбен бақылаудың азайып, кимылды сезіну арқылы бақылаудың күшейе түсуі, қимылдың орнықты көрінуі, қимылды әр түрлі тәсілдермен орындау мүмкіндігінің жоғарылығын айтуға болады. Атап айтсақ, істің нәтижесі - тігілген бұйымның сапасы іскерлік пен дағдылардың қалыптасқандығының көрсеткіші бола алады.
Дағдының қалыптасуын кезеңдерге бөліп, жүзеге асырудың тиімділігін дәлелдеген ғалымдар оны былайша бөледі: алдымен дағдыны тиімді жүзеге асыру үшін шарт түзіп, жағдай жасау; одан соң, дағдының элементтерін орындап үйрену; үшінші кезеңде, орындалатын дағдының элементтерін құрастыра орындау; соңында дағды құрамындағы барлық қимылдар жүйесін толық орындау қарастырылады (Сурет-2).
Сурет 2- Іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу кезеңдері
Кесте 1 – Арнайы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезеңдері
Дағдылану кезеңдері |
Мазмұны |
Қимыл түрлері |
Уақыт көрсеткіші |
1 кезең |
Қимыл-әрекеттердің жеке элементтерін жылдам, ұқыпты орындауға үйрену, көп рет қайталау, жаттығу арқылы |
баяу |
ұзақ |
2-кезең |
Элементтерді біріктіріп орындауға жаттығу (кедергілер, қателіктер) |
баяу |
Қысқара түседі |
3-кезең |
Элементтерді байланыстырып, ұқыпты, біркелкі, биязы орындауға дағдылану (кідірістер, қателер азаяды) |
Жеделдей түседі |
қысқарады |
4-кезең |
Қимыл-әрекеттерді толық орындауға дағдылану (кідірістер, қателер жойылады) |
Жылдамдыққа ұмтылыс |
Тағы қысқара түседі |
5-кезең |
Қимыл-әрекеттердің биязы, байланысты, біркелкі дағдының толық қалыптасуы |
шапшаң |
Мүлде қысқарады |
Қимылдың құрамындағы әрекеттердің кеңістіктегі көлемін, оған кететін күш пен уақытты зерделеу қажетті қимылды іздеп табуға, кететін қателіктерді азайтып, "артық" қимылдарды жоюға көмектеседі.
Болашақ оқытушы білім, іскерлік, дағды қасиеттерін үйрене отырып қазіргі заман талабына сай "құзыреттілік" қасиетті де игеруі тиіс. Біз жасайтын бітіруші түлек моделі де болашақ маманның құзыреттілігімен сипатталады. Сондықтан да кәсіби біліктілік пен кұзыреттілікті кадр даярлаудың негізгі ұғымы ретінде қарастыра отырып, оның қасиеттерін болашақ маманға үйрету мақсатында жүйелі жұмыс жасауымыз қажет.
Кез-келген теория мен тәжірибе тұжырымдамалық негізге сүйенеді. Сондықтан, өз жұмысымызда кәсіби педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ оқытушыларды даярлау тұжырымдамаларын негізге алып, маман даярлаудың көпаспектілі тұжырымдар мен дамушы және дамымалы білім жүйесінің инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың құрылымдық моделін қарастырамыз. Бұл, біріншіден, болашақ бұл саладағы ұстазды даярлауды жетілдіру жоғары кәсіби білім беру жүйесінің дамуының кешенді объективті заңдылықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылымдық байланысы, екіншіден, жаңа ғаламдық сұраныс пен талаптарға сай тұлғаны қалыптастыру моделі тұлғасын құрастырудың құралы ретінде қарастырылды.
Оқытушыға қажетті іскеліктер: өз білімін жеткізе білу, техникалық құралдарды пайдалана отырып пәннің өте маңызды елеулі құбылыстарын көрсете білу; жекеден жалпыға қарай жүре отырып әрбір жеке құбылысты түсіндіру; оқытылған материалдарды ұғу мен есте сақтау қажеттігін оқушыларға дәлелдей білу, оқушылардың теориялық алған білімдерін
практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың дамуында білімді өзек ете білуі мәселесі ретінде қарастырылды.
Маманның моделі деп кәсіптік белсенділігін қамтамасыз ететін және қоғамдық сипаттарымен және әлеуметтік-психологиялық қасиетін қамтитын сипаттамасы деп түсінеміз. Диссертациялық жұмысымыздың мәтінінде кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру арнайы даярлау үдерісінде жүргізілетіні оның құрылымдық моделі негізінде іске асырылатыны сипатталынады (Сурет 4).
Кәсіптік білім оқытушысы қызметінің педагогикалық моделінің құрылуы келесі мүмкіндіктер берді: маманның функционалды толық мәнін белгілеу; функционалды қызметін келешекте дамытуына болжам жасау, практиканыңтиімділігін ескере отырып, маманның кәсіптік профилін кеңейту; маманның практикалық қызметін жетілдіру барысында шыққан жаңа бағыттарын жазу, профессиограмманы уақытылы жетілдіру; осы қызметтің дамытуына объективті болжам жасау мақсатымен оқытушы-практиктердің қатысуын талқылау үшін эксперттік бағалардың объектісі болу; педагогикалық білімін жетілдіру үшін әзірлеу жолдарын қалыптастыру; оқу жоспардың құрылымы.
Жоғарыда көрсетілген модель құрылымындағы кәсіптік білім оқытушыларына қойылатын талаптар мен дайындық бағыттарын ескере отырып болашақ кәсіптік білім оқытушысының (тігін ісі профилі бойынша) арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштері айқындалды (Кесте 2).
Осы анықталған компоненттер бойынша кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін төмендегідей етіп көрсеттік:
модельдеу аясында білімі мен іскерлігі жеткілікті және өз бетімен шығармашылық деңгейде орындайды; қойылған талаптарға сай бұйымның дайындалу операцияларын орындау сапасын және өлшемдерін дәлдікпен сақтайды. Бұл тұрғыда дағдысы талапқа сай қалыптасқан.
Кесте 2- Болашақ кәсіптік білім оқытушысының (тігін ісі бойынша) арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштері
Компоненттер |
Өлшемдер |
Көрсеткіштер |
мотивациялық |
Тігін бұйымдарын әзірлеуге бағыттылығы |
|
Мазмұндық |
Тігін ісі бойынша білім іскерлік дағдысы және оларды тігін бұйымдарын әзірлеу барысында қолдана білу мүмкіндіктері |
|
Процессуалдық |
Тігін бұйымдарын әзірлеуде эмоцио-налдық еріктілікті реттеу қабілеті |
1 Тігін бұйымдарын жобалауда ерік жігер көрсетуі және оның тиімді жүзеге асырылу іскерлігі; 2. Тігін бұйымдарын әзірлеуге даяр болу дағдысы; 3.Ұлттық мәдени құндылықтарды пайдалана білуі;
|
Тігін бұйымдарын әзірлеуде өзінің жобалау ісіне баға бере білу |
1. Өзінің тігін бұйымдарын жобалау ізденістеріне объективті баға бере білуі; 2. Бұйымдарды өңдеудегі тиімді әдіс –тәсілдерді шығармашылықты талғаммен таңдай білуі; 3. Бұйымдарды жасауда пайдаланған график- сызбаларды, бояу түстерін, ұлттық айшықтарды дәлелді негіздей білуі;
| |
Тігін бұйымдарын әзірлеудегі шығармашылық белсенділігі |
1. Жаңа идеяларды эстетикалық талғаммен үйлестіре білу қабілеті; 2. Тігін бұйымдарын көркемдеп конструкциялаудағы шығармашылық қабілеті; 3. Бұйымды өңдеу технологиясын жетілдірудегі шығармашылық дағдысы;
|
бұйымның дайындалу операцияларын орындауда өлшемдерін сақтай алмайды.
Оқыту жүйелерін құраушылардың мазмұндық, сипаттамаларын конструкциялауды және соның негізінде нәтижеге жетуді педагогикалық шарттар деп түсінеміз. Егер оқыту жүйелерінің құраушылары немесе оқытудың дидактикалық негіздері кез келген оқыту жүйелерінде бірдей болса, онда педагогикалық шарттар-бұл оқытудың жүйелерін оқыту міндеттеріне байланысты ажыратады. Педагогикалық, шарттар оқытудың бір немесе басқа жүйелеріне қатысты, көпқырлы және терең сипатталатын болса, онда оқытудың жүйелерін түзуші құраушылары толық болады. Дәстүрлі оқыту жүйелеріне қарағанда жаңа, жетілдірілген оқыту жүйесіне қызмет ететін шарттар жиынтығы дидактикалық шарттар болып табылады.
Диссертациялық еңбегіміздегі зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып студенттердің инновациялық оқыту технологиялары негізінде арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын төмендегі көрсетілген (Сурет-3) бес бағыт бойынша анықтадық. Олар:
Сурет 4 -Арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың
педагогикалық шарттары
Болашақ оқытушының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үдерісінде жаңа педагогикалық технология талаптарын жүйелеу, топтау және оны мазмұнына сәйкес қалыптастыру технологиясында орынды пайдалана білу арнайы-кәсіби іскерлік пен дағдының тұрақты және жүйелі негізде қалыптасуына жағдай туғызады.
Оқытуды оңтайландырудың әдістемелік негізі, оқу процесін басқарудың диалектикалық - материалистік жүйесімен әдіс - амалын таба біліп, оның нақты жағдайлардағы ең жақсы нұсқаларын таңдау. Бұндай таңдаулар нақты шындықтың әдістемелік сапалылығына жүгінеді.
050120-«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша оқу жоспарын зерделей келе кредиттік оқыту технологиясы барысында студенттің аудиториялық уақыт көлемінің аздығына сәйкес тігін ісіне баулуда студенттердің тігін бұйымдарын жобалау, конструкциялау мен модельдеу және технологиялық өңдеу арнайы іскерліктері мен дағдысын қалыптастыруды арттыру мақсатында «Матамен жұмыс» элективті курс бағдарламасы енгізілді. «Матамен жұмыс» элективті курс пәнін оқытудың негізгі мақсаты бүгінгі күннің талабына сай сән ағымдарының әлеуметтік мәнін түсіну және соған сәйкес болашақ маманның тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу үдерісінде сән обьектілерін жобалауға, сән ағымын болжай отырып сәнді киімдерді констукциялау мен констуктивті модельдеу және қазіргі заман жаңа техникаларды пайдалана отырып әзірлеуге іскерлігін қалыптастыру қарастырылды.
Болашақ кәсіптік білім оқытушысының «Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу» бағыты бойынша арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру деңгейін қамтамасыз етуде эксперимент жұмыстары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Ақтөбе педагогикалық институты, Алматы Қыздар педагогикалық университеті мен Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде жүргізілді. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының алдында жүргізілетін жұмыстар жоспарланды: эксперимент жұмысының жалпы мақсаты, міндеттері айқындалды; ұйымдастыру қағидалары негізделіп, шарттары анықталды; эксперименттің әрбір кезеңінің мақсаттары, әдістемесі, ұйымдастыру ерекшеліктері белгіленді; тәжірибелі-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді.
Іскерліктер мен дағдылар деңгейлер |
тігін бұйымдарын жобалау іскерлігі мен дағдысы |
тігін бұйымдарын конструкциялау іскерлігі мен дағдысы |
тігін бұйымдарын модельдеу іскерлігі мен дағдысы |
тігін бұйымдарын технологиялық өңдеу іскерлігі мен дағдысы | |
I |
Жоғары |
3,5% |
4,5% |
3,1% |
- |
II |
Жеткілікті жоғары |
39,9% |
35,2% |
24,2% |
12,3% |
III |
Орта |
30,5% |
41,4% |
41,4% |
48,6% |
IY |
Төмен |
26,1% |
18,9% |
31,3% |
39,1% |
Эксперимент нәтижелеріне синтездік-педагогикалық талдау жасау былайша қортынды жасауға мүмкіндік береді: кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын жеткілікті деңгейде қалыптастыру үдерісінің болмауы мынадай себептерге байланысты:
Студенттер меңгерген теориялық білімдерін практика барысында жүзеге асырды, ақпаратты (мәтіндік, сызба, графикалық, жоба, тірек деректер және т.б.) автоматты түрде өңдеу техналогиясын, білімді толықтыру мен жүйелеу технологиясын; ақпараттық жүйені пайдалану технологиясын шығармашылықпен тиімді пайдаланды. Олардың білім деңгейлері кешенді тапсырмалар (эскиз жасау, сызба тұрғызу, моделдеу, есептеулер, технологиялық өңдеулер, өлшеулер, тест және т.б.), бақылау- аналитикалық карталар арқылы тексеріліп отырды. Кешенді тапсырмалардың шешімі студенттердің меңгерген теориялық білімінің мазмұндылығын, оны тігін бұйымдарын әзірлеуде ұтымды пайдалана білетінін дәлелдеді.
Барлық бақылау кезеңдерінің нәтижелері 4-кестеде және 5-суретте көрсетілді. Онда болашақ кәсіптік білім оқытушыларының арнайы іскерлігі мен дағдысының жоғары деңгейі эксперименттік топта алғашқы бақылауда 12,3%, ал бақылау тобында 5,6%, соңында бұл көрсеткіш 36,8%-ға көтерілгені байқалады. Төменгі деңгейде алғашында экспериментті топта 9,0% болса, соңғы бақылауда ол көрсеткіш 3,8% болды. Бақылау топтарында өзгерістер болған жоқ есебінде.
Кесте 4 - Қорытынды бақылау нәтижелері
деңгейлер |
1 бақылау |
2 бақылау |
3 бақылау |
4 бақылау | ||||
ЭТ (191) |
БТ (193) |
ЭТ (191) |
БТ (193) |
ЭТ (191) |
БТ (193) |
ЭТ (191) |
БТ (193) | |
Жоғары |
12,3% |
5,6% |
18,2% |
6,8% |
21,6% |
14,6% |
36,8% |
12,6% |
Жеткілікті |
32,4% |
32,1% |
32,2% |
32,5% |
37,2% |
32,8% |
40,4% |
35,0% |
Орта |
45,7% |
48,6% |
41,5% |
47,4% |
35,2% |
40,5% |
19,0% |
40,6% |
Төмен |
9,6% |
13,7% |
8,1% |
13,3% |
6,0% |
12,1% |
3,8% |
11,8 |
Сурет 5 - Кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысының қортынды динамикасы
08 10 2014
2 стр.
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы»
25 12 2014
1 стр.
ЖОҒары музыкалық білім жүйесінде арнайы пәндерді оқытудың психологиялық-педагогикалық Қатынастары
04 09 2014
5 стр.
Техникалық ЖӘне кәсіптік білім беру қызметкерлерінің Қалалық педагогикалық ОҚулары «Қазақстан республикасында техникалық ЖӘне кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарлама
25 12 2014
1 стр.
М010300- педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
25 12 2014
3 стр.
Кафедра меңгерушісі: Айкенова Рыскельды Айкеновна,педагогика ғылымының кандидаты, доцент педагогикалық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми қызығушылықтары: тілдерді оқытудың жаңа технолог
12 10 2014
1 стр.
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта
16 12 2014
1 стр.
М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
2 стр.