Перейти на главную страницу
Қазақ тілінде есімше категориясын арнайы зерттеп, еңбек жазған Т.Ерғалиев (1958) қазіргі қазақ тілінде түпкілікті немесе толық адъективацияланған есімше формалары деп мына қосымшаларды көрсетеді: -аған/еген –қашаған, тебеген, алаған; -ғалақ/гелек – ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ; -шақ/шек – еріншек, сүріншек, ұрыншақ; -ғыш/гіш – білгіш, сезгіш, сенгіш; -мыш/міш, -мыс/міс – алдамыш, әлеміш, жасамыс; -геш – күлегеш
Сөзжасам мәселелерін зерттеуші Ж.Сарбалаев та осы пікірді қуаттайды.
Сөйтіп, әрі есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына есімше категориясы болып қалыптасқан. Ал есімшеге байланысты пікір білдірген зерттеушілер еңбегімен Ы.Маманов пікірін салыстыра келгенімізде, етістіктің есімше формасын шақтық мағыналық жағынан ажыратуы қазіргі қазақ грамматикасындағы пікірлермен сәйкес келетіндігін аңғардық. Ғалымның –ушы, -уші қосымшасын осы шаққа жатқызуын да дұрыс деп есептейміз. Өйткені қандай контексте, қандай мағынада жұмсалмасын, іс-әрекеттің осы уақытта жасалып жатқандығы аңғарылады.. Есімшенің салыстыру, мөлшер мағынасындағы семантикалық реңктерді танып, функционалды-семантикалық өрістер арқылы берілуінің кейбір түрлерін көрсеткен. Мысалы, Дастарханда нанның бір жейтіндейі қалды. Шелектің түбінде қол шаятындай су қалды т.б
Ғалымдар арасындағы талас тудырып жүрген тағы бір мәселе – көсемше формаларының қайталанып және қосарланып айтылуы. Біз ғалымның сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшаларға қойылатын өлшемдерін басшылыққа алып, қосарлану тәсілімен жасалған көсемшелерді үстеуге жатқыздық. Бұл пікірді зерттеуші Ө.Жұмағұлова «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» (1999) атты диссертациясында толық қуаттайды.
О.Бекжанүбірі көсемшеге байланысты мақаласында (1983) атқаратын қызметіне қарай жай сөйлемдегі негізгі етістіктің амалдарын сипаттайтын төл қызметтегі көсемшені «негізгі» , ал ашық райдағы шақ, күрделі етістік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемшені «кейіпті» деп атайды.
Қазіргі функционалды грамматика тұрғысынан қарасақ, көсемшенің «кейіпті» деп аталатын қосалқы қызметін аспектуалдылық, модальдылылық, темпоралдылық (раймен байланысты) категорияларынан кездестіруге болады. Мысалы, аспектуалдылық категориясында көсемшенің аналитикалық етістік құрамында амалдың өту сипатын әртүрлі қарқынмен, әртүрлі фазада (басталу, жүріп жату, аяқталу) беретіні айтылады. Сондай-ақ модальдық мағынадағы етістіктердің де жасалуына көсемшенің қатысы сөз болады. Таксистік қатынас (келе салысымен) жасау қызметі де айқындалған.
Ы.Мамановта бұл терминдер қолданылмағанмен, көсемшенің қосалқы қызметі, амалдың өту сипаты, фаза, модальдық мағынадағы етістіктер қызметі сөз болғандықтан, функционалды грамматиканың кейбір элементтері кездеседі деп айта аламыз.
2.11 Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі. Шақ (ағылшын тілінде tense, француз тілінде temps, неміс тілінде tempus, испан тілінде tiempo) – іс-әрекеттің сөйлеу сәтіне қатысты анықталатын етістіктің грамматикалық категориясы. Орыс тілінің құрылымдық грамматикасында шақ категориясы «категория времени», ал функционалдық грамматикада «темпоральность» терминімен аталады.
Ы.Маманов еңбектерінде шақ темпоралдылық деп аталып, функционалды грамматика тұрғысынан арнайы зерттелмегенімен, шақ формаларының функционалдық аспектісі назардан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінде дәстүрлі грамматика мәселелерінің функционалды аясын аңғара білген бірден-бір ғалым Ы.Маманов болды. Бұған қазақ және түркі тілдеріндегі шақ категориясын арнайы зерттеген ғалымдар еңбектеріне сипаттама беру арқылы көз жеткізуге болады...
Ғылыми ізденісіміздің негізгі арқауы болып отырған Ы.Мамановтың тұжырымдауынша, қимылдың, уақиғаның дәл өту мезгілін сөйлемде нақты түрде мезгіл үстеулерімен және жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркеу арқылы ғана білдіре алады. Бұл тұжырымның функционалды грамматиканың зерттеу нысанына сай айтылғанын атап айту керек... Ы.Маманов болжалды келер шақты субъективтік мәнде сөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен ашық райға жатқызбайды. Дегенмен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен, әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. Оларды оқулықтарда, лингвист ғалымдардың монографияларында шақ категориясының әртүрлі топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ж.Түймебаев өткен шақ формасы, оның жіктелуі, транспозициясы (шақ формаларының ауысып қолданылуы) және классификациялау принциптері туралы жарияланған бірнеше мақаласында оқулықтар мен зерттеу еңбектеріндегі өткен шақ түрлеріне берілген анықтамалардың тіл ғылымының қазіргі деңгейіне сай еместігін, өткен шақтың грамматикалық табиғаты жеткілікті ашылмағандығын т.б. шешімін таппаған мәселелерді сөз етеді [15]. Бұл аталған грамматикалық категорияның әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
2.12 Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Тіл адамзат дамуымен бірге жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі ортада, түрліше өзгеріп жатады. Тілдің қатынаспайтын жері болмайды, тілсіз қоғам болуы да мүмкін емес. Сол қоғамда өмір сүріп отырған әр азамат сөздік қорымыз бен сөздік құрамымыздағы сөздерді барынша орынды пайдалана, сақтай білсе, ана тіліміз жаңарған қалпында көріктене түсетіні сөзсіз.
Н.Уәлиев қазақ тілі мәдениетін сөз еткенде ғылым жетістіктеріне сүйенеді. Өзге тілдің, туыстығы бөтен тілдің сипатымен жасалған, қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне, оның орфографиясына айрықша тоқталады.
«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі. Олай болса, бұл тіл мемлекеттің ең негізгі қолданыс құралына айналуға тиіс». Бұл - Ә.Қайдар мен Ө.Айтбайұлының «Тіл майданы» (2000) еңбегінен келтірілген дәйексөз. Ғалымдардың көтеріп отырған мәселесі – мемлекеттік тіл өз мәртебесіне лайық, өз дәрежесінде қолданылып жүр ме, оны шешудің жолдары және ертеңгі жай-күйі деген ойларға саяды.
Әдеби тілдің нормасы жөнінде С.Исаев қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты оқу құралында (1989) «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың сұрыпталған, нормаға түскен, баршаға ортақ тілі, сол халықтың қоғамдық мәдени өмірінің құралы мен рухани, әдеби байлығыни жеткізудің көрсеткіші»,-десе, Р.Сыздықова «Сөз сазы» еңбегінде (1989) былай деп жазады: «Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары бар. Бұл – сол тілдің дербес белгісі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің табиғатына нұқсан келеді». Тіл мәдениеті мәселесінде көрсетілгендей, бұл заңдылықтар тіл білімінің салаларымен байланыста қарастырылады.
Н.Уәлиев «Сөз мәдениеті» (1984) еңбегінде тіл мәдениетіне лексика тұрғысынан келеді. Кітап «Сөз байлығы», «Сөз тазалығы» т.б. тараулардан тұрады. Ғалымның осы еңбегі Ы.Мамановтың «Тіл мәдениеті» еңбегімен ұқсас.
Ы.Маманов тіл мәдениеті мәселелеріне де байланысты пікір айтты. Ғалым қазақ тіліндегі айтылымы жазылымынан өзгеше айтылатын сөздердің бірсыпырасын жазылуы бойынша да айтуға болады дейді. Кейде «ас салсаң аз сал» дегенді «ас салсаң ас сал» деп ережеге бағынып айтсақ, мағынасы түсініксіз болып шығатынын айтады. Біз бұл жерде орфоэпиялық ережеге қарсы пікір білдірмейміз, Ы.Мамановтың пікірін де жоққа шығармаймыз. Өйткені әртүрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінің мүмкіншілігі шектеулі болғандықтан, үндестік заңының ережелері толық ескерілмейді де, студенттер сөздерді жазылу нормасына сай оқиды, айтады. Бұл арада Ы.Мамановтың пікірі орынды деп санаймыз.
Профессор М.Балақаев сөз мәдениетінің теориялық негізін тілдік нормаман ұштастырады.Әдеби тіл нормасы тіл жүйесінің деңгейлерімен сәйкес келеді. Тіл мәдениеті мәселесінде белгілі бір грамматикалық тәсілді нормаға лайық немесе жат деу үшін «ол тілдік жүйенің кодификацияланған моделіне сәйкес пе, сәйкес емес пе – соны анықтап алу қажет». Яғни, қазіргі қазақ тілі грамматикасында әдеби тіл нормасы ретінде берілген сөз формалары ғана кодификацияланған норма деп танылады.
Диссертацияның қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ой-тұжырымдары айтылды. Ғалымның еңбегінде айтылған тың тұжырымдары қазірге дейін басы ашылмай келе жатқан кейбір тілдік фактілерді талдап түсіндіруге байланысты пікірлері, бүгінгі күні зерттеліп жатқан жаңа бағыттағы ғылыми мәселелердің ғалым еңбектерімен байланысын көрсетеді.
Ы.Е.Мамановтың тіл білімінің морфология саласына қосқан үлесін саралай зерттеу оның ғалымдық тұлғасын танытып, ғылыми танымын тереңірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғалымның лингвистикалық көзқарасының қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету, мүмкіндігінше, жан-жақты талдау жасау бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеп, табиғатын ашып көрсетуге жол ашады. Болашақта осы зерттеу еңбек жаңа ғылыми ізденістердің тууына себепкер болады деген сенімдеміз.
1 Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері.- Алматы, 1973. – 89 б.
2 Маманов Ы.Е. Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1991, №7. -17-19 б.
3 Гвоздев А.Н. Современный русский язык. Часть 1, 1961. – 118.
4 Виноградов В.В. Русский язык. 1944. – стр. 25.
5 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 303 б.
6 Жаңабекова А.Ә. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері. Канд. дисс. – Алматы, 2001.-160 б.
7 Маманов Ы. Қазақ тіліндегі көптік форма // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-шығуы. – Алматы, 1973.-31-36 б.
8 Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі. Ф.ғ.док.дисс. – Алматы, 2006.-281 б.
9 Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967. – 264 б.
10 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына статистико-лингвистикалық талдау. КД, 1973. – 242 б.
11 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
12 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
13 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.
14 Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. – Ленинград, 1983. – 208 с.
15 Түймебаев Ж. Өткен шақ формаларының транспозициясы // Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. – Алматы, 1983.-94-101 б.
2 Қ.Жұбанов пен Ы.Маманов еңбектеріндегі қалып етістіктерінің көрінісі // Қ.Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 1999 жыл, 202-209 б.
3 Профессор Ы.Е.Маманов шырай категориясы туралы // Тілтаным. №3, 2002, 88-95 б.
4 Қос қызметті аффикстер // Тілтаным. №1, 2003, 123-131 б.
5 Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі // ҚР ҰҒА Хабарлары, филология сериясы, №3, 74-80 б.
6 Ы.Е.Маманов көптік форма туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті. №7, 2004. 97-99 б.
7 Сөздің грамматикалық құрылымы // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы, филология сериясы, №10(82), 2004, 142-144 б.
8 Нольдік форма және оның белгілілік-белгісіздік категориясына қатысы // «Современная технология и практика преподавания языка и литературы». – Алматы, 2005, 325-333 б.
9 Студенттердің техникалық терминдерді аударуға байланысты тіл мәдениеті мәселелері // «Көлік-коммуникация кешеніндегі техникалық терминдердің қазіргі жағдайы және аударма мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2005, 62-69 б.
Р Е З Ю М Е
Шарибжанова Галия Габдуллина
на автореферат диссертации «Становление и развитие учения о морфологии казахского языка» (на основе трудов Ы.Е.Маманова) на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.02 – казахский язык
Актуальность исследования. Диссертационная работа посвящена определению роли и вклада Ы.Е.Маманова в развитие теории и практики морфологии казахского языка. Известно, что научные положения и точка зрения ученого о грамматической форме, грамматическом значении, грамматической категории, его наследие по теории глагола, а также о языковой культуре вообще представляют собой огромный вклад в развитие языкознания. Актуальность диссертации заключается в сопоставлении научного наследия Ы.Маманова с другими языковыми школами,
в изучении тех связей, которые обнаруживает соискатель в трудах последующих ученых.
К результатам исследования следует отнести:
Общее языкознание развивается на базе исследования отдельных национальных языков. Поэтому особое место отводится исследованиям научных персоналий, отдельных теоретических направлений и научных школ.
В казахском языкознании изучение теоретических воззрений, научных положений и сфер научных интересов таких ученых как Ы.Е.Маманов дает возможность дальнейшего совершенствования данной отрасли знаний, теоретическому обоснованию связей со смежными науками.
Полученные результаты и материалы диссертации могут успешно использоваться в составлении учебников и учебных пособий, в работе над лекционными курсами по морфологии и функциональной грамматике. Отдельные факты найдут применение в энциклопедических данных об ученом, в справочниках по казахскому языку.
of the Kazakh language (on the basis of Y.E.Mamanov's works)
To the results of research should be concerned the following:
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
14 12 2014
3 стр.
01 10 2014
2 стр.
Мақсаты: қазақ тiлi мен әдебиетiн оқытуда түрлi әдiстер мен тәсiлдердiң қолдану тиiмдiлiгi төңiрегiнде ой бөлiсу
25 12 2014
1 стр.
Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек
15 10 2014
1 стр.
Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек
14 12 2014
1 стр.
«Нормативті қазақ тілі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
Күлпан «Үздік психолог – 2011» аудандық байқауынан Бас жүлде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серикова Нұргүл қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Аудан әкімі гранты»
17 12 2014
1 стр.
Гимназия талаптарына сай «Әдеби тіл мен мәтін» тарауынан 1сағат алынып, «Тілдің сөздік құрамы» тарауынан 1 сағат алынып, жалпы саны-2 сағат «Сөз және оның мағынасы»
12 10 2014
1 стр.