С
иқырлы мұқаба ішінде
Гүлжанар
Тобықбаева
Шәкәрім атындағы облыстық
үш тілде оқытатын МДБМ
Семей қаласы
Мақсаты: оқушылырдың кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу аркылы олардың сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы;
сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып оларды адамгершілікке мейірімділікке, шындыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнектілігі: залды мерекелік безендіру, «Балалар кітабы апталығы», «Сиқырлы мұқаба ішінде» атты плакаттар, слайд арқылы ертеңгілік жүргізілу жоспарын көрсету, сұрақтарға жауап беру;
Қатысушылар:
Кітап ханшайымы
Балдырған
Читалкин
Алиса
Кітап ханшайымы: Құрметті ұстаздар мен жас оқырмандар! Бүгін біз Халықаралық балалар кітабы күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай өткізілген «Сиқырлы мұқаба ішінде» атты кітап апталығынына орай ұйымдастырылған әдеби ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Балдырған:
Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Кітап мерекесіне қош келдіңіздер!
Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап - адал пейіл, асыл дос.
Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Читалкин:
Здравствуйте, ребята! Рады вас приветствовать. Сколько же вас сегодня собралось! Понятно. Ведь сегодня Праздник книги.
Книжек первые страницы
Нас встречают с первых лет.
И несут нас словно птицы.
Облетая целый свет.
Алиса : Good day !
Today we are going to celebrate the international holiday of books. Our theme of our children book week is “Inside of Magic book”. Welcome to showing our holiday today!
К
ітап ханшайымы:
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен!
Қырғауылы қырылдап,
Жылтыр мұзға сырылдап,
Алшая кетіп қоныпты,
Шаты айырылып қалыпты, - дей келе 1 сынып оқушыларының дайындаған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты қойылымды тамашалаймыз.
(костюмді қойылым)
Балдырған: Ал, кәне, балалар енді «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды бастайық. Мен сіздерге ертегілерден үзінді айтайын сіздер тауып көріңіздер. Ал бастайық:
-
Шырақтарым, «Піс қазаным, піс» демеңдер.... (Ұр тоқпақ)
Мысық ағашқа барып:
-
Ағаш, ағаш жапырағыңды берші... (Мақта қыз бен мысық)
- Жел соқса шал домалай жөнеледі екен. (Қаңбақ шал)
Кітап ханшайымы: Балалар енді сіздер қазақ халық ертегілерін жақсы біледі екенсіздер.
Сөз кезегін досым Читалкинге берейін. Ол сіздерді орыс еліне саяхатқа шақырады.
Читалкин: Здравствуйте! Моя фамилия Читалкин. Я прочел очень много книг и сегодня мы познакомим вас с их удивительным миром, где можно превращаться в разных героев, путешествовать на коврах-самолетах и подводных лодках, колдовать с помощью волшебной палочки и делать еще много того, чего в обычной жизни мы осуществить не в силах.
Итак, я приглашаю вас в путешествие по книгам, которые стоят на наших книжных полках. Это будет необыкновенное, захватывающее путешествие. Вы готовы?
Тогда посмотрим что нам покажет учащиеся 4 класса.
(сказка А.Пушкина «Сказка о рыбаке и рыбке». )
Балдырған: «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды жалғастырайық. Бұл жолы мен сіздерге орыс халық ертегілерінен суреттер көрсетемін. Бұл қай ертегінің кейіпкерлері:
(слайдтар көрсету)
Кітап ханшайымы: Балалар саяхатымызды Ұлыбитания елінде жалғастырсақ деп ойлаймын. Бәрімізге кішкентайымыздан таныс «Үш торай», «Үш аю» ертегілері осы елдің халық ертегілері екенін білесіңдер ме? Онда сөз кезегін Алисаға берейік.
Алиса: I am from the tail ‘Little Red Riding Hood ’, do you know about this fairytale? I read this tail many years ago. I like this story. I want to invite you to our country to Britain. You can see in it a lot of sightseeing and beautiful places. Let’s go to there. Let` s show this tail.
Балдырған: «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды жалғастырайық. Бұл қай ертегінің кейіпкерлері:
(слайдтар көрсету)
Кітап ханшайымы: Балалар, бағанадан бері сендер ертегіні жаксы көретіндеріңді білдірдіңер. Қазақта қонақ кәде деген бар. Олай болса ұстаздар мен ата-аналар, сіздерде Кітап мерекесінен тыс қалмаңыздар. Кітаптар туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып мен жұмбақтар шешейік.
Тапқырларға тапсырма:
1.Көзбен оқисың,
Көңіліңе тоқисың. (кітап)
2.Қабат-қабат қатпаршақ,
Ақыл айтар ақтарсақ. (кітап)
Бойлаған сайын тереңге,
3.Шығасың биік белеңге. (Білім)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап)
4.Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
Мақал-мәтелдер:
1.Өмірде ең жақсы кеңесші – ... (кітап).
Кітапсыз үй – ... ... (жансыз дене).
2.Наданмен дос болғанша,
... (Кітаппен) дос бол.
3.Қына тасқа бітеді,
... (Білім) басқа бітеді.
4.Күш білімде,
... (Білім) кітапта.
Кітап ханшайымы: Кітап мерекесіне белсенділік көсеткендеріңізге рахмет. Міне біздің кішкене мерекеміз – кітап мерекесі де аяқталды. Кешімізді аяқтай келе мен сіздерге қазақ сахна өнерінің майталман актері Серке Қожамқұловтың «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» деген сөзімен аяқтағым келеді.
Міне сондықтан кітапты жақсы көріп, құрметтейік. Кітапханаға барып кітап оқиық, олай болмаған күнде біз білімді болып өсуіміз мүмкін емес. Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Кітапханада кездескенше сау болыңыздар!