МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:
«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК»
3 – СЫНЫПТАР
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: МЕДЕТОВА Г.Т
Байқоңыр қаласы 2012 ж
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскер достар!
Бүгін сіздер «жүзден жүйрік» атты үшінші сынып оқушылары арасында өтетін сайыстың куәгері боласыздар.
Олай болса, «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» демекші, спортты жанына серік ететін сайыскерлерді ортаға шақырайық
3 «А» сыныбы
3 «Ә» сыныбы
3 «Б» сыныбы
3 «В» сыныбы
Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс бар,
Сабырлық болсын бізде алға ұстар.
Сайыста баға берер баршамызға
Әділ қазы алқасы тағы да бар дей келе, әділ баға беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық.
Сайысқа кіріспес бұрын, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.
бірінші Эстафета таяқшасымен жүгіру.
екінші Болота
үшінші Өрмекшілер
төртінші Аралас эстафета
бесінші Топ басшылар сайысы
Егер ақылды болғың келсе жүгір
Егер сұлу болғың келсе жүгір
Егер қайратты болғың келсе жүгір деп ежелгі грек сөзінде айтылғандай, сайысымыздың бірінші бөлімі «Эстафета таяқшасымен жүгіру» жарысын бастаймыз.
Ойынның шарты: Бірінші болып жүгіретін баланың қолында эстафета таяқшасы болады. Белгі бойынша бірінші болып тұрған ойыншы перамиданы айналып келіп, топты айналып келесі адамға таяқшаны береді. Келесі ойыншы дәл соны қайталайды.
Жеңе біл қиындықты қайратыңмен
Күздегі жапырақтай қалтырама дей отырып, келесі кезекте «Болота» жарысы.
Ойынның шарты: Ойыншыларға екі ағаш кірпіш беріледі белгі бойынша бірінші болып тұрған оқушы алдымен бір кірпіштін үстіне мінеді екіншісін алдыға қарай қояды. Жерге түспей сол екі кірпішпен пирамиданы айналып, қайтарда кірпішті қолына алып жүгіріп қайтады да топтан айналып кірпішті келесі ойыншыға береді.
Ежелгі рим ақыны Флокк Гораций «Сауыңда жүгірмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді» деген екен, ондаша сайысымыздың келесі түрі Өрмекшілер сайысын бастайық.
Ойынның шарты: Екі қолына қолғап киіп, екі қолын артқа жерге тигізіп, пирамиданы өрмекшіге ұқсап айналып келіп топты айналып қолғапты келесі ойыншыға береді.
Білімдіден сөз тыңдасаң сөз тасыр
Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр дей келе келесі сайысымыз «Аралас эстафета»
Ойынның шарты: Бірінші ойыншы кітапты басына қойын пирамиданы айналып келеді.
Екінші ойыншы ауыр допты итеріп пирамиданы айналып келеді.
Үшінші және төртінші ойыншы бір біріне арқаларын түйістіріп пирамиданы айналып келеді.
Бесінші ойыншы секіртпе жіппен пирамиданы айналып келеді,
Алтыншы ойыншы тізесіне доп қыстырып секіріп пирамиданы айналып келеді.
Жетінші ойыншы шарды ұрып пирамиданы айналып келеді.
Сегізінші ойыншы баскетбол добын ұрып пирамиданы айналып келеді.
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деп таға да ұлы Абай жолдарына үңіле отырып, сайысымыздың соңғы бөліміне Топ басшыларын ортаға шақырамыз.
Ойынның шарты: Бір минут ішінде отжимании жасау.
Сайысымыздың қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз
Өмір кейде гүл береді қолыңа,
Өмір кейде нұр төгеді жолыңа.
Өмір кейде орға итерер абайсыз,
Бекем бол беліңді бу жасыма.
Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз! Ал қалған топ мүшелері көңіл күйлеріңізді түсірмеңіздер, алда әлі көптеген сайыстар бар.
Эстафета таяқшасымен жүгіру.
Болота
Өрмекшілер
Аралас эстафета
Топ басшылар сайысы
Есеп беру
Дене тәрбиесінен жылдық жоспарға сәйкес 3 – сыныптар арасында «Жүзден жүйрік» атты сайыс болып өтті. Сайысқа төрт топ қатысты, әр топ сегіз оқушыжан, оның төртеуі ұл бала, төртеуі қыз бала. Сайыста бес спорт түрінен топтар сайысқа түсті. Атап айтып кететін болсақ
1 – Эстафета таяқшасымен жүгіру, 2 – Болота, 3 - Өрмекшілер, 4 – Аралас эстафета, 5 – Топ басшылар сайысы. Сайыс өте қызықты болды, әр топтың жанкүйірлері тамашалады. Сайыстын қорытындысы бойынша көрсеткіштер төмендегідей орналасты:
І орын 3«А» сыныбы
ІІ орын 3«Ә» сыныбы
ІІІ орын 3«Б» сыныбы
Жүлделі орын алған топ арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жарыстың бас төрешісі: Медетова Г.Т
Көрсеткіш таблицасы
№
|
Сыныбы
|
Эстафета таяқшасымен жүгіру
|
Болота
|
Өрмекшілер
|
Аралас эстафета
|
Топ басшылар сайысы
|
Ұпай саны
|
Орын
|
1
|
3 «А» сыныбы
|
1.26.00
|
8.28.14
|
3.59.46
|
2.02.72
|
32
|
15
|
I
|
2
|
3 «Ә» сыныбы
|
1.25.39
|
8.47.09
|
4.05.34
|
1.52.39
|
30
|
14
|
II
|
3
|
3 «Б» сыныбы
|
1.27.67
|
8.35.11
|
4.30.16
|
1.53.73
|
29
|
11
|
III
|
4
|
3 «В» сыныбы
|
1.29.91
|
8.38.37
|
4.44.03
|
1.54.87
|
37
|
10
|
IV
|
Жарыстың төрешілері:
Дуйсенова Р. ЖолдасбаевР. Мухамеджанулы Б. Бегалиев М.К. Тулеуов А.М. Медетова Г.Т.