Перейти на главную страницу
Саны: 7
І. Білім беру мекемелерін 20 жылға жуық басқарған басшыларға арналған
ІІ. Республика, облыс деңгейінде жетістіктері және 20 жыл еңбек өтілі бар
ІІІ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы 1991 жылы құрылған үздік білім
мекемелеріне арналған «Сәтті қадам» номинациясы
ІV. Республика, облыс деңгейінде жетістікке жеткен және 1991-2011жылдар
V. «Педагогикалық әулет» номинациясы;
VІІ. 20 жыл бойы білім саласына қолдау көрсеткен әлеуметтік
ІІ. Салтанатты шараның өтілуіне берілетін уақыт: 15.00-16.30 (1 cағ 30 мин)
2. Қонақтарды,қатысушыларды қарсы алу: 14.20-15.50
3. Экраннан балабақша,мектеп,лицей,колледж
оқушыларының құттықтауы баяндалған бейне
ролик көрсету: 14.30-15.55
4. Залды толық көрерменмен толтырып болу: 14.55-ке дейін
5. Салтанатты шараның басталуы: 15.00
6. Би қойылымы 5 мин
7. Екі жүргізші шығады 3 мин
8. Облыс әкімінің құттықтауы 5 мин
9. Музыкалық номер 3 мин
10. Ардагерлерді құттықтау,гүл шоқтарын табыс ету 3 мин
11. Видео ролик тамашалау 6 мин
12. Білім беру мекемелерін 20 жылға жуық
басқарған басшыларға арналған
Табыс етуші: Басқарма бастығы М.Тоқжанов
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
13.Бала бақша бүлдіршіндерінің құттықтауы 4 мин
14. Республика, облыс деңгейінде жетістіктері және
20 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарға арналған
«Мерей» номинациясын табыс ету
Табыс етуші: ардагер ұстаз
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
15. Музыкалық номер 3 мин
16. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы 1991 жылы
құрылған үздік білім мекемелеріне арналған
«Сәтті қадам» номинациясын табыс ету
Табыс етуші: ардагер ұстаз
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
15. Музыкалық номер 3 мин
17. Республика, облыс деңгейінде жетістікке
жеткен және 1991-2011жылдар аралығында
құрылған білім беру мекемелеріне арналған
Табыс етуші: ардагер ұстаз
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
18. Музыкалық номер 3 мин
19. «Педагогикалық әулет» номинациясын табыс ету
Табыс етуші: ардагер ұстаз
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
20. Музыкалық номер 3 мин
21. «20 жастағы студент – болашақ ұстаз»
номинациясын табыс ету
Табыс етуші: Құспанов Өтебай Құспанұлы
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
18. Музыкалық номер 3 мин
20. 20 жыл бойы білім саласына қолдау
көрсеткен әлеуметтік серіктестіктерге арналған
Табыс етуші:
Марапаттауға берілетін уақыт 5 мин
Сөйлеуге берілетін уақыт 2 мин
21. Екі жүргізуші шығады 3 мин
22. Хор «Ұстазым» барлық өнер көрсеткен
оқушылар түгел шығады 4 мин
САХНА ЖАБЫЛАДЫ.
22. Ардагер ұстаздарды шығарып салу
Барлық мерекеге қатысушылар белгіленген орындарға отырады.
Жарық өшіріледі. Сахна ашылады. Хабарландырусыз «Тәуелсіздік. Жастар. Болашақ» тақырыбында хореграфиялық би қойылымы көрсетіледі.
ОРТАҒА ЕКІ ЖҮРГІЗУШІ ШЫҒАДЫ.
ЖҮРГІЗУШІ:
Қайырлы күн қымбатты ұстаздар! Кеш қонақтары!
Добрый день уважаемые гости, дорогие наши учителя!
Бүгін – ұстаздар жанын қуанышқа бөлейтін ғажайып күн!
Бүгін – тілегі мектеп, жүрегі шәкірт деп соқан абзал жандар күні!
Бүгін – теңіздей ақ бетке, қалам қайықпен білімнің ескегін қаймықпай есіп, өмір толқындарына төзе білген ұстаздардың күні!
Ендеше,Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа тұс келген ерекше, қайталанбас – Ұстаздар күні құтты болсын!
ВЕДУЩИЙ:
Учитель! Такое привычное, знакомое слово ставшее частичкой жизни каждого человека. Но какой глубокий смысл заключен в этом слове и какая великая ответственность лежит на их плечах. И мы рады приветствовать в этом зале всех тех, кто носит высокое имя - Учитель.
20 жыл- тәуелсіздік ақ таңының жарқын бейнесі.
20 жыл -қазақ мектептерінің қиындықпен табандылық танытқан кезеңі;
20 жыл -ұстаз қауымының шыдамдылық пен қажырлылықты еңсерген биігі;
20 жыл -ел тұтастығымен бірлігінің жарқын көрінісі.
Ендеше бүгінгі мерекелік кешті ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен байланыстырмау мүмкін емес. Осынау 20 жылдық белесті бағындырған абзал жандарға қандай құрмет көрсетсекте лайық!
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ ОБЛЫС ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВ БАҚТЫҚОЖА САЛАХАДИНҰЛЫНА БЕРІЛЕДІ.
Сахнаға ұстазға деген құрметін әнмен өрнектеген жас әнші__________________________________________ шақырамыз.
Ардагер ұстаз қауымы еңбеккерлер,
Қандай от боп жанғаныңды кезің білер,
Мектептерді көбейттірген жерлерге
Үлкен құрмет көрсетейік бәріміз
Төріміздегі ұстаз ардагерлерге!
Тәуелсіздіктің 20 жылдық даму жолында облысымыз қиын кезеңдерді өткере біліп, көптеген шыңдарды бағындырды. Облысымыздың білім саласында да 20 жылдықтың ізденіске толы жарқын іздері сайрап жатыр.
Біз, Тәуелсіздігіміздің жеңісті кезеңінде көптеген жетістіктермен нәтижелерге қол жеткіздік. Ел үшін еңсерген елеулі істеріміздің барлығы да жарқын болашағымыздың айқын көрінісі десек артық емес.
Ендеше экранға назар аударайық.
Тәуелсіздіктің тәй - тай басқан алғашқы жылдарына табандылық танытып, тегеуріні мықты мектеп қалыптастыру жолында ұстазға жүктелген міндетте оңай болған жоқ. Ұстаздарды ұйымшылдықпен біріктіріп, мектептің еңсесін түсірмей көтеруге күш салған мектеп басшыларының ерен еңбегі тіптен ерекше.
Бабын тауып,оқушы,ұстаз өзгенің,
Уақыт зырлап өтерінде сезбедің.
Білім беру мекемелер басшысы,
Құрметке лайық,басшыларымыз өздерің.
Осындай 20 жылға жуық білім шаңырағын шайқалтпаған білікті басшылардың есіміне тоқталсақ:
Білім беру мекемелерін 20 жылға жуық басқарған басшыларға арналған «Белес» номинациясын табыс ету құрметі облыстық білім басқармасының бастығы ТОҚЖАНОВ МАРАТ ЛҰҚПАНҰЛЫНА беріледі.
Өздеріңізге арналған сазды сәлемімізді қабыл алыңыздар.
Музыкалық номер жіберіледі___________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ. Республика, облыс деңгейінде жетістіктері және 20 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарға арналған «Мерей» номинациясын табыс ету
ЖҮРГІЗУШІ:
Республика, облысқа танылып,
Ұстаз деген жайсаң жандар жаны құт
20 жылдық еңбектерің еш кетпей
Әркез алдан жүріңіздер табылып.
"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында" деп елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай ұстаз еңбегі қашанда өлшеусіз. Олар тәуелсіздіктің жаңа баспалдақтарын қаймықпай аттап, білім майдангерлері атанды.
Многие из них не только не ушли из школы в самые трудные годы переходного периода, но и достигли блестящих профессиональных успехов, являются гордостью своих школ, обожаемы своими учениками и пользуются уважением родителей.
Ия, олай болса 20 жыл еңбек жолдарында республика, облыс деңгейінде жетістіктерге жетіп ел болашағының гүлденуіне үлес қосқан ұстаздарға құрмет көрсетейік!
Республика, облыс деңгейінде жетістіктері және 20 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарға арналған «Мерей» номинациясын табыс ету құрметі____________________________________________________ беріледі.
Ия, тәуелсіздіктің алғашқы парақтары ашылған сәттен бастап 1991 жылы облысымызда бірнеше білім ошақтары бой көтерді. Сол жылдардың көптеген қиындықтарына төтеп берген білім мекемелерін тәуелсіздігіміздің алғашқы қанатымен су сепкен қарлығаштары десек артық емес. Аталмыш мекемелер облысымыздың білім саласына тың сәтті қадам жасады. Олар тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен білім ошақтарының 20 жылдығын бірге тойлайды!
Бұл мектептер:
-Қаламыздағы №35 мектеп лицейі 1991 жылы Орал қалалық білім басқрмасының бастамасымен инновациялық оқу орны болып құрылды. 1999 жылдан бастап мектеп-лицей ЮНЕСКО шеңберінде Халықаралық мектептер ассоциациясына «Ұлтаралық келісім мен өзара әрекет мәдениеті» және «Қоршаған ортаны қорғау» жобалары бойынша енген. МектепРеспуюликалық «Мектепті басқару» байқауында ІІІ орнға ие болды.2000 жылдан бастап оқыту нәтижелері бойынша лицей республиканың 100 үздік мектептерінің қатарында. Лицей түлектері арасында 3 ғылым докторы, 4 ғылым кандитаты бар. Түлектері Ресей,Беларусь,Ұлыбритания,АҚШ,Канада,Чехия,Қытай,Малазия мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарында білім алуда. «Болашақ» бағдарламасы бойынша-23, АҚШ-дағы FLEX бағдарламасы бойынша 21 оқушы білімін жетілдіруде.
- Бөрлі ауданы,Ақсай қаласының №4 ЖОББМ 1991 жылы 1 қыркүйекте ашылып,құшағын шәкірттерге толтырды. Сиымдылығы 1300 орындық типтік мектепті Ақсай қаласына газ өніруге келген чехословакияның құрылысшлары салған екен.Білім ошағы ашылған жылдан бастап көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Құрамында Мекшкова Людмила Ивановна, Ізмағамбетов Күлсипан Қайыржанқызы, Диярова Майра Диярқызы,Саяева Бағила Сақтанберқызы секілді білікті ұстаздардан құралған ұжымның бар мақсаты сапалы білім,саналы тәрбие. Мектеп «Педагогикалық ұжымдар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніде мүделлі органдармен байланыс бойынша үздік ұйымдастыру» облыстық байқауынан І орын, 2007,2009 жылдары облыстық «Алтын ұя» байқауында «Гран-При» жүлдесі, облыстық «Ең үздік тәрбиеші-ұйымдастырушы» байқауында «Гран-При», 2008 жылы «Үздік жалпы білім беру мекемесі» облыстық байқауында І орын, облыстық «Ең үздік мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі» байқауында І орын, Республикалық байқауда ІІ орынға ие болды.
- Қаламыздағы №27 балабақшасы 2008 жылы «Үздік балалар мекемесі» байқауында І орынға қол жеткізді. Сол жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша тілдерді дамыту департаменті ұйымдастырған «Ең үздік балабақша» облыстық байқауында тағы да І орында жеңіп алды.1998 жылы «тәй тәй» бағдарламасымен байқауға қатысып, «Сорос Қазақстан» қорының грантын жеңіп алды.2011 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартын енгізуді жүзеге асыру бойынша тірек балабақшасы болып келеді.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дейінгі облысымыздың даму кезеңі алып келген жаңа идеялар мен қарым-қатынастар,өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарап, осы заманғы биік педагогикалық талаптар деңгейінен көрінуді талап етуде. Осы талап үрдісінен шығуды көздеп, тіуелсіздігіміздің даму жолында құрылған бірнеше жаңа білім мекемелері, қосымша білім беру орталықтары жаңашылдық пен биік педагогикалық ізденісттерді бір арнаға тоғыстырудың нәтижесінде, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді де, қызықты ұйымдастыру жолында өздеріне жүктелген ауыр міндетті абыроймен атқарып келеді.
Олар ел ертеңі жас ұрпақтың жан жақты дамуына тың өрлеу жасады.
Ұзақ жылдар жалғап ұстаз есімін
Ұрпағына мұра қылып қалдырған
Ұл- қызына беріп аппақ батасын
Ұлы сөзді одан әрі жандырған
«Ұстаздардың әулеті» боп атанып
Жалғап жатқан сан ұрпақ бар кәделі
Шәкірттердің жүрегіне жол тауып,
Жылдар бойы қуантады бар елді.
Сан ұрпақты білім нәрімен сусындатқан педагогикалық әулет атанған отбасыларға құрмет көрсету игі дәстүріміз.
Ел тізгіні жастардың қолында! Сонау қасиетті мамандықты өзінің тағдырына айналдырған болашақ ұстаздар біздің мақтаныштарымыз. Солардың қатарында білімімен еленіп, қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, елдің ертеңін дамытуда өзіндік өрнек қалыптастырып келе жатқан студентерді ерекше атауға болады.
Ұстаз болу биік шыңы сезімнің,
Бүгіннен ақ мұны сен шын сезінгің.
20-дағы студенттер бүгінгі,
Болашағы сіздерсіңдер елімнің!
табыс ету құрметі
________________________________________________________________________________________________________________________беріледі.
ЕКІ ҰЛ БАЛА ГҮЛМЕН ГРАМОТА АЛЫП ШЫҒАДЫ
МУЗЫКАЛЫҚ НОМЕР_____________________________________________________________________________________________________________________________
7. «20 жыл бойы білім саласына қолдау көрсеткен әлеуметтік серіктестіктерді марапаттауға арналған
«Серпін» номинациясын табыс ету.
ЖҮРГІЗУШІ:
Біздің демеушілеріміз біздің жұмысымызға серпін берер күш десек артық емес. 20 жыл бойы еліміз қуаттылығымен біргілінің арқасында жеткен жетістіктерге демеушілердің қосқан үлесі ұшан теңіз.
Олай болса, ұрпағы үшін аянып қалмаған демеушілерге алғыс білдіреміз!
Ашық болсын нұрға толы көгіміз
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды
Құрметтейміз басты иіп сені біз
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз
Ұстазымыз үлгі бізге ісі аңыз
Жақсылықты тәтті үмітті танытқан
Өздеріңді мәңгі үлгі тұтамыз!!!
Өшірмеңдер бойға біткен құштарларды.
Бізге ынтық бар табиғат, қыс-жаз, бәрі
Білімнің даңғыл жолын салып берген
Бас иіп құрметтеңдер ұстаздарды!
Пусть тебя стократ
Восславят, возблагодарят
И вознесут на трон из песен
Чтоб,с каждым поколением впредь
Тебе волшебно молодеть
В труде, который так чудесен!
ЖҮРГІЗУШІ:
Біздің жылы жүзді кездесуіміз аяқтала келді. Алда жағымды жаңалыққа толы сабақтар, шабытқа кенелтер жаңа байқаулар, жұлдызды жеңістер, шәкірттеріміздің мерейлі жетістіктері күтуде. Сіздер үшін Ұстазым әні қалықтайды. Барлығымыз бірге қосыла шырқайық!
Мерекелік шарада берілетін білім басқармасының алқасы мен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің номинациялар атауы
25 12 2014
1 стр.
Мерекелік шарада Отанға, Туған жерге арналған өлеңдер, ән-шашулар, ырғақты билер және қазағымыздың ұлттық ойындары ойнатылды. Бүлдіршіндер мерекелік іс-шараға өздерінің ынта жігерл
15 10 2014
1 стр.
Ведущий 1: Кітапханашылар күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы – кітаптарды қамқорлыққа ал
12 10 2014
1 стр.
Естай атындағы ҚМҮ-де Мұғалімдер күніне арналған «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты салтанатты кешке қатысу (Кәріпжанова А. З.,Куватова М. Б.). Б. Х.Әбдіжүсіпова
25 12 2014
1 стр.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз
09 09 2014
1 стр.
Пән бағдарламасы 200 ж бекітілген жұмыс жоспары негізінде әзірленген
01 10 2014
1 стр.
Бүкіләлемдік астрономия күні 24 сәуірде аталып өтіледі. Бұл мереке Америкада 1973 жылдан бері аталып өткізіліп келеді және астрономияға қызығушыларды «Адамдарға астрономияны тарату
01 10 2014
1 стр.
Республикасы Конституциясының тарихи маңызына арналған шығармашылық жазба жұмыстарының конкурсы туралы Ереже
15 10 2014
1 стр.