Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы « 8 » қарашадағы
№ 1310 қаулысымен
бекітілген
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
қағидалар (540.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалар (540.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушлар өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасайды.
2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
4. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
5. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
6. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
7. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
8. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Декларацияны жасау (540.00-нысан)
9. 540.00-нысаны жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңі үшін төлеуге жататын үстеме пайда салығының сомасын көрсетуге арналған.
10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4)-тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;
7) валюта коды.
«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
8) келісімшарт пен кен орнының атауы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орындарының атауы көрсетіледі;
9) келісімшарттың жасалған күні.
Уәкілетті мемлекеттік органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан күн көрсетіледі;
10) келісімшарттың нөмірі;
Уәкілетті мемлекеттік орган берген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;
11) резидент емес;
Декларацияны резидент емес табыс еткен кезде белгіленеді.
11. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығы есептелді» бөлімінде:
1) 540.00.001 жолында Салық кодексінде белгіленген тәртіппен үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыстың сомасы көрсетіледі;
2) 540.00.002 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы заң) сәйкес табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;
3) 540.00.003 жолында 540.00.001 және 540.00.002 (540.00.001 + 540.00.002) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы заңына сәйкес айқындалатын, түзетуді ескере отырып, Салық кодексінде белгіленген тәртіпте үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығының жылдық жиынтық табысының сомасы көрсетіледі;
4) 540.00.004 жолында 540.00.007, 540.00.010 және 540.00.011 жолдарынан 540.00.014 (540.00.007 + 540.00.010 + 540.00.011 – 540.00.014) жолдарын алып тастаған сома ретінде айқындалатын, үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шегерімнің сомасы көрсетіледі;
5) 540.00.005 жолында үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша, Салық кодексінің
348-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған, шығыстар сомасы көрсетіледі;
6) 540.00.006 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы заңына сәйкес 540.00.005 жолында көрсетілген шығыстарды түзетулер сомасы көрсетіледі;
7) 540.00.007 жолында 540.00.005 және 540.00.006 (540.00.005 + 540.00.006) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы заңына сәйкес айқындалатын, түзетуді ескере отырып, үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша Салық кодексінің 348-4-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдерге жатқазылған шығыстар сомасы көрсетіледі;
8) 540.00.008 жолында Салық кодексінің 384-4-бабының 1-тармағы
2) тармақшасына сәйкес салық кезеңі ішінде тіркелген активтер құруға және (немесе) сатып алуға іс жүзіндегі жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі. Осы шығыстар жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша кез келген мөлшерде (нақты келтірілген шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылады;
9) 540.00.009 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы заңына сәйкес 540.00.008 жолында көрсетілген сәйкес салық кезеңі ішінде іс жүзіндегі жұмсалған шығыстардың түзетулер сомасы көрсетіледі;
10) 540.00.010 жолында 540.00.008 және 540.00.009 (540.00.008 + 540.00.009) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалатын, түзетуді ескере отырып, Салық кодексінің 384–4-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес салық кезеңі ішінде тіркелген активтер құруға және (немесе) сатып алуға іс жүзіндегі жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
11) 540.00.011 жолында Салық кодексінің 348–4-бабының 1-тармағы
3) тармақшасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінде келтірілген залалдар сомасы көрсетіледі;
12) 540.00.012 жолында Салық кодексінің 348–4 бабының 3-тармағына сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
13) 540.00.013 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес
540.00.012 жолында көрсетілген шегерімдерді
түзетулер сомасы көрсетіледі;
14) 540.00.014 жолында 540.00.012 және 540.00.013 (540.00.012 + 540.00.013) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалатын, түзетуді ескере отырып, үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша
Салық кодексінің 348–4-бабының 3-тармағы сәйкес шегерімдер сомасының амортизациялық аударымдар сомасына түзетулері көрсетіледі;
15) 540.00.015 жолында Салық кодексінің 348-2-бабына сәйкес 540.00.003 және 540.00.004 (540.00.003 – 540.00.004) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескегендегі салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер, Салық кодексінің 133-бабына сәйкес 540.00.003 және 540.00.004 жолдарының айырмасы нөлден кем болса, осы жолда нөлге тең мән көрсетіледі;
16) 540.00.016 жолында Салық кодексінің 348-5-бабына сәйкес үстеме пайда салығы есептелетін, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша келісімшарт қызметі бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Корпоративтік табыс салығының сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша Декларацияның тиісті Қосымшасынан тасымалданады;
17) 540.00.017 жолында Салық кодексінің 349-бабына сәйкес келісімшарт қызметі бойынша таза табыс бойынша пайда болатын, таза табысқа салынатын салық сомасы көрсетіледі. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент емес толтырады;
18) 540.00.018 жолында 540.00.016 жолынан 540.00.016 жолын және 540.00.017 жолын 540.00.017 (540.00.015 – 540.00.016 – 540.00.017) алу ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін іс жүзінде алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;
19) 540.00.019 жолында 540.00.004 жолының және 25 проценттің туындысы (540.00.004 х 25%) ретінде айқындалатын шегерімдердердің
25 пайыздық сомасы көрсетіледі;
20) 540.00.020 жолында 540.00.018 және 540.00.019
жолдарының айырмасы (540.00.018 – 540.00.019)
ретінде айқындалатын, шегерімдердер сомасының 25 проценттан асатын, жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бөлігі ретінде есептелетін, үстеме пайда салығының салықтық базасы көрсетіледі;
21) 540.00.021 жолында деңгейлер бойынша үстеме пайда салығы сомасының есептеуі көрсетіледі, соның ішінде:
540.00.021 А бағанында деңгейлер көрсетілген;
540.00.021 В бағанында жылдық жиынтық табыс сомасының шегерімдерге қатынасының жоғарғы шектерінің мәндері келтірілген;
540.00.021 С бағанында Салық кодексінің 348-4-бабына сәйкес үстеме пайда салығы мақсатындағы шегерімдер көрсетіледі;
540.00.021 D бағанында Салық кодексінің 351-бабына сәйкес белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлудің шекті сомалары көрсетіледі.
540.00.021 E бағанында Салық кодексінің 351-бабына көзделіп бөлінген іс жүзіндегі таза табыс көрсетіледі, келесі тәртіппен алынып тасталған:
1 деңгей үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыстың сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан көп болса, онда бірінші деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыстың сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан кем болса, онда бірінші деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатындағы таза табыстың сомасына тең болады.
Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлу жүргізілмейді;
2-7 деңгейлер үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан артық не тең болса, онда бұл деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан кем болса, онда осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі сондай айырмаға тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлу жүргізілмейді.
Таза табыстың бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатындағы таза табыстың сомасына тең болуы тиіс;
540.00.021 F бағанында Салық кодексінің 351-бабына сәйкес салық ставкалары процентпен келтірілген;
540.00.021 G бағанында 540.00.021 Е бағындағы әрбір жолдың 540.00.021F бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол жолымен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;
22) 540.00.022 жолында 540.00.021 G бағанының жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, төленуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
12. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:
1) «Салық төлеушінің аты-жөні» жолда.
Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) Декларацияның тапсырған күні.
Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін, уәкілетті органмен бекітілген, салық төлеушінің орналасу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны толтырған лауазымды адамының аты-жөні» жолда Декларацияны толтырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
5) Декларацияның қабылданған күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органы беретін Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
____________________________