«Бекітемін» Күні:___________________
директордың орынбасары Уақыты:________________
___________Емешова А. Сыныбы:_______________
«___»_________201_жыл Өткізілген орны:_________
Тақырыбы: Әдепті оқушы қандай?
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуге, қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстай білуге үйрету, бұрынғы білгендерін толықтыру, жетілдіру, сыпайы сөйлеуге, мәдениеттілікке, әсемділікке баулу.
Көрнекіліктер: әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер:
1. Әдепті бала –арлы бала,
Әдепсіз бала –сорлы бала.
2. Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
3. Сыпайының сыйы мол.
Ватман, маркер, фломастер, жапысырм қағаз.
Тәрбие сағаты болардан бір апта бұрын оқушыларға «Әдептілік дегенді қалай түсінесің?» деген тақырыпта өз ойларын жазып келуге тапсырма беріледі.
Барысы:
Мұғалім: тапсырманы тыңғылықты орындап келіпсіңдер. Рақмет. Қазір біз үш топқа бөлінеміз. Топтардың аты біздің тақырыбымызғасәйкес болсын. Ал айта қойыңдар.
Оқушылардың айтуы бойынша топ құрамыз.
Тақырыптарын талқылап, ойларын қағазға түсіреді.
Оқушыларға он бес минут уақыт беріледі. Топтар тапсырмаларды талқылап, ойларын қағазға түсіреді. Тақырыптарына байланысты сурет салады.
Әр топтан екі оқушы шығып тақырыбын, салған суретін қорғайды.
І топ: «Әдеп» тобы – «бала – мектепте».
1. Мектепке таза, үтіктелген киіммен, әдемі таранып, таза аяқкиіммен
келу керек
2. Оқу құралдары таза, рет ретімен салынған, түгел болуы керек.
3. Мектепке кешігуге болмайды.
4. Ұл бала мектепке кірерде баскиімін шешіп, қолына алуы керек.
5. Сыныпқа кірерде бірінші мұғалімге, сонан соң жолдасыңа сәлем бер.
6. Сыныпқа үлкендер кірсе, орнымыздан тұрып сәлем беруіміз керек.
7. Тақта алдында түзеу тұр, қолыңды қалтаңа салып тұру мәдениетсіздік
8. Партаны күт, сындырма, жазба т.б.
ІІ топ: «Ізет» тобы – «Әдепті бала көшеде».
1. Көшеге таза киініп шық, үлкеннің алдын кеспей жол бер.
2. Көшені ластама, үйдің қабырғаларына жазба.
3. Көшеде қатты сөйлеуге, айғайлауға, қатты күлуге болмайды.
4. Көшеде жолдасыңмен бөгеліп, сөйлесетін болсаң, жолдан шығып тұр.
5. Қоғамдық көлікке балмұздақпен кірме.
6. Үлкен адамға балалы әйелге орын бер.
7. Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.
8. Біреудің дүниелеріне таңдана қызығып, тесіле қарама т.б.
ІІІ топ: «Кішіпейіл» тобы – «Әдепті бала үйде».
1. Ата анаңды ренжітпе, қолдан келсе қолбағыс жаса.
2. Төсегіңді, киіміңді, өз заттарыңды өзің жина.
3. Балконнан сыртқа еш нәрсе лақтыра, түкірме, еш нәрсе сілкілеп, қақпа.
4. Үйіңе досың, қонақ келсе киімін шешуге көмектес, ішгішке іл. Сосын
бөлмеге алдымен қонақты кіргіз.
5. Қонақтан бұрын тамаққа қол созба.
6. Тамақты асықпай іш, қолыңды жалама.
7. Тамақ ішіп болған соң, тамақ дайындаған адамға (анаңа) рақмет
айтуды ұмытпа.
8. Телефонмен сөйлескенде алдымен кім болса да амндасуды ұмытпа.
Қорытынды сөз.
Мұғалім: Бүгін біз сіздермен әдептіліктің негізгі ерекшеліктерімен таныстық, өзіміз бұрыннан білетін «Сиқырлы сөздерді» қайталадық. Қарап отырсақ, бұларды орындаудың түк қиындығы жоқ екен. Автобуста үлкен адамға орын берудің қандай қиындығы бар? Кездескен адамға «Сәлеметсіз бе?» деп амандасудың немесе «Сау болыңыз?» деп қоштасудың ше?
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік – адамдардың өзара қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсан арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор
болсаң өсе келе ата анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық
1 – оқушы
Ата – ананың тілегі – адам болып өскенің,
Адамдықтың тілегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2 – оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3 – оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезіңде
Сыйлы болмақ өзің де.
4 – оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5 – оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ – табақты.
6 – оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағың
Салдыр салақ болмағың.
7 – оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8 – оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9 – оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10 – оқушы
Атам маған қашан да,
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
11 – оқушы
Қалдыыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
12 – оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
- Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
- Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
Үлкендердің алдын-
Кішкене баланы –
Құстарды–
Қыз баланы–
Сабақтан–
Үйге жүгіріп–
Үлкен кісіні–
Оқу – құралдарын–
Сыныпта айғайлауға–
Ысқыруға–
Құстың ұясын–
Не істеу керек?
-
Үлкенді сыйлау керек
-
Ата – аналардың тілін алу керек
-
Тәртіпті болу керек
-
Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
-
Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал–мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал–мәтелдер айту.
Әдепті бала– арлы бала,
Әдепсіз бала– сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу дұшпан, ақыл дос
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек.
Ұлық болсаң кішік бол.
Кішіден ізет–үлкеннен құрмет.
Әдепті бала ата – анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.
Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ – жауап: «Сен маған, мен саған»
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда сен не істеуің керек?
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Үйге қонақ келген кезде бала не істеу керек?
Әдептілікті бізге кім үйретті?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінезбен іс – әрекетті айтамыз?
1 – оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2 – оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабатты, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да айтатын бір жағдай бір бірімізге кешірімді болу керек, ол да әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай қырсық мінездерді тезге салып, тез түзеу керек.
Жас кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: «Байлық пен ақыл»
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ жауап.
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқйтын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез келген жағдайда, кез келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.Әдепті адам жамандықты жжақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.