Өзін – өзі тану 2-сынып
Тақырыбы: Менің ұстаздарым
Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
-
Оқушыларға мұғалімнің, ата-аналардың, үлкендердің , кітаптың, өмірдегі «ұстаздары» екенін түсіндіру
-
Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру
-
Ұстаздарды бағалауға, cыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: үнтаспа, «жүрекше» пішінді ашықхат, түрлі түсті қағаз
Шаттық шеңбері:
Шеңберге тұрып, сәлемдесу
Балалар бір-біріне жүрекжарды тілектер айтады. Үнтаспаға қосылып «Ұстазым» әнін айтады.
Әңгімелесу
-Балалар, ән кім туралы?
-Ұстаз деп кімді айтамыз?
-Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?
-Ұстазыңды қалай қуантар едіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата – ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.
Дәйексөз
-Ал, енді, тақтаға назар аударайық. Тақтадағы мақалды түсіндіріңдер « Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы »
-
Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден тәлім-тәрбие, өнеге алсақ үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген оны өмірде дұрыс қолдана білген шәкірт нағыз білімді болады.
Жаңа ақпарат
Яғни, ұстаздың еңбегінің маңызы өте зор. Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардыың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарастарын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.
Мәтінмен жұмыс
«Өнерлі жігіт» оқу (аңыз)
Осы аңыз бойынша сұрақтарға жуап береміз.
-
Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келеді? Не үшін?
-
Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?
-
Білім адамға не үшін қажет?
- Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.
Дәптермен жұмыс
«Менің ұстазым» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс.
«Түнгі аспан» шығаршылық жұмыс.
-
Жарайсыңдар, балалар! Біздің түнгі аспанды жарық ететін Айға жарқыраған жұлдыздар қажет! Кәне жұлдыздар ортаға шығыңдар!
(балалар ортаға бір-бірден шығады)
Қорытындылау
-
Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді.
Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінің
2 «А» сынып оқушылары және ұстазы Камина А.К.
