«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Реттік сан есім.
Жеті атасын білу – тектілігіміздің белгісі
Орындаған: Амантаева Фатима
Керимбиевна
қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Приозерск қаласы 2013 ж.
Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім.
Жеті атасын білу - тектілігіміздің кепілі
Сабақтың мақсаты: Реттік сан есім жайында түсінік қалыптастыру.
1. Білімділік: реттік сан есімнің жасалу жолдарын ұғындыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау.
3. Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізу, оның ішінде жеті атасын білу де, қазіргі жас буынның міндеті болып табылатындығын түйсіндіру.
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен сәлемдесу.
-
Оқу құралдарын түгендеу.
-
Кезекшімен сөйлесу әрекеті.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Пысықтау сұрақтары қойылады:
-
Сан есім нені білдіреді?
-
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-
Сан есім қай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
-
Сан есім дегеніміз не?
-
Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
-
Дара сан есімдер дегеніміз не?
-
Күрделі сан есімдер дегеніміз не?
-
Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
-
Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Реттік сан есімдер заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп
, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауысты дыбысқа бітсе,
-ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса,
-ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: үш+інші, он+ыншы, жеті+нші, алты+ншы, екі жүз қырық бес+інші, мың+ыншы, тоқсан+ыншы, т.б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда сан есімдердің жазылуы мына төмендегіше болады:
1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, - ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады.
Мысалы: Ол олимпиададан 1 – орын алды. Олар 2 – үйде тұрады. Сен биыл
6-сыныпта оқып жүрсің, т.б.
2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. Мысалы: роман-эпопеяның ІІ томы, т.б.
3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.Мысалы: 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады, т.б.
164-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: жеті –жетінші, он - оныншы...
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 369, 2692.
«Жеті ата» сөзіне түсінік беру. Жеті атаны ретімен жазып, әр туыстық атаулар жөнінде оқушылардың ойын тыңдау.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі.
Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды.
-
Ата
-
Әке
-
Бала
-
Немере
-
Шөбере
-
Шөпшек
-
Немене
Немере – туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Атадан тараған
төртінші ұрпақ. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады.
ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда
немереден өрбіген
бесінші ұрпақ. Дәстүрлі
қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.
Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған
алтыншы ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды.
Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын
жетінші ұрпақ.
Ребус шешу.
7
қ н п б
ген
7




з р

123Д4 5 .
Шешуі: Жеті атасын білген жетімдік көрмейді.
Оқушылар ребустың шешуін айтып, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруы қажет.
165-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сұрақтарын айтыңдар.
Қазақстан үкіметі мың тоғыз жүз жиырма екінші-жиырма үшінші жылдары түрлі курстар мен мектептер ашты. ( С.Сейфуллин)
Мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы алтыншы қазанда жауды жайлап, Невельге алдымен кірген жетпіс сегізінші атқыштар дивизиялары болды.Солармен ілесе отыз бірінші және жүзінші атқыштар бригадалары да қалаға кірді. Невель қаласын қайтарып алу үшін фашист ұшақтарының бізді үсті-үстіне бомбалағаны әлі көз алдымда.Сол шайқастардың бірінде, он бесінші қазанда Мәншүк қаза тапты. ( Ә. Нұршайықов)
Менің бабам Имаш мың тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрынды,от жанарлы шымыр шалдың төртінші перзенті - менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен.
(Б. Момышұлы)
Мақал-мәтелден реттік сан есімдерді табыңдар.
Жігіттің үш жұрты бар:
Бірінші - өз жұрты,
Екінші - нағашы жұрты,
Үшінші - қайын жұрты.
Мына сөйлемдердегі сөздердің қатесін тап.
Әлемнің он үшыншы чемпионы осындай мінезімен танылды. Екыншы жолаушы көркем келген әдемі жігіт екен. Марат алтынші сыныпта оқиды.
Әлемнің он үшінші чемпионы осындай мінезімен танылды. Екінші жолаушы көркем келген әдемі жігіт екен. Марат алтыншы сыныпта оқиды.
Сөзжұмбақ шешу.
-
Көлденеңінен:
1. Есептік сан есім.
2. Сан есімнің мағыналық түрі.
3. «Отызыншы» реттік сан есімін есептік сан есімге айналдыр.
4. Реттік сан есім.
5. Сан есімнің құрамдық түрі.
6. «Алтыншы» сан есімінен есептік сан есім жаса.
7. Туыстық атау.
Сөзжұмбақ жауаптары:
1. Жеті.
2. Реттік.
3. Отыз.
4. Бірінші.
5. Дара.
6. Алты.
7. Бала.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Тест тапсырмаларын орындау.
1. Реттік сан есім нені білдіреді?
А) заттың нақтылы санын білдіреді
Ә) заттың саналу ретін білдіреді
Б) заттың жинақталған санын білдіреді
В) заттың санын топтап көрсетеді
2. «-ыншы, -інші» жұрнағы арқылы сан есімнің қай мағыналық тобы жасалады?
А) реттік
Ә) болжалдық
Б) топтау
В) бөлшектік
3. Реттік сан есімнің сұрағын табыңыз?
А) қанша?
Ә) нешеу?
Б) нешінші?
В) қай шамалы?
4. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі
Ә) он сегіз
Б) жиырма алты
В) он
5. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) Х- сынып
Ә) 2012-жылы
Б) 17-қараша
В) 1- үй
6. Берілген мақалдың сан есімнің қай мағыналық түріне жататындығын табыңыз.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - он саулық,
Үшінші байлық - ақ жаулық.
А) реттік
Ә) есептік
Б) болжалдық
В) жинақтық
7. Қай қатардағы реттік сан есімде тыныс белгісі дұрыс қойылмаған?
А) 7-қатар
Ә) ІІ-том
Б) 8 наурыз
В) 6-сынып
8. «-ншы, -нші» жұрнағы арқылы сан есімнің қай мағыналық тобы жасалады?
А) топтау
Ә) болжалдық
Б) реттік
В) бөлшектік
Тест сұрақтарының жауаптары:
1 - Ә 5 - В
2 - А 6 - А
3 - Б 7 - Ә
4 - Б 8 - Б
Оқушылардың жаңа сабақты түсінгенін тексеру. Сұрақтар беру.
-
Реттік сан есім нені білдіреді?
-
Реттік сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-
Реттік сан есім қай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
-
Реттік сан есім дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма беру
1. Реттік сан есімнің ережесін жаттау, жасалу жолын түсініп оқу.
2. Жеті ата туралы ойтолғау жазу.
3. 168-жаттығуды орындау.
VІ. Оқушыларды бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Пайдаланылған қосымша материалдар:
Тест тапсырмалары
1. Реттік сан есім нені білдіреді?
А) заттың нақтылы санын білдіреді
Ә) заттың саналу ретін білдіреді
Б) заттың жинақталған санын білдіреді
В) заттың санын топтап көрсетеді
2. «-ыншы, -інші» жұрнағы арқылы сан есімнің қай мағыналық тобы жасалады?
А) реттік
Ә) болжалдық
Б) топтау
В) бөлшектік
3. Реттік сан есімнің сұрағын табыңыз?
А) қанша?
Ә) нешеу?
Б) нешінші?
В) қай шамалы?
4. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі
Ә) он сегіз
Б) жиырма алты
В) он
5. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) Х- сынып
Ә) 2012-жылы
Б) 17-қараша
В) 1- үй
6. Берілген мақалдың сан есімнің қай мағыналық түріне жататындығын табыңыз.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - он саулық,
Үшінші байлық - ақ жаулық.
А) реттік
Ә) есептік
Б) болжалдық
В) жинақтық
7. Қай қатардағы реттік сан есімде тыныс белгісі дұрыс қойылмаған?
А) 7-қатар
Ә) ІІ-том
Б) 8 наурыз
В) 6-сынып
8. «-ншы, -нші» жұрнағы арқылы сан есімнің қай мағыналық тобы жасалады?
А) топтау
Ә) болжалдық
Б) реттік
В) бөлшектік
Сабақ өтілген 6«Ә» сынып оқушыларының тізімі
-
№
|
Оқушының аты-жөні
|
1.
|
Абдыкалыков Баубек Тилеубергенович
|
2.
|
Айдархан Тоќжан Талғатбеккызы
|
3.
|
Амангельдиева Салтанат Канат кизи
|
4.
|
Амангельдинов Ерасыл Аскарулы
|
5.
|
Әбдіқадыр Медет Дінмұхаммедұлы
|
6.
|
Әділхан Шоқан Ермекұлы
|
7.
|
Байбулатова Асем Бауржановна
|
8.
|
Биналы Мугдат Исвандинулы
|
9.
|
Болатжан Наргиза Ержанкызы
|
10.
|
Джаксыбай Дархан Алмабекулы
|
11.
|
Дулат Айгерім Талғат-кызы
|
12.
|
Есжан Ерлік Бақытбекұлы
|
13.
|
Ильясов Иса Жолдасугли
|
14.
|
Карибекова Аяулым Мадениеткызы
|
15.
|
Мейрамғали Малика Жасуланкызы
|
16.
|
Мейрхан Дамир Даниярулы
|
17.
|
Омар Руслан Султанбекулы
|
18.
|
Оразбай Арман Канатұлы
|
19.
|
Сарсенбаев Ануар Талантович
|
20.
|
Сулейменова Айнур Раймбекқызы
|
21.
|
Тлепбай Гүлім Болатбекқызы
|
22.
|
Тұрсынханова Аяжан Бауыржанқызы
|
23.
|
Тагайкулова Балауса Калыкуловна
|
Пән мұғалімі Амантаева Ф.К.