Ф КГМУ 4/3-07/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетімен өтетін сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Терапиялық электронды-медициналық аппараттар (УЖЖ, АЖЖ, гальванизация және т.б.)
Пән: OODO12 MB1112 медициналық биофизика
Мамандығы: 5В110400 - «Медико-профилактикалық іс.
Курс: I
Құрастырушы: оқытушы Бражанова А.К.
Қарағанды 2010
Кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама № __ «__» ______20 _ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________ Койчубеков Б.К.
Тақырыбы: «Терапиялық электронды-медициналық аппараттар (УЖЖ, АЖЖ, гальванизация және т.б.)»
Сабақтың мақсаты: Ұлпалық модельдерді пайдаланып емдік мақсатпен тұрақты токты қолдануды меңгеру.
Оқыту талаптары:
Нәтижесінде студент білуі керек:
-
Тұрақты тоқ кезінде тірі ұлпалардың электрлік өткізгіштігімен студенттерді таныстыру;
-
Гальванизациялық әсер аппаратымен таныстыру;
-
Студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстыру;
-
Гальванизация мен дәрілік электрофорез әдістерінің физикалық негізін түсіндіру ;
-
Тоқты тығыздығы бойынша мөлшерлеу;
-
Дәрілік электрофорез әдісі бойынша иондар қозғалысын фильтрлік қағазбен анықтау;
-
Студенттерді гальванизациялық әсер аппаратының қауіпсіздік ережесімен таныстыру;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Басқару аппараты батырмаларының тағайындалуы.
-
Зерттелушіге электродтарды дұрыс орналастыру ережесі.
-
Тұрақты тоқты шамасы мен уақыт бойынша әсерін мөлшерлеу.
-
Иондар қозғалысы, физикалық мағынасы, формуласы.
Оқыту тәсілдері: кіші топтармен жұмыс
Әдебиет
-
Б.Көшенов . Медициналық биофизика. Алматы 2008
-
Владимиров Ю.А. с соавт. Биофизика. М., Медицина, 1983. – 2 экз.
-
Антонов В.Ф., Черныш A.M., В.И. Пасечник и др. Биофизика. М., 2000.
-
Рубин А.Е. Биофизика. Т.2. М.: Университет « Книжный дом».
-
Физиология и патофизиология сердца / ред. Н. Сперелакис.- М.: Медицина, 1990.- Том 1.
-
Физиология кровообращения. Физиология сердца. (сер. Руководство по физиологии).-Л.:Наука, 1980.
-
Физиология кровообращения. Физиология сосудистой системы. -Л.:Наука, 1986.
-
Медицинская биофизика. Самойлов В.О., Л., Воениздат, 1986.
-
Основы физиологии человека. Учебник в 2 томах под редакцией Б.И. Ткаченко. 1994
-
Физиология человека в 3 томах под ред. Р. Шмидта и Г. Тевса. М., «Мир», 1996 или 1985 (в 4 т)
-
Инструментальные методы исследования сердечно-сосудистой системы / ред. Т.С. Виноградова. -М.:Медицина, 1986.
Бақылау сұрақтары:
-
Тұрақты тоқ кезінде тірі ұлпалардың электрлік өткізгіштігіне қандай фактор әсер етеді?
-
Гальванизация үшін қандай физикалық негіз қарастырылған?
-
Гальванизация әдісінің негізіне қандай құбылыс жатыр?
-
Дәрілік электрофорез әдісінің гальванизациядан артықшылығы неде?
-
Иондар қозғалысының физикалық мағынасы неде?
-
Неліктен гальванизация кезінде науқас тітіркену сезеді?
-
Неге гальванизация үшін электродтар қорғасыннан жасалуы тиіс?
-
Неге оң зарядталған дәрілік заттар тек оң полюстан енгізеді?
-
Гальванизация аппаратын қосу барысында науқас қауіпсіздігі қалай сақталады?
-
Толқын ұзындығы, жиілік пен жылдамдық арасындағы таралу қатынасы қандай?
Бастапқы білім деңгейінің тест сұрақтары
1. Тұйықталмаған тізбектің ток күшін есептейтін формула:
а) I=U/R
б)
IR
в) UR
г) Eg
2. Өткізгіш кедергісінің өлшем бірлігі:
а) ватт (Вт)
б) ампер (А)
в) вольт (В)
г) Ом (Ом)
д) кулон (Кл)
3. Тізбек бөлігінің толық кедергісі неге тең:
а)8 Ом
б)0,5 Ом
в)1 Ом
4. Ток көзінің ЭҚ күші 8 В,ішкі кедергісі 1 Ом,сыртқы кедергісі 3 Ом. Ток күші неге тең:
а) 2 А
б) 12 А
в) 4 А
5. Суретте мыс купоросының ерітіндісі бар ванна көрсетілген. Мыс қандай электрода:
а)1
6)2
в) 1 және 2
7. 1^=6 Ом и R
2=3 Ом резисторлар тізбекке жалғанған. Ең көп жылу қандай резистордан бөлінеді:
-
біріншіден
-
екіншіден
-
екеуінде бірдей
8. Суретте металл өткізгіштің вольтамперділік сипаттамалы келтірілген 1 және 2 нүктелерінің кедергісі қандай тәуелділікпен берілген:
-
Ri >R2
-
Ri 2
-
RI = R2
9. Адам ұлпасына тұрақты токтың әсері неге байланысты емес:
-
электролиттер арасындағы иондардың бағытталған орын ауыстыруларымен
-
иондар қанықпасының өзгерісімен,
-
мембранының потенциалалдар өзгерісімен,
-
құйынды токтар пайда болуымен,
-
полярлану құбылыстарымен.
10. Гальванизация аппаратында тегістегіш фильтр не үшін керек:
-
айнымалы токты бағыты бойынша тегістеуі,
-
пульсирлеуші токты шамасы бойынша тегістеуі,
-
айнымалы кернеуді төмендетеді,
-
тұрақты токтың әсерін дозалайды,
-
науқас қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Электрлі емдеу (
электротерапия) - Адам ағзасына мөлшерленген электрлік тоқты немесе электрлі магнит алаңдарын қолданатын емдеу әдістерінің атауы.
Электрофорез (
электро- + грек. phorēsis алып жүру,тасымалдау) - Сыртқы электрлік алаңның әсерінен электрлі зарядталған бөлшектердің алмасуын айтамыз.
Гальванизация (
итальян дәрігерінің есімі L.Galvani, 1737-1798) - Кернеуі жоғары емес (30-80 В) және күші төмен (50
мА дейін) болатын тұрақты уақыт бойынша өзгермейтін тоқты емдік мақсатта қолдануды айтады.
Диатермия (
грек. dia- тесіп өту, арасынан + thermē жылу, ыстық) - электрлі емдеу әдісі, бұл кернеу мен күші жоғары болатын, соның салдарынан ұлпаның температурасы жоғарылайтын, ауыспалы электрлі ток әсері.
Индуктотермия (
индукто- + грек. thermē жылу; синоним: диатермия, қысқа толқынды терапия) - электрлі емдеу әдісі, бұл науқастың дене бөлігіне жоғары жиіліктегі ауыспалы магнит алаңымен әсер ету болып табылады.
Диатермокоагуляция (
диатермия +
коагуляция) - Бұл коагуляциялаудың мақсаты - ұлпаларды ыдырау немесе бұзылуын жоғары күш пен жиілігі болатын ауыспалы электрлік тоғымен әсер етіп, ұлпа температурасын жоғарылату.
Диатермокарбонизация (
диатермия + лат. carbo, carbonis көмір) – диатермокоагуляция әдісі, мұнда белсенді электрод ұлпадан аз арақашықтықта орналасып, пайда болған жарқылды разрядты ұшқындар сол аймақта нүктелік көмірлену ошағын береді; қолдану аясы негізінен косметикалық хирургияда.
Магнитотерапия (
магнито- +
терапия) - метод физиотерапия әдісі, науқастың денесіне магнитті алаңдарымен әсер етуі негізделген әдіс. заключающийся в воздействии на тело больного магнитным полем.
Магнито- [
грек. Magnētis lithos Магнесии тасы (Кіші Азиядағы ежелгі қала), магнит] - Күрделі, бірнеше ұғымдар тоғысынан тұратын түсінік « магнитті алаң».
ЭМС Классификациясы
Электромагнитті сәуленің радиотолқындары келесі диапазондарға жіктеледі:
100 кГц төмен: төмен жиілікті ( 20 Гц дейін),
дыбысты жиіліктер (20 Гц - 20 кГц)
ультрадыбысты жиіліктер (20 кГц - 100 кГц).
жоғары жиіліктер (100 кГц - 30 МГц), радиотолқындар ұзын, орташа және қысқа (3000 - 10 м),
ультражоғары жиіліктер (30 - 300 МГц), оларға ультрақысқа толқындар сәйкес келеді (10 - 1 м);
аса жоғары жиіліктегі (300 МГц - 300 ГГц), оларға микротолқындар сәйкес келеді (1 - 0,001 м).
Электрлі емдеудің бір түріне Франклинизация (электростатикалық душ) жатады – бұл жалпыланған ағзаға тұрақты электрлік алаңмен жоғары кернеуде әсер ететін “тыныш” электрлік разрядты айтады. Яғни, бұл параметрлердің әсерінен төмен жиілікте озон, азот қышқылы және аэроиондар беріледі. Әдіс американ ғалымы Франклиннің есімімен аталған В.Franklin. Ол статикалық электр тоғын алу мәселелерін қарастырған болатын.
Франкцинизация әдісінің артықшылығы:
-
капиллярлардағы қанайналымды,
-
ОЖЖ тежелу процессін жақсартады,
-
артериалдық қысымды төмендетеді,
-
жансыздандырғыш және гипосенсибилизирлеуші әсер етеді,
-
жараның эпителизация процессін жеделдетеді.
Әдістің қолданылуы:
-
неврастения жағдайында
-
ұйқысыздық
-
қажу
-
тері қышымасы
-
асқазанның жарасы кезінде
-
күйіктерде
Диадинамикалық тоқ, амплипульстерапия, флуктуоризация
20 ғ. 40-жылдарында электрлікемдеу мақсатында жиілігі 50 ден 100 Гц. дейінгі синусоидалді тоқтарды қолдану ұсынылды. 50-жылдары аталған тоқтар әдісі диадинамикалық деп аталып, емдеу тәжірибесіне қосылды.
60-ж. жиілігі 5000 Гц. болатын модульденген синусоидалді ауыспалы тоқтарды қолдану ұсынылды, олар электродтарға төмен жиілікті топтар порция-бөліктер түрінде түрленгеннен соң ғана түсіп, жиіліктері 10 нан 150 Гц. толқындарын түзеді. Емдеу тәжірибесінде бұл әдісті енді «амплипульстерапия» деп атайды.
60-ж. флуктуоризация - әдісі пайда болды. Бұл жиілігі 100 ден 2000 Гц. тоқты флуктуоризацияланған немесе апериодтық электроемдеу әдістерінің бірі болып табылады. Қолданылады көп жағдайда - стоматологияда.
Электрлі емдеудің кері көрсеткіштері:
-
кез келген әдістің қарқындылығы
-
дене температурасы жоғары болғанда
-
қансырауға бейім
-
қатерлі түзілімдерде ісіктерде
-
белсенді туберкулезде
-
жабық іріңді процесстерде
-
балаларға бұл әдістің қолданылуы тек 2-3 реттен артық болмауы тиісті
Электрлі емдеуде сақталатын қауіпсіздік ережелері:
-
Науқастар мен медициналық қызметкерлерді жердің геомагнитті нүктесінен заземление алшақ ұстау
-
Электрліемдеуді дымқыл бөлмеде жүргізуге болмайды
-
Бөлме едендері мен қабырғалары кафельденген болмауы керек
-
Тек арнайы медициналық қызметкерлер жүргізуі керек
Электрлі стимуляция – ағзаға электрлі импульсті токпен жекеленген ағзалар мен жүйелердің ауыртпалы өзгерген қызметтер бөліктерін, қызметі әлсіреген аймақтарының импульстарын қоздыру, күшейту, қайта қалыпқа келтіру болып табылады. Тыныс алудың электрлі стимуляциясы – бұл сыртқы тыныс алу мөлшерінің жеткіліксіздігі кезінде тыныс алудың бұлшық еттерін, диафрагмальді жүйке талшығын электрлі стимулдеудің нәтижесінде өкпе желденуінің көлемін жоғарлату болып табылады.
Көбіне бұл әдіспен қозғалғыш жүйке талшықтары мен бұлшық ет талшықтарын, сонымен қатар ішкі ағзалардың импульстерін жоғарлатуда пайдаланады.
Физиотерапияда электростимуляция терілік электродтар арқылы жүзеге асырылады, сирек ішкі қуыстық электродтар пайдаланылады. Мұндай электрлі стимуляция
уақытша өткізілетін электрлі стимуляция деп аталады. Жүргізілу мерзімі бірнеше курстан құралған. Ерекше электрлі стимуляция түрлеріне
алмастырушы электрлі стимуляция, ол адам өмірінің соңына дейін өткізіледі,
мысалы: Кардиостимуляция
Электрлі стимуляцияның сәтті өтуі үшін тағайындалатын токтың мөлшері стимулдеуші ағзаның қызметіне, табиғатына сәйкестендіріліп, сол ток тек ағзаның қызметіне және табиғатына жақын болатындай, түрлі ыңғайсыздық, тітіркендіргіш, кері әсері болмайтындай етіліп алыну тиіс. Электрлі стимуляция жүктемесі жүргізілетін шараның мерзіміне сәйкес бөлінеді. Мысалыға егер қаңқа бұлшық етінің иннервациясы нервтенуі зақымдалмаған болса, онда жиілігі 100-150 Гц болатын синусоидальді модульденген токтар қолданылады. Егер керісінше жағдай болса жиілігі 2-5 Гц әсер тағайындалады. Бұл токтар тетанустық жиырылуды қамтамасыз етіп, теріге ешқандай тітіркендіргіш әсер бермейді. Алайда, әрбір ерекше жағдайларда ток параметрлерін тағайындауда электрлі стимулдеу параметрлерін алдын-ала электрлі диагностикалаудан соң ғана шешіледі.