Таным процестерін зерттеуге арналған әдістемелер
«Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемесі
Әдістеменің мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау.
Нұсқауы: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.
16
|
37
|
98
|
29
|
54
|
80
|
92
|
46
|
59
|
35
|
43
|
21
|
8
|
40
|
2
|
65
|
84
|
99
|
7
|
77
|
13
|
67
|
69
|
34
|
18
|
Толтыруға арналған бланк
«Оперативті ес» әдістемесі
Нұсқауы: сізге 5 ретті сан тізбегі оқылады. Сіздің міндетіңіз бұл сандарды оқылу реті бойынша еске сақтауыңыз қажет. Бұдан кейін ойша бір санды екінші, 2-ші 3-ші, 3-ші 4-ші, 4-ші 5-ші, ал алынған төрт қосындыны жауап парағына жазу. Оперативті ес кестесінің тізбегі бойынша. Оқылатын сан тізбегіне назар аударыңыз. Соңғы сандардағы екпінге мән беріңіз. Мысалы, оқимын: 2,5,3,1,4. Қосамын: 2+5=7, 5+3=8, 3+1=4, 1+4=5.
Жазасыз: 7,8,4,5. Бұл операцияларды сіз ойша орындауыңыз керек. Қазір сізге сандар оқылады. Карныдаш алыңыз! Зейін бөліңіз!
1 нұсқау:
1) 5,2,7,1,4 (үзіліс 8 секунд) 6) 4,2,3,1,5
2) 3,5,4,2,5 7) 3,1,5,2,6
3) 7,1,4,3,2 8) 2,3,6,1,4
4) 2,6,2,5,3 9) 5,2,6,3,2.
5) 4,3,6,1,7 10) 3,1,5,2,4
2 нұсқау: 3 нұсқау: 4 нұсқау
2,4,1,7,1 2,5,3,1,4 6,2,5,3,1
6,3,5,1,7 2,4,6,1,6 2,7,1,5,2
1,4,2,5,3 3,6,2,5,1 4,2,6,3,5
5,1,7,2,6 7,2,6,3,5 5,1,3,6,2
3,1,3,4,2 5,3,1,4,2 1,5,2,7,2
8,1,5,2,6 1,7,2,6,1 7,2,5,3,1
5,2,7,1,4 8,1,4,2,6 5,2,4,1,3
4,1,7,2,6 6,2,5,3,1 3,6,2,1,5
7,1,4,3,5 4,1,6,2,7 8,1,4,2,1
2,5,1,4,3 1,8,1,9,3 2,5,1,4,3.
Әдістеме мазмұны және қолдануы: әдістеме оперативті есті анықтауға (көлемі, тұрақтылығы, нәтижелілігі) арналған.
Зерттелушіге бір ретті сандар оқылады. Міндеті бұл сандарды есте сақтау, бірақ бұл ойша жүзеге асады, алдыңғы санның қосындысы қағаз бетінде тіркеледі. 5 тізбекті 10 рет беріледі.
Қосындысының максималды саны – 40, ортасындағы үзіліс 15 секунд, жалпы сандар қосындысы 9-дан аспайды. Жауаптары тізбек бойынша жазылады.
Әдістеме нұсқауы:
Жұмыс бастамас бұрын зерттелушіге жауап жазатын парақты даярлау. Жұмыс процесінде олардың сандарды жазып алмауларына көз жеткізу. Қорытынды құрылымы: оперативті естің бағалануы кесте бойынша дұрыс белгіленген сандар тізбегіне байланысты.
Ұпай көрсеткіштерінің шкаласы:
Дұрыс айтылған сандар көлемі
|
29 және одан төмен
|
0-33
|
34-37
|
38-40
|
Ұпай
|
2
|
3
|
4
|
5
|
5 ұпай – оперативті естің жоғары деңгейде дамуы;
4- ұпай – жақсы дамыған оперативті ес;
3 ұпай – қанағаттанарлық дамыған оперативті ес;
2 ұпай – нашар дамыған оперативті ес.
«Сандарды есте сақтау» әдістемесі.
Әдістеме аз уақытық көру есін, оның көлемін және дәлдігін бағалауға арналған. Мұндағы негізгі міндет тексерілушілерге 20 секунд ішінде 12 екі сандық сандар таблицасы көрсетіледі. Оларды есте сақтау керек және көрсетілген таблицаны алып тастағаннан кейінсандарды бланкіге жазу керек. Азуақыттық көру есі дүрыс жазылған сандар санымен бағаланады. Ересек адам нормасы-7 және одан жоғары. Әдістеме топтық тестке ыңғайлы.
Таблица
13
|
91
|
47
|
39
|
65
|
83
|
19
|
51
|
23
|
94
|
71
|
87
|
Тест “Қысқа мерзімді ес көлемі”
А .Варианты: Сандық материал
Жұмыс барысы: Студентерге сандар саны біртіндеп өсуші сандар тізбегі оқылады. “Жазыңдар” деген командадан кейін студенттер есте сақталған сандарды қалай оқылды, сол тәртіпте жазу тиіс.
Сандар: 439, 3953, 42 731, 6 19 475, 5 917 423, 5 917 423, 9 8192 647, 3 82 951 746.
Есте сақталған сандардың дұрыстығын тексеруде балдар беріледі: әрбір дұрыс орында дұрыс жазылған сан үшін 1 балл; ұмытылған немесе дұрыс емес санға 1 жазалы балл, дұрыс жазылған, бірақ орны ауыстырылган санға – 0,5 жазалы балл. Әрбір қатар бойынша балдар анықталады. Кез-келген студенттерге көрсетілген қатардағы максимальды жоғары көрсеткіш анықталады. Қысқа мерзімді ес көлемі (ҚМЕК)= max (максимальды) балл.
Б.Варианты: Сөздік материал.
Жұмыс барысы: 10 сөз оқылады. “Жазыңдар” деген командадан кейін студенттер есте сақталған сөздерді қалай оқылды, сол тәртіпте жазу керек.
Сөздер: таңертең, күміс, бала, өзен, солтүстік, жоғары, капуста, стақан, мектеп, бәтіңке.
Қорытынды жасау: қысқа мерзімді естің көлемі 7+2, бірақ бұл көрсеткіштер жоғары болуы мүмкін, егер “ақпараттар бөлшегі” топтасу, сандардың бірігуі негізінде ақпаратпен толықса, тұтас “бейнелер бөлшегіне” айналса; мысалы, сөздік материалды есте сақтауда: өзен, күміс, бала, таңертең- бір бейнеге біріктілуі мүмкін және бір тұтас “ақпарат бөлшегі” ретінде қабылданады