Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды...»

Эссе. .

Отан үшін отқа түскен күймеген,

Анасынан туған жандар жейдемен.

Майдангерлер ардақтысы елімнің,

Ерлігіне жан жоқ басын имеген.

Ардагерлер, ардагерлер,

Қабылан жүрек, батыл ерлер.

Біз бақытты болр ма едік,

Болмағанда мына Сіздер?

«Мен қазақ» деп жауға батыл айта алған,

Майданда өлген достар кегін қайтарған.

Жеңіс күнін алып келген халқыма,

Тағзым етпей, саған қалай жай табам?!

Бұл алдамшы дүниеде мәңгілік еш нәрсе жоқ қой. Адамзат баласы үшін де тумақ бар да, өлмек бар. Ал осы күн мен түн сияқты бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымның аралығындағы әр жанның жолсапары әртүрлі. Біреулер баянды ұзақ, енді біреулер қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешеді. Дегенмен, кім қанша ғұмыр сүрсе де алға қойған арман мақсаты түп негізінде ортақ. Ол- адамзат тіршілігін жалғастырып, ұрпағы үшін игілікті іс атқарып, артына өшпес бір белгі қалдыру. Өкінішке орай, бұл әркімнің қолынан келе бермейді.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары бірте-бірте тарих қойнауына тереңдей еніп, өткен, ХХ ғасырдың ең үлкен, аса елеулі уақиғаларының біріне айналды. Арада бір адамның ғұмырына татитын уақыт жатыр. 65 жыл өтті. Бірақ біз, кейінгі ұрпақ өкілдері, Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін отқа түсіп, кеудесін оққа төсеген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік шежіресін еш уақытта ұмытпақ емеспіз. Егер де олар қара құмырсқадай қаптап алға қарай ентелей ұмтылған жауды алғаш рет Москва түбінде тоқтатып, қатты тойтарыс бермесе, өз ордаларына дейін қуып барып, қайтадан бас көтермейтіндей етіп талқандамаса бәлкім біз бұл өмірге келмес те едік.

Келген күннің өзінде бүгінгідей жарқын, бейбіт өмірді сүрмес те едік. Сол үшін де біз, бізден кейінгілер де майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шаш-етектен қарыздармыз.

Бақыттымыз біз соғысты көрмедік,

Қару ұстап сұм фашисті жеңбедік.

Төрт жыл бойы сыз окопты мекендеп,

Жеңіс үшін аяқ-қолды бермедік.



Ұйқы көрмей тер төкпедік тылда да,

Қорек іздеп бек қазбадық жылғада.

Соғыстан соң дүниеге келіппіз,

Болған кезде күл-қалалар-гүл қала.

Сонысы үшін оларға тағзым етейік,

Ізбасар боп көңілдерге жетейік.

Қадау-қадау қалған осы жандарды,

Төбемізге көтерумен өтейік.

Ж.Қызыров



Отанымызды қорғауға, Еуропа елдерін фашистік обадан азат етуге қазақстандықтар қомақты үлес қосты. М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың, 28 панфиловшы- батырлардың, Н.Әбдіровтың, майдандар мен флоттарда, партизан отрядтарында жан аямай, табан тіресе, ерлікпен шайқасқан ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдардың сұмпайы жаумен күресу үшін қару-жарақ пен оқ-дәріні, онсыз төтеп беріп, жеңіске жетуге болмайтын нәрселердің бәрін бере отырып тылда жан аямай еңбек еткендердің есімдері ұлы жеңістің шежіресіне алтын әріптермен жазылады.

Соғыстың алғашқы кезінде майданға көп адам жөнелтілді. Оларды соғыс өнеріне баулып, үйретудің өзі қысқа мерзімде іске асырылды. Сондықтан болар, соғыстың алғашқы екі жылында майданға алынған адамдардың дені қаза болды. Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьков түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасында ерлікпен қаза тапты.

1942 жылдың шілдесінен қараша айына дейін Сталинград қаласы қоршауда болды. Қызыл Армия қарашаның 19-да шабуылға шығып, 1943 жылы 2 ақпанында неміс-фашист әскерлерінен Сталинград шекарасынан қуып шықты. Осы шайқаста немістерден 91 мың адам тұтқынға түсті, оның 2500 офицерлер, 24-і генералдер еді.

Қазіргі кезде арамызда тірі жүрген соғыс ардагерлерінің ең жасы 70-80-дерде. Олардың барлығы да соғыстан келген соң ауылдың бүкіл бейнетін мойнымен көтеріп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге ат салысты, бәріміз армандаған «нұрлы болашақты» орнатысуға қол ұшын берді. Енді бүгін аумалы-төкпелі заманға кез болып, сонда да болашақтан үміт үзбей, уа, құдайым, тыныштығыңды бере гөр, деп балаларының, немерелерінің ортасында егемен еліміздің тілегін тілеп жүріп жатыр. Қазіргі ұрпақ алдындағы парызын да, қарызын да адал атқарған соғыс ардагерлеріне алғысымыз шексізЖақындап келе жатқан ұлы Жеңіс мерекесін барлығымыз бірге тойлайық. Ел аман, жұрт тыныш болсын.



«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе

Дегенмен, кім қанша ғұмыр сүрсе де алға қойған арман мақсаты түп негізінде ортақ. Ол- адамзат тіршілігін жалғастырып, ұрпағы үшін игілікті іс атқарып, артына өшпес бір белгі қалдыр

30.26kb.

11 10 2014
1 стр.


Ваша Лариса Александровна. Эссе Аргументированное эссе сочинение

Эссе Аргументированное эссе – сочинение-рассуждение небольшого объема, написанное на спорную тему. Эссе защищает некий тезис, относительно которого возможно привести доводы

36.37kb.

14 12 2014
1 стр.


-

Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын

702.54kb.

14 12 2014
2 стр.


Алаш айнасы. – 2011. №174. – 4 қазан Күдеров Т. Жетеуі жолдамаға жылжып барады

Бокстан Бакудегі лицензиялық әлем чем­пионаты күн сайын қызықты нәтижелерімен ел назарын өзіне аударуда. Мәселен, екі бірдей әлем чемпионы бірінші айналымнан өте алмай қалды

28.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Учимся писать эссе

На примере текста К. Паустовского показать композиционные и художественные возможности жанра эссе

83.36kb.

12 10 2014
1 стр.


К Эссе по предполагаемой теме диссертационного исследования для поступающих

Целью эссе является следующее: показать, что поступающий имеет необходимые теоретические и практические знания по выбранному направлению научной деятельности, продемонстрировать на

42.46kb.

25 12 2014
1 стр.


К. А. Михайлов-Горыня. Эссе о языковых играх. Часть Скользкий монстр встревожен: прижимистая саламандра обороняется балалайкой и простынями

«каскада» согласных – один длиной 5 букв (нтльм), другой 4 (нств). В общем, интересное слово, неплохо иллюстрирующее тему настоящего эссе – «Забавные, необычные и рекордные слова р

422.87kb.

16 09 2014
2 стр.


Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамыта жетілдіру,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру

42.22kb.

17 12 2014
1 стр.